Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

дари курстық жұмыс.docx

— 294.29 Кб (Скачать документ)

      Жергілікті  басқарудың барлық өңірлік органдары  Қазақстан Республикасы Индустрия  және жаңа технологиялар министрлігін  шетелдіктерге әлеуетті қызықты  жобалардың барлығы туралы хабардар  етуі және сұратуына қарай  толық ақпарат (яғни топталған  өнім) беруі қажет.

      Инвестормен  жұмыс жасаудың маңызды сәті  оны Қазақстанның өңірлерінде  сүйемелдеу болып табылады. Өңірлерде  шетелдік инвесторлармен тікелей  жұмысты жергілікті атқару органдары  жүргізетін болады. Бұл үшін әрбір  өңірде Инвесторларға қызмет  көрсету орталықтары (ИҚО) құрылатын  болады. ИҚО инвесторларға жедел  қызмет көрсетуге арналған фронт-офистерге  айналады және клиентпен тікелей  қарым-қатынасты жүзеге асыратын  болады: бастапқы құжаттарды, қажетті  контактыларды және жобаны жылжытуды  бастауға арналған басқа ақпаратты  алу, сондай-ақ жер-жердегі шетелдік  инвесторлардың жүгінуіне жедел  әрі дұрыс ықпал етуді қамтамасыз  етеді, әрі шын мәнінде «KAZNEX INVEST» АҚ өңірлік өкілдіктері  ретінде жүреді.

      Сондай-ақ  облыстардың, Астана және Алматы  қалаларының әкімдіктері жанындағы  инвестициялық ахуал бойынша  үйлестіру кеңестерін құрудың  орындылығы қарастырылатын болады. Инвесторлардың өзекті мәселелерін,  соның ішінде мемлекеттік және  билік құрылымдарымен, шешу Үйлестіру  кеңестерінің басты мақсатына  айналады.[17]

      Қазақстан  Республикасында инвестициялардың  барлық аспектілері бойынша сапалы  және жүйелі жаңартылып отыратын  ақпарат беру мақсатында, 2010 жылы Қазақстан Республикасының 12 тілдегі ұлттық инвестициялық веб-сайты www.invest.gov.kz жасалды.

      Жасалған  веб-сайт ақпарат іздеудің негізгі  құралы ретінде интернетті пайдаланатын  шетелдік азаматтар үшін инвестициялық  мүмкіндіктер туралы ақпараттың  алғашқы көзі және Қазақстан  Республикасының имиджін қалыптастырудың  құралы болмақ.

      Ұлттық  инвестициялық веб-сайтта Қазақстан  Республикасының инвестициялық  мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының  заңнамасы туралы, ҮИИДМБ шеңберінде  елдің экономикасына инвестициялар  тарту туралы, елде бизнес жүргізудің  ерекшеліктері туралы, қазақстандық  бастамашылардың инвестициялық  жобалары туралы ақпарат, мемлекеттік  органдардың байланыс ақпараты, Қазақстанның аумағындағы инвесторлардың  жұмысын жеңілдететін анықтамалық  ақпарат және т.б. болады. Осылайша, ұлттық инвестициялық веб-сайт  республикаға инвестиция тартумен  байланысты ұйымдастырушылық үдерістердің  ашықтығын қамтамасыз етуге, шетелдік  инвесторлармен өзара іс-қимыл  бойынша жұмысты жүйелеуге және  оңайлатуға, инвестордың шығындарын  төмендетуге, сондай-ақ Қазақстанға  инвестиция тартуды қосымша ынталандыруға  мүмкіндік береді.

      Қойылған  мақсатқа қол жеткізу үшін  барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар ұлттық инвестициялық  веб-сайттың тарауларын тұрақты  жаңарту үшін сапалы және өзекті  ақпарат берілуін қамтамасыз  етуі қажет.

      Қазақстан  Республикасының Индустрия және  жаңа технологиялар министрлігі  инвесторлармен жүргізіліп жатқан  жұмыстың тұрақты мониторингін  жүргізетін болады, осыған байланысты  бұл жұмысқа тартылған барлық  құрылымдар www.baseinvest.kz Шетелдік инвесторлардың  және инвестициялық жобалардың  деректер қорына ақпарат енгізу  жолымен шетелдік инвесторлар  қол жеткізген уағдаластықтар  және жоспарланып отырған, әрі  өткізілген кездесулер туралы  Министрлікті хабардар етіп отыруы  тиіс.

      Инвестициялық  жобалардың және шетелдік инвесторлардың  деректер қоры Қазақстан Республикасының  аумағында инвестициялық жобаларды  көрсететін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы  ақпараттық технологиялар негізінде,  Қазақстан Республикасының аумағындағы  әлеуетті және жұмыс істейтін  инвесторлар туралы ақпаратқа  қол жеткізуді ұйымдастыру үшін  құрылымдалған онлайн ресурс  болады.

      Барлық  мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық  компаниялар дерекқорының өз  құзыреті шегінде уақытылы және  сапалы толықтырылуын қамтамасыз  етуі қажет.

      Осыған  байланысты жыл сайын жергілікті  атқарушы органдар үшін дерекқорын  толықтыру бойынша оқыту семинарлары  өткізілетін болады.

      Инвестициялық  жобалардың дерекқорындағы ақпарат  12 тілде орналастырылған: қазақ,  орыс, ағылшын, неміс, француз,  кәріс, жапон, итальян, испан,  түрік, араб, қытай.

      Қазақстанда  инвестициялық омбудсмен ретінде  Қазақстан экономикасына инвестиция  тарту, инвесторлардың ағымдағы  қызметі, олардың құқықтары мен  мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан  Республикасында инвестициялық  қызмет үшін қолайлы жағдай  жасау мәселелері бойынша мемлекеттік  органдар мен ұлттық холдингтердің  қызметтерін үйлестіру және бақылау  жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  жанынан консультативтік-кеңесші  орган болатын Инвестиция жөніндегі комиссия құру ұсынылады.

     2-бағыт. АЭА мен ИА дамыту және құру: АЭА мен ИА инвестициялық тартымдылығын арттыру .

      Қазақстанның  аумағында АЭА санын арттыру  қажет. «Қазақстан Республикасындағы  арнайы экономикалық аймақтар  туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында көзделген АЭА құру  шарасына сәйкес Қарағанды, Павлодар  және Алматы облыстарына АЭА-ны  құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылып  отыр.[17]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Жергілікті жерлерде инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет,-деп айтты.     2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан елімізге инвестиция тарту басымдығы бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді»-деп баяндады.[18] Сондықтан да жергілікті жерлерге инвестиция тарту осы мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратынын өзімнің курстық жұмысымда сараладым. Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беріп өттім. Одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтірдім.   Сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндадым.

      Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде  инвестицияның рөлін сараладым. Кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсынылады. Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын қарастырдым. Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Ақтөбе облысы алынды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

       1) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финансирования.»//Москва 2009 год/

      2) wikipedia.кz

     3) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев «Инвестицияларды талдау» 2008-2010 жылдар

     4) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ // ҚР статистика жөніндегі агенттігі.

5) Инвестициоиный рейтинг Казахстана  Офиальный сайт ЗАО  «Казинвест », 2010

      6) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы

      7)Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауы

8) “Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында”  атты Қазақстан Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауы

9) «Егемен Қазақстан» газеті 21 тамыз 2012ж

10) www.aktobe.stat.kz

11) «Егемен Қазақстан» газеті 3 шілде, 2012ж

12) «Егемен Қазақстан» газеті 31 мамыр 2012ж

13) Ақтөбе облыс Әкімінің  облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы  және 2012 жылға арналған міндеттері туралы есебі

14) “Тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы

15) Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама

16) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

17) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

      18)Қазақстан Республикасының Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

 

 

 


Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі