Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әуелі нвестиция мәніне, түрлеріне анықтама беру, одан соң қазіргі таңдағы еліміздегі, жергілікті жерлердегі инвестициялық ахуалы, жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі туралы мәліметтер келтіру, сонымен қатар елімізге тартылатын шетелдік инвестициялардың рөлі мен тиімділігі туралы баяндау;
Екінші бөлімде мен жергілікті жерлерге, оның ішінде Ақтөбе облысының екі ауданындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуінде инвестицияның рөлін саралау, кейінгі бөлімшеде нақты Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігіне мәліметтер ұсыну, Және жергілікті жерлерді дамытуға инвестицияларды тартудың негізгі бағыттарын
қарастыруды алдым.
Курстық жұмысымның зерттеу объектісі Ақтөбе облысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5
1.1 Инвестиция мәні, мазмұны, түрлері................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал және жергілікті жерлерді дамытудағы инвестицияның рөлі..........................................................8
1.3 Шетел инвестициясын тартудың тиімділігі.................................................14
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ…………...........................................................................................18
2.1 Жергілікті жерлерге инвестиция тартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы (Ақтөбе облысы аудандары мысалында)..............................................18
2.2 Ақтөбе облысына тартылған инвестиция тиімділігі……….....…………...20
2.3 Жергілікті жерлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................39

Работа состоит из  1 файл

дари курстық жұмыс.docx

— 294.29 Кб (Скачать документ)

      2) мыналарды  қоса алғанда, әрбір мақсатты  инвестормен жұмыс жасау жөнінде  «жол карталарын» әзірлеу және  іске асыру;

      3) Қазақстанда  бизнес ашуға және жүргізуге  байланысты қажетті формальдылықтарды  жүзеге асыруға жәрдемдесуді;

      4) Қазақстанда  басты саяси көшбасшылармен және  жетекші компаниялармен кездесулер  ұйымдастыруды;

      5) инвестициялық  жобаны әзірлеу сатысында да, оны іске асыру сатысында да  консультациялық қызметтер ұсынуды;

      6) инвестициялық  қолдауды.

      Сондай-ақ  ТШИ тарту үшін маңызды шарт  болып Қазақстандағы шетелдік  инвесторлардың шығуы және болуы  қолайлылығына бағытталған, мыналарды  қамтитын, шараларын енгізу болып  табылады:

      1) Бизнес-иммигранттар  үшін визаның жаңа санатын  енгізуді қоса алғанда, шетелдік  инвесторлар үшін визалық режимнің  шарттарын оңайлату;

      2) Кедендік  және шекаралық қызметтердің  қызметін жақсарту;

      3) Шетелдіктердің  Қазақстан аумағында болуы шарттарын  жақсарту шараларын енгізу ТШИ  тарту үшін маңызды шарт болып  табылады.

      Шетелдік  инвесторлар үшін визалық режимнің  жағдайларын оңайлату:

      Негізгі  инвестор елдерден келген инвесторлар  үшін қолайлы жағдайлар жасау  мақсатында ЭЫДҰ елдерімен визасыз  режим енгізу мүмкіндігі қарастырылатын  болады.

      Сондай-ақ, шетелдік азаматтарға визалық  қолдауды ресімдеу шараларын  салықтық берешектің барлығы/жоқтығы  туралы анықтама беруді жою  жолымен оңайлату жоспарлануда. Көрсетілген шаралардың қабылдануымен  Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі  артады.

      Кедендік  және шекаралық қызметтердің  қызметін жақсарту:

      Шетелдік  азаматтың жүгінуіне жедел және  дұрыс ықпал етуді, тілдік кедергіні  жоюды қамтамасыз ету үшін  кедендік және шекаралық  қызметтердің  қызметкерлерін базалық ағылшын  тілін білуге үйрету жоспарланып  отыр.

      Сондай-ақ, кедендік және шекаралық қызметтер  қызметкерлерін шетелдік азаматтарға  қызмет көрсету мәдениеті бойынша  оқыту тренингтерін жүргізу және  іскерлік этиканы сақтау бойынша  инструктаж жүргізу қамтамасыз  етілетін болады.

      Шетелдіктердің  Қазақстан аумағында болуы жағдайларын  жақсарту:

      Қазақстан  Республикасының аумағында шетелдіктердің  болуын жеңілдету үшін шетелдіктердің  және азаматтығы жоқ тұлғалардың  төлқұжаттарын тіркеу жүзеге  асырылатын қонақүйлердің санын  арттыру шараларын қабылдау, сондай-ақ  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік  қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін  оңтайландыру жоспарлануда.

      Сондай-ақ, шетелдіктердің қажетті мекенжайды  іздеуімен байланысты қолайсыздықтарды  болдырмау үшін Қазақстанның  елді мекендерін, орыс және ағылшын  тілдерінде транслитерациясын көрсете  отырып, мемлекеттік тілдегі физикалық-географиялық  нысандардың (аудандар, көшелер,  алаңдар), сондай-ақ қоғамдық инфрақұрылым  нысандарының (вокзалдар, кітапханалар, сауда орталықтары және т.б.) атаулары  бар сілтемелермен қамтамасыз  ету жоспарлануда.

      Бұдан өзге, анықтамалық қызметтері мемлекеттік,  орыс және ағылшын тілдерінде  ақпарат беруді қамтамасыз ететін  болады.

      Сондай-ақ, қызметкерлерге қойылатын біліктілік  талаптарын жетілдіру мақсатында, уәкілетті мемлекеттік органдар  өз қызмет саласы бойынша басшылардың,  мамандардың және басқа да  мекеме қызметкерлерінің лауазымдарының  үлгілік біліктілік сипаттамаларын, кәсіптік стандарттарды жасау  жоспарланып отыр.[15]

      Қазақстанның инвестициялық имиджін жылжыту.

      Имиджді  жылжытуда тиімді коммуникациялық  стратегия жасау екі негізгі  кезеңді көздейді:

      1. Инвестордың  қабылдауын сәйкестендіру және  имидждік науқанның мақсаттарын  анықтау.

      2. Жарнамалық  құралдарды таңдау және әзірлеу,  бірыңғай РR стратегиясын әзірлеу.

      Негізгі  жарнамалық құралдар:

      1) инвесторлар  үшін бірыңғай тұрақты жаңартылатын  көп тілді ақпараттық интернет-портал;

      2) ақпараттық-талдау  және тұсаукесер баспа материалдарын  даярлау және тарату, соның ішінде  ақпараттық-сараптамалық анықтамалықтарды  – Үдемелі индустриялық-инновациялық  дамыту жөніндегі мемлекеттік  бағдарламаға (ҮИИДМБ) сәйкес экономиканың  басым секторлары бойынша инвесторлардың  жолсілтемелерін шығару;

      3) шетелдік  жетекші БАҚ-тарда тұрақты ақпараттық  хабарламаларды, тақырыптық мақалалар  мен жарияланымдарды, таныстыру  бейнероликтердің прокатын қамтитын  Қазақстанның ілгерінді инвестициялық  имиджін ілгері жылжыту жөнінде  шетелдік БАҚ-пен жоспарлы жұмыс.  БАҚ-пен жұмыс барлық нысаналы  аудиторияларға кешенді ақпараттық  ықпалын қамтамасыз ете отырып, барлық мазмұнды бағыттар –  саясат, экономика, туризм, мәдениет  және тағы басқалары бойынша  ұйымдастырылуы тиіс;

      4) халықаралық  бизнес қоғамдастықта жария экономикалық  және инвестициялық іс-шаралар  - бизнес-форумдар, роуд-шоу, семинарлар, конференциялар, көрмелер өткізу  және белсенді ілгерілету. Өткізілетін  іс-шаралардың тиімділігін арттыру  үшін рейтингтер беру жүйесін  құру қажет;

      5) халықаралық  жария инвестициялық және экономикалық  іс-шараларға белсенді қатысу;

      6) шетелде  де, ел ішінде де «КAZNEX INVEST»  экспорт және инвестициялар жөніндегі  ұлттық агенттігі» АҚ  — инвестиция  тарту жөніндегі ұлттық мамандандырылған  компанияның қызметін кеңінен  жариялау;

      7) Қазақстан  Республикасының шетелдегі мекемелерінің  келу еліндегі әлеуетті инвесторлар  қатысатын жоспарланып отырған  іс-шаралар туралы хабарлап отыруы  және Қазақстан туралы ақпараттық-таныстыру  материалдарының іс-шаралары шеңберінде  оны тарату.

      Брендтеу  жұмыстары (Қазақстанның және/немесе  елдің инвестициялық әлеуетінің  және/немесе «KAZNEX INVEST» АҚ) бірнеше  бағыттарда жүргізілетін болады:

      1) кейіннен 2012 – 2014 жылдары әлемдік телеарналарда  бейнероликтердің және/немесе телебағдарламалардың  циклдарын құра отырып 2011 жылы  Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері  туралы бейнероликтерді әлемдік  телеарналарға (ВВС, CNN және басқалары  сияқты) орналастыру;

      2) Қазақстан  Республикасының инвестициялық  мүмкіндіктері туралы мақалаларды  және жарнамалық модульді орналастыру:

      нысаналы  аудиторияны барынша қамти отырып  әлемдік мерзімді басылымдарда;

      мамандандырылған  халықаралық салалық басылымдарда;

      халықаралық  ірі әуе желілерінің борттық  журналдарында Қазақстан Республикасының  бес жұлдызды қонақ үйлерінде  орналастыру;

      3) әуежайларда  және басқа қоғамдық орындарда  биллбордтарды орналастыру осы  жұмыстағы жаңа құралдардың бірі  болады. [16]

      Әлемдік  тәжірибе елге ауқымды инвестицияларды  тартудың түрлі әдістері бар  екендігін көрсетеді. Мысалы, инвестицияларды  тартуға жоғары деңгейлі шетелдік  бұрынғы ресми тұлғаларды «жалдау»  тәжірибесі қолданылады. Бұл –  бұрынғы президенттер, премьер-министрлер, беделді министрлер, ірі компаниялардың  басшылардың, сондай-ақ ТҰК-тың  бұрынғы саясаткерлері мен басшыларының  арасынан беделді және танымал  мүшелері бар бейресми ұйымдар.  Шартты түрде оларды «инвестициялық  кеңесшілер» деп атауға болады.

      Бұл адамдар  әлемдік қауымдастықта үлкен  беделге ие және Қазақстан  Республикасының экономикасына  шетелдік ірі компанияларды тарту  үдерісінде өзіндік «кепіл» бола  алады.

      Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмыс жасау

     Шетелдік инвесторлармен жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» және «бірыңғай консультант» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетін (Инвестициялар комитеті) шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізу жөніндегі бірыңғай үйлестіруші орган ретінде күшейту.

      Қазақстан  Республикасы Индустрия және  жаңа технологиялар министрлігі  инвесторлармен жүргізілетін барлық  жұмысқа тұрақты мониторинг жүргізу  үшін осы жұмысқа тартылған  барлық құрылымдардың инвестицияларды  тарту бойынша атқарылған жұмысы  туралы ақпарат беруі қажет  болады.

      Сондай-ақ  жыл сайын 2011 – 2014 жылдар аралығында  жоғарыда анықталған мақсатты  елдерде «КAZNEX INVEST» АҚ-ның екі-үштен  өкілдіктерін құру ұсынылады.  Келешекте өкілдіктердің табысы  расталған жағдайда, олардың желісі, сондай-ақ штаты «КAZNEX INVEST» АҚ  қызметкерлерінің негізгі контингенті әлеуетті инвесторлар орналасқан елдерде болуы үшін (мысалы, Аustrade австралия агенттігінің - штатының 80%, KOTRA корей агенттігінің - штатының 70%) кеңейтілетін болады. Сондай-ақ, «КAZNEX INVEST» АҚ өкілдіктерінің аталған агенттіктерінің мысалы бойынша экспортты жылжыту бойынша функциялар жүзеге асырылатын болады.

      Басым салаларда  ірі инвестор компаниялардың  белгіленген тізімі бойынша Инвесторлармен  жұмыс кестесін әзірлеу қажет.

      Шетелдік  инвесторлармен жүйелі жұмыс  жасау үшін өнеркәсіптің басым  секторлары белгіленген болатын,  олардың бәсекеге қабілеттілігі  және инвестициялық тартымдылық  негізінде және іріктелген секторлар  негізінде осы салаларға әлемдік  салымдардың мөлшерлері бойынша  20 басым инвестор-елдер анықталды.  Қазақстандағы бәсекелестік саланы  дамыту болашағын және компаниялардың  стратегияларын талдау (20 іріктелген  елдің ішінен) негізінде әр салада  Қазақстанға ТҰК тартудың шамамен  алғандағы уақытша кезеңдер белгіленді.

      Компаниялардың  жоғарыда көрсетілген тізімі  негізінде жауапты орындаушылар (Қазақстан Республикасының шетелдік  мекемелері, ҮАК, іскерлік кеңестер, орталық атқарушы органдар, мемлекеттік  холдингтер, ұлттық компаниялар,  әкімдіктер және олардың ведомствоға  қарасты мекемелері) өз құзыреті  шегінде Инвесторлармен жұмыс  кестелерін ұсынуы қажет, онда  инвестор-компанияларды тарту бойынша  нақты орындау мерзімдері бар  іс-шаралар белгіленетін болады. Жұмыстардың қосарлануын болдырмау  мақсатында, Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігімен осы құжаттарды  келісу қажет.

      Аталған  мәселелер бойынша үйлестіруші  орган Инвестиция комитеті болады. Тиісті елден тартылған инвестицияның  нақты көлемінен көрінетін, осы  бағдарламаға 1-қосымшада келтірілген  мақсатты индикаторларға қол  жеткізу ҮАК қазақстандық бөлігі  жұмысының көрсеткіші болады. Жұмыстың  нәтижесін бағалау бойынша ұқсас  тәсіл Қазақстан Республикасының  шетелдік мекемелердің қызметіне  де қолданылатын болады.

      ҮАК-тың  қазақстандық тарапынан тең төрағалары  Инвестицияларды тартуда мақсатты  көрсеткіштердің жетістіктері бойынша  барлық қажетті шараларды қабылдауы  қажет. Қазақстан Республикасының  елшілері шетелде 2014 жылдары 15% төмен емес тікелей шетелдік  инвестициялардың көлемін ұлғайтуда  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  және өкілетті органдарына қажетті  жәрдем көрсетеді.

      Сондай-ақ  ТШИ тартуда іскерлік кеңестер  маңызды рөл атқарады, соған байланысты, мына мәселелерін қоса алғанда,  ТШИ тарту саласында іскерлік  кеңестер қызметінің тиімділігін  арттыру мәселелері қарастырылатын  болады:

      1) іскерлік  кеңестердің қызметін үлгілік  ережемен регламенттеу;

      2) іскерлік  кеңестерді басқару органдарын  құру, «Атамекен» одағы» ҰЭП»  ЗТБ жанынан іскерлік кеңестерді  жалпы үйлестіру бойынша консультациялық  кеңес құру;

      3) ҮАК құрамында  қазақстандық іскерлік кеңестердің  тең төрағаларының қатысуы мәселелерін  қоса алғанда, ТШИ тарту саласында  іскерлік кеңестер қызметінің  тиімділігін арттыру мәселелері  қарастырылатын болады.

      Бұдан өзге, Қазақстанның салалық тауашаларына  түбегейлі талдау жүргізу бойынша  қажетті шаралар қабылдау және  қаржыландыруды қажет ететін  инвестициялық жобаларды анықтау  қажет.

      Түбегейлі  талдауды қорытындылаудың маңызы  нақты инвестициялық өнімді құрудан,  яғни тауар жасаудан көрінеді. Салалық тауашаларды түбегейлі  талдау оларды әрі қарай әзірлеу  және жылжыту (жарнама) үшін  барынша қызықты және перспективалы  жобалардың тізбесін белгілеуге  мүмкіндік береді.

      ТШИ тарту  мақсатында және Қазақстанның  инвестициялық әлеуеті мен Қазақстан  Республикасы Индустрия және  жаңа технологиялар министрлігіне  инвестициялық жобалар туралы  аса сапалы және толық ақпаратты  ұсыну үшін әлеуетті шетелдік  инвесторларында кеңейтілген тізбе,  сондай-ақ қызықты жобалар туралы, әсіресе елдің өңірлеріндегі,  қажетті ақпарат болуы қажет.

Информация о работе Жергілікті жерлерге инвестиция тарту тиімділігі