Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Әлемдегі болып жатқан тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында түбегейлі заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы азаматтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт құндылықтарынан нәр алған, елін жерін жанындай сүйетін саналы білімді іскер азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3


1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.............................5
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11


2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............

Работа состоит из  1 файл

курсавой Акерке.docx

— 194.95 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

 

 

1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ  ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

1.1  Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға

       тәрбиелеу  мәселелерінің ғылыми  әдебиеттердегі  көрінісі.............................5

1.2  Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11

 

 

2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ  ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ  ЖОЛДАРЫН  ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ 

 

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20

2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы  эксперимент нәтижелері ......................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Әлемдегі болып жатқан  тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық  өзгерістер қоғамымыздың барлық  саласында, соның ішінде білім  беру саласында түбегейлі заман  талабына сай дамуды талап  етуде. Қазақстан Республикасы  өзінің тәуелсіздігін алғаннан  бері республикадағы азаматтардың  ұлттық құндылықтарын қалыптастыру  бағытында жұмыстарды қайта қарап,  оларды қоғамдағы өзгерістерге  сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде.                Қазақстанның егеменді ел болуымен  байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп,  ұлт құндылықтарынан нәр алған,  елін жерін жанындай сүйетін  саналы білімді іскер азамат  тәрбиелеу бүгінгі күннің басты  міндеті болып отыр. Ұлттық рух  отбасымен мектепте арнайы орта  және жоғарғы оқу орындарында  оқу тәрбие жүйесі арқылы жеткіншектердің  жүрегінде біртіндеп ұялататын  күрделі ұзақ процесс. Еліміздің  Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030 стратегиясында болашақты жасайтын  азаматтарды сол ғасыр талабына  сай тәрбиелеу қажеттігіне тоқтала  келе 2010 жылға дейінгі бастапқы  кезеңде өз мүмкіндіктерімен  бәсекелестік қабілеті тұрғысынан  келешегі бар еңбекті қажет  ететін салаларға көңіл бөлу  керек» деп атап көрсеткен.

Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық құндылықтары қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық  дәстүрде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды.  Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет –ғұрып дәстүрлері мен неғұрлым танысу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені мұндай негіздерді білмей өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерін салыстырмай өз рухани байлығын арттыра  түсу мүмкін емес. Тәрбие  ұйымдастырудағы  сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп  себеп болмайды, деген заңдылық осыдан туындайды.

    Қазіргі жалпы  білім беретін мектептің болашағы  ондағы оқу тәрбие жұмысының  дұрыс ұйымдастырылып, әдістемелік  жағынан тиімді де сапалы жүзеге  асыруына тікелей байланысты  екені белгілі. Қазақ зиялыларының  мұраларындағы ұлттық  негізінде  оқушыларды тәрбиелеу мектептегі  оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді  бағыттарының бірі.

    Қай заманда  болмасын жас ұрпақтың өнеге  тұтар өзіндік ұлттық тәлім  тәрбиесі болатындығы белгілі.  Егемені Қазақстан Республикасының  болашақ  ұрпақтарының сана  –сезімін, ұлттық психологиясын,  оның ерте замандағы ата-бабалар  салт –дәстүрі мен сабақтастыра  тәрбиелеу қазіргі күннің ең  өзекті мәселесі екенін өмірдің  өзі көрсетіп отыр. Қазақстан  Республикасының Білім туралы  Заңында білім беру жүйесінің  басты міндеті – ұлттық және  жалпы азаматтық құндылықтар  ғылыммен практика жетістіктер  негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдалуға бағытталған білім алу үшін қажетті үрдіс екені көрсетілген.   Жас ұрпақ біздің өмірімізді тікелей  жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің  тірегі, мызғымас болашағы. Бүгінгі мақсат әрбір жеке тұлғаға түбегейлі біліммен ұлттық құндылықтардың негіздерін беру және олардың жан –жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Қандайда қиын кезең  болмасын, сана –сезім, ұлттық мәселелер төңірегінде толғанған, келелі ой айтқан көкірек көзі ояу қазақ перзенттері болды. Сонау отызыншы жылдардың басында жазықсыз жазаға ұшырап, зорлық зомбылық құрбаны болған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіппек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлының ұлттық тәлім-тәрбие,әдеп педагогика, психология саласындағы тереңде сындарлы пікірлері осы күнге дейін өзектілігін жойған емес. Олардың еңбектерінде ұлттық мектептердің мақсаты міндеті білім және тәрбие жүйесінің мазмұнымен түрлерін көрсеткен. Қазіргі кезде қазақ халқының тарихын таразылау процесі жүруде. Мақсат өткенді сана сезгісінен өткізе отырып болашаққа бағдар жасау. Осы орайда шешімін табуды күткен мәселелердің ішіндегі үлкені - өз болашағымызға сәйкес келетін ұлттық құндылықтар мәселесі. Ұлттың мәселесі мемлекеттік болымыспен байланысты.  Сондықтанда Қазақстан Президенті стратегиясының түп қазығы, басты арқауы адам тәрбиесімен оның тағдыры.

Ұлттың да халықтың да мемлекеттің  де дербес тұлғаға айналуы «Мен қазақпын», «Мен Қазақстандықпын», «Мен Қазақстан  Республикасынанмын» деген мақтаныш сезіммен басталады. Осынау қасиетті сөзді  айту үшін әрбір қазақстандық өз елінің бай тарихы мен мәдениетін игеріп өсіп, өз халқының дүниетанымы мен  салт-дәстүрін қанына сіңіріп, өзге әлеге  қазақ ұлтының көзімен қарауы қажет.   

Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңызын  ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:

- Ұлттық құндылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеу  мәселелерінің ғылыми  әдебиеттегі  көрінісі;

-  дербес тұлға тәрбиелеу  мүмкіндіктерін ашып  көрсету;

- ұлттық құндылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеуді  іс – тәжірибе арқылы көрсету;

Зерттеу болжамы: Егер мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, отбасында ұлттық құндылықтар дәріптеліп бала бойына сіңірсе,  онда жан –жақты дербес тұлға қалыптастыру үрдісі тиімді болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

1  ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР  НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

 

1.1  Білім беру үрдісінде  ұлттық құндылықтар негізінде  дербес тұлға тәрбиелеу    мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі  көрінісі 

 

        Қазір әлемдік жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төл тумаларын сақтап қалуға, отаншылдық сенімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Қазақстанның  ұлттық  құрамы демографиялық  кескіні басқа  елдерге қарағанда біршама күделі болса да  ұлттық мемлекет, ұлттық бағдар, ұлттық тәрбие  ұлттық идиология ұлттық құндылықтар  сияқты мәселелерді  алдыңғы орынға  қойып отыр.  Себебі  Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан сол барлық ұлт өкілдерінің мүддесін ұштастыратын сананы қалыптастыру, қазіргі кездегі ең үлкен мәселе. Ұлттық тілді дамыту, ұлттық тарихты жаңғырту, Ұлттық құндылықтарды  қалпына келтіру  тағы да көптеген мәселелер үлкен көңіл аударуды қажет етеді.

     Қазақстан үшін бүгінде өзіндік қазақ өркениетін дамыту, экономикалық әлеуетін өсіру, салт –дәстүрін әдет ғұрпын, тілінділін, тағы да басқа ұлттық құндылықтар аясын кеңейту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір  тарихи дәуір өзіне тиесілі болымысы мен айрықша ерекшеленеді. Осы ерекшелік адамзат қоғамның жаңа әлеуметтік тәжірибелері мен толықтырылып отырады. Қазақтың рухани әлемі – Қазақстанның қол жеткізіп отырған  тәуелсіздіктің қайнар бұлағы. Осы орайда ұлттық тәрбие, ұлттық құндылықтарымыз  туралы айтатын болсақ, бұл екі мәселе де ұлттық мәдениетпен тікелей байланысты. Ал ұлт мәдениеті – бүкіл дүниежүзілік мәдениет атауының өзіндік «ішкі» қасиеті. Ол бұрыннан келе жатқан мәдени дәстүр.  Қазақ мәдениетінің дамуын күллі адам мәдениетінің тарихы мен байланысты түрде біртұтас әлеуметтік процестің бөлінбес бір буыны ретінде қарағанымыз дұрыс. Жекелеген елдердің ұлттық мәдениеті өзінің даму үрдісінде әлемдік мәдениетке дейін көтеріледі.  Бүгінде заман талабына сай күн тәртібінде қойылып отырған мәселелердің бірі, тарихымызды жаңғырту. Өткенге жаңа көзқараспен қарау. Бұл ұлттық идея жаңа талпыныс беріп отыр.

      Бүгінгі педагогика ғылымы қоғамдық дамудың обьективті заңдылықтарына жүгіне отырып қоғамның ілгерлеуіне қызмет ету қажеттілігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды. Себебі осы  құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап, қабылдайтын бұл адам санасы.

         Педагогикалық сөздікте: «құндылық» - адамның ішкі құқы, ізгілігі  адамдармен қатынасы, іс –әрекет  кезіндегі көрсетілетін, қайырымдылығы,  тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі  –делінген. Педагогикада «құндылық»  оқу және тәрбие барысында жүзеге асады делінген. Осы құндылықтарды таратушылар: дербес тұлғалар әлеуметтік  топтар, саяси көзқарастары бірдей кісілер, тағы да басқалары болуы мүмкін. Оның ішінде XX-ғасырдың басындағы қазақ зиялылары ерекше орын алады. Олардың мұралары негізінде азамат қоғамдағы, барлық құндылықтар сақталып,  ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр.

      Ал ұлттық құндылық белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым-қатынасындағы адами құндылықтар, ұлылықтың жетілген бейнесі. Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде, жалпы ұлттық құндылықтарға қатысты сөздер жиі қолдануымыз керек.

      Ұлттық құндылық – тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адамдарына шындық, мақсат және идеал ретінде  пайдалы, қажетті құбылыстардың, қасиеттердің табиғат пен қоғам құбылыстарының түйіні. Құндылықтарды саралай келгенде адам өмірінде басты орын алатын құндылық азаматтық құндылықтар екені анықталды. Ұлттық құндылықтарды жүйелеу ұстанымдары дегенде адам қандай құндылықтар жүйесін ұстанады, нені мақсат етіп, неге талпынады деген сұрақтарды анықтауда өзекті. Денсаулық,   махаббат, сұлулық  білім, сүйікті жұмыс сияқты құндылықтар қай дәуірде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Еліміздегі демократиялық үрдістердің дамуына байланысты үйлесімді дамыған, әлеуметтік белсенді, өз бетімен шешім қабылдайтын және оларды іске асыра алатын « шығармашылық тұлға » сұраныс тауып отыр. Бүгінгі күні дербес тұлғаны дамытудың мазмұны мен түріне әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешімі адамның қауіпсіздігі де тәуелді деуге болады. Демек қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі –адамның үйлесімді дамуы, оның ізгілікке бағыты,  психологиялық  жай –күйінің қорғалуы. Бұл мәселелердің шешімін табу білім беру деңгейімен де байланысты.

      Ұлттық  құндылықты іріктеудің ұстанымдары: ізгіліктілік, азаматтық компоненттік, демократиялық ғылымилық, құндылық бағдарлық, жүйелік, үздіксіздік, мақсатсыздық, өмірмен байланыстылық, жеке тұлғаға байланыстырылған білім, тұлғаны әлеуметтендіру, оқушының дара жас ерекшелігі, мәдени –ментальдық, тарихилық және тағы да басқалары. Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру «мәдениет-тарих –білім» деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы жүйеленеді. Құндылықтар негізінен адам арқылы  анықталады және олар адам үшін қажет болғандықтан әлеуметтік сипатқа ие болады. Құндылықтарға тәрбиелеу  тек педагогикалық мәселе емес, біле білсек бұл қоғамның даму мәселесі. Бұл екеуін қоғамнан бөліп қарауға болмайды.

     Ал тұлға – біртуар «Мен» ретінде алынған жеке адам. Тұлға ұғымы  «индивид» адам  ұғымдары мен салыстырыла анықталады.  «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады.  Бұл  ұғым адамның жануарлардан өсімдіктерден, машиналардан тағы ба басқа дүниедегі әр түрлі құбылыстардан айырмасын атап көрсетеді. «Индивид » адамзаттың дара өкілі, адамдық ақыл, ерік –жігер, көзқарас тағы басқа да әлеуметтік  психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі.  Тұлға болып туылмайды, тұлға болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі рол өзінің іс - әрекеті үшін әлі де жауап бере алмайды. Тұлға болу дегеніміз өзінің ешкімге ұқсамайтындай өзінің ішкі рухани дүниесін құрай білу. Қалыпты дамып өзінің өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу. Адамның тұлға аралық қасиеттері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті, оның мінез –құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт бағдарынан айқын  байқалады, сөйтіп  жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа білініп  тұрады. Тұлғаның қасиетті құпиясы оның еркін рухында  жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын – мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Тұлғаның  шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтияры мен тоғыстыра білу тұлғаны  танушы ісі. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы Кант былай деген: Адамзатқа оның ішінде өзіне де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес  тек мақсатпен қатынас  жасап, әрекет  істе  деген. 

     Тұлға болып қалыптасу –үздіксіз әрі қиын процесс: себебі: бұл жолдың қиындығы стихиялы арнайы, әлеуметтік табиғи жол мен пайда болатын факторларға тәуелділіктен туады. Тәрбие жүйесін қайта құруда оған негіз болатын мақсаты мен мазмұны, принціптері мен идеяларына үлкен мән  беруге тоталитаризм «жетістерінен», идеологиялық унифоризм догматизмнен алыс болу.  Міне осы  жерде философтар мен педогогтардың бірлесіп шешетін мәселелері  бастан асарлық .

     Осындай  жағдайда жастарымызды оқытуда тәрбиенің мынадай өмірлік негіздеріне сүйенген абзал:

  1. Дербес тұлға ретінде қалыптастыру үшін жан –жақты дамыту идеясы.
  2. Ұлттық құндылықтыр арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытуға  жету.

Қазіргі Қазақстандағы тәрбиенің  идеялары:

     А) Қазақстан азаматын – жерін, елін, отанын сүйетін, халқының құндылықтырын жоғары қастерлейтін рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу;

Информация о работе Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері