Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Әлемдегі болып жатқан тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында түбегейлі заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы азаматтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт құндылықтарынан нәр алған, елін жерін жанындай сүйетін саналы білімді іскер азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3


1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.............................5
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11


2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............

Работа состоит из  1 файл

курсавой Акерке.docx

— 194.95 Кб (Скачать документ)

    Қазақ халқының іргелі ел болуы ұлттың тілі мен мәдениеті, мектеппен баспа сөздің аса қажет екендігіне жұртшылықтың назарын аударады. Тек сонда ғана мұндай балалар  мектеп бітіргенен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болсада тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт болып қалады - дейді М.Дулатұлы. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті –дейді М.Жұмабайұлы. Сонда ғана ол сол халықтың қаны мен  жанын,  рухын бойына сіңіреді.

    Қазіргі кезде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел  тарихын, терең қозғап,  тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымның еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлестерін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылықтарын қалыптастыруға болады. Сондай –ақ ұлттық салт –сананың өмірдегі қолданбалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тиымдар, жөн –жоралғылардіни уағыздар, сенімдер, кісілік рәміздер перзенттік борыш ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Оқушының ұлттық қасиеттері меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық  тіршілікке  бейімділігі, нерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі тағы да басқа қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

      Қазақ мәдениеті  – ғасырлар бойы қалыптасқан  ұлттық мәдениет.  Ол ұлттық  тәлім –тәрбиенің негізіне дамып  қалыптасады. Ұлттық құндылықтар  сол ұлттың мәдениетін дамытудың  қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі  мен рухани  тәжірибесі  бар.  Ал ұлттық тәрбие мәселесі  – азамат тарихынан өн бойына  ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып  келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде  азаматтың өркениет өзгеше биігіне  көтерілген, үшінші мыңжылдыққа  қадам басқан кезінде де жас  мемлекетіміз үшін рухани  асыл  мұраттарға Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, дербес тұлға  бойындағы құндылықтармен ар  тазалығы және басқа қасиеттерді  жатқызуға болады.

      Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақкөңіл, жайдары ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз  аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық ,жезөкшелік сияқты жат қылықтар мен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани және ұлттық құндылықтарын арттыруға баса мән беруіміз керек .

Даналарымыз  дүниеге  әкелген қазақтың рухани мәдениетіне  де тарихи тамыры өте терең, қомақты  тәрбие туралы ілім қалыптасқан. Ұлттық тәрбие  төңірегіндегі халық қол жеткізген жетістіктер, уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа мазмұнға ие бола түсуде. Осы қазына мен етене танысып, оны өзінің рухани  дүниесінің аса маңызды қасиетіне айналдыра алған әрбір қазақ азаматы ұлтымыздың болашақ өркендеуінің дамуына ерекше үлес қосатыны сөзсіз. Біздің негізгі  мақсатымыз – тарихи тамыры терең құндылықтарымыздан сусындаған тәрбиенің адамды қалыптастырудағы қызметін анықтау арқылы ұлттық құндылықтар ретіндегі  рөлін ашып көрсету. Қазақстандағы білім беру үрдісінде ұлттық тәрбие беру көздері толық ашылып отырған жоқ. Ол  мұғалімнің ұлттық құндылықтар беруге даярлық көздерінің жетіспеушілігінен, ұлттық құндылықтармыздың мәдениет  тұрғыдан зерттелу дәрежесінің төмендігінен көрініп жүр. Оларды ескеріп ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктерін көрсетеміз:

1. Осы уақытқа дейін  қалыптасқан қоғамның сан –  саласындағы ой – пікірлер, еңбектер  мемлекеттік құжаттар мен іс  – тәжірибелерге сүйене  отырып, халқының тарихы мен төл мәдениеті  мен философиясы, салт – дәстүрлер   арқылы қалыптасқан ұлттық сана  – ұлттық рухтың басты белгісі  болмақ. Олай болса ұлттық құндылық  – ұлттық рухты адамның ұлттық  санасы мен болымысын үлгілендіру,  озық өркениеттен үйрену жолындағы  жүйелі іс - әрекет.

  2. Ұлттық құндылықтар мәселесін қарастырғанда білім орталығында ұлттық құндылықтарды беру мұғалімдерді даярлаудың қажеттілігін туғызады. Мұғалімдерді ұлттық құндылықтарымызды беруге даярлауда осы мәселемен айналысатын теориялық негізделген орталықтар қажет. Ғылыми теориялық негіздеуде мәдениеттанулық талдау жүргізуде өзекті. Олай болса жастар бойына ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыру мүмкіндіктері мынада деп ойлаймыз:

  1. Қазақстан Республикасында ұлттық құндылықтарымызды беруге арналған мемлекеттік құжаттар, тұжырымдамалардың тағы да басқа қажеттілігі;
  2. Білім  ордасында жас ұрпаққа арналған ұлттық құндылықтарымыз жайлы арнайы бағдарламалардың болуы;
  3. Ғылыми - әдістемелік көмек көрсетумен қатар ғылыми зерттеулер арқылы жүйелеуде негіз болатын  ұлттық тәрбие орталықтарының құрылып, жұмыс жасағаны айрықша маңызды.

       Жоғарыда айтылған ұлттық құндылықтарымыздың өркениеттік құндылық ретіндегі басты тұжырымдарынан ұлттық құндылықтарды берудің негізгі принциптері шығады. Ол адам мен адамдар арасындағы құндылықтарға негізделген гуманистік принцип; адам мен табиғат арасындағы құндылықтар жүйесіне негізделген мәдениеттанулық принціп; адам мен табиғат арасындағы құндылықтар жүйесіне негізделген төлтумалық (табиғилық ) принцип.

 Ұлттық құндылық берудегі  мәдениеттанулық принцип (адам  қоғам қатынасына негізделген) - жалпы азаматтық  құндылықтардың  ұлттық мәдениетпен салт –  дәстүр тәрбие мен берілетін  ұлттық құндылықтардан бастау  алуы мен байланысты. Адам өзінің ішкі болмысы мен мақсат – мұраттары мен тілектері мен өзіндік ерекшеліктерімен ең басты құндылық болып қалыптасады, дамиды. Аксиологиялық ұстаным тұрғысынан адамдық қасиеттердің  көрінуінің жоғарғы сатысы кеңпейілділік,білімділік, кішіпейілділік, достыққы  ұмтылу, басқаны құрметтеу, рухани мәдениеттілік тағы басқа бұл  деген, ұлттық  тәрбиенің негізін, мәдени ядросын әмбебап, жалпы азаматтық тұлғалық құндылықтарды аша түсудің негізін ұлттық құндылықтар құрайтындығын нұсқайды.

Ұлттық құндылықтар берудегі төлтумалық (табиғилық) принципі (адам табиғат қатынасына негізделген) табиғи және әлеуметтік іс - әрекеттердің байланысы. Төлтумалық принціпке  мәдениеттанулық  негіз ең алды мен адамның төлтумалық, табиғатына жақын, сіңісті рухани дүние  мен байланысты дүниелерді анық айқындауында және жоғалтпауында. Сонымен қатар  бұл принціп жыныстарына (ер, әйел) қарай тәрбие берудің  ерекшелігіне мән беруді қажет етуі, ұрпақтар сабақтастығының кепілі бола білуінде жатыр. Төл тумалық принціптің тағы бір қырын табиғатпен үйлесімді  өмір сүру, яғни қоршаған ортаға деген  жауапкершілікті арттыру мен  ұштастыруға болады. Төртінші бір  қыры – денсаулығын күту,  шынықтыру.  Жан  тазалығы мен қатар тән  тазалығына үлкен мән беруі. Ұлттық құндылықтар беруде адамдар арасында біртұтастық қатынас орнату, оның  денсаулығының – жан, тән, психологиялық, адамгершілік компонеттерден тұратын  дербес тұлға саулылығының кешенді  қатынасы деп қарастырады.   

      XXI ғасырда дамыған елдер адам ресурстарын дамытуды басты мақсаттардың бірі ретінде қарастыруда. Рухани бай және жетілген қоғам жүйесін дамыту қажет. Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты - өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рух пен мәдениеттің күш – қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын оның өмір сүру тәсілімен тәжірибесін, тәрбие ықпалымен жолы мен бағытын кең түсіндіре білу.

Ендеше ұлттық құндылықтарымызды  сақтау арқылы, еліміздің білім беру саясатының ұлттық рухани дамуына, білім  жүйесінің жетілуіне, қоғамда өзіне  лайық орын алатын білімді болашақ  тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол  жеткізуге болады. Құндылықтар негізінен  адам арқылы анықталады және олар адам үшін қажет болғандықтан әлеуметтік сипатқа ие болады. Ұлттық құндылықтарға  тәрбиелеу тек педогогикалық  мәселе емес, бұл қоғам дамуының басты мәселесі . Бұл екеуін қоғамнан бөліп қарауға болмайды .

Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін  бірден –бір құндылық, ол жасөспірімдерді  ұлттық  рухта тәрбиелеу. Ендеше ауыл социумы мен білім беру жүйесінің  өзара  қарым –қатынасын дамыту мәселесі осыдан бастау алса, дербес тұлғаны  білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де,  білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық  тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс  және орнықты түрде қалыптастыру болмақ.  Білімнің басты ұстанымы – адамға білім беру ғана емес сол білімді және білім мен қарулануды  «руханияттандыру»  «адамгершіліктендіру» болғаны аса маңызды.

Қазір еліміздегі жасөспірімдер  арасындағы ұлттық тәрбие мәселесіне тікелей қатысты басты –басты ойлануға тұрарлық мына мәселелерді  атап айтуға болады:

  1. прагматикалық құндылықтарға негізделген батыстық өркениетке, батыстық мәдениет үлгілеріне  талғамсыз еліктеу.
  2. Ұлттық идеяға негізделген сындарлы идеологиямыздың болмауы жастар арасында, саяси идеологиялық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі
  3. Мектептің тәрбие жүйесінде стратегиялық көзқарастың болмауы, оған тиісті көңіл бөлінбей, қосымша міндет деп қарау
  4. Тәрбие жүйесінің ғылыми -әдіснамалық, педогогикалық психологиялық және рухани әлеуметтік негіздерінің осалдығы
  5. Ұлттық тәрбие мәселесіндегі отбасының социумның, қоюға ролінің төмендеуі
  6. Өзімізде  барды бағаламай, өзгенің жақсысына еліктеу және тағы да басқалары.

Осыда және тағы басқа толып  жатқан қоғамдық әлеуметтік құбылыстардың  нәтижесінде біз жасөспірімдер  мен жастардың бойында келеңсіздіктер етек алуда. Сондықтан бүкіл қоғамды  жұмылдыра отырып рухани интелектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға  үйлестірген Қазақстандық төл тәрбие тұжырымдамасын жасау және білім  беру көлеңкесіне қалып қоймайтын, керісінше тәрбие мәселесін төрге  қоятын тәрбие білім жүйесін іске қосу –бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты мәселелерінің бірі деп  есептейміз.

Қазіргі кейбір жастарымыз  арзан мен қымбатты, еңбек пен  бейнетті сезініп, үнемдеу, қанағат  дегенді ата – анасының көріп  жүрген қиындығын, қажеттіліктің неден  тұратындығын түсініп отырған жоқ. Осындай ата-аналар үшін мектептерде, ата –аналар университетері құрылса, балаға ұлттық құндылықтарымыз бен  рухани құндылықтарымызды беру үшін  қосымша сағаттар қарастырылса. Білім  жетілдіру институттар осы жоба негізінде ата-аналар үшін оқушылырдың   арнайы білім білімдерін көтеру мақсатында, түрлі кітапшалар, әдістемелер халықтық дәстүр негізінде, ұлттық бағытта жазылған материялдар, нұсқаулар жазса нұр  үстіне нұр болар еді. Ата –аналар  арасында педогогикалық білімдерді насихаттауда ұлттық құндылықтарымызды  шыңдап қолға алып, ойының тамырын  әрбір бала тамырына жалғаса, елдігімізді  сақтап, өз ұрпағымызды сақтар едік. Ғаламдану процесінің қарқынды артуы  адамзат алдына біршама міндеттер  қоюда. Соның бірі – адамның адамзат  иелігіне қызмет өзінің ұлттық болмысынан туындайтын құндылықтарға үйлесуінің маңыздылығы. Болашақты болжап оған сеніммен қарау үшін бүгініміздің тұғыры мықты болуы керек. «Біз бүгінгі  кеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік арқалайтынын   күрделікті есте ұстауға тиіспіз, егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап – таразылауға  қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар».

3. Ұлттық құндылық мәселесін  өркениет жетістіктері мен байланысты  талдау 

Осы тұста тағы да Әль  –Фараби ойларына  жүгінуге тура келеді.

    Бақытқа жетудің  жолдары жан –жақты талдай  отырып, ол бақыт деген адамның  кемеліне келуін айтты. Бақытқа  жетудегі жолдың қиындығын айта  отырып адам бұл жолда өз  іс - әрекеті арқылы жақсыға да  жаманға да жолығып отыратынын  айтады . Сол іс- әрекеті арқылы  ғана өмірлік тәжірибеден өтіп  ненің жақсы ненің жаман екенін  аңғаруға мүмкіндік алады. Себебі  адам өзінің ақылы, ойлау қабілеті, рухани  байлығы арқылы жақсы  мінез қалыптастырып, жақсыны  жаманан ажырыта алатын болады. Жақсы не жаман болу туа  біткен қасиет емес,  жүре келе  пайда болатын қасиеттер. Бұдан  көріп отырғандай, адам ақылына,  еркіне, қабілетіне зор сенім  артып,  оның  өмірдегі іс - әрекетінің, игілікті, ізетті,  қайырымды,  махаббатқа  толы болуын  қалайды.

     Шын мәнінде  анық көз жеткен нәрсе - өркениет  бағасы ұлттық құндылықта екені.  Тұлғаның базалық мәдениетінің  негізі болып отырған, ұлттық  құндылықтарды    дамытып, ұлттық  тәрбие көздерін ашу - өркениеттік  жолдың негізін алып отыр.

     Ұрпақты тәрбиелеуде  бағдар боларлық біртұтас жүйе  болуы керек. Себебі халық содан  бағыт бағдар алып отыратын  болар  еді. Мұның өз халықтың  өзіне  деген сенімін арттырып,  басқалар мен тең дәрежеде          қарым – қатынас орнатып, көптеген  игілікті істердің ұйытқысы  болуына  жол ашар еді. Осы кезеңге  дейін қалыптасып үлгерген ұлттық  құндылығымыз түгендеп,  оның  шынайы құндылығын атап көрсету.  Сондықтан бүгінгі батыстан еніп  жатқан нарықтық қатынастар мен  бірге батыс адамының психологиясы  мен құндылықтары ізсіз қалмауда. Жастарымыздың арасындағы құлаш  жайып келе жатқан батыс «құндылықтары»  жеке мүддесін жоғары қою, менменшілдік  тағы да басқа қасиеттер орын  алуда. Ал қазақ халқының қанына  сіңген қалыптасқан, ұлттық құндылықтар  принциптері; имандылық, инабаттылық,  парасаттық, әдемілік, кеңпейілділік,  достық,  адалдық тағы да басқа  заңдармен өмір сүру көлеңкеленуде.  осы түйткілдердің алдын алу,  балаға жақсы тәрбие бруде  қазақ зиялыларының еңбектерінің  маңызы зор екенін № 1 кесте  арқылы көрсетеміз.

                      

 №1 кесте 

    № 

      Қазақ зиялылары 

           Ұлттық құндылықтар 

1      

А.Байтұрсынов «Тіл құралы», «Тіл тағылымы», «Оқу құралы», т.б.

-  Баланы, намысшыл, арлы  етіп тәрбиелеу 

- Өз ұлтын менсінбейтіндерге   қарсы әрекет жасау 

- қазақ  мектебін құру  әліппені жасау 

- Зиялылар қауымдастығы 

2

Ш.Құдайбердиев «Үш анық», «Тіл тағылымы», «Оқу құралы», т.б. еңбектері 

- Ұлт қамы 

- Діни танымдар 

- Жетім мен жесірге  қамқорлық 

- Ағайындық қамқорлық 

3

Ә.Бөкейханов саяси әлеуметік  тақырыптағы мақалалары

- Ұлт тәуелсіздігі 

- Тектілік 

- Бостандық, теңдік идеясы 

4

Х.Досмұханбетов «Аламан», «Қазақтың халық әдебиеті», «Оқушының  салауатығын сақтау», т.б.

- Әлеуметшілдіктің ұлт,  мемлекет тіршілігіне керектігі 

- Қазақ балаларына ұлттық  тәрбие беру 

- Қазақ тілі және мәдениеті  тұралы мақтанышы 

- Ұлттық көзқарастары

5

М.Шоқай «Түркістан» және өзге де еңбектерінде

- Ұлттық автономия құру 

- Ұлт азаттығы және  тәуелсіздік идеясы 

-Ұлттық тәрбиені рухани  мәдениетпен байланыстыру 

-Ұлтжандылық және отансүйгіштік  қасиеттер 

6

Ж.Аймауытов  «Психология», «Психология және кәсіптік талдау»  оқу әдістемелік еңбектері 

- Ана тілінде мектептер  ашу 

- Туған елге, жерге сүйіспеншілікті  қалыптастыру қажеттігі туралы  идеялары 

7

С.Торайғыров поэмалар, романдар мақалалар 

- Туған елге сүйіспеншілік 

- Халыққа қызмет ету

- Ұлттық сананы ояту 

8

М.Дулатов көкейкесті мақалалар  мен мектепке арналған оқулықтар 

-Қазақ тілінің мәртебесін  көтеру қажеттілігі 

- Білім мен тәрбиенің  ұлттық мәдениеттегі қызметі 

- Имандылық, әдептілік,  елжандылық тәрбиелері 

Информация о работе Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері