Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Әлемдегі болып жатқан тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында түбегейлі заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы азаматтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт құндылықтарынан нәр алған, елін жерін жанындай сүйетін саналы білімді іскер азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3


1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.............................5
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11


2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............

Работа состоит из  1 файл

курсавой Акерке.docx

— 194.95 Кб (Скачать документ)

     Ә) Өмірде алдына мақсат қоя алатын азамат етіп  тәрбиелеу;

     Б) Өз ісінің кәсіпкері (профессионалы)етіп тәрбиелеу;

     В) Қоғамың және онымен бірге өзі тұлға ретінде дамуға жетелейтін идеяны жақтаушы етіп тәрбиелеу;

     Г) Заңды құрметтейтін азамат етіп тәбиелеу;

    Д) Салауатты өмір салтын сүйетін дені сау азамат етіп тәрбиелеу;

    Е)Ертеңіне сеніммен қарай алатын адам етіп тәрбиелеу.

    Дербес тұлғаны қалыптастыру процесінде бірден –бір әсерін тигізетін – қоршаған ортасы, яғни қоғам. Кез келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қабылдау арқылы өзінің ойлау қабілеті, санасы мінз –құлқының және басқа да қасиеттерінің реттелуіне жол береді. Сондықтан да дербес тұлғаның қалыптасуына және дамуына бірден –бір ықпал  етуші қоғам.

     Дербес тұлға өзінің көздеген міндетін шешу арқылы қоғамдық мүддені де шешеді. Сол себепті тұлға мен қоғам бір –бірімен тығыз байланысты.  Қоғамда болып жатқан құбылыстардың барлығы адамдардың қатысуы саладарынан пайда болады. Адамның  қалыптасуына қоғам әсері қандай болса,  қоғамдағы болатын және болып жатқан құбылыстарға адамның да әсері сондай.

     Тұлға дегеніміз біріншіден өз ұлтын да өзге ұлтты да қадірлей білетін адам, екіншіден өз ұлтын қастерлейтін, жаны мен де, тәні мен де, ісі мен де, әрекеті мен де қайраткерлігі мен де көрсеткен адам. Осы үш қасиет қалыпқа бірдей ие болған адамды ғана тұлға дейміз. Егерде осының бірі орындалмаса, онда ол адам тұлға дәрежесіне, тұлға деңгейіне, тұлға мәртебесіне көтерілмеген адам. Осы айтылып кеткен сөздерді сөзге тиек ете отырып жан – жақты дамыған дербес тұлғаны №1 суреттегідей  жіктеп көрсетуге болады:

                         №1- сурет. Жан - жақты дамыған  дербес тұлға

       

Мәдениеттен адам өзінің бейнесін көреді. Адам айнадағы бейнесін көңілі толу үшін оның өнегелі тәрбиесі, терең  білімі бар тұлға болып қалыптасуға  мүдделі болу жағында қарастырғанымыз  жөн. Себебі: жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым қажеттілік туғыза білу керек. Ұлттық тәрбие мен білімнің бүгінгі  таңда кездесіп отырған қиыншылықтар дәл осы  ұлттық  болмысымыздан  алшақтап кетуіміздің нәтижесі болып  отыр. Сондықтан  тәрбие берудің  тамыры терең ұлттық  кен байлықтарымыздан бастауымыз керек. Әке –шешесіне, еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мол адамнан жалпы азаматтық  қауымдастыққа  деген шынайы сезім  туатыны сөзсіз. Міне ұлттық тәрбиенің  қажеттілігі де,  мақсаты да,  мазмұны да осында жатыр.

      Кез – келген іспен сөздің арасындағы алшақтықтың тәрбиеге тигізер кесірі зор. Ол өмірлік озық  болар көзқарастар: адамның өмірдегі ролі орны мен маңызы, ұлттық құндылықтары оның ішінде ар – ождан, даңқ, абырой, құндылық және тағы да басқа қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуі сөзсіз.

      Адамның өмірдегі орны еш уақытта түпкілікті, біржақты, мәңгілік шешімін таппайды.  Оны әрбір жас буын, жеткіншек әрбір адам тікелей шешуіне тұра келеді. Ал ұлттық құндылық – ұлттық қасиет. Сондықтан оны біреуге күшпен таңып қоямын деуге ешкім келіспес. Ол адамның жүрегінің түбінен оянады. Сол секілді адамның жеке көқарастары, өмірінің  мәні туралы айтуға болады. Дербес тұлға өз іс - әрекетіне жауап бере алатын, қоғамдық маңызы бар мақсаттар мен міндеттерді шеше білумен қатар оларды  іске асыратын саналы қоғамдық  дамудың ең жоғары мүшесі деп жүрміз. Қай заманда болмасын жастар жаңалық атаулыға өз көзқарасымен қарап, оны өзінше қабылдау мен және тез қабылдау мен ерекшеленеді. Сондықтанда біздің өміріміздің негізі - адамды дербес тұлға ретінде қарамасақ, кез – келген ісіміздің болашағынан нәтиже күту екіталай. Себебі,  ол біздің ойлап  тапқан қиялымыздың жемісі емес, өмірдегі бар адам: оның іс - әрекеті, оның кездесіп жатқан қарама – қайшылықтары, оларды кейбір жағдайда одан өзіне өмірлік сабақ болар тәжірибе жинақтап жатуы оған дәлел.

      Жалпы тәрбие мәселесіне әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы өте  үлкен мән береді: «ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің». Ата –ана үлкендер  көргенділікті әуелі көп алдында өзің көрсет. Балаңды бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған бөбек кезінен жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. «Бас мүлгісе аяқ  - сүрінеді ». Әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың  сонда ғана өнегелі тәрбие алады. Әйтпесе ертең опық  жейсің. Қазақ тәрбиесінің негізгі өзегі осыған саяды. Сайып келгенде азамат тарихы дәлелдегендей «адамның күні  адаммен»,   «Кісі болар адамның кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменнен несі бар».  Ендеше балаңа игі жақсылықты көп көрсет, соған  бой ұсындыр. Осылардың ішінде қауымдық тәрбиенің маңызын баса көрсеткен  «ұлың өссе –ұлы үлгімен ауылдас бол » мақалы анаша тартып, ішімдік ішіп,  жезөкшелікпен айналысып, кісі өлтіріп ұрлық істегендерді, тілін, ділін білмей, ұлттық құндылықтарымен өз отанынан безіп, басқа жерден  бақыт іздеп  кеткендерді тәрбиелеуде аса құнды. Қоғамдық тәжірибе ұлттық тұлға қалыптастырудың қайнар көзі болып табылыды. Дербес тұлға одан кісілік сапаларымен жеке бастың ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда нәр алады.   Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының  тарихын, тегін, салт –дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылықты тұлға етіп тәрбиелеу  - өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Әрбір азаматтың білім алуға құқығын негізге ала отырып, оқушы бойында ұлттық құндылық қаиеттерін құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісінің жан –жақты қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары, тағы да басқа мәселелеріне тоқталып өткен  жөн. Дербес тұлғаның ұлттық қасиеттері мимандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішпейілділік, кеңпейілділік, салауатты тіршілікке бейімділік, өнерпаздық, шешендік ақынжандық, мәдениеттілік тағы басқа қасиеттер арқылы ерекшеленеді. Сондай-ақ ұлттық салт–сананың өмірдегі қолданбалы көріністері: рәсімдер  рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар діни уағыздар, сенімдер адамгершілік борыш, перзенттік парыз ұрпақтың міндеті арқылы іске  асырылып,  ұлттық қасиетке айналды.

      Қазақ халқының тәлім –тәрбиелік ой –пікірін, халықтың  өткендегі өмірі мен салт –санасы мен тұрмыс –тіршілігі мен етене бірлікте, тығыз байланысты алып қараған жөн. Халқымызда « жеті атасын білмейтін ер –жетесіз, жеті ғасыр тарихын  білмейтін  ел – жетесіз»,  «тарих сабағын ұмытқан таяқ жейді», туған атаң ұлтыңды ұмытудан, ана тіліңді білмеуден асқан күнә бар ма ? «тегінен нәр алған тозбайды», «жастықта жиған білімің – қарттықта жұмсар мүлігің»- дейтін мақалдар бар. Бұлар дербес тұлғаны  рухтандыру, оның сана –сезімін оятып, күш –жігер беру, шынайы ұлттық тұлға қалыптастыру мақсаты көзделеді.

     Халықтың тұғыры оның бүгіні мен ертеңі рухани байлықпен тығыз байланысты, егер біз одан айырылсақ, біз халық  түгіл адам болудан қаламыз. Өркениетті дамыған ел тарихты қадірлейді, құрметтейді, тарих ұлттың ар –ожданы деп санайды. Ешбір ғылым тарих тәрізді отан сүюді, ұлттық мақтанышты тәрбиелей алмайды .

     Қазақстан мемлекетінің алдында біріншіден біртұтас ашық білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты ұлттық мәдени рухани қайнарлардан сусындату қажеттілік болып отыр.    Ұлттық мәдениеттің өзіндік құндылықтарын айқындап көрейік. Біріншіден ұлттық құндылық ретінде оның бірегейлену функциясын алған жөн. Адам қанша дара субьект болғаны мен ол өзіне арқа сүйер тірек іздейді. Оны отбасы да мектепте атқара алады. Бірақ этникалық аяның орны бөлек. Сондықтан тәні мен рухы сау ел азаматы өз ұлтына ерекше бір жылулықпен және елжандылықпен қарайды.  Жаһандану аясында ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану, оның алдын алу шараларын бүгінгі күннен бастаған жөн.  Қазақстан Республикасы қазірдің өзінде ТМД елдері арасында экономикалық дамудың алдынғы шебіне шығып, халықтың әл – ауқатын жақсарту жолында батыл қадамдар жасап отыр. Егер әлемдегі аймақтық дау – жанжалдардың шарпуы тимесе, ішкі этнос аралық татулығымызды сақтасақ, таяу жылдары экономикалық тұрғыдан қуатты, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесі жетіліп өркениетті үлгідегі демократиялық институттары толық жасақталған елге айналарымызға күмән жоқ.

Біздің осындай қоғамға  жетуіміздің жолын белгілеп берген Президентіміздің «Қазақстан 2030» стратегиясы  күн өткен сайын айқын бедерленіп шындыққа айналуда. Осы құнды құжатта  көрсетілген саяси және экономикалық  алғы шарттар толық орындалуда. Алайда, «Қазақстан 2030» стратегиясындағы негізгі  бағыттардың бірі ретінде  білімі мен біліктілігі  жағынан шетелдердегі замандастары мен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар бойында ұлттық діні сақталған, отаншылдық рухы кемел  Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу  қажеттігі баса айтылған. Тек осындай  ұрпақ қана еліміз мерейін бүгінгі  жеткен биігінен аласартпай, жаһандану  деп аталатын  процестің       теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік  даму көшіне ілеспе.                                    

Бүгінгі таңда өзіміз  тәлім – тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихымен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып  өсуі қажет. Еліміздегі балабақшалардан  бастап, орта білім беретін оқу  орындарына дейін, жас ұрпақтың бойында  ұлттық дүние таныммен дін мәйегін  сіңіріп оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті  осы заманғы оқу құралдары  мен технологиялардың тапшылығы біртіндеп еңсеріле бастады. Биылдың өзінде ұлттық тарихпен рухани құндылықтарды насихаттайтын 500 кітап, анықтамалық әдебиеттер шығарылды. Дегенмен бүгінгі Қазақстандық балалар мен жасөспірімдерді жаулап алған шетелдік компьютерлік ойындар мен басқа да бағдарламаларды, мултфильмдер мен қатігез  фильмдерін алмастыратындай ұлттық ойындар бағдарламалар, фильмдер жасау керектігі күттірмес мәселе екені рас.

     Мұның бәрі таяу болашақта атқарылуы тиіс шаралар. Оларды күтпей - ақ қолда бар мүмкіншілікті пайдалана отырып кең байтақ отанымыздың тарихы мен табиғатын жас ұрпаққа таныстыру жолымен, олардың бойында мемлекеттік рәміздерімен салт – дәстүрлеріне  және ұлттық құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру рухында аталған бағытта жемісті жұмыс атқаруға болатыны анық. Өзінің Қазақстандық екенін, Қазақстанда туғанын әрбір бала мақтаныш ете алса ғана біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті  абырой мен атқарып еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сенім мен айта аламыз.

 

 

1.2   Ұлттық құндылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеу  мүмкіндіктері

 

  Балаңды өз тәрбиең мен тәрбиеле ме, өз ұлтыңның тәрбиесі мен тәрбиеле деген бабалар өсиетінің мағынасына үңілсек баланы дербес тұлға етіп қалыптастырудың негізі ұлтымыздың  ұлттық құндылықтарында екенін көрсетеді. Біз үлкен болайық, кіші болайық, бәрімізде ата –бабамыздан келе жатқан тәлімнің төліміз, тоқсан тарау ана мен келіп  тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз. Баяғы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелерімізбен, кіші әжелеріміз де мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесі мен бізді баулып жатыр,  баули да береді.

    Тәуелсіз еліміздің бүгінгі мақсаты - өркениетті елдердің қатарына көтерілу болса, оған қол жеткізудің негізгі жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеуді міндеттейді.

    Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау өзінің       бет –бейнесін, ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну қиын емес.  Ал мұның бәрі мәдениет, тіл, тарих,  деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі. Әлбетте бұлар – халқымыздың рухани дамуының түп қазығы, тірегі. Олай болса осы төрт тағанды сақтау ғана оны барлық кері ықпалдарға төтеп бере алатындай жағдайға келтіру ғана халықтың болашақ тағдырын оңды шешеді. Бұл орайда білім беру саласындағы барлық өзгерістердің өзегіне осы тұрғыдан келуіміз заңды. Бүкіл жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесініңде осы негізде жүйеленуі қажеттігін өмір өзі дәлелдеп отыр.

     Сананың өзін - өзі қорғауы, ең алдымен бүкіл халықтық, мемлекеттік ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін  болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы  тиіс рухани ішкі  иммунитетінің де  негізі   болатыны сөзсіз. Білім –ұлттық ақыл –ойы мен ерік жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясатың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тис. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру –ұлттық дәстүрді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану  деген сөз.

     Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық  ролін күшейте түспек. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады.

    Жастарымызды ұлттық құндылықтарымызбен тәрбиелеуде, алға сүйреуде үкімет жарлықтары жеткілікті ме? Адамның ішкі рухани байлықтарының негізін салуда оған жол көрсету – осы мен  шектеле ме? Бұл жерде үкімет жарлығымен  шектелу әрине  жеткіліксіз. Адамның алға дамуының шегі болмайды. Әр уақытта ізденуден жаңа жол,  идеялар іздеуімізден талмауымыз керек. Бірақ қай уақыта болмасын ата – баба дәстүріне негізделген бай мұраларымызбен қаруланып, соған арқа сүйеген жөн. Ұлттық құндылықтарға бай тәрбие жайдан – жай пайда болмайды . Ұлттық құндылықтар қайдан бастау алады? Неліктен ұлттық  тәрбиенің дұрыстығына сеніміміз мол? Себебі, ол – бізде табиғатымызбен сіңіп жасап келе жатқан, қалыптасып үлгерген, талай – талай сыннан өткен, дұрыс жөн сілтей алған құндылықтарға негізделген. Сондықтанда ұлттық құндылық өркениеттік құндылық ретінде қаралуда. Стандартты құндылықтарға қарағанда ұлттық құндылықтарды сіңіру оңай. Себебі қанымыз бен сіңіп, қоғам дамуы мен бірге жоғалмай келе жатқан ұлттық құндылықтармыздың адам жанына жақын болары анық. Ұлттық тәрбие бастауы – ұлттық құндылықтар. Өркениеттік құндылықтарға ұлттық құндылықтармыз арқылы ғана жетеміз.

    Бүгінгі таңдағы Қазақстан білімі әлеуметік мәдениет пен рухани қабілеттің бірі ретінде қоғам мен дербес тұлға менталитетіндегі жеткіншектер мен ересектердің құндылық бағдарындағы өзгеріске байланысты даму кезеңінен басталады. Жаңа жолдарды іздестіру екі бағытта жүзеге асуда  дербес тұлғадан да жоғарғы мәні бар қазақтың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы бойынша және адамның тұрмыс қарекетін батыстың құндылық бағыты мен ұлғайта жетілдіруге байланысты. Білім ордасы –жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мен қатар халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпақ иелігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім – тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай уақытта да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген өзек жарды мәселелердің бірі болып саналады.

Информация о работе Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері