Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Әлемдегі болып жатқан тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында түбегейлі заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы азаматтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт құндылықтарынан нәр алған, елін жерін жанындай сүйетін саналы білімді іскер азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3


1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.............................5
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11


2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............

Работа состоит из  1 файл

курсавой Акерке.docx

— 194.95 Кб (Скачать документ)

        Адам  өмірі басты құндылық екені  баршаға мәлім. Қазақтың ұлы  мақсаттар үшін, ізгілікті іс  үшін қанын,  жанын берген елдері  атаусыз кетіп барады. Шындықты  жазу – заң. Себебі өтірік  келешегімізге қауіпті. Тарих      теп – тегіс жол, оны мен  жүгіріп өтейік деуден  алыс  болайық. Сондықтан тарих  қойнауында  пісіп  жетілген «ұлт» менталитетіндегі  жақсы қасиеттерді насихаттап, оған бүгінгі жастарды тәрбиелеудің маңызы зор. Сонда ғана жастар өз  ұлтын жатсынбайды, бойларына ұлтжандылық сезім пайда болады. Өз ұлтына деген  құрмет пен мақтаныш сезімі  оянып бойын жат құндылықтардан аулақ  ұстайды. Басқаның соңынан  жүгірмей, өзгеге жалтақтамай, өзін қашанда даналық биігінен көрсетуге тырысқан.

      Ұлттық  тәлім тәрбие беруде, тұлға қалыптастыруда  ұлттық бағыт, наным – сенінімдер  маңызды рол атқарады. Ұлттық  салт – дәстүрлер, әдет –  ғұрыптар – ұлттық тұлғаның  ұлттық өзіндік санасының дамуындағы  ролін, оның тәжірибелік  сипатын  көрсететін, адам мінез – құлқының  көптеген жақтарын қамтитын, белгілі  этностың өзінің  тән психикасы  жөнінде біршама мәнді мағлұматтар  беретін білімнің жүйесі. Халық  ауыз әдебиетінің даму жолын,  оның адам санасының қалыптасуына  әсер етуін, жалпы адамзаттың  дүние жүзінде себепші фоктор  екендігін этнография, этнопсихология, саяси психология қарастырмақ.  Дегенмен де осы мақал -  мәтелдердің, халық ауыз әдебиетінің  тәлім – тәрбиелік ерекшеліктерін  тек педогогика ғылымының үлесіне  тиеді.

   Халқымыздың ұлттық  тәлім – тәрбиеге қатысты сан  ғасырлық тыныс тіршілігінің  өзіндік ерекшеліктерінен туындаған  салт – дәстүрлер, әдет –  ғұрыптары да мол. «Атадан бала  тусайшы, ата жолын қусайшы  » дегендей. Атадан балаға жалғасып  келе жатқан жақсы қасиеттерді  келер ұрпақтың бойына сіңіріп,  ізгілікке  тәрбиелеуді мұрат  тұтқан. Шыншыл, әділетті, иманды  болуды  сонау ата – бабадан келе  жатқан дәстүр  санаған, кейінгі  ұрпақтан ата салтын мықтап  ұстауды талап еткен. 

      Біздің  халықтық тәрбиеміздің, ұлттық психологиямыздың  тәрбиелік күші,  ерекшелігі –  адам әйтеуір бір заттың кішкене  ғана белгісін байқаған заманда,  сол белгінің ишаратын іліп  әкететіндей алғыр да ақыл  иесі болуы   шарт.  Бұл не  жалпы, не классикалық психологияда  жоқ қазақтың  өзіне ғана тән  ұлттық принцип дүниеге таза  ниетпен ашық тақта сияқты  келеді деп есептелген. Адамды  ұлт өкілі ретінде оқыту –  тәрбиелеу осы халықтық үлгі  өнеге арқылы жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ  ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН  ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТУ

 

2.1Сабақта ұлттық құндылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеу

 

  Бала тәрбиесіне, жалпы  адам тәрбиесіне мән беріп,  оның сәтті қағидаларымен ережелерін  жасағандардың бірі қазақ халқы  екені белгілі. Халықтың ғасырлар  бойы жасаған еңбектерін жазып  шығу – үлкен еңбек, қыруар  жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ  та, сол жұмыстың бір тамшысы  ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі, сәбилік  кезден ес біліп,  ер жеткенге дейінгі салт –  дәстүр, әдет – ғұрып үлгілері  мен өнегелері баланың өсу  жолымен беріліп отырады . Тәрбиемен  білім  берудің ең негізгі  кіндік  мәселесі – адамды  жан – жақты етіп тұлғаландыру  мен жетілдіре өсіріп өркендету.

  Халықтық ұлттық тәлім  – тәрбие – адамның жан  дүниесін ұлттық рухта тәрбиелейтін  ілім. Ұлттық құндылықтармен халықтық  ұғымдарды шәкірт бойына дарытуға  отбасы мен ұстаз қауымының  арасында тығыз байланыстық болу  қажет. Білім берумен қатар,  тағылымда ұлттық құндылықтарды  берудің өзінде маңыздылық бар  .

Тәрбие мәселесі барлық сабақтарда өз дәрежесінде қаралуы тиіс . Әсіресе  әр сабақта оқушыға тәрбие беріп  отыруды естен шығармаған жөн . Себебі ұлы бабамыз Әбу Насыр - Әл- Фарабидің  өзі  « тәрбиесіз берілген білім  апат әкеледі», деген болатын . Олай болса «тәлім сөз – тәрбие құралы»  деген нақыл сөз өмірден алынған  шындық екені белгілі. Сондықтан  бабаларда халық тәрбиесі ұрпақтан – ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келеді. Егер біз адамды адам еткен  еңбек десек, сол еңбекті балаға үйретіп адамгершілікке  баулып жол сілтейтін ұлттық құндылықтарымыз  болмақ .

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қағиданы ескерсек, өз еліміздің  салт - дәстүр, әдет – ғұрыптарын бай  қазына деп түсініп, оларды келешек  ұрпаққа жеткізу қазіргі таңдағы  ұстаздардың – басты борышы деп  түсінеміз . Осыған орай қандай пән  болсын оны оқу барысында тәрбиелілік  мәні бар, халық тәрбиесі үлгісімен  ұлттық құндылықтарды қарастыруды  қолға алған жөн .  

  Қазақ халқының басынан  өткіген әрқилы оқиғалар ұлттың  өз құндылықтарын сақтауға салқынын  тигізбей қойған жоқ. Әсіресе  ұлттық ерекшеліктеріміздің еленбеуі, өз рухани құндылықтарымыздан  шектеп қалуымыз ұлттық болмысымызды  өзгертті. Ұлылардың ұлылығының  өзі - өз заманы шегінде қалып  қоймай, әрдәуір әр кезеңде, қайта  жаңғырып жаңа ой, сөз айтуында, кейінгі буынның көкейіндегісін  тауып қабысуында гой деп ойлайсың 

  Талантты ақын Мағжан  Жұмабаев кезінде былай деп  жазды: «Әрбір ел келешегіне  негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебіне салмақ. Бір  елдің тағдыры  - мектептің құрлысына  байланысқан нәрсе . Бұл – ескірмейтін  игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да  ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың  тағдыры, мықты ел болуы да  мектебінің қандай негізде қалануына  барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау берік, һам өз жанымызға  қабысатын, үйлесетін негізге  құра білсек келешегіміз үшін  тайынбай серттесуге болады. Сондай  негізге құра алмасақ, онда  келешегіміз күңгірт».

  Бұрын мектептегі  пәндер  тек европалық жолмен  оқытылып келеді. Басқа елдің тарихын, сол ел жүйесін,  үлгісін үгіттеп насихаттадық . Қазір уақыт басқа, заман жаңғырып келеді. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген уақытта жас ұрпақты мұғалімдер арқылы ұлттық мақтанышпен ұлттық патриотизмге ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелесек бұл – педогогикалық аса маңызды мәселе .

Тәуелсіз қазақ елі  үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйесі таза, саналы болғаны абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып  қалыптасуы және дербес болуы  осыларға    байланысты.   

Ғ .Есім Мұхтар Әуезовті ұлт  тарихына, оның  ғасырдағы болмысына  әсер еткен тұлға дей отырып қазақ  халқының келешегіне үш мәдени-философиялық концепция ұсынды дейді. Бірінші, ол-«есігіңді  түзету»концепциясы . Есікті түзей  алмаған халықтың болашағы жоқ. Екіншіден  «Әйел –адамзаттың негізі». Үшіншісі Абайдың тарихи  әрі көркем бейнесін жасай отырып ұлттың рухани әлемін кеңейтуі еді Бұл концепциялардың  ұлттық құндылықтарды берудегі орыны  айрықша.

Ғарифолла Есім: «Шәкәрім анық біліп отыр, заман озған сайын  білім молығып адамдар білімді  бола бастайды. Бірақ, мәселе сонда, сол  білім адам табиғатын кемелдендіретін, яғни адам шыншылдық ізгі қасиеттерді  молықтыратын қуат бере ала ма? Әлде білім молыққан сайын адам болмысы  талқыға түсіп , оның басы дауға қала ма?

 Білімнің түп мәні  – адамтану. Ғарыш болсын, табиғи  құбылыстар болсын бәрі – бәрі  адамтануға бастайтын жолдар. Себебі  дүниені танушы да, оны қажетіне  жаратушы да тек қана – адам», - дейді. Олай болса Шәкәрімнің  адам жайындағы түсінігі «адамтану  » тек қана әдебиет, поэзия  және философиямен шектеліп қалмайды. Ол ұлттық санаға, ұлттық тәрбиеге  ұлттық құндылықтарға үлкен әсер  ететін мұра.

XX ғасыр  басындағы  қазақ зиялылары мен ғалым  – педогогтары Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов,  М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б.  халықтың өнегелі салт – дәстүрлерін,  әдет – ғұрып,ауызекі шығармаларын  оқу – тәрбие процесінде ұлттық  сананы ояту, туған жерге, елге  сүйіспеншілікпен қарап, оны ардақтауда  ана тіліндегі мектептердің аса  зор екендігіне баса назар  аударған. Оны М. Дулатовтың мына  ойынан айқын ұғынамыз: «бастауыш  сыныпта алған  тәрбиенің әсерлі,  күшті, сіңімді болуы, қай халлықтың  мектебінде болсақ да оқу кітаптары  ана тілімен, өз ұлтының тұрмысын  һәм табиғаттан азалып баяндап  оқытқанда, балқыған жас баланың  бойында, қанына, сүйегіне ұлт   рухы сіңіп, ана  тілін   анық  үйреніп, керекті мағламат  алып шығады. Мұндай балалар бастауыш  сыныпты бітіргеннен кейін қандай  мектепте оқыса да, қай жұрттың  арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген  ұлттық рух жасымайды. Қайда  болса да, тіршілігінде қандай  ауырлық, өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады. Оқытудағы  мақсат жалғыз құрғақ білім        үйрету ғана емес, біліммен бірге  жақсы тәрбиені    қоса беру.

Бүгінде Республика мектептерінде  халықтық педогогика  мәселесі көтеріліп  жаппай әр сабағымызға ұлттық педогогиканың  негізін енгізу іске асырылуда. Өкінішке  орай, бұл мәселеге барлық мектептердегі жағдай бірдей емес. Демек алдымызда отырған бала европаланды, мәдени мұраларымызды, тарихымыздың жәдігерлерін білу, тану жоғарғы дәрежеде емес екенін тәжірибеміз көрсетті. «Ештен кеш жақсы» дегендей ұлттымыздың   ұлттық құндылықтарын құшақ жая қарсы алып күнделікті тәрбиемізге айналдыруымыздың тиімді жолдарын іздестіру бүгінгі мектеп алдындағы өзекті мәселелердің бір болып отыр.

 Бүгінгі жағдай басқаша,  әке мен  ана күні бойы  жұмыста, бала не мектепте не  үйде емес, ал бала мен ата  – анасы кешке ғана көріседі. Әр кім үшін ертеңінің қамы  бар. Балалар сабағына әзірленеді. Мектепте қоғамдық жұмыстарын  атқарумен шұғылданады, тіпті  сабақтың бетін ашпай күні  бойы ойын, тіпті теріс нәрселермен   шұғылданады. Ата – анасы жәй  күндері балаларымен дұрыстап  шүйіркелесе алмауы да мүмкін. Бір жетіде қолға толық түсіп,  ерікке тиер екі күн бар:  ол сенбі мен жексенбі. Балаңа  берер тәлім – тәрбиеңді осы  екі күнде беріп үлгеруің керек.  «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны  ілерсің » дейді. Баланың бағын  ойы мен сенімі ең -  беделді  тұлға әке. Әулетті, білімдар, ақылды  әке.  Әкенің ролі әсіресе  қазақ шаңырағында биік            болуы  керек. Өкінішке орай  мектеппен пән мұғалімдерімен  әкенің байланысы  шамалы. Сондықтанда  мектеппен ата – ананың бірлесіп  жұмыс істеуінен үлкен нәтиже  шығатынын әр қашан ойымыздан  шығармауға тырысуымыз керек. 

 Адам мұқтаждығы –  бұл материалдық және рухани  жан дүниесінің әлеуметтік рөлінің  қанағаттану деңгейі. Адам икемділігі  - тіршілікте мінез – құлық  ерекшеліктерін сипаттайтын жол.  Сонда «өмір сүру» бұл адамның  болмыстық -  тұрмыстық жағдайының  сапасы, әлеуметтік экономикалық  деңгейімен және өмір сүру  жолымен сипатталатын құбылыс.  Сондықтан құндылық адаммен оның  қажеттілігінің өтелуі қоршаған  ортамен арадағы байланыстың  негізгі буыны деп түсінеміз.

  Рухани адамгершілік  құндылықтары нормаларымен, салт  – дәстүр, әдет – ғұрып, мораль  құқықтық білімдер негізімен  қатар әлеуметтік рухани өмірдің  құндылық элементтері ретінде  қарастырылады. Адам құндылығаның  ең маңыздысы «өмір сүру» болса,  бұл екі бағытта сипатталады.  Біріншісі  - адамгершілік, екіншісі  рухани қатынас. Ал адамнаң  адам болып қалыптасуына үлес  қосатын негіз рухани – адамгершілік  құндылық болып табылады.

  Рухани  адамгершілік  құндылықты рухани мәдениет негізінде  қарастырған  Л.А.Харисова ,оны  төмендегідей жіктейді:

  1. Танымдық мәдениет (көзқарас, ойлау мәдениеті, білімнің біртұтатығы тағы басқа)
  2. Адамгершілік мәдениет ( жеке адамның жауапкершілігі, кешірімді бола білу, қайырымдылық, шыдамдылық  )
  3. Ұлттық мәдениет (ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық патриоттық  )
  4. Рухани әлеуметтік мәдениет (азаматтық, адам құқығымен міндет, жауапкешілік өмір сүру белсенділігімен, ұйымшылдық )
  5. Салауатты өмір сүру мәдениеті (Экологиялық, мәдениет, мәдени гигиеналық тазалық, сауықтыру, жат қылықтардан сақ болу, қозғалу, қимылдау, шынығу, спорт )
  6. Дүниетанымдық мәдениет ( дін, дін тану, діннің ғылыми негізі )

Бұл көзқарастар адамның  әлеуметтік және рухани талап  тілектерінің қалыптасу нәтижесінде жүзеге асырылады. Сондықтан адамзат өз құндылығын қоғамның даму барысына қарай бағалап  отырады.

  Әлеуметтанушылар үшін  құндылық - әлеуметтік субьект, қажеттілігі  бар маңыздылығы айқындалған  норма. Сондықтан олардың айқындалған  басты құндылықтары:

  1. Басты адамзаттық құндылықтар
  2. Жоғарғы сапа деңгейіндегі XXI ғасыр құндылықтары
  3. Әлеуметтік - мәдени құндылықтар.
  4. рухани адамгершілік, ұлттық құндылықтар.

Осы құндылық түрлерінің адам өмірі үшін маңызы зор, әлеуметтік сипатқа  ие болып отырғанын топтастыра келе, құндылықтардың рухани адамгершілік табиғатына назар аударамыз.

  Қазіргі нарықтық  замандағы басты құндылықтарға:  жеке меншік, нарық, пайда, ғаламдану  алайда бәсекелестік тағы сол  сияқты жатқызылып жүр. Сондай-ақ   жалпы азаматтық дамуына аса  қажет еңбектену,  өмір,  бостандық,  сөз  бостандығы,

Дін еркіндігі өркениетке ұмтылу, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ар-ұят, төзімділік, жауаптылық тиянақтылық, мәдениеттілік, ұқыптылық, әдептілік ізгілік ізеттілік, парасаттылық жан  тазалығын сақтау сияқты құндылықтар  өз құндылығын жойған жоқ, келешекте  де жоймақ емес.

  Қазіргі таңда мәдениеттің  өркендеуі, мәдени мұра құндылықтарын  сақтау және дамыту мәселелері  үлкен маңызға ие. Әр халық  өзінің баға жетпес құндылықтар  дәстүрі, тарихы мәдениеті, тілі  және әдебиетімен ерекшеленеді. Халқымыздың ежелден үзілмей  жеткен сал – дәстүрлері мен  әдет – ғұрыптары рухани мәдени  дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың  бірі. Бүгінгі қоғамның негізгі  міндеті – жастарды рухани  құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу,  мәдениет пен салт- дәстүрін жан  – жақты тануға жетелеу, Қазақстанның  рухани - мәдени ошақтарын  қалпына  келтіру және оның ұрпақ тәрбиесіндегі  орнын биіктету, жастардың ой - өрісін  мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін   арттыру. Жастар қауымы ұлттық  салт- дәтүр мен және өнер мен  танысып қана қоймай, оны іс  жүзіне асыру үшін біршама  істерді алға қою керек.  Қазақстанның  білім жүйесі ұлттық дәстүр  және рухани мәдени құндылықтар  негізінде тәрбиелік қызметтің  қайта жандануын қажет етеді.  Мәдени мұраны сақтап, дамыту  арқылы ғана біз өркениетті  мемлекет құра аламыз.  Жалпы  азаматтық құндылықтар: Шығармашылық, дербестік, өзіндік ерекшелік,  өзінің көзқарасын құрметтеу  және тағы да басқа рухани  құндылықтар мағынасына ие болды. Қазіргі еліміздің дамуының өзгеше ерекшеліктерінің бірі – оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Бұл жерде адамгершілік, ізгілік мұраттарын, әдетте экономикалық  табыстарымен байланыстыратын алыстағы болашаққа қалдыруға болмайды. Ізгілік өмірден  тыс қаралмайды. Әлеуметтік дамудың процесі шын мәнінде осы бастаулардан өсуімен пісіп жетілуі олай болмағанда адамзат процесі туралы сөз етудің мәні жоқ. еліміздегі демократиялық процестердің дамуына байланысы үйлесімді дамыған, әлеуметік  белсенді, өз бетімен шешім қабылдайтын және оларды іске асыра алатын «шығармашылық тұлға» сұраныс туып отыр. Бүгінгі күні дербес тұлғаны дамытудың мазмұнымен түріне әлеуметік экономикалық мәселелердің шешімі адамның қауіпсіздігі де тәуелді деуге болады. Демек қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – адамның үйлесімді дамуы, оның ізгілікке бағыты, психологиялық жәй күйінің қорғалуы. Бұл мәселелердің шешімін табуы білім беру деңгейімен де байланысты.

Информация о работе Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері