Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 19:29, курсовая работа

Описание

Әлемдегі болып жатқан тарихи әлеуметтік, саяси –экономикалық өзгерістер қоғамымыздың барлық саласында, соның ішінде білім беру саласында түбегейлі заман талабына сай дамуды талап етуде. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері республикадағы азаматтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру бағытында жұмыстарды қайта қарап, оларды қоғамдағы өзгерістерге сәйкес жетілдіру жолдарын жүргізуде. Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты ұлттық рухта тәрбиеленіп, ұлт құндылықтарынан нәр алған, елін жерін жанындай сүйетін саналы білімді іскер азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3


1 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру үрдісінде ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға
тәрбиелеу мәселелерінің ғылыми әдебиеттердегі көрінісі.............................5
1.2 Ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктері........................................................................................................11


2 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ДЕРБЕС ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ІС – ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗіНДЕ КӨРСЕТУ

2.1 Сабақта ұлттық құндылықтар негізінде дербес тұлға тәрбиелеу...................20
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері ......................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............

Работа состоит из  1 файл

курсавой Акерке.docx

— 194.95 Кб (Скачать документ)

Асхатов Әли: Менің ойымша ақша болса ұлттық құндылықты қалыптастыруға болады, қазір ақшамен бәрін жасауға, сатып алуға  мүмкіндік бар. Барлық адамдарға ақша керек.   

 

Ахметқалиева Анель: Ұлттық құндылқтар ол біздің қазақ халқы. Қазақстанда  тұратын барлық қазақтар және олардың  киімдері, оюлы күрдекпен қос етек көйлек  деп жауап берді. 

 

Нусукпеков Ермек: Біз  қазір   басқа заманда өмір сүреміз, бізге материялдық құндылық болса соның өзі жеткілікті.  Егер материалдық құндылық болмаса  ешқандай құндылықты жасай алмаймыз 

 

Рүстем Рауаш: Біздің құндылығымыз төрт түлік мал, қазақтар бұрынан  бері мал мен шұғылданып келеді,  мал қазақтардың ең басты құндылығы  деген тағы да басқа сол сияқты   мардымсыз жауаптардың куәгері  болдық.

Осы нәтижені № 1 диаграмма  арқылы көрсетсек:

 

         №1 диаграмма 

 

 

 


 

Зерттеу барысында 6 сынып  оқушыларының жалпы ұлттық құндылықтар  жайлы түсініктері жеткіліксіз  екендігін байқадық.

Оны мына себептердің салдары  деп білдік:

  1. Оқушыларға ұлттық құндылықтар туралы және ұлтжандылық туралы насихат жұмысы жүйелі жүргізілмеген;
  2. Пән сабақтары мен тәрбие сабақтарында қазақ зиялыларының шығармаларындағы ұлттық құндылықтарға баса назар аударылмаған;
  3. Оқушылардың білімгері жеткілікті болғаны мен олардың, ұлттық құндылықтар туралы түсініктер дұрыс қалыптаспаған;
  4. Мектеп оқытушыларының Егемендігімізді алғанымызбен де әлі де болса ұлттық құндылықтарымызға немқұрайлы қарауынан;
  5. Оқыған әдебиеттерде ұлттық құндылық көріністері назардан тыс қалып отырған, ұлтық қасиет туралы оқушылардың білімдері жеткіліксіз болғандықтан, олардың ұлттық құндылықтар туралы түсініктері қалыптаспаған.

 Сөйтіп оқушыларда  ұлттық қасиеттер туралы жалпы  түсініктер болғаны мен ұлттық  құндылық, дербес тұлға жөнінде  нақты жауап бере алмайтындықтарын  байқатты.

 Анықтаушы эксперимент  нәтижесі шығарылған соң, осындай  мәселелердің оң шешімін табу  үшін қалыптастырушы эксперименттік  іс – тәжірибе мақсатына сәйкес  атқарылдатын жұмыстардың үлгі  жобалары жасалды. Сол жобалар бойынша сынып жетекшілермен, мектеп директорларының оқу тәрбие және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен оқушылар мен әңгімелесу кездесулер өткізілді.

 Тәжірибелік – педагогикалық  жұмыс жүргізу мақсатында төмендегідей  әралуан сабақ түрлері мен  әдіс тәсілдер пайдаланылды:

Жоспар бойынша қызығуды ояту бөлімінде, топтастыру стратегиясын қолданып оқушылар қалауы бойынша екі  топқа бөлдік. Өз топтарын құрып, көшбасшыларын  талдап болған соң  екі топқа жазбаша  жұмыс беріліп  5 –минуттың ішінде сабақтың  басында айтылып өткен  мағлұматтардан тәрбие жайлы алған  ойларын ортаға салу тапсырылды. Екінші  «мағынаны ажыратыңыз» бөлімінде  оқушылар өздеріне берілген «атадан  қалған асыл сөздердің»  мағынасын  ашып көрсету ұсынылды. Жоспар бойынша  белгіленген үшінші бөлімде оқушылар екінші бөлімде берілген сөздерді бір  – бірі мен салыстырып көрсетті. Сабағымыздың төртінші  бесінші  «қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз»  бөлімдерінде осы «Атадан қалған асыл сөздерді» дәлелдеп қорытындылады. Сабағымыздың ең соңғы бөлімі ой –  толғаныс сатысында  Оқушылырға тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазумен  қатар эссе жазу тапсырылды. Тәрбие сағатымызда қонақта болған мектеп деректорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Бақыт тәрбие сағатының  жоспарға сәйкес орындалғанын және өз мәресінде өткенін айтты.

      Өткенді  еске алмай, өмір сүру мүмкін  емес, өйткені, бүгінгі күніміз  кешегінің жалғасы. Кешегінің  ар жағы – тарих. Ал тарихтың  өз кезеңі мен оқиғалары, жеке  тұлғалары, өз ақындары мен  батырлары, халық қастерлеп, қасиетіне  бас иген әулие адамдары болған, оларды ел ұмытпайды. Ұлттық  құндылықтарымызды беру арқылы  өнегелі істі үлгі тұтып, өсиетін  есте сақтайды. Ұрпақтан ұрпаққа  жеткізеді. Содан ғибарат алып, мақтаныш етеді, рухани жан  дүниесін байытады.

      Бала - өмірдің  жалғасы,  жанұяның жемісі. Сондықтан  да болар бүкіл адмзат қоғамы  балаға өнер үйіртіп, білім  беруге, абзазл азамат етіп тәрбиелеуге  үнемі баса назар аударып отырған.  Бала тәрбиесі – бұл бүкіл  ұлт тәрбиесі.  Сондықтан да  халқымыз баланы өміріміздің  жалғасы,  мәні мен сәні деп  балаған.  Сондықтан да біз,  яғни сіздер ата – бабамыздан  қалған асыл мұраларымызды ардақтап,  ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпай,  ұлттық мүддемізді жоғары ұстап,  қазақ ұлтының қадірлеитін ардақтайтын  асыл азаматтары болып өсуіміз  керек  деп сабағымызды қорытындыладық.

                Ой  - толғау

           Тоқтарова Шолпан: Мен осы сіздердің ұлттық құндылықтар туралы  әртүрлі тақырыпта жүргізілген сабақтарыңыздан үлкен әсер алдым. Ғасырлар бойы жинақталып, сарқылмас қазына даналық көзі болған ұлтымыздың бойындағы тамаша қасиеттерді көрдім.Қазақ болғанымыды мақтанамын.

Дулат Әміржан: Мен ата  – бабамыздан жалғасып келе жатқан    салт – дәстүріміздің, әдет – ғұрыптарымыздың  тәрбиелік мағынасының зор екендігін  ұғындым .

Қайролданов Тимур: Мен сіздердің  сабақтарыңыздан көп  қызықты  мәліметтер алдым. Ата – бабамыдан  келе жатқан салт- дәстүріміздің, өзіміздің  тіліміздің, дініміздің, діліміздің, өзіміздің  ұшлттық құндылығымыз екенін енді ғана дұрыс түсіндім.  Біз осы құндылықтарымызды  бойымызда сақтап, жақсы азамат боламыз  апай деп өз ризашылығын білдірді.

Муратова Меруерт: Мен  сіздердің сабақтарыңыздан ұлттың ұлт болуы, оның әрі қарай дамуы  оның болашағы біздің қолымызда екеніне  көз жеткіздім, сіздердің сабақтарыңыз біздің ұлттық намысымызды оятты.

Мектеп психологы артықбекова  Айнұр қалмұханбетова: Сіздердің  бүгінгі сабақтарыңызға қатыса отырып оқушыларымыздың, ұлттық құндылықтары тұралы ойлары әлдеқайда кеңейіп, орнығып  қалғанын байқап отырмыз.  Ұлттық құндылықтарымыздың бала тәрбиесінде тигізетін әсерінің  зор екендігін,  бала психологиясына үлкен ықпал ететіндігін,  асыл қазыналарымызды, әдет- ғұрыптарымызды, асыл қасиеттеріміздің  жанашырлары  өздеріңізсіздер.  

Мектеп директорының орынбасары тәрбие ісінің меңгерушісі Адамова  Жанар Батырьекқызы былай деді: Сіздердің  өткізіп жатқан тәрбиелік мәні зор  сабақтарыңыз  ұлтымызды өзімізді тануға үйретті. Осындай жүрегімізде  халқымызға оның ұлттық құндылқтары  мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті  нығайтып, жарық сәуле шашқан тәрбиелік  мәні зор сабақтар жиі өтсе және өздеріңіз сияқты білімді, еліміздің  ертеңін ойлайтын, ұлтын қадірлейтін  азаматтарымыз көбейе берсе нұр  үстіне нұр болар еді. «Өткенін ұмытқан  өшкеннің белгісі, өткенін еске алған  өскеннің белгісі»- демейме бабаларымыз. Осындай  салт - дәстүрлерімізді  өткенімізді еске алып дәріптейтін  сіздер сияқты азаматтарымыз  көбейе берсін деп тілегін білдірді.

         Осындай  атқарылған тәрбиелік  іс - шаралар барысында  ұлттық  құндылықтар негізінде дербес  тұлға тәрбиелеуге арналған тәжірибелік  -эксперимент барысында қол жеткізген  нәтижелер мынадай қорытындылар  жасауға мүмкіндік берді: 

Осы жүргізілген эксперименттен кейін 6 сынып оқушыларының ұлттық құндылықтардан толық меңгергені 75%, орташасы 15%, төмені 10% көрсетті.

Ұлттық құндылылықтар  негізінде дербес тұлға тәрбиелеу  бойынша жүргізілген экспериментік  жұмыстың қорытындысын  №2 диаграмма  арқылы көрсетсек .

 

№2 диаграмма

 

   

 

Оқушылар қазақ зиялыларының мұраларын тереңдете оқып, олардың  өнегелі өміріне деген қызығушылықтарының артқанын, сөйтіп өздерінің де ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарының  орныға бастағандығын көрсетті. Оқушылар өз елін, жерін, қастерлеу, сүю ұлттық мәдениетінің арта түскендігі, соның  нәтижесінде ұлттық құндылықтарға  деген көзқарастарының ерекше екендігін  байқатты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

Болашақта ұлттық тәлім –  тәрбиеден нәр алған, бойында  намысы бар ұрпақ қана елінің,  ұлтының болашағы үшін ат салысатын, халқының қамын ойлайтын нағыз азамат болып шығары анық. Сондықтан ұлттық тәрбиесіз – ұлттық намыс, ал ұлттық намыссыз – ұлттық құндылықтарымыздың көркеюі де мүмкін емес деп қабылдағанымыз жөн.

         Ұлт тағдыры -  оның ұрпағының  тағдыры. Сондықтан ұлттық құндылық  мәселесіне қатысты осы күнге  дейінгі жинақталып, сараланып және  жүйеленіп келген айтулы бағдарламалар   мен ғылыми - әдістемелік тәжірибелердің  қазіргі таңда қаншалықты қажет  екенін күн сайын сан өзгерістерге  бой алдырған ірі жаңалықтар  мен іргелі бетбұрыстар легі  арқылы білуіміз мүмкін емес. Өмір  сүру динамикасында белең  алған бұл құбылыстарға қарама  – қарсы әрекет жасауға   көшпестен бұрын әлемдік классикалық  педагогикалық жетістіктерге сүйене  отырып қол жеткізген тәжірибелер  арқылы дербес тұлғаның танымдық  әуелетін заман талаптарына сай  бейімдеу шараларын қарастырғанымыз  абзал .

          Бүгінде ұлттық мәдениетті дербес  тұлға санасына ұялатуға толық  мүмкіндік жасалады деуге болады.

  1. Әлем халықтары тарихын оқудан гөрі  туған елінің (өз мемлекеті мен ұлтының ) тарихын оқып білуге көңіл аудару.
  2. Мектеп үйлерін  безендіруде ұлттық – этникалық көркем мәдениет үлгілерін еске алу .
  3. Ұлттық мектептер мен лицей, гимназияларды ана тілінде көптеп ашуға көңіл бөлу.

Жаһандану заманында бар  байлығымыз,  ұлттық құндылықтарымызды  ұлт менталитетіне айналдыру  қажет. Халқымызға киелі даланың  сыйлаған қасиеттерімен құндылықтары: ар – намысты жоғары ұстау, ата  – ананы, үлкендерді сыйлау, имандылық, намысшылдық, қонақжайлылық, шыдамдылық, еңбекқорлық,  қанағатшылдық, ұлтжандылық  және патриоттық сезімді қалыптастыру бізді өркениетікке жеткізбек. Осы  адамдық қасиеттер әр қазақтың бойында  балуы керек.

          Осындай тәрбиелік мәні зор  ұлттық құндылықтарды білім, тағылым,  өнеге алуға пайдалана отырып, әлсін - әлсін жаңартып отыру  керек. Ұлттық бай мәдени мұрамыз  екенін дәлелдеп келер ұрпақ  тәрбиесіне кеңінен пайдаланғанымыз  жөн. Ұлттық құндылықтарымыз бен  рухани құндылықтарымызды іріктеп,  жүйеге келтіру кезек күттірмейтін  мәселе.

         Ұлттың да халықтың да мемлекеттіңде  дербестікке айналуы «Мен қазақпын»,  «Мен Қазақстандықпын», «Мен ұлттық  құндылықтарымызды бойына сіңіріп  өскен дербес тұлғамын » деген  мақтаныш сезімнен басталады.  Осындай қасиетті сөзді айту  үшін әрбір Қазақстандық өз  елінің бай тарихы мен мәдениетін  игеріп өсіп, өз халқының дүниетанымы  мен ұлттық құндылықтарын қанына  сіңіріп, өзге елге қазақ ұлтының  көзімен қарауы қажет.

Бала – жеке адамның  ғана емес, ұлыспен ұлттың ертеңі, келер  тарихқа аманат. Бүгінгі балаларға  қамқорлық жасаған адам ертеңге  еңбек сіңіреді «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Бұтақ пенен  ағаш сымбатты, ұрпақ пенен адам сымбатты» - деген өсиет сөздерде ақылды адамгершілігі мол, елі мен жұртына пайдасы тиер азамат етіп тәриелеудің маңызды екенін ұмытпауымыз керек.       

          Егеменді еліміздің болашақ азаматын, елін сүйер ел ұрпағын тәрбиелеуде  ұрпақтан – ұрпаққа ғасырлар  бойы жалғасып келе жатқан  халықтық дәстүр, ұлттық салт  – сана, әдет – ғұрыпқа соқпай  өту мүмкін емес. Жас ұрпақты  халық салт – дәстүрі мен  тәрбиелеуде біз ұлттық құндылықтарды  бүкіл адамзаттық тәрбиемен байланыстыра  қарауымыз керек.

        Ұлттық  құндылықтарымыз ғасырлай бойы  сарқылмай, керісінше еселене  жиналып өскелең ұрпақтың қамы  үшін талай қатал сынан өткен   ұлағатты мұра, рухани нәрлі дәрия.

         Қазақстан мемлекетінің алдында  біріншіден біртұтас ашық білім  кеңістігін қалыптастыру міндеті  тұрса, екіншіден дербес тұлғаны  ұлттық мәдени рухани қайнарлардан  сусындату қажеттілік болып отыр.    Бүгінгі таңда жас ұрпақты  өз халқының  тарихын, тегін,  салт –дәстүрін, тілін, білімін  меңгерген мәдениетті, адами қасиеті  мол шығармашылықты тұлға етіп  тәрбиелеу  - өмір талабы, қоғам  қажеттілігі.

        Қорыта  келе  жас ұрпақтың қашанда  болса тағдыры  мен болашағына    бей - жай қарай алмайтын  халқымыз  өзінің рухани асыл қазына, мұралары  мен қашанда болсын бөлісіп,  оларды жас санаға сіңіру жолында  елеулі еңбектерді атқаруда. Дүниеге  шыр етіп келгеннен бастап, тал  бесіктен жер бесікке дейінгі  аралықтың бәрі осы қоғам өміріндегі  дербес тұлға тәрбиелеу мен  біте қайнасып жатады. 

Информация о работе Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері