Қарт кісілермен әлеуметтік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 13:42, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірбиесі мен қадір қасиеттерін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілік қорғап, сақтап қалды, сол үшін аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуына зор үлес қосқан. Біз ардагерлер алдындағы борышымыз терең сезінеміз.

Содержание

I.Кіріспе.....................................................................................................


II.Негізгі бөлім


1.1. Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайымен оларды әлеуметтік бірлестік ретінде қарастыру



1.2. Қартаю жасындағы адамдардың психологиялық ерекшелігіне ғылымда зерттелінуі


1.3. Қарттармен әлеуметтік жұмыс атқарудың моделдері мен технологиялары


1.4. Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік қамқорлық



Қазақстандағы қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау мүмкіндіктеріне талдау жасау


2.1. Қарт кісілерді әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы .....................


2.2.Қарт адамдарға арналған әлеуметтік мекемелер жүйесінің қалыптасуы


2.3. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің қазіргі жүйелері


2.4. Мемлекеттік саясат механизмін өңдеу және жүзеге асыру






III.Қорытынды............................................................................................


IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................

Работа состоит из  1 файл

Қарт кісілермен әлеуметтік жұмыс (2).doc

— 474.50 Кб (Скачать документ)

   

Егде  адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік заңнама

     Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы  егде адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді.

Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған  конституциялық нормаларды іске асыруға  бағытталған заңнамасын 3 бөлікке  бөлуге болады: жасына тәуелсіз барлық азаматтардың, оның ішінде егде адамдар үшін аса маңызды құқықтарды бекітетін нормалар; егде адамдардың құқықтарына тікелей қатысты нормалар; егде адамдардың ерекше санаттарының ережелерін реттейтін нормалар.

Бірінші топқа көптеген заңнама актілерінде: Азаматтық кодексте, Жер кодексінде, «Неке және отбасы», «Азаматтардың денсаулықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарда бекітілген нормалар жатады.

Екінші  топтағы нормаларға «Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы»  Заңдарды жатқызуға болады.

Үшінші  топқа, мысалы, «Қазақстан Республикасындағы  мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылған және жасына жеткен жағдайлар бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Ұлы Отан соңынына қатысушы мүгедектерді және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңдар жатады.

Аға буын өкілдерінің заңнама актілерінің  бірінші тобы бойынша өздерінің  мүліктік құқықтарын іске асыру проблемасына қолданылатын барлық заңнаманы егжей-тегжей қарастырмай-ақ, жекелеген құқықтық кемшіліктерді атап өту қажет. 
 
 
 

                                         Қорытынды 

     Қазақстан бірқалыпты дамып келе жатқан елдердің қатарына жатады, сондықтан халықтың қартаю проблемасын адам әлеуметін  дамыту, қарттыққа лайықты кепілдік беретіндей әлеуметтік қамсыздандыру  жүйесін жетілдіру арқылы шешу қажет.

      Қартаю үрдісі қарт кісілердің  өмір сүру салтын өзгертеді.  Қарт адамдардың психологиялық  құрылымы өзгеріске ұшырайды. Бұл  кезде әлеуметтік қызметкердің  үлесін қосу қажет. 

      Қоғамда қазір қарттар өз туған  балаларының шапағатын таппай өмірге лайықты қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік жұмыскерлердің шапағатын көреді.

      Аталған мәселелерді шешу үшін, оған қатысты теориялар негізінде  дұрыс әлеуметтік жұмыстың қажеттілігін  айқындау және ұсынуды қажет  етеді.

     Халықтың қартаю кеңеюіне енген кейбір елдердің тәжірбиесі мыналар көрсетеді.

     Зейнетақыға шыққан жеке адамдардың қоғамда бейімделуі қиын және күрделі жағдайда өтіп отырады. Біздің елімізде еңбекке қабілетті жастағы адамдардың және жасы бойынша еңбекке қабілетсіз адамдардың ара қатыннасы, балалармен егде адамдарды жүру қарқынынан нақты айқындалып отыр. Соңғы он жыл кезегінде демографиялық жүктеме коэфициенттің уақытша төмендеп, кемуі еңбекке қабілетті адамдар жүктемесінің азаюымен қатар өтіп жатыр. Бұл ситуация құрамында қарт адамдар бас отбасыларға мемлекетті қолдаудың маңыздылығын күшейте түседі.

      Бәрінен бұрын жалғызбасты тұрып жатқан қарт адамдардың өсу үрдісі қалыптасып барады.

        Қартаю адамның құлдырауына себеп болмау керек, бұл жастың қызығы - өмірдің әрбір минутынан адам жаңа, ұмытпас құндылықтар алып отыруы керек. Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу әлекуметтік қызметкерге көптеген міндеттерді жүктейді. Сондықтанда әлеуметтік қызметкер бір салада емес, ол психолог, педагог, медициналық қызметкер ретінде қызмет атқару керек.

      Қарттарды әлеуметтік қорғау, оларды кедейліктен арылтуды, өмір сүру деңгейін арттыруды қарастырады. Егер бұрын қарттар үшін жауапкершілікті негізінен отбасы көтерсе, қазір көп жағдайда бұл міндет мемлекеттік және жергілікті органдарға, әлеуметтік қорғау мекемелерге жүктеліп отыр. Қазір әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 мыңнан астам адам зейнеткерлермен мүгедектерге арналған 76 мемлекеттік стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде өмір сүріп жатыр, 33 мыңнан астам жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызметкерлер үйге барып қызмет көрсетеді.

      Қазіргі қарттардың ең бір  ауыр кезеңі - ол ешкімге керек  болмауы. Неге осындай жағдай  біздің алдымызда тұр? Бұрынғы  ата- бабаларымызға қарасақ ондай  болды ма? Голландияның астанасында 350 қарттар үйі бар екен. Ол қоғамға да, сондағы қарттардың өздері мен отбасына да тиімді деседі. Ал осындай жағдай біздің елімізге келсе не болмақ? Бұл біздің қоғамға жат қылықтарының бірі емес пе. Қарттар өз балаларынан жылу, ылтипаттылық, мейірімділік көрмегендіктен оны үнемі аңсап жүреді. Қарттарға құрмет көрсету адамгершілігі өз балаларынан болмасада, басқа жастардан туындалуы мүмкін. Қазақ психологиясында мынанадай заң бар: «Өмірге әкелген ата- анаңды, өлгенше құрметте!».

      Қоғамдағы қарттардың өз туған балаларынан шапағат таппай өмір лайықты қамтамасыз ету бағытында мемлекеттің шапағатын көреді. Жасы үлкен қарияны құрмет ету, олардың киелік кеңестерін, ежелге келе жатқан халқымыздың дәстүріне сай берген ақыл кеңесін тыңдай отырып солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халықты ежелден бар.

Қарттар үйінде әр түрлі жастағы денсаулық  деңгейі әр түрлі, тұрмыстық жағдайы  әр түрлі қарттар орналыстырады. Мысалы әлі еңбек етуге жарамды, денсаулығы тың ата- әжелерде денсаулығы жарамсыздары да кездеседі.

      Қарттар үйінде қарт адамдарды әлеуметтік жұмыстарға араластырудың мәні зор. Әдетте әлеуметтік қызметтер қарттармен тікелей өздері жұмыс істегенімен басқа адамдарды, көпшіліктерді, балаларды аралыстырады.

      Әлеуметтік қызметкердің негізгі  міндеті- әрқашан уақыт тауып қарттармен атқаратын жұмыстарды ұйымдастырып, оларды жүйелі түрде жүргізіп отыру.

«Жастық шақтың несі жақсы, өмірден  адасуы әлі алда,

Қарттық шақтың несі жаман  ақыл толған қалтаңда »

      Әрине, әр жастың өз ерекшеліктері  мен құндылықтары өзгеше. Бірақ адам қартайған сайын оған қамқорлық, көмек пен махаббат керек. Өмірде ең жақсы өзіңді біреуге керек қылғаны емес пе.

      Қарт кісілерге әлеуметтік қамқорлық  көрсету- әлеуметтік жұмыстың негізгі басты бағыттарының бірі. Қамқорлық қарт азаматтардың жекелік, меншіктік құқықтары мен қызығушылықтарын құқықтық түрде қорғау негізінде түсіндіріледі.

      Қарт кісілерге әлеуметтік қамқорлық  көрсетудің негізгі түрі- интернат-үйлер қалыптастыру жүйесі болып табылады. Интернат-үйлердің міндеттері оның тапсырмалары мен атқаратын қызметімен анықталады.

    Мемлекет қарттардың мінез- құлқын, өзіне және қоғамға көз қарасын  қалыптастыруға әр кез дайын  болу қажет. Қарттарда сүйіспеншілік,  төзімділік, қарапайымдылық, адалдық,  өзіне- өзі сену, қайырымдылық, әрине денсаулықты нығайту әлеуметтік қызметкер үшін басты мәселе. Қарттармен жұмыс жүргізгенде,  әсіресе жалғызбасты қарттарға әр түрлі мақсаттары бар.

    Қорытындылай келе, қарттарға қамқорлық көрсету- біздің ортақ парызымыз! Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін борыш бүгінде мемлекеттік - әлеуметтік саясатқа айналып отыр. Соңғы жылдары көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізімі ұлғаю үстінде. Әлеуметтік қызмет көрсету одан әрі дамуы, болашақта әлеуметтік қызметтер туралы заңының дұрыс бағытта жұмыс атқарылуына  сенімдеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Социальная  работа: теория и практика.   А.Холостова,  Москва  2004.
  2. Социальная работа.   В.И. Курбатов   Москва  2007.
  3. Основы социальной работы.  Под ред. Басова    Москва   2005.
  4. Введение в социальную работу   С.В. Тетерский  Москва 2004.
  5. Социология рождаемости    А.И. Антонов   Москва  1998.
  6. Теория, история и методика социальной работы  П.Д. Павленок  Москва 2007.
  7. Технология социальной работы.  Под ред. А.А. Чернецкой 

          Ростов на\Д 2006.

    8.  Социальная работа: теория и технология  А.Н. Агафонов    Астана 2005.

    9.  Бұқаралық ақпарат құралдары.

    10.Теория  социальной работы   М.В. Фирсов   Москва 2001.

    11.Русско-казахский словарь   Алматы 2005.

    12.Егемен  Қазақстан 2007 жылғы, 29 қыркүйек.

     

 

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Қарттар мен  мүгедектерге арналған интернат үйлер
 
адам

                                                                                                                                                                                                                                                

  1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Республика  Казахстан 52 53 56 58 122 61 68 71
Акмолинская 4 4 4 4 8 4 8 8
Актюбинская 2 2 2 2 4 2 2 2
Алматинская 4 4 5 5 10 5 2 3
Атырауская 1 1 2 2 4 2 1 1
Восточно-Казахстанская 8 9 10 10 22 11 11 11
Жамбылская 3 3 3 3 8 4 4 4
Западно-Казахстанская 2 2 2 2 4 2 5 5
Карагандинская 5 5 5 5 10 5 11 11
костанайская 5 5 5 6 12 6 9 9
Кызылординская 2 2 2 2 6 3 1 1
Мангистауская 2 2 2 2 4 2 1 1
Павлодарская 3 3 3 3 6 3 2 5
Северо-Казахстанская 4 4 4 4 8 4 3 4
Южно-Казахстанская 5 5 5 5 10 5 2 2
г.Астана 1 1 1 1 2 1 2 0
г.Алматы 1 1 1 2 4 2 4 4
                                       

  Интернат үйлердегі тұратын Мүгедектер мен қарттар саны

адам
  1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Республика  Казахстан 12163 12883 13648 14391 29913 15032 12054 12131
Акмолинская 676 795 855 872 1733 862 987 957
Актюбинская 442 501 511 572 1129 554 570 596
Алматинская 1295 1277 1390 1427 2934 1477 275 394
Атырауская 189 208 258 317 652 333 122 129
Восточно-Казахстанская 1711 1901 2061 2225 4679 2348 2371 2376
Жамбылская 636 633 641 625 1467 753 753 764
Западно-Казахстанская 695 734 760 870 1758 887 943 988
Карагандинская 1281 1342 1441 1457 2956 1492 1787 1761
костанайская 869 951 992 1071 2083 1017 1149 1150
Кызылординская 383 403 440 446 987 501 166 167
Мангистауская 205 221 233 230 504 270 136 134
Павлодарская 865 926 950 1001 2049 1033 514 661
Северо-Казахстанская 998 1047 1131 1202 2515 1265 779 791
Южно-Казахстанская 1049 1068 1112 1105 2284 1143 302 304
г.Астана 248 242 239 242 501 251 263 0
г.Алматы 621 634 634 729 1682 846 937 959
                 
 
 
 

 

 
 
Зейнетақы алушылар саны
 
Мың адам
   
1999
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Қазақстан Республикасы 1877646 1786758 1749126 1690566 1659958 1640718 1645906 1637062
Акмолинская 115119 108406 104364 100790 98774 97725 97820 96557
Актюбинская 76946 72608 70092 67302 65967 65366 66305 66009
Алматинская 171431 163769 160644 155812 152874 151472 153493 154759
Атырауская 44028 42262 41655 40574 40259 40129 40870 40528
Восточно-Казахстанская 272810 256877 249563 237321 154295 219438 211349 205851
Жамбылская 97833 94054 91123 87989 86305 86413 88178 88628
Западно-Казахстанская 82087 78671 77131 74985 229373 72257 72509 71743
Карагандинская 212053 201122 194217 186448 73274 178686 177750 175335
костанайская 147425 139441 135086 130600 181859 124940 123839 121634
Кызылординская 52793 50473 50648 47313 48194 46585 48403 48948
Мангистауская 23271 22390 22528 22157 125806 24300 25128 25818
Павлодарская 108177 102615 100455 98589 95975 95282 96276 95406
Северо-Казахстанская 110956 105439 101941 155624 96143 94774 94456 92154
Южно-Казахстанская 169185 162270 159084 97558 23528 154680 158652 160322
г.Астана 32842 32308 32443 32106 146222 33348 34753 36052
г.Алматы 160690 154053 158152 155398 41110 155323 156125 157318
                                                 

Информация о работе Қарт кісілермен әлеуметтік жұмыс