Кітапхана қорларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 11:20, лекция

Описание

Кітапхана қоры – бұл кітапханада бар, оқырмандардың уақытша пайдалануына сол немесе басқа шартпен берілетін, дәстүрлі және дәстүрлі емес таралымдардағы алуан түрлі құжаттардың жиынтығы.
Кітапханалар қорын қалыптастыру технологиясы кітапхананың мақсаты мен міндеттеріне және оқырмандар қажеттіктеріне сәйкес кітапхана қорын құруға бағытталған мынадай бірқатар сабақтас үдерістердің жиынтығын білдіреді:
- қорды толықтыру (жинақтау және жете жинақтау);
- қорды ескірген, аз пайдаланылатын, тозған, басы артық дублетті, бейінді емес әдебиеттерден тазарту;

Работа состоит из  1 файл

Кітапхана қорын қалыптастыру.doc

— 216.00 Кб (Скачать документ)


КІТАПХАНА ҚОРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Кітапхана қоры – бұл кітапханада бар, оқырмандардың уақытша пайдалануына сол немесе басқа шартпен берілетін, дәстүрлі және дәстүрлі емес таралымдардағы алуан түрлі құжаттардың жиынтығы.

Кітапханалар қорын қалыптастыру технологиясы кітапхананың мақсаты мен міндеттеріне және оқырмандар қажеттіктеріне сәйкес кітапхана қорын құруға бағытталған мынадай бірқатар сабақтас үдерістердің жиынтығын білдіреді:

- қорды толықтыру (жинақтау және жете жинақтау);

- қорды ескірген, аз пайдаланылатын, тозған, басы артық дублетті, бейінді емес әдебиеттерден тазарту;

- қорды ұйымдастыру (кітапханаға келіп түсетін құжаттарды қабылдау, есепке алу және техникалық өңдеу);

- қорды басқару (қордың көлемі мен құрылымын реттеу);

- қордың тиісті бөлімшелеріне бөлу, кітап сөрелеріне қою, қорды орналастыру және сақтау.

Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес:

- оқушылардың оқу, мәдени ақпарат сұраныстарын қанағаттандыру;

- мұғалімдердің, тәрбиешілерінің және педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерінің кәсіби ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатындағы құжаттарға деген негізгі көпшілік сұранысты жедел әрі барынша қамтамасыз етуге қабілетті әмбебап қоры болуы қажет.

Кітапхана қорының негізі мыналар:

1. Құжат түрлері бойынша:

- баспа басылымдары (кітаптар, кітапшалар, мерзімді басылымдар – газет-журналдар);

- тыңдау, көру және электронды құжаттар (микрофильмдер, аудио, бейне, CD-ROM).

2. Мазмұны бойынша:

- базалық, тәжірибелік және сынақ оқулықтарын, мектеп орфографиялық сөздіктерін, математикалық кестелер, жаттығулар жинақтары мен оқушыларға арналған практикумдарды, дидактикалық материалдарды және т.т. қамтитын негізгі оқу әдебиеті;

- анықтамалық әдебиет (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, библиографиялық құралдар) енгізілген қосымша оқу әдебиеті;

- білімнің барлық салалары бойынша ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық басылымдар, бағдарламалық және шола отырып зерделеуге, сыныптан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттер қоры, сондай-ақ классиктер мен осы заманғы көрнекті жазушылардың оқу бағдарламасына енгізілмеген шығармалары қамтылған тұлғаның өздігінен дамуына арналған әдебиеттер;

- мұғалімдерге арналған педагогикалық және әдістемелік басылымдар қоры білім беру функцияларының орындалуына септігін тигізеді.

Мектеп кітапханасы қорының салалық үлгі құрамы былайша бөлінеді:

- жаратылыстану ғылымдары – 15 %;

- қолданбалы ғылымдар – 15 %;

- әлеуметтік-гуманитариялық ғылымдар – 25 %;

- педагогикалық ғылымдар – 20 %;

- әмбебап мазмұндағы әдебиеттер – 5 %;

- көркем әдебиет – 20 %.

Мектеп кітапханасы қорында ұлттық баспа өнімі аса толықтықпен көрсетілуі тиіс. Ұлттық мектептердің кітапханаларында негізгі қордың кем дегенде 50 % оқыту тіліндегі құжаттармен ұсынылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 2 маусымындағы №452 «Білім беру қызметін лицензиялау қағидалары және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес «оқытудың толық циклына білім алушылардың контингентіне қатысты алғанда оқу әдебиеті қорының болуы» мектеп кітапханаларында мынаны құрауы тиіс:

- жалпы бастауыш білім беретін мектеп кітапханалары – бір білім алушыға кем дегенде 15 басылым бірлігінен;

- жалпы негізгі білім беретін мектеп кітапханалары – бір білім алушыға кем дегенде 15 басылым бірлігінен;

- жалпы орта білім беретін мектеп кітапханалары – бір білім алушыға кем дегенде 25 басылым бірлігінен;

- мектептен тыс ұйымдар – бір білім алушыға кем дегенде 15 басылым бірлігінен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылдың 18 шілдесіндегі №508 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалары қорын қалыптастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қамсыздандыру көрсеткішіне мыналар енеді:

- 15 бірлікке: негізгі ұсынылатын оқу әдебиетінің үлесі – 7 бірлік; қосымша ұсынылатын әдебиеттер үлесі – 5 бірлік; тұлғаның өздігінен білім алуына арналған әдебиеттері үлесі – 3 бірлік.

- 25 бірлікке:  негізгі ұсынылатын оқу әдебиетінің үлесі – 12 бірлік; қосымша ұсынылатын әдебиеттер үлесі – 7 бірлік; тұлғаның өздігінен білім алуына арналған әдебиеттері үлесі – 6 бірлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп кітапханаларының қорын жинақтау

 

Қорды құрудың тікелей (бастан-аяқ) әрі аса жауапты үдерісі кітапхана қорын жинақтау, яғни мазмұны жағынан кітапхананың білім беру, тәрбиелеу, ақпарат функцияларына жауап беретін әдебиеттер анықтау мен іріктеудің мақсатты үдерісі болып табылады.

Жинақтау үдерісі қағидаттаы, яғни кітапхана қорына құжаттар іріктеуге қойылатын жалпы талаптар: іріктеуді бейіндеу мен үйлесімдеу; жүйелілігі мен жоспарлылығы; ғылыми негізділігі.

Жинақтауды бейіндеу – кітапхана қорын жинақтаудың мамандануға бағыттылығы, мазмұны мен құрылымын нақты кітапхана оқырмандарының қажеттіліктеріне қарай барынша жақындатуға мүмкіндік беретін тақырыбын саналы түрде шектеу. Бейіндеу негізінде бір типті кітапханаларда көптеген ортақ сипаттары бар қорлар құрылады. Қорлардағы айырмашылықтар кітапхананың айрықша міндеттерін шешу үшін әдебиеттер іріктеу кезінде байқалады. Мәселен, гимназия кітапханасы қордың құрамы бойынша жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасынан ерекшеленеді, өйткені гимназияда базалық және қосымша оқыту пәндері едәуір көп, мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен білім алу міндеттері кең әрі қол боста (сауықтық) оқу мазмұны бай келеді.

Үйлесімдеу – сол типтегі басқа кітапханалар қорларының бейіндерін есепке алу.

Жинақтаудың жүйелілігі мен жоспарлылығы – бұл құжаттар тасығыштарының тақырыптары, типтері мен түрлері, сондай-ақ олардың оқырмандық мақсаты мен басқа да кітапхана үшін көкейтесті өлшемдер бойынша қордың пропорционалдық арақатынасына қол жеткізудің мақсатты жұмысы. Бұл қағидат кітапхананың құрылымдық бөлімшелері бойынша басылымдарды пропорционалдық бөлуді білдіреді.

Қордың толықтығы құрамына сол кітапхана енетін білім беру мекемесінің типіне, оқырмандар контингентіне және олардың қажеттілік-теріне, нақты кітапхананың мақсаты мен міндеттеріне байланысты.

Қорды жинақтаудың ғылыми негізділігі, яғни нарық қатынастарына өту кезінде құжаттарды іріктеудің негізділігі, ол жинақтауға маркетингтік тәсілді қолданудан байқалады.

Маркетинг тәсілі – қорды жинақтау мақсатында кітапхананың сыртқы және ішкі ортасын жүйелі, мүмкіндігінше толық және тәуелсіз ұдайы зерделеу. Кітапхананың ішкі ортасы оқырмандардың қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған сұраныстарымен, кітапхана жұмысы туралы статистикалық деректермен, қаржы қаражаттарының бөлінуі мен жұмсалуы туралы деректермен, кітапхананың ағымдағы және алдыңғы жылдарғы жұмысының салыстырмалы талдауы деректерімен анықталады. Мектеп ата-аналар кеңесінің мүшелері, кітапхана кеңесінің, оқырмандар активінің, кітапхана жанынан құрылған кітапқұмарлар клубының мүшелері, мектеп әкімшілігі мен жекелеген мұғалімдер кітапхананы жинақтауға көмектесе алатын ішкі орта ретінде көрінуі мүмкін.

Жинақтауға көмек көрсете алатын кітапхананың сыртқы ортасы кітап дүкендері мен фирмалары, баспалары, түрлі бағыныстағы кітапханалардың айырбас қорлары, жазылым агенттіктері, сондай-ақ қаржы топтары (меценаттар, демеушілер және т.т.) бола алады.

Қорды жинақтау бастапқы және ағымдағы жинақтау барысында жүзеге асырылатын әдебиеттерді алғашқы іріктеуден және әдебиеттерді жете жинақтау мен пайдаланылмайтын және ескірген басылымдарды есептен шығару жолымен қор құрамын және оны оқырмандардың пайдалануын талдау нәтижелерін есепке ала отырып жүргізілетін қайталама іріктеуден құралады.

Бастапқы жинақтау – кітапхана ашу үшін жеткілікті болған бастапқы (азғантай) қорды құру.

Ағымдағы жинақтау – жинақтаудың негізгі түрі, оның мәні ағымдағы      жаңа құжаттарды анықтау мен қорды толықтыру үшін оларды сатып алуда.

Ретроспективті жинақтау – кітапхана абоненттерінің орындалмаған сұраныстарын, оқырман сұраныстары мен қордың құрамын талдау негізінде қорды өткен жылдар ішіндегі жетіспейтін бейінді атаулармен немесе құжаттар даналарымен толықтыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылдың 18 шілдесіндегі № 508 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалары қорын қалыптастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мектеп кітапханалары қорларына оқу басылымдары әрбір білім алушының қамсыздандырылуы мен оқу әдебиетінің саралануының мынадай арақатынасына сүйене отырып сатып алынады:

1.

Негізгі ұсынылатын әдебиеттер

1:1

2.

Қосымша ұсынылатын әдебиеттер

 

- бастауыш мектеп үшін

1:3

- негізгі мектеп үшін

1:2

3.

Тұлғаның өздігінен дамуы үшін ұсынылатын әдебиеттер

1:4

Оқу басылымдары Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей міндетті білім берудің мемлекеттік стандартымен бекітілген білім беру бағдарламасы пәндерінің барлық циклдары бойынша әрбір білім алушыны міндетті оқу әдебиеттерінің төменгі шегімен қамсыздандыру есебіне сүйене отырып сатып алынады:

 

 

Оқу әдебиеттері-нің қоры

 

Пәндер циклдары

Бір білім алу-шыға келетін қамсыздандыру арақатынасы

1.

Негізгі әдебиеттер қоры

Қоғамдық-гуманитариялық және жаратылыстану-математикалық пәндер

1:1

2.

Қосымша әдебиеттер қоры

Қоғамдық-гуманитариялық және жаратылыстану-математикалық пәндер

 

- бастауыш мектеп үшін

1:3

- негізгі мектеп үшін

1:2

Информация о работе Кітапхана қорларын қалыптастыру