Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:58, автореферат
Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады.
ӘОЖ
АЛИМХАНОВ ЕЛЕМЕС
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
13.00.04 – Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
атағын алу үшін дайындалған диссертация
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Ғылыми кеңесші |
педагогика ғылымдарының докторы Анарқұлов Х.Ф. |
Ресми оппоненттері |
педагогика ғылымдарының докторы Досқараев Б.М |
педагогика ғылымдарының докторы Ботағариев Т.Ә. | |
педагогика ғылымдарының докторы Қасымбекова С.І. | |
Жетекші ұйым |
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті |
Қорғау 2010 жылы « 29 » қараша сағат 14.00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85. факс 292-68-05
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады
Автореферат 2010 жылы « » қазанында таратылды
Диссертация кеңесінің
ғалым хатшысы,
педагогика ғылымдарының
докторы, доцент
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
13.00.04 – «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы қорғаған ғалымдар: М.Таникеев [1998], Б.Доскараев [2009], Е. Алимханов [1996], Ж.М. Тулегенов [1982], Е.Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А. Қарақов [1996], Б.Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау, маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу обьектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты, білім беру және спорт салалары, спорт мектептері, ұлттық спорттан өткізілетін жарыстар, ұлттық спорт федерациялары, ассоцациялар, бірлестіктер.
Зерттеу пәні: Егемен Қазақстан жағдайында ұлттық спорт пен ойындардың дамуын жетілдіру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Ұлттық ойындар мен спортты бүгінгі күн талаптарына сай теориялық және педагогикалық зерттеу арқылы қазақ халқының тарихи қалыптасқан өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болғандығын және оны қазіргі уақыт талабына сай қолдану тиімді екендігін дәлелдеуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында халықтың мәдени және рухани дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын ұлттық спорт пен ойын түрлерін теориялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу болашақта сапалы маман кадрлар даярлау, оқушы балаларды патрюттыққа тәрбиелеу, спортшы даярлау, халықты салауатты өмір сүруге бейімдеу жұмыстарында тиімді жол ашатындағын зерттеп, негіздеу болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей жұмыстар жоспарланды:
1. Қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық тұрғыдан қарастырылуын анықтау;
2. Ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу жасау;
3. Спортшы дайындаудағы орнын анықтау;
4. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің топталуы, жүйеленуі, атауларының қалыптасуы жағынан зерттеу;
5. Ұлттық спорт түрлерінің республика аймақтарында және спорт мектептерінде даму жағдайын анықтау.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін іске асыру барысында автор төмендегідей әдістемелік қағидаларға сүйенді:
- ұлттық ойындарға байланысты тарихи, этнографиялық, этномәдениеттік, этнопедагогикалық материалдарды зерттеу;
- ұлттық ойындар мен спортқа байланысты осы кезге дейінгі жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау;
- мемлекет тарапынан дене шынықтыру және спорт саласына байланысты қабылданған заңдар, нұсқаулар, қаулылар, ережелер, жоспарларды саралап зерттеу арқылы, олардың дене тәрбиесіне және спортты дамытумен қатар олардың ұлттық спортқа әсері, сабақтастығы мен қайшылықтарын анықтау жұмыстары іске асырылды;
- зерттеу жұмысы ұлттық ойындарды дамыту мақсатында осы уақытқа дейінгі орындалған және болашақта іс жүзіне асырылатын жұмыстарды теориялық негіздеу және педагогикалық тұрғыдан даму жолдарын көрсету болғандықтан, ұлттық ойындардың адам өміріндегі ролі, орны, пайдасы, қажеттілігі туралы ата-аналар, оқушылар, студенттер, ұстаздар, жаттықтырушылар, спортшылар, дене тәрбиесі және спорт басшылары арасында анкеталық сұрақ- жауап, әңгіме-сұхбат алу жұмыстары қолданылды;
- ұлттық ойындар мен спорт саласында қалыптасқан ұғымдар, атаулары, олардың топталып жүйеленуі, дене тәрбиесінде қолдану ерекшеліктері туралы ақпараттар жиналып барлығы 252 ойын түріне сараптама жасалды;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына қажетті факторлар жинақталып, спорт түріне қойылатын талаптар көрсетілді.
Зерттеу әдістемелері: Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- анкеталық сұрақ- жауап;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық эксперимент;
- математикалық және статистикалық сараптау түрлері.
Зерттеудің жетекші идеясы: Дене тәрбиесі және қоғамдық маңызы бар тәрбие құралы ретінде ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және педагогикалық негізін жетілдіру, оны тиімді пайдалануға жол ашады деп санаймыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи кезеңдердегі ұлттық ойындар мен спорттың дамуының жағдайы көрсетіліп, оның дене тәрбиесі мен спорттағы атқарған ролі анықталды;
- қазіргі егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің дене тәрбиесі және спорт саласындағы орны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделді;
- дене тәрбиесі және спорт салаларына маман кадрлар даярлау кезінде ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогикадағы, оның ішінде этнопедагогикада жек орны бар екендігі дәлелденді;
- мемлекеттік заңдар мен қаулылардағы ұлттық ойындар мен спорттың орны анықталып, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы теориялық және практикалық түрде негізделді;
- ұлттық спорт және ойындарды топтау, жүйелеу, атау беру, жарыс өткізу, төрешілік жасау зерттеліп, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
Теориялық маңызы: Зерттеу барысында алынған материалдарды сараптау Қ.Р. дене тәрбиесі және спорт саласындағы ұлттық ойындардың орнын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді, білімді кеңейтеді.
Дәстүрлі мәдениетімізді тәрбие құралы ретінде қолдану, адамдар денсаулығы мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтаудың бірден - бір тиімді жолы екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының мемлекеттік маңызды жоспарлар және бағдарламалармен байланысы:
Зерттеу тақырыбы «Қазақстан -2030 мемлекеттік Стратегиялық Жоспары» [2000], «Дене шынықтыру және спорт Заңы» [1999], «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007–2011 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы» [2007], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министірлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспары» [2008], Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру бағдарламаларымен ұштасады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне байланысты ғылыми-педагогикалық негіздің қажеттілігі, қазақ халқының ұлттық ойындары мен спортының дамуын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттеу, баға беру;
- ұлттық спорт пен ойындардың жалпы педагогикадағы және этнопедагогикадағы орнын көрсету;
- ұлттық ойындар мен спорттың бұқаралық спортты дамыту, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу, денсаулықтарын шынықтыруда, спортшылар даярлауда тиімді құрал екендігін дәлелдеу;
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерін жүйелеу, топтау, атаулар берудің теориялық және практикалық маңыздылығын көрсету.
- Қазақстан Республикасы білім беру және спорт салаларында қабылданған Заңдар мен Бағдарламалардағы ұлттық спорттың орнын талдау, сараптама жасау, қазіргі ХХІ ғасыр талабына сәйкес ұлттық ойындар мен спортты дамытуға қажетті өзгертулер мен толықтырылар енгізуді ұсыну.
Зерттеудің тәжрибелік мәніне алғашқы теориялық және педагогикалық нәтижелер қолдануға ұсынылады:
- білім беру салаларында және маман даярлауда ұлттық спортты арнайы пән ретінде оқыту;
- ұлттық ойындар мен спортты бұқаралық спортта кеңінен қолдану тиімді құрал екендігі;
-ұлттық спорт түрлерінен маман кадрларды қайта даярлау, мұғалімдер, жаттықтырушылар, әдіскерлер, тәрбиешілер арасында оқулар ұйымдастыру кезінде оқыту тиімді.
Диссертанттың жеке үлесі:
-егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спортты дамытуды ғылыми тұрғыдан негіздеуі;
-ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогика, оның ішінде этнопедагогиканың бір саласы екендігін дәлелдеуі;
Информация о работе Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері