Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:58, автореферат
Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады.
-ұлттық ойындар мен спорт түрлері халық арасында салауатты өмір салтын насихаттаушы, спорт түрлеріне баулудың негізі болатын дене тәрбиесі құралы екендігін көрсетуі;
- мамандарға, зерттеушілерге, оқу орындарына, жалпы қоғамдағы адамдарға арнап барлығына ортақ түсінікті болуы үшін ұлттық спорт түрлері бойынша ортақ ұғымдар жасау, әдіс-айла, тәсілдерді жазу, топтау, жүйелеу, атау беруді ұсынуы;
-Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуына қажетті алғышарттар мен талаптардың негізін айқындауы.
Зерттеу жұмыстарын талқылау және өндіріске ендіру. Негізгі талқылау мен өндіріске енгізу түрлеріне тақырып бойынша еңбек, 4 - оқу кұралы, 6 - шет елде, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспаларда 14 мақала шыққан, мамандар мен адамдар арасында жүргізілген анкеталық сұрақ - жауап жұмыстарын, 6- енгізу актісін, 1- патент, 2-Ж.О.О. арналған Мемлекеттік стандарттың, 4 - Типтік бағдарламаның, 2010 жылы «Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы» атты республикалық ғылыми тәжрибелік конференцияны өткізу және конференция материалдарын жалпы авторлықпен шығару, 46 - ғылыми және ақпараттық жарияланымдардың авторы болуын келтіруге болады.
Зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдары мен мазмұны, тәжірибелік ұсыныстары автордың 2004 жылы Сеул (Корея), 2004 жыл Алматы, 2006 жыл Улан Батор, 2009 жыл Алматыда өткізілген халықаралық конференцияларда, 2006–2010 жылдары аралығында өткізілген республикалық ғылыми тәжірибелік конференция мен семинарларда, ЖОО дәрістерінде баяндалды. Диссертациялық жұмыс тақырыбына байланысты БАҚ құралдарында, республикалық дәрежедегі спорттық жарыстар отырыстарында баяндамалар жасалып, төрешілік семинарлар өткізілді.
Зерттеу базалары. Қазақтың спорт және туризм академиясы, Республикалық қазақша күрес федерациясы, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлері ассоцациясы, Республикалық «Қыран» федерациясы, ҚР Тоғызқұмалақ бірлестігі, Республикалық ат спорты федерациясы, Қ.Р туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы спорт мектептері, Қытай Халық Республикасы Сынцзян педагогикалық университеті, Корея университеті.
Эксперименттік жұмыстарға 300-ден астам спортшылар, студенттер мен оқушылар, 96 спорт мамандары мен ұстаздар, ұлттық спорт жаттықтырушылары мен бапкерлер қатысты.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытынды мен тәжірибелік ұсыныстан және қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі көрсетіліп, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалады. Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы мен қорғауға қажетті бағыттар, жұмыстың орындалу әдістемелері мен орындары көрсетіледі.
Бірінші бөлімде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, оны орындау әдістемелері, зерттеуді ұйымдастыру жолдары көрсетіледі.
Екінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындарды теориялық тұрғыдан негіздеудің қажеттігі, оның теориялық қарастырылу деңгейі, даму тарихына шолу, ұлттық спорт пен ойындардың салт - дәстүрлермен байланысы, терминдер, сөздер, ұғымдар қарастырылады.
Үшінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі, этнопедагогикадағы орны, оқу орындарындағы сабақтарда қолданылуы зерттеліп, оны тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары көрсетіледі.
Төртінші бөлімде Қазақстан спорты және бұқаралық спорттағы ұлттық спорт пен ойындардың орны, спортшы даярлау, кәсіпқой спорт, ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналу жолдары айқындалып зерттеледі.
Бесінші бөлімде ұлттық спортты басқару жүйесі, федерациялар, бірлестіктер мақсаттары, міндеттері ұлттық спорт пен ойындарды топтау, жүйелеу, таңбалап жазу мәселелерімен қатар жарыс өткізу, атақ-дәрежелер, сыйлықтар беру зерттеледі.
Қорытынды бөлімде диссертациялық жұмысқа қорытынды жасалып тәжірибелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада енгізу актілері, сұрақ-жауап сауалнамаларының нұсқасы, кестелер мен суреттер беріледі.
Диссертациялық жұмыс 239 компьютерлік терілген беттен, 205 қолданылған әдебиеттен, 7 кесте , 30 суреттен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006].
Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы «Қазақстан -2030» Стратегиялық жоспарында [1998], «Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында» [2001], «Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында» [1999], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында» [2008], «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында» [2010], республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.
Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай «Қазақ халқының «қазақ» болып аталуы да «мықты», «берік», «жойқын», «ауыспайтын» деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, «Шайбанинамеде» - «қазақ» өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды «рыцарь» деп атайды. Демек, «қазақ» сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылыатын “ақ» сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан» - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984].
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.
Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.
Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.
Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде «кіші, ұсақ халықтардың» тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым М.Таникеев [1998] «...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады» деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеуші Б. Досқараев [2009] «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» атты докторлық диссертациясында «...К сожалению, многие из физических упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно внимания в наши дни» деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.
Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие
түрлері балабақшалардан
Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;
- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.
Мамандандырылған 13.00.04 – «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде М.Таникеевтің «Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане» [1998] және Б. Досқараевтың «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» [2009] атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер жоқ.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев [2001] «Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя» деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық көрсетеді.
М. Тәнекеев [1961] ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.
Б.Доскараевтың [2009] педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған «Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане» атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы «Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті, студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті» деп атап өтеді.
Информация о работе Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері