Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:58, автореферат

Описание

Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады.

Работа состоит из  1 файл

Автореферат Алимханова.doc

— 1.60 Мб (Скачать документ)

Қазақ халқында жарысу, бір  нәрсеге таласу, оны дәлелдеу кезінде  өзара келісілген шаруаның өзгеріссіз толық орындалуы үшін бәске тұру, бәстесу шарты болған. Бәске бару кезінде әр жақ міндетті түрде орындауға қажетті істерге келіскен. Осы бәске тұру қазіргі спорт ережелерінің  негізі болып табылады деп ойлаймыз, себебі барлық спорттық жарыстар қатаң ережелерге бағынып өткізіледі, яғни келісілген шартты орындауға міндеттенеді.

Қазақ халқы арасында бәске келу екі адамның немесе көптеген адамдардың (команданың) арасында ауызша немесе жазбаша келісімге  келу, куә арқылы іске асырылып отырылған. «Бәс» сөзі орыс тіліндегі «спорим» или «поспорим» сөздері мағынасын береді. Осы бәске отырғаннан кейін жарысты өткізу кезінде барлық келісілген шарттардың орындалуын қадағалаушы адамдар тағайындалған. Ол адамдар қазіргі төрешілер қызметін атқарған. Осыдан барып, төрешілер міндеттері мен құқықтары шыққан деп санаймыз. 

Қазақ халқының арасында бәске келіп, шартқа тұрып өткізілген жарыстарды қазіргі спорттық ойындардың алғашқылары деп қорытындылаймыз, себебі осы ойындар кезінде келісілген ойын ережелері болған, оның орындалуын қадағалаушы «төреші» арнайы адамдар тағайындалған.

Қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына  себепші болған және спорт ойындарының  негізгі бір талабы болып саналатын  жүлде беру салтының да болуы байқалады. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау, оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқан. Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақ халқының ұлттық ойындарының спорт түріне айналуына қажетті негіздердің бар екендігі, тек қазіргі уақыттағы спорт түрлеріне қойылатын талаптар дәрежесіне көтерілудің қажеттігі керек екендігін байқауға болады.

Біздің зерттеу тақырыбымыз  дене тәрбиесінің ішіндегі ұлттық ойындары  мен ұлттық спорт болғандықтан, алдымен, ұлттық дене тәрбиесі туралы ұғымды, оның атқаратын міндетін және мазмұнын айырып алуымыз қажет.

Ұлттық дене тәрбиесі деп  халықтың (этностың) тарихи-әлеуметтік өмір сүру ерекшелігіне байланысты қалыптасқан адам денсаулығын шынықтыру, жетілдіру мақсатында ұлттың тарихи жинақтаған дене жаттығулары түрлері мен әдістемелерін айтады дедік.

Дене мәдениеті жалпы  ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып  саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына:  ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.

Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады.

«Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. ҰО-ды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған. ҰО-дың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады» деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді [2007].

Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған.

Біз өз тарапымыздан ойынның  ұлттық спорт түрі болып танылуы  үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз.

Дене тәрбиесі және спорт  саласында спорт түрлері мен  ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.

Осылай жасау алдымен  жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді. 

Халық арасында тараған 200 тарта ұлттық ойындарды топтау, жүйелеудің және ортақ атау берудің маңызды іс екендігін айта келіп, осы жұмыстың қалыптасуына көптеген ғалымдардың теориялық және практикалық жағынан еңбектер жазғандығын атап өтеміз. Әр ізденуші өз тарапынан ойындарды топқа және жүйеге бөле отырып, ортақ бір теориялық негізге сүйенбегендіктерін байқауға болады. Осының салдарынан бір ойын түрінің бірнеше топтар арасында кездесуін байқаймыз. Оған мысал ретінде затпен, құралмен ойналатын ойындар тобына жатқызылған ойын түрлері жүгіру ойындары ішінде болуы немесе осы ойын түрлерінің қыста немесе жазда ойналатын ойын түрлері деп бөлінуі, т.с.с. Осындай жағдайлар ғылыми ізденістер, педагогикалық-әдістемелік жұмыстарда, жаттығу жұмыстарында көп түсінбеушілік, орынсыз қолдану сияқты келеңсіз жағдайлардың болуына әкеледі.  

Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.


 

 


 


 

 


 


 

 



 

 







 

 


 


 


 

 





 

 

 

2 сурет – Қазақтың ұлттық ойындары мен спортын жүйелеу, топтау.

 

Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу ұзақтығын анықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады.

Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ойындар туралы алынған ақпаратты  бір жерге жинақтауға және осы  ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл жүйелеудің басты  ерекшелігі ойын түрлерін спорттық ережесі  қалыптасқан және ережесі қалыптаспаған  жалпы ойындар деп бөлуді негіз  етіп алдық. Ондағы басты мақсатымыз спорттық ойындарды бөліп алу  болса, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін осы жүйеге енгізіп отыруға мүмкіндік ашу, өзара араласып кетуіне жол бермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2008 жылдың ақпараты бойынша республикада ұлттық спорт пен ойындардың, оның ішінде бәйге түрлері, жорға, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, салма-теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, саятшылық, сайыс, асық, бестас, жаяу жарыс, арқан тарту, садақ ату, Хан дойбысы түрлері бойынша жарыстар өткізілген.

Республика бойынша 200 спорт мектептерінде ұлттық спорт  бөлімшелері жұмыс істейді. Оның ішінде қазақ күресінен 150 мектеп,тоғызқұмалақтан 100 мектеп, ат спорты түрлерінен 5 мектеп жұмыс жасайды. Жалпы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны -95 087адам, оның ішінде ұлттық ат спорт түрлерімен -15 111адам (ауылдық жерде-9 605адам), қазақ күресімен-36 102адам (ауылдық жерде-25 460), тоғызқұмалақпен-36 643адам, (ауылдық жерде-23 009). Саятшылық және басқа спорт түрлерімен -7231адам айналысады. Жаттықтырушылар саны -1488 адам [244]. Құлназаров.А.Ұлттық спорт түрлері Ассоциациясы мәжілісіндегі баяндамасы. Астана 22.01.2008. Бұл жалпы халықтың 0,6 пайызын құрайды.

Республикада 100-ден аса спорт түрлері (Олимпиадалық, ұлттық, техникалық және басқалары) насихатталып, дамуда. Осы спорт түрлері арасында ұлттық спорттың алатын орны 3 кестеде көрсетілген.

 

3 кесте – Қазақстанда дамыған  спорт түрлері арасында ұлттық спорт түрлерінің арасалмағы (% көрсеткіші)

 

ҚР барлық спорт саны

Спорт түрлерінің саны

Жаттығушы-спортшылар жалпы саны

%

пайыз

Жаттықтырушы, бапкерлер  жалпы саны

%

пайыз

Олимпиадалық ойындарға кіретін  спорт түрлері

49

179630

100

6706

100

Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт  түрлері

64

224791

100

8667

100

Ұлттық спорт түрлері

1

Қазақ күресі

 

12901

5,7

544

3,5

2

Тоғызқұмалақ

 

37000

9,1

516

3,3

3

Ат спорты

 

17536

4,3

219

1,4

4

5

Саятшылық

Cадақ ату

 

82

20

0,02

0.004

3

2

0,019

0,013

Барлығы

 

67519

19,1

1282

8,2


Республикадағы бес  ұлттық спорт түрлері бойынша  жаттығушылардың саны пайыздық  көрсеткіші 19,1%, ал жаттықтырушы - бапкерлер көрсеткіші 8,2 % - ға  тең.  Осы кестедегі көрсеткіш Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты 2020 жылға дейін 30% көтеру қажет деген тапсырмасын орындау үшін енді қаншама жұмыс істеу қажет екендігін көрсетеді.

 

 

Сүрет – 4.  Ұлттық спорт түрлерінің секциялар, топтар көрсеткіші

 

 

Сүрет – 5. Ұлттық спорт  түрлерімен жаттығушылар көрсеткіші

№ 4,5 - кестелерде республика обылстары бойынша ұлттық спорт түрлерінің қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты бойынша даму көрсеткіштері берілді. Осы көрсеткіштерден Алматы, Астана қалаларында, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында ұлттық спортты дамыту барысы әлі төмен екендігін көруге болады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Қазақстан Үкіметінің  17ақпан 2009 жылғы қаулысымен бекітілді.

Біз дене тәрбиесі және спортты дамытуға арналған Стратегиялық Бағдарламадағы ұлттық спорт түрлерінің дамуына арналған негізгі атқарылатын шараларға және осы салаға бөлінген қаражат мөлшеріне сараптама жасадық. Ондағы мақсатымыз – салыстырмалы жағдайда ұлттық спорт түрлерінің болашақ даму барысының қарқынын анықтау.

Ұлттық спорт түрлері  №2 Стратегиялық бағыттағы бұқаралық  спорт бөлімімен қосылып бөлінген қаржы 005, 006-шы «Бұқаралық спорт пен ұлттық спортты қолдау» деген статьяға жіберілген.

Біз салыстырмалы негізде  «Жоғарғы жетістіктер спорты» және «Спортта дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу» жұмыстарына 2009-2011жылдарға арналған бюджеттік қаражат пен «Бұқаралық спорт пен ұлттық спортты қолдауға» арналған қаражат мөлшерін салыстырдық, себебі осы жоспарланған қаражаттар бағыты бір- біріне мақсаттары жағынан бірдей болуы негізге алынды.

 

Кесте -6  Қ.Р. туризм және спорт министрлігінің 2009-2011жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 6 – қосымшасы

 

Б Б.Ә

Атауы

2009-

2011жж.

Жоспарлы кезең

2009ж.

2010ж.

2011ж.

1.

006

Бұқаралық спорт және ұлттық спортты қолдау

309450 

95480

103118

110852

2.

012

Жоғарғы жетістіктер  спортын дамыту

16745712

4537623

5707916

6500173

3.

003

Спортта дарынды балаларды  оқыту және тәрбиелеу

5508040

1578104

1808993

2120943




 

Осы кесте бойынша біз 2009-2011 жылдар аралығында “Жоғары жетістіктер спортын дамытуға» арналған қаржы көлемі 16 745 712 мың теңгені, ал «Бұқаралық спортты және ұлттық спортты қолдауға» арналған қаржы көлемі 309 450 мың теңгені құрайтындығын көруге болады. Яғни қаражаттар көлемін бір-бірімен салыстырғанда, «Бұқаралық спортты және ұлттық спортты қолдауға» арналған қаржы көлемі 1,8 % құрайды.

 

Қазақстан Республикасындағы ұлттық спорт түрлерін басқару жүйесі

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт саласын мемлекеттік тұрғыдан басқарушы және дамытушы мекеме білім беру саласы бойынша Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі мен, спорт және бұқаралық дене тәрбиесі саласы бойынша Қ.Р. туризм және спорт министрлігі болып табылады. Облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі жергілікті дене тәрбиесі және спорт саласының дамуы жергілікті әкімшілік құзырында.

Спорт салалары мен оның белгілі бір түрлерінің дамуы  үшін қоғамдық бірлестіктер, федерациялар, ассоцациялар, спорттық клубтар құрылуы  заңмен реттелген.

Қ.Р. бойынша барлық салалар бойынша 56-спорттық федерация, 9-бірлестіктер, 58- спорттық клубтар  тіркелген.

Біздің тақырыбымызға сай ұлттық спорт саласына байланысты жұмыс жасаушы қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық қоғамдық орындардың атқаратын рөліне тоқталамыз.

2004 жылдың 15 мамырында  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Спорт түрлері қауымдастығы құрылды. Ол 2004 жылдың 8-ші қарашасында Әділет министрлігінен заңды тіркеуден өтті. Қазақстан республикасының ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің негізгі мақсаттары болып, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және қайта дамыту, салауатты өмір салтын бекіту және насихаттау, халықтың денсаулығын дене тәрбиесі мен спорт құралдарымен нығайту, жастарды патриоттық, батылдық, Отан алдындағы борышын өтеу сезімдеріне тәрбиелеу болып табылады. Құрамында 17 федерация, 18 филиалы бар қауымдастық бұл міндетті қазіргі қауымдастық басшысы Қайрат Сатыбалдының жетекшілігімен ойдағыдай орындап келеді.

Қазақстан егемендігін алысымен қоғамның барлық саласының ойдағыдай дамуына байланысты атқарылатын іс-шаралардың барлығын заңды түрде реттеуге үлкен көңіл бөліп келеді.

Қазақстан бұрынғы Кеңес  Одағы құрамында болған республикалардың арасында алғашқылардың бірі болып  «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Осы Заңды қабылдау мемлекетімізде дене тәрбиесі және спортты дамытуды жақсартуға, реттеуге үлкен пайдалы әсер етті. Заң 7 негізгі тараудан және 33-баптан тұрады. Осы Заңның 1-ші тарауының 2-ші бабы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат принциптері» деп аталады. Сонда «Қ.Р дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргізіледі» - дей келе, осы баптың 10- пункітіне «халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту» деген сөз енгізілген. Заңның басқа тараулары және баптарында ұлттық ойындар мен спортты дамытуды қолдайтын және реттейтін құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейтін жолдары көрсетілмеген

Информация о работе Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері