Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:58, автореферат

Описание

Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады.

Работа состоит из  1 файл

Автореферат Алимханова.doc

— 1.60 Мб (Скачать документ)

Ғасырлар бойы осындай өзіндік ерекшеліктерімен  қалыптасқан ортаға күштеп саяси әлеуметтік өзгерістерді енгізуге тырысқан  кеңестік тәртіптер мен педагогикалық прициптердің қазақ халқы арасында көпке дейін түсіністік таппауы, сіңіп кете алмауы, қазақ ұлтында қалыптасқан менталитеттің күштілігін көрсетеді.

Ұлттық тәрбие саласындағы  этнопедагогиканың бастауларына, тіректеріне:

- Өнеге (отбасынан бастау алып, өскен орта ерекшелігі әсері);

- Салт- дәстүр;

- Жинақталған білім;

- Қалыптасқан тәртіп;

- Адамдар рухының деңгейі жатады.

Педагогикалық әсер ету  жолдарын, әдістемелерін енгізу, алдымен, әр этностың өмір сүру ортасын ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

Осы қажетті жұмысты  іске асыру, жаңаша педагогикалық методологияны  қалыптастыру, оны меңгерту жолдарын анықтаудан басталады. Барлық оқу орындарындағы ұстаздар мен мұғалімдердің (барлық сала мамандарының) біліктілігінің негізгі көрсеткіші, осы методологияларды меңгеру деңгейі болып табылуға тиіс деп ойлаймын. 

Кеңес Одағы құрамында  болған барлық республикалар мектептері, мектепке дейінгі мекемелерінде дене шынықтыру сабақтары бірыңғай одақтық көлемде бекітілген бағдарлама негізінде жүргізілді. Бағдарламада республика орналасқан климаттық белдеулер ерекшеліктері ескеріліп, суық қарлы аймақтарда шаңғы, коньки, т.б. қысқы спорт түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік берілді. Жылдық жоспар төрт тоқсанға бөлініп, әр тоқсан қорытындысы шығарылды, соңынан жылдық қорытынды баға қойылды. Мектеп дене шынықтыру сабақтары бастауыш сыныптан бастап мектеп бітірушілер сыныптарына дейін міндетті болып саналып, аптасына 2 сағат көлемінде 45 минут ұзақтықта өткізіледі. Кеңес Одағы кезіндегі 1977 жылы бекітілген мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлімдеріне:

  • ГТО комплексінің теориялық негізі;
  • Жеңіл атлетика;

- Гимнастика;

  • Шаңғы дайындығы;
  • Cуға жүзу;
  • Спорт ойындары (IV-VIII сыныптарда баскетбол, гандбол, IХ-Х сыныптар гандбол, баскетбол, волейбол);
  • Классикалық күрес (VII-Х сыныптар ұлдары үшін, көркем гимнастика VII-Х сынып қыздыры үшін) енгізілді.

Кеңес одағы кезіндегі жалпы білім беру мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарындағы сағаттардың бөлуін көрсете отырып біз ұлттық дене тәрбиесіне арналған сағаттардың жоқ екендігін көреміз (1 кесте).

 

1 кесте – Мектеп бағдарламасындағы сабақтардың бөліну ерекшелігі ССРО Ағарту министрлігі. Москва. 1987 жыл.

 

Бағдарлама материалдары 

Сыныптар 

Дағдылары мен біліктілігі:

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VІІ

VІІІ

ІХ

Х

ХІ

Гимнастика

28

28

28

28

16

16

16

16

16

16

16

Жеңіл атлетика

--

--

--

10

20

20

20

20

20

20

20

Қозғалыс ойындары

24

24

24

14

--

--

--

--

--

--

--

Спорттық ойындар (волейбол, баскетбол, қол добы, футбол, шаңғы  немесе кросcтық дайындық)

--

 

16

--

--

 

16

--

--

 

16

--

--

 

16

--

16

 

--

16

16

 

--

16

16

 

--

16

16

 

--

16

16

 

--

16

16

 

--

16

16

 

--

16

Шаңғы, кростық немесе шаңғы дайындығы)

 

--

 

--

 

--

 

--

 

26

 

14

 

14

 

14

 

14

 

14

 

14

Жүзу

--

--

--

--

--

--

--

--

--

10

10

Күрес

                     

Қозғалыс сапасын арттыру

Сабақ барысында 


 

Қазақстан Егемендігін  алған уақыттан кейінгі 1993 жылдан бастап дене шынықтыру сабағына арналған Бағдарлама екі бөлімнен құрастырылды. Біріншісі - «Міндетті бөлім» деп аталып, оған 42 сағат бөлінді, екінші бөлім - «Таңдау бойынша» деп аталып оған 26 сағат бөлініп, ол бөлімде мектептің ұлттық және аймақтық - климаттық ерекшеліктері ескеріліп сабақтарды таңдау мектеп пен дене шынықтыру мұғалімдерінің еркіне берілді. Осы бағдарламалардан бастап мектептерде ұлттық ерекшеліктер ескеріліп, сабақтарға ұлттық ойындар кеңінен енгізіле бастады.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының  бір ерекшелігі олардың мазмұнында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттың айқын көрінуі болып табылады.

Халқымыздың жасаған  ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық  негіздерін зерттеп пікір айту, оны  тәрбие құралы ретінде ұтымды пайдалану  қазіргі уақыт талабына сәйкес келеді.

Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан  соң қабылданған мектептерде «өзгермелі бөлім» тарауы енгізіліп осы бөлімде ұлттық дене тәрбиесіне арналған ойындар мен спорт түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік ашылды (2 кесте ).

 

2 кесте –Дене шынықтыру сабақтары үшін қабылданған бағдарлама (1987 жыл)

 


             Бағдарлама материалдары                                      сыныптар

I      II        III      IV


 

I. Негізгі бөлім        42     42      42      42

I.I. Бөлім негіздері       сабақтар барысында

І.2. Қозғалыс қызметінің  тәсілдері   

/білімділік, дағдылар, қозғалыс қабілеттері/

І.2.І. Қозғалмалы ойындар            20      20      20       20

І.2.І. Гимнастика              ІІ        ІІ        ІІ        ІІ

І.2.3.Жеңіл атлетика             ІІ        ІІ        ІІ        ІІ

І.2.4. Жекпе-жек 

І.2.5. Жүзу

І.2.6. Шаңғы дайындығы 

ІІ. Өзгермелі бөлімі             26         26       26       26

2.І. Аймақтық және  ұлттық ерек-

шеліктерге байланысты материал

2.2.Спорт түрін тереңдетіп  оқыту 

үшін мектептің өзі  айқындайтын,

мұғалім, оқушылар таңдайтын

материал


 

Қазақ халқының этнопедагогикасының  қалыптасуына негіз болған халықтың рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелінген жоқ.

Ал этнопедагогикалық  ойдың дамуына үлкен үлестерін  қосқан Әл-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. еңбектері қазіргі педагогика саласында кеңінен танымал. Осы адамдардың еңбектеріндегі дене тәрбиесіне байланысты құнды деректерді жарыққа шығарып, оқу–жаттығу сабақтарында ұтымды пайдалану қажет. 

Этнопедагогиканың қарастыратын негізгі бір саласы ұлттық мәдениет болып табылады. Оның ішіндегі маңызды бір саласы дене тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар мен ұлттық спорт болып саналады.

Этнос- (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.

Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық салт-дәстүрді, өнерді, тілін, дінін қадірлейтін отанын, елін, жерін сүйетін жан-жақты жетілген патриот азамат тәрбиелеу. Жалпы педагогиканың негіздерін оқытып үйрету, меңгерту үшін алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдістемелік негіздерін оқытып меңгерту қажет. Оған этнос туралы ұғым, дамып қалыптасуы, этномәдениеттің ерекшелігі, оның әлемдік мәдениеттермен байланысы сияқты негізгі тараулар енеді. Этностың ерекшелігін этнопедагогикамен қатар этнология, этнопсихология, этнолингвистика, философия, мәдениеттану сияқты ғылымдар зерттейді. 

Қазіргі ХХІ ғасырда  дене тәрбиесі мен спорттың қоғам  дамуында елеулі орын алатындығын және осы сала бойынша ЖОО  мамандар даярланып, білім берілетіндігін ескере келіп, ЖОО оқытылатын « Дене тәрбиесі және спорт педагогикасы» пәніне қосымша дене тәрбиесі және спорттың этнопедагогикалық ерекшелігі туралы пәнді енгізу қазіргі күн талабына сәйкес деп санау қажет, себебі барлық педагогикалық ғылым өз бастауларын этнопедагогикадан алатындығы белгілі. Сондықтан этностық ерекшелігі айқындалған дене тәрбиесі, ұлттық ойындар, жаттығулар туралы білім беру  дене тәрбиесі және спорт педагогикасын толық және жүйелі оқытуға негіз болады деп есептейміз.

 

Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі  ұлттық ойындар орны

Ұлттық ойындардың пайда  болу ерекшелігі сол халықтың басынан  кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты түркі халықтары арасында ұлттық ойындар ұқсастығы жиі кездеседі. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату, т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, т. б. көптеген халықтар арасында таралуын алуға болады.

Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.

Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:

  • Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;
  • Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;
  • Спорт түрін дамытуға арналған  қоғамдар немесе федерацияның болуы.

Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық  жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының  кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық  ойын түрі екендігін көруге болады. 

Қазіргі жеңіл атлетика спорты құрамына кіретін табақ (дискі) лақтыру және балға лақтыру (молот) спорттық жарыстардың қайдан пайда болғандары туралы спорт тарихында ешнәрсе көрсетілмеген. Осы жарыстарды көне олимпиадалық ойындарға түркі халықтары енгізгендіктерін талассыз дәлелдеу мүмкіндігі туып отыр. Көне тәңір сенімі бойынша күн адамдардың негізгі табынатын обьектісі болып табылады.

Қазіргі кезде осы  белгілер түркі халықтарында рулық белгілер болып саналады.

Жоғарыдағы айтылған ел басқаратын адамдарды таңдау кезінде  осы күн белгілерін «табақ» пен «балғаны» күнге қарай кім алысқа лақтыра алса, сол адам басшы санатына қосылуға мүмкіндік алған.  Осы дәлелдер олимпиадалық ойындарды тарихта жазылғандай тек грек елі ойлап шығармаған, сол дәуірлерде өмір сүрген көптеген халықтар еркін қатыса алатын демократиялық сайлау түріне ұқсас ел басқару жүйесіне қажетті атрибут ретінде өткізілген деп тұжырымдауға болады. Спорттық жарыстар оның тек сырт бейнесі ғана деп санауымыз керек. Осы келтірілген дәлелдер міндетті түрде этнопедагогикаға енгізілуі тиіс деп санаймын. Себебі қазіргі кезде ЖОО оқылатын дене тәрбиесі педагогикасы және психологиясы пәндерінде дене тәрбиесінің этнопедагогикасы туралы мүлдем дерек жоқ. Осындай кемшіліктер салдарынан педагогиканы біздерге тек орыс және шет ел халықтары үйреткен болып отыр. Осындай жағдайлардан барып біздің ой-санамызға сырттан еркін әсер ету мүмкіндіктері пайда болады. Себебі көптеген этнопедагогикалық салаларда біз әлсіздік танытып, өзімізде бар жетістіктерді көрсете алмай келеміз. Сол этнопедагогиканың бірі дене тәрбиесі және спорт саласы болып отыр. 

Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе біз  ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында  қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен  спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз. 

Халықтар арасында таралған ұлттық ойындар туралы зерттеулер біршама болғанымен, спорт түрлерінің пайда болуы, дамуы, әсіресе, ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы туралы Қазақстанда ғылыми зерттеулер жоқ.

Шет ел зерттеушілерінің арасында осы тақырыпты қарастырған Вера Оливованың [1962] «Люди и игры» атты еңбегінде ойындар мен әртүрлі жаттығулардың спорт түрлеріне айналуын Еуропа құрлығы көлемінде алады да, қорытынды сөзінде «Европа мәдениеті қазіргі спорттың бесігі болды» деп асығыс қорытынды шығарады.

Орыс зерттеушісі Н.И.Понамарев [1970] өзінің «Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания» атты монографиясында халықтық ойындардың пайда болуының еңбек құралдарының пайда болуымен, адамдардың өз денелерінің шынығып жетілуімен байланыстыра зерттеп, спорт түрлерінің пайда болу генезисіне тоқталмайды.

Дене тәрбиесі тарихын  зерттеуші белгілі ғалым Ласло Кун [1982] «Всеобщая история физической культуры и спорта» атты еңбегінде дене тәрбиесі мен дене жаттығуларының пайда болуын зерттей келе, дене жаттығуларының спорт түрлеріне айналуын қарастырмайды.

Информация о работе Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері