Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 06:30, курсовая работа

Описание

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері
2.3 Бастауыш сыныптарды ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Балалар ұжым.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

                                                  Жоспар 

І. Кіріспе

1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері

1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары

2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері

2.3 Бастауыш  сыныптарды ұжымдық оқыту технологиясын  пайдаланудың тиімділігі

ІІІ. Тәжірибелік  бөлім.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе

      Жеке  тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған  мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

      Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ұжым  проблемасын зерттеушілер қазір  оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

      Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы  жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің  маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

      Біздің  елімізде қазіргі қоғамның маңызды  ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі балалар ұжымы бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

      Мектеп  ұжымының негізінде бірнеше өзара  байланысты балалар ұжымдарының  типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. 
 
 
 

      1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері

      Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дұрыс па? Менің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол - отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала - ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар.

      «Ұжым - ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады».

      Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.

      Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар - А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.

      Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», - десе, Н. К. Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп мән берген.

      Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар - «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан». Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ.

      А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы» (1937 ж.), «Мұнараның басындағы ту» (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.

      Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі.

      А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. Әрине бұл қағида бүгін ескіргендей болып көрінеді. Қазіргі талап «алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос», дейміз. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар. Бірақ, «Адамның күні адаммен», деген қағиданы есте ұстағанымыз жөн. Ерте ме, кеш пе әйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А.С.Макаренконың айтқан қағидаларының дұрыстығына қайта соғармыз.

      А.С.Макаренко  жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті:

      а) Ұжым тәрбиенің мақсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

      б) Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

      в) Ұжым барлық ұжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.

      г) Ұжымның өзін-өзі басқару орындары, өкілдері, ұйымдастырушы-лары болады.

      Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір ұжым топ бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б.

      Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын  дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс- әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау,  шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П. Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.

      Сонымен ұжым - бұл кезделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

      В. А.Сухомлинский де балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдіретті күші» (1965 ж.), «Павлыш орта мектебі» (1969 ж.), т.б. баяндалды.

      В.А.Сухомлинскийдің  пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас - ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы ойлары жаңашыл ұстаздардың ойларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынастың нәтижесінен туады.

      С.Т.Шацкий де оқушыларды қоғамға қажетті еңбекке  жұмылдыру арқылы тәрбие берудің әдістемесін жасаған. Мұнда ортаның балаға әсері ескерілген. Ол баланың өз тәжірибесін өзіне жұмсауды қолдаған. С.Т. Шацкий алғаш рет Ресейде балалардың мектептен тыс оқу-тәрбие орындарын ашқызып, болашақ жастарды осы оқу-тәрбие орындары арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеген.

      Л.И. Новикова балалар ұжымын тәрбие құралы деп есептейді. Мектептегі балалар ұжымының құрамы бірнеше бастауыш ұжымдардан тұрады. Олар: мектептегі сыныптар, ұзартылған күн, клубтар, секциялар, үйірмелер, еңбек бірлестіктері т.б. Бұл ұжымдар бір-бірімен тығыз байланыста. Жалпы мектеп үлкен ұжымнан тұрады: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар ұжымы. Бұлар да бір-бірімен тығыз қатынаста болып келеді.

      Қазіргі кезде ұжымды, әсіресе үлкен ұжымды жоққа шығарып жүрміз. Колхоз, совхоз, өндіріс ұжымдары, партия, комсомол, пионер ұжымдары бүгінде жоқ. Сондықтан үлкен ұжымның тәрбиеде бұрынғыдай ықпалы жоқ болып көрінеді. Бірақ жеке адам ұжымсыз өмір сүре алмайды. Мысалы, Робинзон Крузо, Мауглиді, т.б. алып қараңыз. Керек болса жан-жануар да өз тобын іздейді. Сондықтан ұжым керек, оның тәрбиеге ыңпалы бар. Қоғам да үлкен ұжым. Ал қоғамның тәрбиеге ықпалы жоқ деп кім айта алады? Ұжымда жеке адам рухани байлық, дамуға қажетті ықпал алады, кемшіліктер ұжымда түзетіледі.

      Ұжымның тәрбие құралы ретіндегі маңыздылығы әр түрлі аспектіге байланысты:

      а) Экономикалық аспект (еңбек, экономикалық тәрбие).

      б) Саяси аспект (мектептегі саяси-әлеуметтік істерге араласу, мектеп ұжымының өзін-өзі басқаруы).

      в) Әлеуметтік аспект (баланың үй жағдайына қарасуы).

      г) Адамгершілік аспект (өсиет арқылы тәрбие).

      д) Қоғамдық-құнды аспект (рухани татулық).

      е) Құқықтық аспект (заңды бұзбау, бағыну).

      ж) Психологиялың аспект (психологиялың сиысу).

      з) Ұйымдастырушылық аспект (ұйым тәрбие құралы).

      и) Жеке басына байланысты аспект (кейде  бала жеке қалып ойға кетеді. Бұл ұжымнан кеткендік емес).

      к) Педагогикалық аспект (тәрбиелік  ықпал, тәрбиелік қарым-қатынас, баланың басының, жас ерекшеліктерін ескеру, балалардың өзара қарым-қатынасы).

      Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы. 
 
 

     1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар

      Балалар ұжымын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруға болады. Егер де ондай жағдай жасалмаса балалар өздігінше топтасуы да мүмкін. Педагогикалық тұрғыда балалар ұжымын құруда педагогикалық басшылық немесе ықпал еткен абзал.

      Балалар ұжымының негізгі тәрбиелік функциясы - оқушыларды қоғамдық жүйенің қатынасына араластыру, тәжірибе жинақтау. Бұл бірінші функцияға жатады. Қоғамдық жүйе, қоғамдық қатынас мектептен басталады. Оқушы өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап, өмірде қолданады.

      Балалар ұжымының екінші тәрбиелік функциясы (қызметі) - балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Оқудағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке, қоғамдық қарым-қатынасқа ойын арқылы қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұйымдасудан ұжым шығады. Ұйымдасуда қызметтес-тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек, бақылау, өзін-өзі бақылау, бір-біріне талап қою, т.б. Міндетті түрдегі болашақ ұжымның қаңқасын құрайтын ереже-заңдары пайда болады. Осы ереже-заңға сүйене отырып, ұжым құрылады. Бұл ереже-заңды орындау әр ұжым мүшесіне міндет. Қазақтың мақалындай «Басында қатты болса, аяғында тәтті болады» немесе «Адамның күні адаммен», дегендей. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде балалардың өзара тату-тәтті өмір сүруіне, сыйластықта, достықта болуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда әр оқушы - ұйымдастырушы, орындаушы.

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер