Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 06:30, курсовая работа
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
І. Кіріспе
1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері
2.3 Бастауыш сыныптарды ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Балалар ұжымында саналы тәртіпті қалыптастырудың жолдары
Саналы тәртіп ұжым арқылы қалыптасады. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүкіл оқу-тәрбие процесінде жүреді. Ол оқуда, еңбекте, қоғамдық жағдайда, қызметте, ойында, дене тәрбиесінде, т.б. баланың іс-әрекетінің, қарым-қатынасының барысында атқарылады, іске асады.
Саналы тәртіп тәрбиеден бөлек. Саналы тәртіп - тәрбиенің ең жоғары сатысы. Себебі, тәрбие нәресте ананың құрсағында пайда болғаннан басталса, саналы тәртіп тәрбиенің нәтижесі ретінде бала санаға жүгінген кезден бастап қалыптасады. Саналы тәртіпке педагогикалық басшылық керек. Ата-ана, ұстаздар балаларға, шәкірттерге саналы тәртіп беруде, саналы тәртіпке үйретуде ұстаздық жетекшілік қызметті атқаруы тиіс.
Ата-ана, ұстаздар баланы, шәкіртті саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін саналылықты керекті мөлшерде ғана баланың қытығына тимей, көңілін қалдырмай, көзін жеткізіп, түсіністікті ойға сіңірген жөн. Ол үшін ата-ана, ұстаз демократ болуы керек, баланың жасымен тәжірибесімен санасқаны жөн.
Саналы тәртіпке талап керек. Демократ екенімін деп баланың айтқанына көне берсек, одан да жақсы нәтиже шықпайды. Талап - ата-ананың балаға, ұстаздың шәкіртке қойған тілегі, ультиматумы, өмір кредосы. Талапты ұстаз шәкіртке, ата-ана балаға, бала ата-анаға, шәжірт ұстазға қоя береді. Талап арқылы түсіністік туындайды. Тәртіптік жүйенің талаптары оқушыны жан-жағынан қамтиды: оқуға, еңбекке, қоғамдық жұмысқа, жолдас-жораға, ұжымға, өз-өзіне, қоғамдық мүліктерге, ұстаздарға, ата-аналарға, от басындағы өмірге, т.б. талаптары болады.
Тәртіпке шақыратын талаптар баланы шынықтырады, қызметке (оқуға, еңбекке, т.б.) зейінін оятады, рухани байлығын молайтады, ерік, жігерін қатайтады. Осының арқасында тәртіптілік пайда болады.
Баланың саналы тәртібінде ата-аналар мен ұстаздар үлкен рөл атқарады. Солардың қатаң бақылауның нәтижесінде баланы тәртіпке шаңырамыз. Әрине? бала ата-ананың, ұстаздың айтқанының бәрін орындаудан қашуы да мүмкін. Бұл жерде өтірік те, қиқарлық та, бірбеткей-лік те болады. Ондай жағдайды болдырмау үшін ата-ана, ұстаз алған бағыттан таймауы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының тәртіптік санасы жетілмеген. Ал орта буын оқушыларында сана әлсіз, жалқау, еріксіз, жігерсіз, жора-жолдастардың, көшенің ықпалында болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана осы кемшіліктерден арылудың жолын қарастырғаңы дұрыс.
Сана мен мінез-құлықтың арасында айырма бар.
Сана - объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Мінез санаға сіңу керек, саналы тәртіпке көтерілуі қажет. Ол үшін А.С. Макаренко айтқандай жаттығу керек. Саналы тәртіпті жаттығулар арқылы санаға сіңіріп тәрбиелейміз.
Саналы тәртіпке талаптан басқа насихат, ағартушылық керек. Баланы рухани байлыққа кенелтіп, арнайы ағарту сауатын ашып саналы тәртіпке шақыруымыз керек. Бұл жерде балалар ұжымының атқаратын рөлі ерекше. Олардың қоғамдық-ұжымдық шешімдері жеке баланы қоғамдық пікірді сыйлауға, онымен санасуға, тыңдауға мәжбүр етеді.
Жүгенсіздік, мәдениетсіздік, үлкеннің айтқанын тыңдамау жасөспірімді жарға соққызады, өмірде оның жегізеді. Ондай бала өмірде көптеген қиыншылыққа кездеседі. Тәртіпсіз бала бірден көзге түседі. Сондықтан ата-ананың, ұстаздардың мақсаты сондай балаларды жөнге салу. Есейе келе ондай балалар жолдан таяды. Ондайды «Қисық ағашты түзеткенмен бірдей», дейді халық.
Мәдениетті,
тәртіпті, жинақты бала да бірден көзге
түседі. Бірақ соның қайсысы шын
тәртіпті, қайсысы жалған екенін ажыратып
білуіміз керек. Саналы тәртіп тәрбиесінің
нәтижесі баланың іс-әрекеті арқылы анықталады.
Тәртіпсіз іс бітпейді. Тәртіп барлық
кезде керек. Тәртіпсіз қоғам жоқ.
2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмір мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқтап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың
тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін
қалыптастыру мақсатында болашақ үміт
дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері
болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- Нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халықымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- Оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
- өздеріне - болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап оған жету жолдарын табуға көмектеседі.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл-нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс - тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы еңі маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу-балаларды еліктірудің, болашақ үміт дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес әсемділікке талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырыл-ған, сәулетті безендірілген болуы керек. Әсіресе мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға сыйлықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.
А.С. Макаренко әдепті кезеңде оқушылар қарсылық білдірмей пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпақты талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бұл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына оқушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Оқушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мұғалімді қуаттайды. Оқушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші күшіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымы-ның жетекші буынға айналуы оқушылардың бүкіл мектептің өзін-өзі басқару ісіне қатынасуы болады. Сыныпта ұйымдастыру міндеттерін орындауы ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектеп жанындағы учаскедегі іс-әрекет, макулатура жинау, мектепке дейінгі мекемелерге қамқорлық т.б.). Олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылады.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міңдеті - жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.
Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың рөлін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.
Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатына сының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогакалық меңгеру жолдарының бірі. Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.
Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:
- ұжым мүшелері тең құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;
- жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді
Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер