Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 06:30, курсовая работа
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
І. Кіріспе
1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері
2.3 Бастауыш сыныптарды ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Балалар ұжымының үшінші тәрбиелік функциясы - түрлі қарым-қатынас арқылы оқушының өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады. Осындай көзқарас оқушының материалдық, рухани байлығын қалыптастыра отырып, оның өмірге құштарлығын дамытады, жамандықтан арылтады.
Балалар ұжымының төртінші тәрбиелік функциясы - кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке оқушылар мен топтарға педагогикалық ықпал етеді, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. Оқушылар ұжымы күшті болса, ондай нашар топтағы балаларға дұрыс ықпал етуге толық мүмкіндігі бар. Бұл жерде қоғамдың мүдде мен жеке мүдде таразының екі басына түседі. Әрине, қазір жеке мүдде таразының басын басып кетуі мүмкін. Бірақ, қара бастың қамын ойламай, қалың көптің қамын ойлаған да жөн шығар.
А.С.Макаренко оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген:
а) Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап - іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою - балаларды мінез-құлың нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен ұстаздардың жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бұл кезеңде:
б) Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Негізгі ұйымдастыру жұмысын белсенділер атқарады. Ұстаздың қызметі - коммуникативті, яғни оқушылармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін оқушылардың бастамасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-жігерін біріктіріп нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде қос ықпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою, ұжым арқылы жүзеге асырылады. Қос ықпал деп отыр-ғанымыз - ұстаз ұжым арқылы жұмыс істейді, ұстаз және ұжым оқушыға тәрбиелік қос ықпал етеді.
в) Үшінші кезең - бұдан былай белсенділердің және ұжымның (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі фактілерді, құбылыстарды бағалауға ұжымдың пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, жалпы ережеге бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым кейбір ұжымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымда талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік - қоғамдың пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты (перспективаны) талдау.
А.С.Макаренко мақсаттың үш түрін атайды: жақын, орта, алыс.
а) Жақын мақсат (перспектива) - бұл күнделікті өмірде пайда болып, жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш дейді. Жақын мақсатқа: жарыс, саяхат, серуен, көрмеге немесе театрға бару, үйірмелерге қатысып, өзінің жақсы көретін ісін, т.б. орындау.
б) Орта мақсат (перспектива) - бұл жақын уақытта атқарылатын қызықты іс, әр түрлі байқау, эстетикалық, этикалық тақырыптағы сұхбат, пікір сайыс. Мұндай іс-шаралар оқушылар үшін өте қуанышты болуға тиіс.
в) Алыс мақсат (перспектива) - бұл ұжымның немесе жеке оқушының бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Бұған болашақ мамандықты таңдау, білім алу, өз бетінше еңбек ету, алдындағы үлкен мақсатқа ұмтылу жатады.
Жалпы адам баласы мақсатсыз болмайды. Мақсат - ойлау процесі нәтижесінде болашақты алдын-ала болжау арқылы туатың мұрат, ішкі қозғаушы күш. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Ұстаздың міндеттері: біріншіден, баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін мақсатты таңдап ала білуі. Екіншіден, балалардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжымның өмірінде дәстүрдің тәрбиелік мәні бар. Ұйымдасып, дамып келе жатқан ұжымда балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтатын әр түрлі ынтымақтастықтың жолдары: салт-дәстүрлерді пайдаланып қолдану.
«Салт - халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғүрып, дәстүр».
Уақыт озған сайын салт өзгеріп жаңарып отырады.
«Дәстүр - ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер».
Дәстүр, салт мектеп ұжымында да болады. Ол ұжымның тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Мектеп ұжымының өмірінде дәстүрдің, салттың көптеген түрлерін байқауға болады. Мысалы, Наурыз мерекесін тойлау, ұлттың мерекелерді атап өту - салт. Ал, мектеп мерекесі, байқаулар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, мектептің түлектерімен кездесуі - дәстүр.
Салт-дәстүрлер ұжымның өмірін байытады. Дәстүрдің ұжымды қалыптастырудағы рөлін А.С. Макаренко көптеп айтып кеткен.
Балалар ұжымын басқаратын ең жоғары ұйым - жалпы оқушылар жиналысы. Бұл оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің ең жоғарғы деңгейі. Оқушылар жиналысында ұжымның ұйымдық мәселелері қаралады.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.
Адам
ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек
екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі
дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның
оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен
ұйымдастыруына байланысты.
2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
Балалар ұжымы тәрбие құралы болып табылады. Көп жағдайда бала ұжымда тәрбиеленеді. Бірақ сол тәрбие қалай қалыптасады, тәртібі саналы ма, жоқ әлде санасыз ба, әлде жаттанды ма?
Бала тәрбиесінің нәтижесі ретінде тәртіптің саналы болғаны жөн.
Ғылыми педагогикада саналы тәртіпті, өнегелі адамгершілікті, саяси құбылыс ретінде қарап оқу-тәрбие процесінің жемісі деп білеміз. Саналы тәртіп ұйымшылдықты, бір сөздікті, әр нәрсені бұлжытпай орындауды, жауапкершілікті талап етеді. Осы қасиет адам баласының экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени салаларындағы мәселелерді шешуде болуы керек. Саналы тәртіп - адам өмірінің, қасиетінің жиынтығы, заңды түрде қалыптасқан іс-әрекеттің қорытындысы. Саналы тәртіп санасыз тәртіптен өзгеше. Санасыз тәртіп - әркімге бас иіп, көрінгеннің құлы, үлкенге, лауазым иелеріне бас иіп, «Ләппай тақсыр болу». Мұндай тәртіп бізге жат.
Жас ұрпақты жалтақтыққа жібермей саналы тәртіпке қалыптастырға-нымыз жөн. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», дейді қазақ. Сондықтан балаларды әділеттілікке, шындыққа, саналы тәртіпке тәрбиелеу керек.
Орыстың белгілі ұстазы А.С.Макаренко өзінің «Бала тәрбиесі жөніндегі» дәрісінде тәртіп жайында былай дейді: «Тәртіп дегеніміз - өнегелі, адамгершілікке тән, саяси құбылыс. Тәртіпті бұзған адам ол ұжымға, қоғамға қарсы шығып өзін сол қоғамнан аластаған адам». Тәртіп адамның өзіне және қоғамға керек.
Саналы тәртіп жеке адам мен қоғамның мүддесінің сәйкес келуінен туындайды. Сонда ғана саналы еңбек, саналы қарым-қатынас, саналы іс-әрекет пайда болады. Саналы тәртіп саналы көзқарастан туындайды. Оған азаматтың сенім, жігер, ерік керек, сезімді билей білу қажет. Саналы тәртіп - тастай қатып қалған қағида емес, бірақ адам бір сөзді болу керек. Әр нәрсені ойлап, санаға салып шешуі қажет. Саналы тәртіпсіз қоғам жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде тәртіп болды, бірақ ол саналы емес еді.
Оқушылардың
саналы тәртібі педагогикалық
Саналы тәртіп - тәрбиенің құралы. Ол ұжымда қалыптасып, барлық тәрбиелік ықпалдардың нәтижесінде бекиді. Мектеп өмірінде саналы тәртіпті көптеген ұстаздар дұрыс түсіне бермейді. Әсіресе жас ұстаздар саналы тәртіпті талап, тежеу, рұқсат етпеу, жазалау арқылы қалыптастырғысы келеді. Ол дұрыс емес. Қорқытып тәртіп орната алмаймыз. Біз мұндай жерде баланы ынжық, жігерсіз, сатқын, арсыз етіп өсіреміз. Тежеу арқылы, қорқытудың нәтижесінде баланы өзімізден алыстатамыз. Ондай балалар көрер көзге ғана тәртіпті болып, басқа жерде нағыз екі жүзді сатқын, опасыз, тәртіп бұзғыш адам болып өседі.
Кей жағдайда ұстаздар балалардың мектептің ішкі тәртібін сақтаса болды, сырттай сыпайылығы жетіп жатыр деген қағиданы ұстайды. Ондай балалар тәртіпті сөз жүзінде орындап, іс жүзінде тәртіпсіз болуы мүмкін. Сыртқы мәдениетті мектепте, қонақта, жолдас-жоралармен араласудағы жағдайды төптіштеп айтып жаттатып істетуге де болады. Бірақ ол саналы тәртіп бола ма? Жоқ, болмайды. Ол жаттанды тәртіп. Саналы тәртіп баланың өзінің санасымен орындалады. Саналылық баланың нәсіліне, қанына да байланысты. Нағыз саналы тәртіп бала күннен бастап, сол баланың еңбектенуінде, оқуында, ағайынға, жолдастарына жанының ашуында көрінеді.
Саналы тәртіп баланың өсу, даму процесімен, көзқарасымен бірдей қалыптасады, азаматтық сенім пайда болады, жігері нығаяды, қажыр-қайраты молаяды, өзінше принцип ұстап көздеген мақсатын орындауға тырысады, істің ақ-қарасын ажырата алатындай дәрежеге көтеріліп, өзінің көзқарасын дәлелдеуге ұмтылады.
Саналы тәртіп диалектиканың заңына сәйкес көптеген қарама-қайшылықты жеңудің нәтижесінде қалыптасады. Мәселен, ұстаздардың және ата-аналардың қойған талаптары мен соны орындау барысындағы көптеген ой қарама-қайшылығы, алшақтығы арқылы бала өзіне ой түйеді. Былайша қарағанда сол талаптарды орындаушы шәкірт. Ол өзінше шешім қабылдайды, сол талаптарды орындау шәкірттің мойнында. Бұл жерде шәкірт өзін-өзі ұйымдастыру, тәрбиелеу мәселесіне көшеді. Саналы тәртіпке шәкірттің өзі ықылас білдірмесе ондай тәртіп орындалмайды.
Жоғарыда айтқандай саналы тәртіпте баланың жас ерекшіліктерін де ескергеніміз жөн. Бастауыш сынып оқушыларында саналы тәртіп қалыптасты деп айта алмаймыз. Бұл жастағы балалар көбінесе ата-аналар мен ұстаздардың, жора-жолдастардың ықпалында болады. Осы кезеңде балаларды ата-ана, ұстаздардың айтқанын «тыңдайтын» немесе «тыңдамайтын» деп білеміз. Сондықтан саналы тәртіптен гөрі тыңдағыш болу үшін де жас бала көп еңбектенуі керек. Ол «айтқанды не үшін орын-дауым керек? Орындасам не болады? Ал, орындамасам не болады? Нәтижесі қандай болу керек? Не күтіп тұр?» т.б. сұрақтарға жауап іздеу арқылы іс-әрекет, қимыл жасайды, талапты орындайды.
Жасөспірімдер, 5-9-сынып оқушылары, бастауыш сынып оқушылары-нан ерекше, өмірден азды-көпті жинақтаған тәжірибесі бар, «тыңдайтын», «тыңдамайтын» балалықтан кеткен кезі. Бұл жастағы балалар «өнеге», «адамгершілік» деген не, әлеуметтік еңбек, сұлулық, сымбаттылық туралы, ұл мен қыздың арасында қандай қатынас болу керек деген көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Олар үшін «тыңдағыш» болу күнә сияқты. Әр нәрсені ойлап істегенді дұрыс көреді. Үлкендердің күш көрсетуін, айқайын, талабын көтере алмайды. Балаға қандай талап қойсаң да көзін жеткізген жөн. Бұл жастағы баланың ақылына, сана-сезіміне жүгінген өте дұрыс. Жасөспірімдер сыйлауды қалайды. «Сыйласаң сый кісімін, сыйламасаң бір кісімін», «Сыйға сый, сыраға бал» дегендей қағиданы ұстайды. Ұстаздар мен ата-аналар жасөспірімдердің осы қасиетін білген жөн. Сонда ғана оларды саналы тәртіпке үйрете аламыз.
Жастық шақ дегеніміз - 10-11-сынып оқушылары, яғни 16-17 жастағы азаматтар. Бұлар есі кіріп, есейген азаматтар. Олар жасөспірімдер сияқты әр нәрсені көңілге ала беретін емес, бәрін ақыл таразысына салатын жас. Саналы тәртіп осы кезеңде дұрыс қалыптасады. Бұл жаста жігер, ерік қатаяды, жауапкершілік күшейеді, өзі үшін, ұжым үшін тер төгуге даяр, ақиқатқа жүгініп әділдік үшін күресетін, өтірік-өсекті жаны жек көретін, жайсаң азаматтар, саналы жастар. Әрине осы үш кезеңнің үшеуінде ата-ана, ұстаздардың ықпалы орасан зор. Саналы ата-ананың, саналы ұстаздың баласы да, шәкірті де саналы болады.
Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер