Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 06:30, курсовая работа

Описание

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Содержание

І. Кіріспе
1.1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
1.2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
2.2 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері
2.3 Бастауыш сыныптарды ұжымдық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Балалар ұжым.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

      Осындай жағымсыз жайларды болдырмау үшін әрбір  ұжым мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы - адамгершілік, мораль және демократия принциптері негізінде ұжым өмірінің нормаларын нығайту.

      Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі белгілері:

      - сергектік стиль-ширақтық, белсенділік, қайырымдылық ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;

      - балалар арасында бақталастық, өз қамын кездеушілік тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы тиіс;

      - басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.

      Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстары дамуының құралы болады. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.3 Бастауыш сыныптарды ұжымдық  оқыту технологиясын пайдаланудың  тиімділігі

      Технология  дегеніміз - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Педагогикалық технологияны педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Қазақ тілі сабағын қызықты да, пайдалы өткізу үшін қазіргі жаңа технологияларды пайдалану қажет. Жаңа педагогикалық технологиялар қазіргі білім беру заңының талаптарына сай оқыту үрдісінің негізгі міндеттерін шешуге, жеке адамды шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға тартады.

      Мақсаты: Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек  етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу. Ұжымдық оқыту технологиясын төрт түрде оқытуға болады. Олар төмендегідей: 

       жекелей оқыту                                                   жұптық оқыту

                                       

                                          Ұжымдық оқыту

                                             технологиясы

      ұжымдық                                                             топтық оқыту 

      Ұжымдық оқыту технологиясының ерекшелігі:

      окушы - сынып

      сынып - оқушы

      оқушы - үйретуші міндеттерін атқарады.

      Талаптары:

      - Өзінін  ғана  емес   басқаның  да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;

      -  Өзі оқи отырып, өзгені оқыту;

      - Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгеру;

      Технологияның жүргізілу кезеңдері:

      1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі:

      -  берілген тапсырмамен танысу;

      -   шағын бөлімдерге бөлу;

      - әр бөлімдерге ат қою;

      - жоспар құру;

      - жоспарға  сүйене  отырып,  мәтін  мазмұнын меңгерту;

      - тексеру сұрақтарын даярлау.

      2.  Тапсырманы түсіндіру кезеңі:

      - тақырыптың мақсаты не?

      - жоспармен таныстыру;

      -  бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін  зерттеу;

      3.  Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе  жасау, есеп шығару: шығарма жазу түсінгенін баяндау кезеңі.

      Тәрбиелік мәні:

      1.     өзін-өзі басқару;

      2.     өзіне-өзі қызмет ету;

      3.     жауапкершілікті сезіну;

      4.     басқаның еңбегін бақылай білу;

      5.    ұқыптылық;

      6.     Белсенділік

      7.     Адалдық

      8.     Байқампаздық

      9.     Зейінділік

      10.  Ынтымақтастық

      11.  Ұжымдық

      12.  Бәрі - бірі үшін, бірі - бәрі үшін  принципінің орындалуы.

      Қазақ тілінде көзделген мақсат - окушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуді, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Ол үшін сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында ойын түрлерін кең қолдану керек. Бұл ойындарды өз мақсатымызға сай шығармашылықпен түрлендіріп, өзгертіп қолдануға болады. Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту технологиясын пайдалана отырып сабақтарда ойындарды тиімді қолдануға болады. 4 сыныпта «Күз» мезгілі тақырыбын алатын болсақ өзім төмендегідей әдіспен жұмыс істеймін. Тақтада күз туралы сурет ілулі тұрады.

    1. Сабақты сұрақ қою арқылы бастау.
    2. Балалар мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
    3. Жаздан кейін қайдай жыл мезгілі келеді?
    4. «Сөзжұмбақ» шешу. Ендеше   бүгін   қандай   тақырыпта  жұмыс

істейміз? Күз туралы не білеміз? Оқушылар бұрыңғы сөздері арқылы суретке қарап әңгімелейді.

     Топпен  жұмыс:

     Мәтінді үнтаспадан тындау «Күз» тақырыбына байланысты (3 рет тындату).

     Жаңа  сөздермен жұмыс:

     Алдымен мұғалім оқиды.

     Оқушылар  жүлпен оқиды

     Жаңа  сөздер жапырақта жазылған. Оқушылар оларды ағашқа қыстырады.

     Тақтамен жұмыс.

     Оқушылар  жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып дәптерлеріне жазады. Өз жартынды топ ойыннан жарыс өткізуге болады.

     I топ қазақша сөз тіркестерін айтса, II топ аударады. II топ қазақша айтса, I топ орысшаға аударады.

     Шағын бөлімдерге бөлу:

     Бөлімдеріне ат қою;

     Жоспар  құру;

     Сұрақ кою.

     5. Қызығушылығын ояту:

     Кластер толтыру стратегиясы. Күз мезгілі молшылық айы.

     1. көкөніс, жеміс-жидек піскен кезең

     2. адамдар қысқа әзірлік жасайды.

     3. көкөністер тұздайды.

     Табиғатта болатын өзгерістер:

     1. күн қысқарып, түн ұзарады.

     2. күн салқындайды

     3. қараңғылық ерте түседі.

     4. қара бұлт болады.

     5. жауын жауады.

     Оқушылар  өз ойларын жазады, жеке жұппен, топпен. Топ мүшелері ойын қорытып болған соң, жазғанын тақтаға іледі. Топ ойынан шығып оқушы жазғанын қорғайды.

     Мағынаны  ашу.

     Мәтінді оқушылар ынта қойып тыңдайды, сұрақтар дайындайды, жұбымен талқылайды, шағын топта талқылайды. Мәтін туралы түсінгендерін айтқызу.

     6. Жұмбақ шешу.

     Қазыларым көгендеулі күн ұзын

     Су  ішкенмен жемейді бір үзім

     (қияр) Жесең ащы

     Көзіңнен  шығарар жасты         (Пияз)

     Сұраққа жауап береміз

     Балалар көкөністер мен жемістер туралы не айтар едіңдер? Мол өнім алу үшін не істеуіміз керек?

     Жеміс-жидектер жинаймыз ойыны. Үстел үстінде жеміс-жидектердің  суреттерін не муляждарын қойып, окушының қолына себет беріп, «Сен жемістерді сен көкөністерді жина» деп ойын бастаймыз, Бала жинап жүреді жеміс, көкөністердің аттарын атау керек.

     Дәптермен жұмыс.

     Фонетикаға  байланысты талдау. Дайын карточка беріледі.

     I топ. Қай сөзімді жоғалттым. Сөз қамтырылып сөйлемдер жазылады. Сол сөйлемге сай келетін сөз орнына жазылады.

     II  топ. Орнын тап. Орыны ауысқан сөздерден сейлем құрау.

     Қорыту.

     I топ. Күз сезімен ассациациялық тізбек құрғызу. 

     жапырақтар сарғаяды

      қысқа әзірленеміз                                                            күн қысқа

     

      Күз

      түн ұзақ                                                                          молшылық айы 

береке  айы 
 

     II топ. Мәтінмен жұмыс

     «Телефон» ойын диологы суретке қарап диолог құру. Ойыншық телефон тұтқасын ұстап оқушылар бір-бірімен сөйлеседі.

     Бағалау.

     Үйге тапсырма

     1. Жаңа сөздерді жаттау

     2. Күз тақырыбына байланысты монолог.

     Сабақты тиімді өткізуде осындай әдістерді қолдану тиімді деп ойлаймын. Осының бәрі оқушының әл-күшіне сенуге, өз қабілетін тануға, еңбекті бағалауға үйретеді. Сөйтіп баланың өздігінен жұмыс істеуі жүзеге асырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Көктем  гүлдеріне көбелектер жасайық

      Сабақтың  мақсаты:

      а) Оқушыларды еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету.

      ә) Жас ұрпақты мейірімді, адал болуға, мейірімсіз, қатігездіктен бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

      б) Оқушылардын танымдық белсенділігін  арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

      Түрі: саяхат сабақ.

      Пайдаланылатын  құралдар: түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, үлестірмелі қима қағаздар, ойын бейнетаспа, үнтаспа.

      Сабақтың  барысы:

     І. Психологиялық дайындық.

    Қызығушылығын ояту.

    Қызығушылығын ояту кезінде «Гүл сыйлау» ойыны ойналады.

    - Оқушылар, менің қолымдағы не?

    - Гүл.

    - Бұл не үшін қажет? Гүлді кімге сыйлаймыз? Гүлді неге өсіреміз? (Оқушылардың жауабы).

     Оқушылар  дөңгеленіп тұрады да, бір-біріне гүлді сыйлай отырып, «Гүлдей жайнап өс!», «Осы гүлдей құлпырып жүр!», «Гүлдей бол!» т.б. жылы сөздермен бір-біріне тілектер айтады.

     - Оқушылар, гүл қай мезгілде көктеп шығады?

Информация о работе Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер