Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:38, курсовая работа
Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.
Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын. ..............................................................
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2.1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды пайдалану............................................................................................................
2.2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдануы............................................................................................
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1.
Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім
берудің басты құралы – ойын. ..............................
2. Оқыту мен
дамыту бағытындағы
2.2 Бастауыш сынып математика
сабақтарында дидактикалық
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы Республикамыздың ұлттық білім жүйесінде бірқатар ауқымды, игілікті шаралар жүзеге асып келеді. Көпшілікке белгілі реформалардың алғашқы кезеңінде Егеменді еліміздің Білім жүйесінің заңдық негізі жасалып, алғашқы "Білім туралы Заң" қабылданып, халыққа қызмет етуде.
Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.
Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныптар математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылыми негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда.
Жалпы білім беретін орта мектептің математика бағдарламасында: «Оқушылардың математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады» деп көрсетілген.
Қазіргі күш ұстаздарды, ғалымдарды және жұртшылықты толғандырып отырған актуалды проблемалар көп.
Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының төмендеуі, мектептердің ауыр дағдарысқа ұшырауы және т.б.
Осыған орай шәкіртеріміздің білімге қызығушылығын арттыру, оларды саналы азамат етіп тәрбиелеу үшін біз, ұстаздар, жан - жақты өсіп жетілуіміз, көп ізденуіміз керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасымен көптеген ғалым психологтар, ұстаздар шұғылданған, әлі де шұғылдануда.
Бірінші тарауда дидактика туралы ұғымға тоқталып, оқыту процесінде оқыту-танымдық, іс-әрекетінің психологиялық — педагогикалық негіздерін қарастырдым.
Екінші тарауда дидактикалық ойынның оқытудың бір түрі ретіндегі атқаратын ролін, мақсаттары мен міндеттеріне тоқталдым.
Үшінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының ең негізгі іс-әрекеті - ойын оқытып үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетін таным іс-әрекетін бейімделуі, сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылуын көрсеттім.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеті -бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Математика сабағында 4 сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.
Бұл мақсатқа сүйеніп, алдыма осындай міндеттер қойдым:
1. 4 сыныптағы дидактикалық ойындардың ролін анықтау.
2. Математика сабағында дидактикалық ойындардың қарастыру әдіс-тәсілдері.
3. Математика сабағындағы қолданылатын дидактикалық ойындар.
Мақсаты: Математика сабығында дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.
Тапсырма: Математикаға үйретудегі дидактикалық ойындардың ролін анықтау. Қазіргі сабақта дидактикалық ойындардың пайдалануын көрсету. Жаңа талаптарға сай дидактикалық ойындарға сараптама жасау.
Ғылыми болжам: Дидактикалық ойындарды қолданудың нәтижесінде оқушыларының математика сабағы бойынша үлгерімі жақсарады.
Зерттеу обьектісі: Математика сабағындағы оқу үрдісі.
Зерттеу заты: Математика сабағындағы дидактикалық ойындар.
Практикалық құндылық: Ұсынылған сабақ үлгілерін және жаттығуларды математика сабағында мұғалімдер қолдана алады.
1 Оқыту және білім берудің
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйрету didaskalos - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім берумен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұның, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формасын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салган чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 - 1670). Оның "Великая дидактика" кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1744 -1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
XIX г. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистерк (1790 - 1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсету, көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделіге көшу т. б.
К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, M. Ы. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының "Дидактика" саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің-қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б. кезінде шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Қазақтың ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/ қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен әдістемесін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға, сонымен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін ашатын жол. Ы.Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, есептеу үшін оқу жоопарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын, мектептерде оқуды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін шындықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындау жолын қадала зерттеген педагог. Оның "Педагогика" кітабы алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында /"Түркістан баспасөз махкамасы"/ шығарылды. Мағжан осы кітабында "Дидактика" және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп қарастырған. Оның 18 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-1921 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері окыту процесін ағартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары Рубинштейннің /1889-1960/, А.Смирновтың /1894-1975/, ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері тактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнына, мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылыми негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқытудың, тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте окытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және оны жүзеге асыру керек.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларың терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі.
Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады.
1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарың бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3.Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіп бағдар беру.
4.Жалпы білім беру мазмұның ізгілендіру және гуманитарландыру. Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастарды жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдармалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнында оқылатын пәндердің үш негізді циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
"Білім беруді
жетілдірудің негізгі
Оқыту пәндері
бойынша әрбір сабақты
Қазіргі кезеңде еңбек тәрбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, зертханалар оқу тәжірибе учаскелері, оқушылардың өндірістік қағидалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т.с.с.
Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне игі әсер етеді.
негіздері.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялық процесс т.б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не?
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндетін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымдық-практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және дағдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек.
Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі /білім
беру мазмұны/.
2.Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және
оқушылармен қарым-қатынасы /сабақ беру/.
3.Оқушылар, сынып ұжымы /оқу іс-әрекеті/.
Информация о работе Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын