Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:38, курсовая работа

Описание

Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.

Содержание

Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын. ..............................................................
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2.1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды пайдалану............................................................................................................
2.2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдануы............................................................................................
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

кур ж Дидактикалы ойындар.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)

Мұғалім таблицада  бейнеленген нәрселердің бірін  көрсетіп, оқушылардан тура сондай кескінді қайталап құрастырып беруді талап етеді немесе бұрын құрастырылған нәрседен төмен (жоғары) орналасқан, одан оң жақта (сол жақта) тұрған және басқа нәрселерді құрастыруды ұсынады. Бұл кезде балалар таяқшалардан кескіндер құрау арқылы қарастырылып отырған сан көлемінде санауды үйренеді. Осы мақсатта төмендегідей тапсырмаларды орындатқан тиімді: 1. Берілген таяқшалар көлемінде, мысалы, 8 таяқшадан, нәрсе құрастырыңдар. 2.Жалпы саны бірдей таяқшалардан тұратын екі нәрсе кескінін құрастырыңдар. 3. 6 таяқшадан тұратын үшбұрыш немесе басқа  бір  формадағы  геометриялық нәрсенің  кескінін құрастырыңдар. 4. Таяқшалардан 2- суретте көрсетілгендей сандарды, әріптерді, математикалық белгілерді құраңдар.

Логикалық есептер 1- сынып оқушыларының математикалық білімін нығайтуға болады.

Логикалық есептер

1. Айдардың бойы Мараттан ұзын, Қайраттан  кішірек. Сонда ұлдардың ішіндегі ең ұзыны кім? (Қайрат).

2. Жіпке үш түйін түйіп қойдық. Жіптің бойында неше бөлік бар?

3. Таяқшалармен 3- суретте  берілгендей  үшбұрыш құрыңдар. Қалайша үшбұрышты төртбұрыш етіп созуға болады?

Әр оқушы  логикалық ойлау қабілетіне қарай  түрліше сызады. Бұл әдісте оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылық қиялын арттыруға жәрдемдеседі.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


Геометриялық  басқатырғы «Бірден сызып шық». Қарандаштың  ұшын қағаздан алмай бірден сызып  шық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту. Сурет  стрелкасыз беріледі.

Міне, осындай бастауыш сынып оқушыларының орындап отырған математикадан көмекші материал балалардың зердесін дамытуға зор мүмкіндіктер береді.

2.3 Математика  сабақтарындағы дидактикалық ойындардың  түрлері.

 

Бірінші сынып  оқушыларың мектепке дейінгі ең негізгі  іс-әрекеті - ойын. Оқытып - үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетін таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты  мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде  пайдаланылып жүрген дидактикалық ойындар өте көп.

Дидактикалық  ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір- біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын  іс- әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс- әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал  жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойыы шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.

Дидактикалық  ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны  қолдаудың теориясы мен практикасын  мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына  лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз.

Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен, ойынды жарыс түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды карточкаларды, т.б. әртүрлі шартты белгілерді; кеспе цифрлар мен таңбаларды, жұлдызшаларды және т.б. заттарды пайдалану. Сонымен бірге ойын түрлерідегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай өзгертіп тұру керектігін ескерген жөн.

Мысалы, жаңа материалды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда оқушылар нақты заттардың тобын немесе олардң суретін пайдаланып, практикалық тұрғыдан жұмыс істеу керек болса, ал өткенді тиянақтау кезінде ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін, ендеше есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға немесе оны іштей қайталап отыруға баса көңіл бөлінеді.

Дидактикалық  ойындар жайында жоғарыда келтірілген  пікірлер, ұсыныстар мен нұсқаулар 1-сыныпта математиканы оқыту әдістерін  жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі - дидактикалық ойындарды сабақ процесінде тиімді пайдалану үшін қажетті негізгі қорытындылармен мұғалімдердің  танысуына  және сол бағытта  олардың  шығармашылық ізденісіне бағыт - бағдар сілтеуге, жалпы алғанда математиканы оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді демекпіз. Әрине, оны қолдаудың нәтижелі болуы, мұғалімнің ойынның математикалық мазмұнын анықтауға, қажетті түрлерін іріктеп алуға, нақтылы сабақтың мақсатын және мүмкіндіктер мен жағдайларды ескеруіне, сабақтың кез-келген кезеңінде, тіпті дүркін-дүркін тиімді қолданылатын іс-әрекеттердің өзгермелі болуын қатамасыз етуге байланысты.

Шәкірттерге тиянақты білім беру мұғалімінің творчествалық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, оларды ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойы-ны түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:

1. Дидактикалық ойындар.

2. Сөздік- дидактикалық ойындар.

3. Рөльді сюжетті ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5.  Шығармашылық ойындар.

6. Әдеби- музыкалық ойындар.

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір  мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда "жақсы ойын" жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмүнның тәрбиелік - танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материялдары мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым- қатынастарының игі тілектестігі және көңіл - күйлерінің шаттығы.

Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу -жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Ойынды ақыл-ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге/ белсенді таным іс-әрекеттерінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы  мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның  мазмұнын баянды етеді және өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын анықтайды.Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Оқытуда  қолданылатын ойын әдестері- ойынның  нақ  өзі  емес, ойын түріндегі әдісі.

Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына  балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете түсуге жәрдемдеседі.

Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады",  дегені мәлім.

Дидактикалық  ойындардың түрлерінде шек шок.

Қазіргі кездегі  сабақ материалдарының  мазмұнына  сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Дидактикалық  ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс? Дидактикалық ойындар  мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін  шешуге байланысты пайдалануға тиіс?

Қазіргі оқыту  процесінде қандай дидактикалық ойыншықтар керек?

Оқыту қандай психологиялық - педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн?

Оқыту процесінде ойын балалар үшін тамаша тартымдылығынан  айырылып қалмау үшін, ойыншық әдеттегі методикалық құрал-сайманға айналып  кетпеу үшін, мұғалім дидактикалық. ойындар мен  ойыншықтарды пайдаланып, материалды балаларға жеткізуі керек?

Осы және басқа  толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды.

Сонымен бірге  оқу-тәрбие процесінде ойынды дұрыс  кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде оқыту мен тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде оқыту мен тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімдік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балаларының жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты.

Мұғалім ойынды пайдалану методикасына да ойын түрлерін таңдап - талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Әрбір сабаққа  лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілетін және жаңадан өтілген мәселені, сондай - ақ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге күн  ілгері даярлықты қамтамасыз ететін  материалдарды қамтиды, яғни әрекетті материалдарын тұрады.

Демек, мұғалім  сабаққа әзірлену барысында оқулықтың  әрбір бетінде келтірілген материалдарға  жан - жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу — материалдарын және оны оқып үйренудің әдіс — тәсілдерін іріктейді.

Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнектіліктің бір түрімен (ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар ) жұмыс ұйымдастырылады.

Оның түрі мен  мазмұны әр сабақтың нақты мақсатына  орай мұғалімнің өзі анықтайды.

Ол жұмысты  орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар класта орындалатын колективтік жұмысқа белсенді қатыстырылады.

Демек: сабақтың бүл бөлігінде көрнектілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлұматты саналы қабылдауы жүзеге асырылады.

Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс -әрекеттерінің түрі алмастырылады.

Сабақтан екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша  түсіндірмесе немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді, болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.

Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады.

Ал дәптерлер  оқулықты толықтыра түседі де, әрбір  сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.

Сабақтың қай  бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімдік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланады.

Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл  байлығын дамыту т. с. с мәселелерге де ерекше көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс - әрекетке тарту, әрі жұмыс түріне сәйкес ойын әлементтеріне және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс  әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек.

Информация о работе Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын