Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:38, курсовая работа
Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.
Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын. ..............................................................
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2.1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды пайдалану............................................................................................................
2.2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдануы............................................................................................
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1. Балалардың іс - әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.
2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: "Лото", " Домино" және т. б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада:
1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітеп, нақтылай түседі.
2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.
3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Мұның барлығы
дидактикалық ойындарды бастауыш сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі
бір жүйемен пайдалану
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Дидактикалық
ойындарды оқыту мазмұнына
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:
- егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
- егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
- егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.
Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы.
Бастауыш сыныпта оқу- тәрбие үрдесінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез - құлқына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсер тигізеді.
К.Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: "Ойын - балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс - әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады"
Ойын баланың мінез - құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.
2.2 Бастауыш сынып математика
сабақтарында дидактикалық
Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Кәдімгі мектеп жағдайында оқушының белсенділігі сұрақ - жауап, әңгімелеу, өздерінің ойларын жеткізе білу кезінде көрінеді. Тәжірибеден байқағанымыз дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
Математикадан
оқу - тәрбие процесінің сапасын арттыруда
қазақ әтнопедагогикасының
Бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытуға кәсіби даярлығын жетілдірудің бір жолы олардың математиканы оқытуда халықтық тәжірибені тиімді пайдалана білуі болып табылады. Өйткені халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырлық тәжірибесінде мектеп практикасында математиканы оқытуда пайдалануға болатын материал баршылық (қазақ халқының ауызша есептері, ауызекі шығармашылық үлгілері, қазақтың байырғы өлшемдері т.б.). Бұл материалдар бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытудың құралы бола алады, себебі, олар біріншіден, оқушылардың математикалық білім, біліктілік, дағдысын қалыптастырады, екіншіден, логикалық ойлау қабілетін дамытып, ақыл - ой ұшқырлығына, шапшандығына баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс -тіршілігінен мағлұмат беріп, ата салт - дәстүріне аялы көз - қарасты қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден, оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отансүйгіштікті дамытуға жәрдемдеседі. Бұл материалдарды бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әртүрлі формаларында - сабақтарда, математикалық үйірмелерде, математикалық кештерде т. б. пайдаланудың мәні зор. Оқушының оқу — танымдық іс - әрекетін оқытудың әртүрлі құралдармен (ойындар, жұмбақтар, т.с.с.) белсенділу арқылы нақты нәтижеге қол жеткізуге болатындығы педагогика ғылымында әлдеқашан дәлелдеген болатын.
Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі - ойындар мен ойын - өлеңдері бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда маңызды орын алады. Оларды математиканы оқыту процесінде қолданғанда, ойын процесі мен оқу процесінің бір-бірінен ажырамағаны жөн. Оқушы ойын іс - әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінде қалай ойынға араласып кеткенін аңғармауы шарт. Сонда ғана мұғалім халық ойындарын оқу іс-әрекетімен байланыстыра алғандығын байқатады және оқушыларда пәндік білім, біліктілік, дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Қазақ халық
ойындарын пайдалануда
- Ойынның сабақтың немесе сыныптан тыс жұмыстың әрбір кезеңіндегі орны мен мақсатын, міндеттерін нақты анықтау;
- Олардың қолданудың теориясы мен практикасын жетік игеру;
- Ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын ала дайындау.
Математиканы оқытыудың әдістемелік құралы бола алатын жұмбақтарды былай топтауға болады: қандай да бір заттың немесе құбылыстың сандық сипаттамасын тұспалдайтын жұмбақтар; зат немесе құбылыс бөлшектерінің, жаратылыс иелері мүшелерінің сандық мәнін тұспалдайтын жұмбақтар.
Математикалық мазмұндағы жұмбақтардың педагогикалық мүмкіндіктері; оқушыға заттың немесе құбылыстың сандық сипаттамасын және мәнін түсінуге, көре білуге септігін тигізеді, олардың ой-өрісін, білім қорын кеңейтеді, ақыл-есін, қиялын дамытады, ойын шынықтырып, ойлауға жаттықтырады, зейін мен ынта - ықыласын арттырады, дүниетанымдық көзқарасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Ауызекі халық шығармашылығында мақал - мәтелдер елеулі орын алады. Халық мақал - мәтелдерін зерттей отырып, қазақтардың математикалық білімге деген талаптарын тұжырымдауға болады. Мәселен, " Есеп, есеп білмеген есек ", "Есепсіз дүние жоқ", "Есебін тапқан екі асар", "Саны бардың мәні бар" деп халық даналығы жас жеткіншектерді сан ілімін меңгеріп, оны үйренуге, оған үлкен жауапкершілікпен қарап, есептің өмірдегі мәнін дұрыс түсінуге шақырады.
Қазақ халқының ауызша есептері бастауыш сыныпта математиканы оқытудың қажетті, әрі мазмұнды құралы болып табылады.
Ауызша есептер аса қарапайымдылығымен, логикалық шымырлығымен, математикалық ойды өмірмен байланыстыру шеберлігімен ерекшеленіп тұрады.
Бастауыш сынып
оқушыларына ұсынылатын есептердің
көпшілігі арифметикалық
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері тек ою - өрнек, әшекей -бұйымдар мен заттар ғана емес, олар математикалық білімнің, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, сызбаның т.с.с. көрінісі. Мәселен, қолөнер туындылары, оларға түсірілген ою-өрнектер геометрикалық фигуралар пішінді (сызық, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек т.е. ) болып келеді. Оларды жасауда, ою - өрнектеуде де шеберлер симметриялық, пропорциялық сияқты негізі принциптерді басшылыққа алған.
Сәндік - қолтанбалы өнер туындыларын жасауды үйретуде де халық математикалық тәсілдерді пайдаланған: есептеу, сызу, өлшеу, салу т.е. Бұл айтылғандардың барлығы, бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде сәндік - қолданбалы өнер материалдарын оқытудың көрнекі құралы ретінде пайдалану қажеттілігін көрсетеді.
Бастауыш мектептегі оқытудың ең басты міндеттерінің бірі - балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Баланың логикалық ойлау қабілетін, оның есеп шығару ерекшеліктерінен тез байқауға болады. Бұны біздің еліміздегі балабақшаларындағы көп жылғы іс - тәжірибелер көрсетіп отыр. Мәселен, көптеген 5-6 -жасар балалар өздерінің арасындағы балалардың ішіндегі ең күштісі кім екенін оңай салыстыра алады: Аян Айгерімнен күштірек, ал Айгерім Айжаннан әлсіздеу болса, бәрінен күштісі Аян болады. Есепте ер балалар мен қыз балалар аралас келтірілген.
Сондықтан олар өздерінің өмір тәжірибесінен "қыздарға қарағанда ұлдар әрқашан да әлдірек келеді" деген қорытындыны жасай алады.
Белгілі ресейлік ғалым - педагог Л.В. Зенковтың айтуынша, сабақтағы ойын әлементтері оқу процесіндегі зерттеушілікті жоюға көмектеседі, оқушылардың білімін кеңейтуге, шығармашылық іздемпаздығы мен зерделігін арттыруға және оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға, ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Бірінші сыныпты бағдарламасы бойынша математика сабағында, әдетте, 1- ден 5-ке және 6- дан 9-ға дейінгі сандарға 1 санын қосумен немесе алумен ғана шектеледі. Сандардың қосу және алу амалдарының басқа да жолдарын, мәселен, 7 санын алудың мынадай жолдары ( 5+2; 4+3) көрнекі тәжірибелер жасау, тартымды ойындар ұйымдастыру, логикалық есептер шығарту арқылы қарастыруға мүмкіндіктер мол. Нақты мысалдар келтерейік.
Тәжірибе. 6 санының құрамын қарастырайық. Әр оқушының үстеліне бір картон қорап, 6 алма (еңбек сабағында пластилиннен қолдан жасаттыруға болады) және екінші қатар етіп тақтайша (подставка) қойылады. Мұғалім оқушыға қарап:
- Балалар, біз қазір қорапқа алма жинаймыз (балалар қорапты алып, оған алманы салады). Қорапта неше алма бар? (6). Енді олар қораптан бір алманы алып, бірінші қатардағы тақтайшаға қояды. Барлыгы неше алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 5, тақтайшада 1 алма бар. Балалар тағы бір алманы алып, бірінші қатардаңы тақтайшаға қояды. Барлығы неше алма бар? Санайық (6). Ал 6 алманы қалай алдыңдар? Қорапта 4, тақтайшада 2 алма бар.
Содан соң оқушылар 3 алманы алып, екінші қатардағы тақтайшаға қояды. Қалайша 6 алма алуға болады? Балалар 6 алманы алу жолын өздерінше топшылайды: 6 — ол 5 және 1, 6 — ол 4 және 2, 6 — ол 3 және 3.Олар мұғалімнің көмегімен келесі қорытындыны жасайды: 6 - деген сан 5-ке 1-ді қосқанда, немесе 4-ке 2-ні қосқанда, немесе 3-ке 3 қосқанда шығады. Осы сабақта осылайша басқа сан құрамын, мысалы, 7санының құрамын қайтадан қарастыру тиімсіз, өйткені қайталаушылық балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан жеті санын жіктеп үйретуді «Үйде кім тұрады?» ойыны ретінде қарастырған жөн.
Тақтаға біраз терезелері түсті қағаз парақтарымен жабылған үш қабатты үйдің суреті ілінеді. Балаларға үйдің әр қабатында 7 санын құрайтын сандардың тұратыны айтылады, ұстаз балаларға мынаны ескертеді: «Үйдің кез келген пәтеріндегі бір терезе ашылса — бір сан «ұйқыдан оянды» деп есептеледі. Мұғалім суреттегі жабық терезенің бірін ашады. Сан оянды. Енді қабаттағы көршілес сандарды ояту керек. Бірақ оны тек санды дұрыс айтқан оқушы ғана оята алады». Оқушылар ойынға аса бір қызығушылық танытып, жұмысқа кіріседі. Бұл пәтерде 5 және 2 сандарының, 4 және 3 сандарының, т.с.с. тұратыны айтылады. Оқу процесіне осындай ойын элементтерін енгізе отырып, басқа да әр түрлі рөлдегі ойындарды құрастыруға болады.
Информация о работе Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын