Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:38, курсовая работа
Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.
Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын. ..............................................................
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2.1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды пайдалану............................................................................................................
2.2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдануы............................................................................................
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады. Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамды жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті
толық циклының проблемалық пайда
болуынан проблеманың шешілуіне
дейін мынадай кезеңдері
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.
Проблеманы
оқыту процесіне мұғалім
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды.
Мысалы, 3-сынып оқушысына өзеннің бір жағында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол сұрақтың мәнің ұғып оны шешу үшін дәрменсіз болады.
Бұл жерде прроблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі, оны шешу үшін оқушының білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болды.
Сонымен, оқушылардың әр түрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді.
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мындай кесте арқылы суреттесек те болады:
1-сурет.
«Ойын» ұғымына түсінктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын, қоршаған
ортаны танудың қарапайым және жақын
негіздемесі біліп алу әдісі
мен әдістемерлердің қол
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша, балардың өздігінен көрістік-рөлдік ойындар ойнауы үшін білім – машыктарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезендерді нақтылы білуі қажет. Ол кезендер мыналар: жоспарлау, дайындау, іске асыру (ойынды өздігінен) ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынасы, тәртібі.
Ойын –
бір қарағанда қарапайым
Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді.
Ойын-оқытады, тәрбиелейді, дамытады, көптеген қарапайым көріністерді орыс жазушысы Ю. Нагибин балалар ойынын былай бағалайды "Ойында баланың мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Өздері сезбей балалар ойын барысында, өмірлік маңызды нәрселерді шешуге, үйренеді. Балалық шақ ойынсыз дұрыс емес.
Баланы ойнатпау оны негізі даму мүмкіншілігінен айыру; ұжымда тіршілік ету, және табыс мүмкіншіліктерін дамыту. Бала үшін ойын дегеніміз өмір сүру жалғандық пен шындықтың шегі. Оның өмірге деген қөзқарасты қалыптастырады. Ол балада балалықты сақтайды және дамытады. Қайта құру процесі де болып жатқан өмірдің барлық жақтарын қамтиды.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сынптарда пайдаланытын: ойын сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Дидактиқалық ойындардың оқу процесі кезінде мектепке жағымды көзқарас қалыптастыруы.
Дидактикалық ойынның негізгі балаларға ойын түрінде берілген ошау тапсырмаларын ішінде, өздері соның барысында барлық қиыншылықтарды шешеді. Дидактикалық ойын кезінде логикалық ойлау қабілеті артады. Ойын тапсырмасын орындау кезінде заттарды салыстыру, ерекшіліктері, қорытынды жасау. Сондықтан да өзінің білімін әртүрлі жағдай да пайдалануға болады. Н. К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымаққа болуға үйретеді.
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын -айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын - балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтады.
Ал заманымыздың таланты педагогы В.А. Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчесвосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл –ой тәрбиесі деген болмайды " - деп санайды.
Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушыладың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын "түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сап алы орындайтын болады. Бастауыш сыныптарда ойындар қимыл - қозғалысты және дидактикалық болып бөлінеді. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылада.
Ойынға қойылатын методикалық талаптар.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш сыныптар мұғалімдері жыл бойын программалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қажетті құрал - жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастап қолға алғаны жөн. Өз практикамда, осы жағына көбірек көңіл бөліп келемін. Алдымен көптеген дидактикалық ойындарды өткізуде жиі пайдаланылатыи құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындап аламын. Олардың қатарына мыналар жатады; демонстрациялық екі қатарлы қалталы полотно немесе екі қатарлы сөре және әр оқушының жеке қалталы полотносы, түстері, өлшемдері, пішіні әр түрлі және бірдей заттар, олардың жиынтығы, заттың суреттері, ойыншықтар (қуыршақтар, машиналар, самолеттер т.б.), дидактикалық қима материалдар (цифрлар, таңбалар, геометриялық фигуралар) санау шыбықтарының, түрлі түсті шыбықтардың және таблицалар мен үлестірме карточкалар, ұсынылатын материалдардың тексі. Дидактикалық материалдарды жинақтау мұнымен шектелмейді.
Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны методикалық танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта, ойын әлементін пайдалану - сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Мен ойын әлементтерін барлық сабақтарда кеңінен пайдаланамын.
Әрбір бір нақты
сабақтың сапасы мен тиімділігі оның
мақсаты мен нәтижесінің
Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенімен, оқу-тәрбие үрдесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті -ойын десек, оқу - тәрбие үрдесінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
2. Оқыту
мен дамыту бағытындағы
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай - ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.
Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрбыластарымен қарым – қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Информация о работе Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын