Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:38, курсовая работа

Описание

Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.

Содержание

Кіріспе
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1.1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат
1.2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық – педагогикалық
негіздері
1.3 Білім берудің басты құралы – ойын. ..............................................................
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2.1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды пайдалану............................................................................................................
2.2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдануы............................................................................................
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

кур ж Дидактикалы ойындар.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)

4.Оқыту әдістері.

5.Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың

техникалық  құралдары.

 

Оқыту нәтижелері.

 

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,  табиғат  пен  қоғам  заңдарын  тану  нәтижесі.  Білімді адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.

Оқушы ойлау  операциясына сүйеніп, өз білім шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың  таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес.

Мысалы, сауатты  жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.

Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.

Сонымен, оқу  процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.

Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық  іс-әрекеттері  жүзеге  асырылады.

Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.

Бұл  оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективтік білімді танудың ерекше формасы.

Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында танылатын таным және  практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білім мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы  қайшылық.

Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың  шамасы келмесе, оңда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы принциптері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытушының білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

Оқытудың  білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Қазіргі кезеңде  білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:

-  білімнің толықтығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің  негізгі  звеноларын,  яғни  танымдық  іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;

  • білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
  • білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

- білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.

 Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың  тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Каменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И.Ф.Гербарт  оқыту адамгершілік тәрбиесіз мақсатсыз  құрал деп тұжырымдады.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелер оқушылардың дүниетанымы мен  сеніме айналуын сипаттайды, моральдық  нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.

Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Сонымен, оқыту  оқушыларды терең біліммен каруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді.

Оқытудың  - осындай  басты міндеттерінің бірі -шәкірттердің таным-қабілетін дамьпу.

Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқу процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің, кезеңдері кіреді:

-таным міндеттеріне  жете түсіну;

-жаңа материалды  қабылдау;

-ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;

-білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;

-білімді, іскерлікті  және дағдыны практикада қолдана  білу;

-оқушылардың  жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін 

және дағдысын тексеру, бағалау.

Енді оқыту  процесінің звеноларына тоқталайық. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен  ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.

Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың адам санасында бейнелеу процесі.

Сабақ үстінде  оқушылардың жаңа материалмен танысуы  түйсікпен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп сипаттайды.

Оқушыларды  жаңа  материалдармен  таныстыру,  бақылау,  эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.

Ұғыну  -  бұл  саналы  түрде  ғылыми  білімді,  заңдылықтарды ұғыну,  фактілерді жинақтау процесі,  қорытынды  шығару.  Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.

Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.

Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өйткені  оқу материалдарын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.

Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу  курсын толық бітіргеннен кейін  жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау оқушылардың білімін бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.

Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады.

Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.

Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шеттелуге болмайды.

Сондықтан оқушылардың  барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісін даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.

Оқыту процесінің звеноларын таным процесінің формуласына  сүйеніп, салыстыру ретінде логикалық  бір ізділікпен былай жазуға болады.

Нақты аңғару - түйсік, қабылдау.

Абстракты ойлау - ұғыну, мәнін түсіну.

Практика -  бекіту,  білімді,  іскерлікті,  дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің осы компоненттерін тексеру, бағалау. Сонымен оқыту процесінің звенолары сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Егер олардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін.

Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелетін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.

Оқыту практикасында  оқудың әр түрлі мотивтері - бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі.

Өйткені мұғалім  оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекті және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен  қолданады лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді.

Осылардың  бәрі  оқушыларды  терең  білім  алуға  қызықтырады талпындырады.

Перспективті  талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмытылушылығына, оның іс-әрекетінің болашаққа бағыштауына байланысты.

Бұған жататын  мотивтер:

а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы;

ә) келешек мамандыққа байланысы жок белгілі іс-әрекеттеріне

қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт т. б.). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыруы қажет.

Ойдың талаптандыру- мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты.  іс-әрекетінің  барысында  сұраққа  немесе  проблемаға оқушы  өз  бетінше жауап  беруге тілек білдіреді, тырысады да тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді.

1. Танымдық мотивтер:

a) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;

ә) өз бетімен  білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана  білу мотивтері.

2. Әлеуметтік мотивтер:

а)  кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);

ә) тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының алдындағы бедел т.б.);

б)  ынтымақтастық  әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.

Әлеуметтік мотивтер бұл дүние танымының қалыптасуына, идеялық сенімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі. Осы мотивтерді іске асыру және оқу жұмысының әлеуметтік жөнін көтеру мақсатында мұғалім оқушыларга сынып және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін, келешек мамандықты игерудің,  еңбек  іс-әрекетіндегі  белсенділіктің қажеттігін жете түсіндіре білу керек.

Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы қажет.

Оқытудың түрлері

Оқыту жеке адамның  білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.

Оқытудың бірнеше  түрлері бар: түсіндірмелі - иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту, бағдарламалап оқыту т.б.

Түсіндірмелі-иллюстративті  оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді.

Ол үшін жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар  және заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді.

Жаңа  материалдарды  қайталап  бекітеді,  түрлі жаттығуларды,  тапсырмаларды  орындау барысында  алған білімін қолданады. Бұл  жерде ешқандай проблемалық жағдайлар  тумайды.

Проблемалы оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар тақырып бойынша проблемалық сүрактар қойылады. Оқушылар проблемалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.

Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып-білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.

Психологтар адамның ойлағышытық іс-әрекетінің негізі түрлерін атайды: репродуктивті және продуктивті, шығармашылық.

Репродуктивті іс-әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады.

Мұғалім жаңа оқу  материалын, жаңа ұғымдардың мәнің  түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көрсетеді.

Оқушы оқу тапсырмасын  мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде  жасаған әрекетіне сәйкес орындалуы  қажет.

Бағдарлама  бойынша оқу материалдарының  көпшілігін мұғалім проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.

Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді  өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады  немесе белғілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет жасаудың жаңа ережесін табады (алгоритмді өзі жасайды). Бірақ оқушының дайын алгоритмді үлгіні пайдалануы да мүмкін.

Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекет ойлаумен, пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады (проблема түрінде сұрақтар қою, жорамал ой туғызу т. б.)

Шығармашылық  іс-әрекеті  алгоритмнен,  үлгіден,  формализмнен аумаушылықты көтере алмайды.

Шығармашылық  бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсініп ұғыну істің кенеттен шешілу жолдарын табу.

Информация о работе Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын