М.Мағауин повестерінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 14:21, реферат

Описание

«М.Мағауин повестерінің көркемдік ерекшеліктері» деп аталатын тарауында жазушының повестеріне көркем талдау жасай келе, ондағы ұлттық идеяның көрінісіне назар аударамыз. Повестері кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, ондағы автордың ұлттық мәселелерге дендеп бара алу мүмкіншіліктеріне, символдық, астарлы ойлардың айтар шындығына, ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананың көркемдік көрінісіне тоқталамыз. Өйткені ұлттық идея алдымен ұлттық мінезі, санасы қалыптасқан қаһармандардың рухани болмысы арқылы көрінеді. М.Мағауин қандай кейіпкерді нысанаға алса да, қандай тағдырды талдауды ойласа да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................... 4


І ТАРАУ. Жазушылық шеберлік
қырлары.................................................. 7

ІІ ТАРАУ. М.Мағауиннің повестерінің
көркемдік ерекшеліктері..................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58

Работа состоит из  1 файл

М.МАҒАУИННІҢ ПОВЕСТЕРІНІҢ.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

6АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                                           Филология факультеті

                                                           Қазақ әдебиеті және

                                                           теориясы кафедрасы

 

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі,

филология ғылымдарының

кандидаты Ж.Жарылғапов

 

------------------------------------

“          “ 

---------  -----------------2006ж.

 

 

 

М.МАҒАУИННІҢ ПОВЕСТЕРІНІҢ

КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 

                Орындаған:                          Ү курс студенті

                                                               РАХИМБЕКОВА Г.Д.

     

                Ғылыми жетекшілері:          филология ғылымдарының

                                                               кандидаты, доцент 

                                                   ЖҰМАДІЛОВА Н.Т.

                                                            оқыт.ӘШІРБЕКОВА А.Б.

ҚАРАҒАНДЫ – 2006

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.БУКЕТОВ  АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

   

                           

РАХИМБЕКОВА ГҮЛМИРА ДАЛАБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.МАҒАУИННІҢ ПОВЕСТЕРІНІҢ

КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 

Мамандығы: 030740 – «Қазақ тілі мен  әдебиеті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРАҒАНДЫ –2006

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ...................................................................... 4 

 

 

І ТАРАУ.   Жазушылық  шеберлік

                    қырлары.................................................. 7

          

ІІ  ТАРАУ.  М.Мағауиннің  повестерінің

                     көркемдік ерекшеліктері..................... 30                  

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К І Р І С П Е

 

Жазушы – халық  өмірінің  шежірешісі  ғана  емес,  бақылаушысы  әрі  барлаушысы.  Қайратты  қаламгер  қай  тақырыпқа  қол  артса  да,  өзінің  идеялық-эстетикалық  мұратын  бейнелеуге  ұмтылады. Өнердің  өмірмен  өзектестігінің,  ілгерішілдігінің  бір тармағы  осы  болар.  Байсалды  проза  туындысының  көркемдік  деңгейі  оның  жұрт  көзіне  көп  шалына  бермеген  тақырып, иә  обьектіге  із  салуында  емес, қайта  соны  фон  ретінде  пайдаланып,  терең  тұжырымды  тосын  сипатта  толғап,  толыққанды  тұлғалар  арқылы  таныта   алуында.

Осы  тұрғыдан  алғанда,  қарымды  қаламгер, кемел   жазушы  Мұхтар  Мағауиннің   қазақ  прозасында  алар  орны  дара. Оның  «Аласапыран»  атты  тарихи  роман-дилогиясы – бүгінгі тарихи   прозаның  ең  озық  туындылары  қатарынан  саналатын  көркем   шежіре. Оның  «Көк мұнар» (1),  «Шақан  шері» (2),  «Сары қазақ» (3), «Аласапыран» (4)  романдары,  «Бір  атаның  балалары» (5),  «Тазының  өлімі»,  «Қара  қыз»,  «Мәңгілік  күй»,  «Өмір жыры», «Жыланды жаз»  повестері  мен  «Әйел  махаббаты»,  «Көк кептер» (6), «Қияндағы  қыстау»,  «Иесіз»,  «Шешей» әңгімелері  төл әдебиетіміздің  пайымдық-парасаттық  деңгейін  тереңдеткен,  көркемдік-бейнелеушілік деңгейін  биіктеткен   сүбелі  үлес   болды. Қай-қайсысы да – тек әдебиетіміздің  ғана  емес,  замандастарының жан дүниесіндегі  толқыныстар мен сілкіністерге айта  қаларлықтай ықпал ете алған тегеурінді  туындылар.  Оның  «Алдаспан» (7),  «Қобыз   сарыны» (8), «Қазақ тарихының әліппесі» (9)  де  -жазушының ғалымдық  қырын танытатын еңбектер.  Соңғы жылдары жарық   көрген  «Мен» (10) ғұмырнамалық  романы  қазақ әдебиетінің жанрлық дамуындағы  жаңа  белесті танытты.

Айтар  ой,  идеясын  тың  дерек,  тосын   тәсілмен  шиыршық аттыра  жеткізу – жазушы  Мұхтар  Мағауиннің  қаламына  тән машық.  Осылай  әрі ғалым,  әрі жазушы  М.Мағауин – екі қиын  өнердің тізгінін  қатар ұстап келе  жатқан  қаламгер.

Біз  дипломдық  жұмысымыздың  негізгі  обьектісі  етіп  қарымды  қаламгер  Мұхтар Мағауиннің  повестеріндегі  ұлттық  идеяның  көрінісін  алып  отырмыз.

Дипломдық  жұмыс  кіріспеден,  екі  тарау  және  қорытындыдан  тұрады.  Соңында  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  берілген. 

«Жазушылық  шеберлік  қырлары» деп  аталатын  тарауда  автордың  шығармашылық  жолына  шолу  түрінде  тоқтала  келе,  ондағы  суреткерлік  сонылығына,  характер  даралаудағы  көркемдік  стилі  мен  авторлық,  көркемдік  концепциясының  өзгешелігіне  мән  береміз.

«М.Мағауин  повестерінің көркемдік ерекшеліктері»  деп аталатын  тарауында жазушының повестеріне көркем  талдау  жасай келе,  ондағы  ұлттық  идеяның көрінісіне  назар аударамыз.  Повестері кеңестік  жүйе  кезінде жарық көргендіктен,  ондағы  автордың  ұлттық  мәселелерге  дендеп  бара  алу  мүмкіншіліктеріне,  символдық,  астарлы  ойлардың  айтар  шындығына,  ұлттық  характер,  ұлттық  психология,  ұлттық  сананың  көркемдік  көрінісіне    тоқталамыз.  Өйткені  ұлттық  идея  алдымен  ұлттық  мінезі,  санасы  қалыптасқан қаһармандардың  рухани  болмысы арқылы  көрінеді.  М.Мағауин қандай  кейіпкерді  нысанаға  алса  да,  қандай  тағдырды  талдауды  ойласа  да,  ұлттық  мінез,  ұлттық  орта,  ұлт жағдайынан  ғана  туындар әлеуметтік  ой  айтады.  Ендеше  біз  еңбегімізде проблеманың  шешімін  осындай  негізгі  мәселелердің  төңірегінен  іздейміз.

Қорытынды  бөлімінде  зерттеу  барысында  қол  жеткізген  ой-тұжырымдар  жасалады.

Соңында  пайдаланылған  әдебиеттер   тізімі  келтірілген.

 

 

 

 

 

БІРІНШІ ТАРАУ. ЖАЗУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІК   ҚЫРЛАРЫ

Қазіргі әдебиетімізде  тарихи  тақырыпты  шығармалардың  шеңбері  кеңейіп  келе  жатқаны,  мұның  өзі  халқымыздың  өткендегі   өмір  шырғалаңдарын,  тар  жол,  тайғақ  кешулерін,  тәуелсіздік  жолындағы  күрестерін,  ерліктері  мен өкініштерін бүгінгі буынға  ғибрат  етіп  ұсынудың  аса қажетті   амалы екені кәміл.

Жазушы  М.Мағауиннің  «Аласапыран»  аты  роман-дилогиясы - тарихи  тақырыптағы  елеулі  шығармалардың  бірі.

М.Мағауиннің  шығармашылығы  бірқатар  ғылыми  еңбектерде  сөз  болды.  Солардың  ішінен  Р.Бердібаевтың «Қазақ романы» (11), Ж.Дәдебаевтың  «Өмір шындығы  және  көркемдік  шешім» (12),  Т.Сыдықовтың  «Қазақ тарихи романы» (13),  Б.Майтановтың «Қазақ романы  және  психологиялық  талдау» (14)  еңбектерін,  сонымен бірге Қ.Жұмаділовтің  «М.Мағауин туралы  сөз»  (15), А.Аханбайқызының ««Мен»  болмаса, мінезді шығарма туар ма?» (16), С.Шүкірұлының «Мұхтардың «Мені»» (17), Ж.Сейдахметованың «Әдеби тұлғаның  адамгершілік  әлемі» (18),  А.Тұрышевтің «Шақан  шерінің жан айқайын кім естиді?» (19), С.Шүкірұлының «Ұмтылып  өскен азамат  немесе  даналық дәрістер» (20)  сынды мақалаларын атап  өткен  ләзім.

  «Аласапыранның»   оқиғалық  желісі  ХҮІ ғасырдың  ақыры  мен  ХҮІІ ғасырдың  бас  кезіндегі  Қазақ  ордасы  мен  Ресейдің  арасындағы  қарым-қатынас  тарихына  құрылған.  Бұл  кезеңнің  шындығы  осы  күнге   дейін  көркем  шығарма  тақырыбы  болмаған  еді.  Ендеше,  роман,  ең  алдымен  өзінің  тақырыптық  тыңдығымен,  қамтыған  оқиғаларының  қызықтығымен  көңіл  аударарлық.

Дилогияның  негізіне  тарихта  болған  адамдар  мен  істер  алынған.  Атап  айтқанда,  мұнда   қазақ  ханы  Тәуекелдің  немере  інісі  Оразмұхамед  сұлтанның  аңдаусызда  Сібірдегі  орыс  воеводасының  қолына  түсіп,  тұтқын  ретінде  Мәскеуге  апарылғаны,  еліне  қайтуына  еріксіз  болса  да,  орыс  патшасының  ілтипатына,  сый-құрметіне  ілінгені,  Ресей  жауларына  қарсы  соғыстарда  қол   бастағаны,  Борис  Годунов  таққа  отырған  кезде  Қасымов  қаласының  ханы  болып  тағайындалғаны,  кейіннен  аласапыран  тар  заман  туған  кезде  маңайындағы  дұшпандардың  өштігі  мен  күншілдігінің   құрбаны  болғаны  көрсетіледі.  Осы  оқиғалық  желіден  көрініп  тұрғанындай,  романда  Оразмұхамед  орталық  қаһарман  сипатында  берілген. Шығарманың   барлық  тарауында  дерлік  оның  іс-әрекеті,  ой-сезімі,  көңіл-күйі  суреттеліп  отырған. 

Ел  болып,  етек  жауып,  жұрт  болып  жұмыла,  тіршіліктің  қамын  түгендей  бастағанда,  талай  жүйкені  тоздыратын  қам-қарекеттер  көбеймек.  1588  жылы  киіз  туырлықты қазақтың  қасқасы мен жайсаңы Қаратаудың  терістігіндегі  Созақ қаласында құрылтайға  жиналады.  Аяқты малдың  аужайын баққан  малсақ  көшпенді  балаларымыз Көкше теңізден  Жемге дейінгі,  Сырдың  сағасынан Есілге  созылып  жатқан  ұлан  аймақтан  өріс  таппай,  малы  арығанша  жанының  арығанын  құп  көріп,  жағаласар  жаудың  жағасын  іздеп,  Тәуекел  ханды  даттарымен  «шабақтай»  бастайды.  М.Мағауиннің  «Аласапыран»  романы  түйіншегі  мол,  түйткелі  көп  кезеңді  сол  бір  халық  болып  қалыптасып,  бақытқа,  байлыққа,  береке-бірлікке  апарар  өріс  іздеп,  сахарада  мал  бағып,  жауласқанымен  жауласып,  жандасқанымен  жандасқан  бабаларымыздың  алагеуім  шақтағы  адамзаттық  мүдде,  рухани  ізденістерін  бейнелеуді  мақсат  етіпті.  Материалға  зерттеуші  оқымыстының  логикасы,  жансызға  жан  бітіретін  суреткер  шеберлігі,  фантазиясы  қосылғанда,  сөзді  ой  жеңіп,  түкпірлі  толғау,  сымбатты  сыр,  кең  тынысты,  кең  көріністі,  көркем  кемел  туынды  баурай  жөнелетіні  белгілі.

 А.Толстой:  «Тарихи  роман  хроника   түрінде  де,  тарих  түрінде   де  жазылуға  тиісті  емес,  онда  ол  ешкімге  таңсық  емес,  ол  кәдімгі  архитектоникасы,  композициясы  бар  көркем  полотно  тұрғысында  алдымызда   жатуы  қажет», - деген  екен.  Мағауин  суреткерге  қойылар  осы  қатаң  талапты  жадынан  шығармаған.   Тарихи  көркем  романның  спецификасын  ескермеу  абыройлы  бола  бермейді.  Тарихи  революциялық  және  тарихи  оқиғаларды  бейнелеудің  өз  қиындығы  бар.  Оған  жазушының уақыт пен тарихи  сезімі,  нақты өмірді  және  деректерді,  документтерді зерттеу ерекшелігі,  таңдау  талғамы,  суреткерлік концепциясы,  өзіндік стилі қажет.  Қазақ қоғамының көші  әлдеқашан сонау кезеңге тастап  кеткен  тұсқа,  көпшілікке  беймағұлым  кезеңге  сыйымды-ау  дейтін,  көңілге  оралғанның  бәрін  оңды-солды  болататын  кенеуі  жоқ,  көбігі  көп  дүниеге  әуестік  «Аласапыраннан»  сезілмейді.  Роман  копмозициясы  жұп-жұмыр.  Фабулалары  Қазақстан  мен  Россияның  ХVI ғасырдағы саяси-мәдени  байланысының  жарқын  документі – сұлтан  Ораз-Мұхамед пен тарихшы Қадырғали Жалайыридың орыс  патшалары құзырына  тап болып,  сонда күн кешкен  шағының шиыры мен шырғалаңына негізделген.  Тартыстар да  суреткердің көтерген  проблемасын,  толғақты  ойын  толқыта  жеткізуге,  характерлердің  сымбатын  айшықтандыра,  сәулелендіре,  биіктете  түсуге,  қоғамдық  әлеуметтік  салмағын  арттыруға  өлшеусіз  үлес  қосқан. 

Жалпақ  қазақ  даласының  тұс-тұсынан  Созаққа  құйылып,  қырық  тарапқа  тартқан – алтыбақан  алауыздықтың  өртін  лапылдатып  кеп,  көк  сарайдың  тынысын  тарылтқан  сұлтан,  оғыландар,  батыр,  билердің  көмекейін  сезіп,  арынын  байқаған  соң  әрі  көсем,  әрі  шешен  Тәуекел  хан  шиырығып,  көрер  көз,  шымыр  білек,  шімірікпес  жүрек  болса,  елдің  іргесін  нығайтып,  малдың  өрісін  кеңітетін,  ұрпақ  өсіріп,  заманның  шаттығын  тойлататын  береке-бірлікке,  бақытқа  жетудің  бастау  бұлақтарына  меңзейді.  Достан  жау  іздеген,  қанжарын  ішіне  жасырған  қаныпезерден  сыбайлас  іздеген – көрбалалықтың  көзін  ашады.  Бұрын  қазақтың  кең  сахарасына  сыймай,  ісініп-кебініп  жүретін  ақсақал  атаулы:  қарт  сұлтандар,  ел  ағасы  мосқал  билер,  жасамыс  түменбегі  батырлар  Тәуекелге  қарап, өрге  шабар өренін,  сайыпқыран  сұңқарын  таниды.  Сары  далада  сағым қуған халқын  ығы мол,  қалқаны берік соны  жайылымға қондырмақ ниетіне тәнті болып,  ағаларын  ардақ тұтатын,  інілерін  сыйлы досындай  көретін кемеңгердің кең мінезіне  жығылады.  Ақыры  құрылтайға  жиналған  «ел  жақсылары»  шайнаса,  ырғаса  келе  елінің  алғы  күнін  ойлап,  тар  жерде  шырғалаңнан  жөн  табар,  тар  қиядан  жол  табар  жақсылықтың  хабаршысы,  ұйтқысы  болар  қасиетке  жақын  жүрмекке  бекінеді.

Осы  ұлы  жиында  жұрт  қазақ  халқының  елдігін,  мемлекеттік  дербестігін  сақтаудың  екі  жолын  мықтап  көкейге  түйеді.  Бірі – түбі  бір,  діні  бір,  үрдісі  бір  болғанмен,  ниеті  жауға  бергісіз,  мүддесі  бөтен  Бұқар  ханы  Абдолла  мен  ат  құйрығын  біржола  кесіп,  есепті  түгендеу.  Екіншісі – мүддесі  бір,  «от  шашып,  күн  жайлататын  ғаламат  қарумен  жасаған»  өнерлі,  ұлы  орыс  халқымен  анттасқан  дос,  әскери  одақ  құру  арманы.  Маңыздысы  да , мәнісі  де  екіншісінде  еді.  Тығырыққа  тірелген  халық  тағдыры,  уақыт  талабы  еді  бұл.

Мағауин  романның  алғашқы  тарауларында-ақ  ел  басына  түскен  ауыртпалықты,  жанды  жеп,  жүректі  улаған  бақталастықты,  бұлдыр  болашақ  түйіндерін  ақыл-оймен  шешкен  зерделілік  бар  жақсылылық,  жамандығын  шарпыстыра  отырып  бейнелейді.  Қайшылықты  эмоциялық  сезім  күйлерінің  жанды  қозғалысын  ашатын,  жүрек  лүпілін,  адамның  ішкі  сарайын,  сезімдердің  ағысын,  сол  дәуірдің  қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік  табиғатын  байсалды суреткер  санатында пайымдаған.  Тәуекел,  ер  Тұтан,  Сүтемген  би,  Абалақ  сұлтан,  Исмайыл  батыр  образдары бар қырынан тұлғаланып  шыға  келеді.  Бір көрінсе де,  Бахадүр,  Есім,  Тұрсын,  Шағым сұлтандар кемеңгер  саясатқа  даңғыл  ханның  қайда  сілтесе  де  мүлт  кетпес  наркескені  ретінде  саз  көрінеді.  Жалаңаш  кеудені  қаққыштайтын,  тоңмойын,  доңыз  еместігіне  бірден  иланасыз.  Қысқасы,  бәрінің  аузынан  шыққан  лебінен,  түр-түсінің  құбылысынан,  дене  қимылынан  ішкі  әлемінің  мазмұнын  аңдаймыз.

Информация о работе М.Мағауин повестерінің