Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 14:21, реферат
«М.Мағауин повестерінің көркемдік ерекшеліктері» деп аталатын тарауында жазушының повестеріне көркем талдау жасай келе, ондағы ұлттық идеяның көрінісіне назар аударамыз. Повестері кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, ондағы автордың ұлттық мәселелерге дендеп бара алу мүмкіншіліктеріне, символдық, астарлы ойлардың айтар шындығына, ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананың көркемдік көрінісіне тоқталамыз. Өйткені ұлттық идея алдымен ұлттық мінезі, санасы қалыптасқан қаһармандардың рухани болмысы арқылы көрінеді. М.Мағауин қандай кейіпкерді нысанаға алса да, қандай тағдырды талдауды ойласа да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.
КІРІСПЕ...................................................................... 4
І ТАРАУ. Жазушылық шеберлік
қырлары.................................................. 7
ІІ ТАРАУ. М.Мағауиннің повестерінің
көркемдік ерекшеліктері..................... 30
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58
Шығармадағы бас қаһарман Стамбек өте білімді, ақылды, қайырымды болғаны байқалады. Оның білетін қазақтар туралы, хандар және де шетел әдебиеті туралы білімі бар. Қаһарман осал емес. Ол өзінің, былайша айтқанда, барлық өмірін, қимылдаған жас кезін майданға арнаса, одан кейінгі кезеңін қазақ даласында өткізеді. Сары қазақ атануы сондықтан. Қазақ арасынан нағыз қазақтың өзі болып шығады. Оны бұлай білдіру тағдырдың ісі. Ол сол маңдайға жазылған тағдырдың ісіне көнді. Бір қазақтан кем болмай шықты. Қазақ өмірін бес саусақтай білді және соны өзінің бойына сіңіре алды, өзіне жасаған қазақтың қамқорлығын өле-өлгенше ұмытқан жоқ. Өзі қазақ арасына сіңгеннен кейін, бұл халықтың сондай қарапайымдылығына, аңқаулығына қарап таң қалды. Басында бұған бәрі таңсық болып көрінетін. Кейін келе осының бәрін өзінің бойына жинады. Стамбек Бетпақ Далада тұрған кездерін мына сөздермен береді:
«Екі-үш жыл емес, мұндай аз ғана мерзімде заман оңалмасын өзім де білгем, жиырма-отыз жыл да емес, оған менің өмірім жетсе де, басқалардың өмірі, төзімі, жетпеді – тура он алты жыл мысыр еттік берекелі, кенішті Көк жайлауды. Елу жылдық ғұмырымдағы ең бақытты күндерім десем, қателеспеспін» (3,125).
Өзінің бақытты күндерін қазақ арасынан тапты. Ашаршылық жылын да бастан өткерді. Бірақ ешқандай қиындық көрген жоқ. Соны өзіне тәуба етіп, отбасына бас болды. Өзінің осындай өміріне өкінген жоқ. Өзінің осындай халық арасында жарты өмірін жасаған Стамбек бұл өмірге дән риза болды. Осы елге ризашылығын білдіреді. Осы романнан Стамбектің бойында қалыптасқан қазаққа тән мінезді көруге болады. Стамбектің қазақтың салт-санасынан, әдет-ғұрпынан да құр алақан еместігі көрінеді. Стамбектің қазақтың мақал-мәтелдерін бір қазақтай білетініне көз жеткізуге болады.
«Аңға намаз үйреткен таяқ»... «Адам тозаққа да үйренеді», «Ашса алақанда – жұмса жұдырықта», «Бүлінген елден бүлдіргі алма», «Көппен көрген – ұлы той», «Орнында бар оңалар», осы сияқты мақал-мәтелдерді кейіпкеріміз өте жақсы меңгерген. Осы мақалдардың мағынасын өте терең түсініп, сөз арасында дұрыс қолданана алады. Бетпақ Далада өмір сүрген кезінде сол өсімдіктердің сырын, атын Сыпатай мырзадан сұрап білуге тырысады. Осы жерде кейіпкердің ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты қырларын көруге болады. Сонымен қатар Бетпақты мекендеген киіктерді зерттей бастайды. Олардың қалай тіршілік ететінін, оның қандай пайдасы бар екенін көріп, сезіне бастайды. Өзі де сол киіктерді аулап, асырап та көреді.
«Араға бірер күн түссе, шапқан атқа жеткізбейді. Міне, сондай киелі жануар, киік дегеніміз». Сол сияқты ол шөлде кесіртке-жылан, шыбын-шіркейді, құрт-құмырсқаны өзінің жеріндегі құмырсқалармен салыстырады. Оларды бақылап, солардың өмірімен өзінің өзінің өмірін алып қарастырады. Сол өмірдің зардабын адамдар ғана емес, жәндіктер де, киіктер де тартатын сияқты. Бұларға да соның зияны тиіп жатқан сияқты болып көрінеді Стамбекке.
Әрине осының бәрі осы кейіпкердің өмірінен орын алды. Романның аяққы кездерінде Стамбектің басына үлкен қайғы орнайды.
Ол қайғы жан-жары, қосағы Зағираның ауырып дүниеден кетуімен, жарық дүниеге әлі көзін ашпаған ұлы Жансеріктің екі-ақ тәулік қана өмір сүріп, о дүниеге аттануымен байланысты еді. Осының бәрін өз мойнымен көтереді. Сөйтіп кең далада әкелі-балалы жеті жыл өмір сүреді. Бұның да ары ұзаққа бармайды. Стамбек қайтадан қайғылы оқиғаға тап болады. Ол оқиға ру басы, көсем болған бай, қуғынға ұшырап Бетпақ Далаға келіп паналаған Сыпатай мырзаның өлімі еді. Стамбек әке алдында перзенттік борышын өтейді. Мұсылмандық жолымен арулап, жер қойнына тапсырады. Осы жерлерден Стамбектің әке сыйлағаны, оны өз әкесіндей көруі, кең далаға тастап кетпеуі – бәрі Стамбектің қандай адам екенін көрсетеді.
Заты орыс болса да, өзіне мейірімділік, қамқорлық жасаған ақсақалды жалғыз тастап кете алмады. Осының бәрі- адамгершілік, имандылық қасиеттерге тән нәрсе. Сонымен қатар Стамбек қазақ тілін еркін меңгерген. Және де қазақ халқының тарихын біледі. Стамбек өмірден өзіне керегін алды. Жар бола білді. Өмірдің қызығынан кеш қалған жоқ. Бәрінің де дәмін татып көрді. Сол сияқты кейіпкер қазақ халқының әдеп-ғұрпын өте жақсы біледі. Өлген адамды қалай жерлеуді, одан кейін Стамбекті Сыпатай мырзаның бала қылып алуын мына үзінділерден көруге болады.
«Иман айтып, ту бие сойды. Мені төрге отырғызды. Қолыма келапандай асық жілік ұстатты. Атығай – қарауылдың екі жарылғалы тұрған игі жақсылары тегіс татқан. Мен ел ағасы Сыпатай мырзаның асыранды емес, туған ұлы болып шықтым. Бұдан былайғы жерде, ардан безген, көргенсіз біреу болмаса, ағайын-туғандар түгелі, көлденең қазақтың өзі жат көрмейді, сырттан сөз айту әдетке, кісілікке жатпайды» (3,353). «Асырап алыпты» деген сөздің өзі естіген адамға ауыр тимек; номадтың моральдік кодексі осындай.
Сол сияқты Стамбектің қазақтың әмеңгерлік жолымен Зағираға үйленуі сөз болады. Ол ақтық демі таусылар кезде де айтатын сөзін қазақ тілінде айтады
«Қарғыс! Қарғыс атсын сендерді! Өз қандарыңа өздерің тұншығарсыңдар әлі! Көріңде өкір! Қан жолдан тудың, қанға тұншығып өл. Адамзат тарихындағы ең қаралы, ең қапас, зұлмат заман, халықтардың қарғысы атсын сені!» (3,321). Сөйтіп, Стамбек діннің сөзін қазақ тілінде айтты.
Бұл сөздерден бас қаһарманның нағыз батырлығын, қазақ халқына деген сүйіспеншілдігін, барша жұртқа деген аяушылық көзқарасын көруге болады. Сонымен қатар «Сары қазақ» романында басқа да кейіпкерлер баршылық. Олар Сыпатай, Сіләмбек, Зағира, Зербала, Жансақал, Айсақал, Жалбағай, Жақыбай, Қарабай т.б. кейіпкерлер де бар. Осы романда жазушы қазақтың ұлттық дәстүрін шебер көрсеткен. Сонымен қатар, көркемдік тәсілдерді де өте қисынды қолданған. Соның ішінде психологиялық талдау немесе психологизм, диалог, пейзаж, портрет, символ, деталь, философтық тереңдік романда өте орынды құралған. Бұл шығармада аса көп кездеспейді. Кейбір жерлерде ғана көрініп қалады. Диалогтар өте көркем берілген.
Мынандай диалогтарды мысалға келтіруге болады.
« - Бұл қай жер? – деп сұрады қазақ.
- Бетпақ... – деді үй иесі.
- Бетпақ болғанда... Бетпақтың қай жері?
- Көкжайлау, - деді үй иесі.
- Көкжайлау болғанда, - қай тұс?
- Қай тұс? – Үй иесі созалаңдап, мұртын шайқап, аз бөгелді, - деді Сыпатай мырза келіп қоныстанған тұсы.
- Қай колхоз, қай ауданға жатамыз? – деп сұрады қазақ.
- Колхоз... Колхоз... – деді үй иесі алуы жымиып, - Қалхоз орнады ма ақыры? Құламай тұр ма?... Мен білемін колхоз-малхоз дегенді. Жоқ мен үшін қалхоз-малқоз...!
- Совет үкіметінің бар-жоғын да білмейсің бе? – деп сұрады ұшқыш орысша.
- Мен үшін алла тағаланың өкіметінен басқа патшалық жоқ.
- Онда біздің жерімізге тұрқиылдап, опасыздықпен басып кірген зұлым жаумен бүкіл Отанымыз, бүкіл Отанымыздағы алпыс төрт жыл бойы кескілесіп соғысып жатқаны да білмейсің бе?» (3,345). Осы үзінділердегі диалог арқылы қаһарман мен қоғам арасындағы алшақтық берілген.
Өмір шындығын бейнелеудің түрлі амалдар болады десек, жазушы өз романында материал ыңғайына, өзінің дарын икеміне, эстетикалық мұратына орай соны жол тапқан.
Қазақ прозасында өзіндік соқпақ салған жазушылардың бірі – Мұхтар Мағауин. Оның өмір материалын көркемдеу принциптері басқа ешкімге ұқсамайтын, талдауды, зерттеуді керек ететін күрделі әлем.
ЕКІНШІ ТАРАУ. М.МАҒАУИННІҢ ПОВЕСТЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі сөз
зергерлерінің алдында
Ұлттық характер мәселесі характерден туындайды. Характерді эстеттер бұл күнде тарихи категория ретінде айқындайды. Ұлттық характер - әрбір халықтың тарих беделінде, түрлі өтпелі кезеңдерде қалыптасқан мінез ерекшелігі. Кейбір сыншылар ұлттық характерді көркемдік шарты ретінде алға ұстап, кейбір жазушылардың творчестволық өресін осы проблемаға қатынасы арқылы анықтауды міндетті деп есептейді.
Көркем шығармадағы ұлттық идея осы ұлттық характер арқылы, оның ұлттық санасы арқылы, танымы, көзқарасы арқылы көрінеді. Ендеше ұлттық характердің жасалу ерекшелігі автордың шеберлігіне сын болу керек.
Біз жазушы Мұхтар Мағауиннің повестеріндегі ұлттық идеяның көрінісін зерделеуді жөн көрдік. Осы мақсатта повестеріне көркемдік талдау жасауға тырыстық.
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінде негізінен кәдуілгі ауыл өмірі суреттелген. Автор сол ауылдағы өсу мен өшуді, озық дәстүр мен тозық салтты, адамдар санасындағы моральдық өзгерістерді көрсетуді көздеген. Шағын ауылдағы сыры кетсе де, сыны кетпеген халықтық қадір-қасиеттерді бүгінгі тұрпатымен байланыстыра сөз еткен. Қысқасы, повестегі жазушының қол жеткен табысы ұлттық колорит айқындығы дер едік.
Мұхтардың кейіпкерлерінің портреттік, психологиялық мінездемесінен бастап, иесін жоқтап қаңғып кеткен Тазысына дейін ешкімге ұқсамайды. Автор бәрін өзінше берген. Тіпті өзі көтеріп отырған моральдық проблеманың сөз болуы да басқаша. Мұхтар ит туралы жазу үшін өмірден өзі білетіндеріне қоса басқа жазылған дүниелерді де қайта шолып өткен сияқты. Біздіңше, сол шолып өткенінде әдебиетте бұрыннан таныс жайларды қайталамау үшін қарағандай.
Мәселен, Ю.Казаковтың атақты «Артур, құмай тазысында» белгілі нәрселердің бұл повестен болмашы ұшқынын да таба алмаймыз. Екі жазушы, екеуінде де формальдық объектіде - ит. Сөйтсе де мәселенің қойылуынан шешіміне дейін бөлек. Тіпті сәл ұқсағанның өзінде жазғыра жөнелуге болмас еді. Өйткені өмірде адамға тән іс-әрекеттердің формасы әр түрлі болғанымен негізгі мазмұны ұқсап жатпай ма? Туады, еңбектейді, былдырлап сөйлей бастайды, т.б.
Қазақ - о бастан-ақ шын мәніндегі серілікті қатты қадірлеген халық. Бұның екінші жағында өмірдегі, табиғаттағы, адам бойындағы әсемдікті, пәктікті, сұлулықты қадірлегендік жатқан жоқ па?! Баптап қыран құс ұстауы, желмен жарысқан алғыр тазы жүгіртуі, үкілеп бәйгеге сәйгүлік атын қосуы, шүйгінді жерлер мен мөлдір сулы бұлақ бойын, шалқар өзендер мен көлдер бойын жағалай көшіп-қонуы тегін емес еді. Бұл да табиғатқа деген іңкәрлік сезіммен астасып жатыр. «Тазының өлімі» повесінде осылар тікелей сөз болмағанымен, әйтеуір еске аласың. Әлде тазы сол дәуреннің жұрнағы болған соң ба екен?
Повестегі Қазы қарт та - өзгеше мінезді жан. Оны алғаш танысқан шақта-ақ еріксіз ұнатасың. Өлімі де өкінішті. Қазы жанының түкпірінде қордаланған қыжылды ойларын айта алмай кеткен сияқты. Оның ішінде түйінделген көп сыр бар еді. Мүмкін тегеуріні мықты тоталитарлық жүйе де айтқызбаған шығар.
Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазы қадірлеп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған серіліктің, тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз. Иә, Есенжол сияқтылар қай қоғамда да Қазылардан кейін өледі, көп нәрсеге бұрын қолдары жетеді. Оларға Сырдың суы сирағынан келмейді. Он Қазыдан да бір Есенжол - қауіпті тип. Түбінде осы бір типтің көбеюінен ғана қорқуға болады.
Бұл повестің айта кетерлік бір ерекшелігі – ондағы оқиға тазы иттің атынан суреттеледі. Бұл шығарманың психологизмін күшейтіп тұр. Адамзаттың тіршілігіне иттің «көзімен» баға беріледі. Повесть Қазының моласын суреттеуден басталады. Өйткені тазы ит иесі Қазы бейітінің басына жиі келіп кетеді. Онымен үнсіз «сырласады, оған мұңын шағады». Осы моланың басында отырып, өзінің өткен өмірін көз алдынан өткізеді. Повесте әрі қарай еске алу түрінде тазының күшік күнінен бергі өмірі суреттеледі. Автор тазының өмірін суреттеуде контрасты көріністерді пайдаланған. Яғни Лашынның иесі Қазының тірі кезіндегі салтанатты өмірі мен иесі өлгеннен кейінгі сүреңсіз сәттері контрасты берілген. Бұрын баптауға үйренген тазы Қазы өлімінен соң барлық жағдайынан айырылады. Кәмила мен Есенжолдың пасық іс-әрекеттері тазы иттің бойында жиіркенішті сезім ұялатады.