Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 14:21, реферат
«М.Мағауин повестерінің көркемдік ерекшеліктері» деп аталатын тарауында жазушының повестеріне көркем талдау жасай келе, ондағы ұлттық идеяның көрінісіне назар аударамыз. Повестері кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, ондағы автордың ұлттық мәселелерге дендеп бара алу мүмкіншіліктеріне, символдық, астарлы ойлардың айтар шындығына, ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананың көркемдік көрінісіне тоқталамыз. Өйткені ұлттық идея алдымен ұлттық мінезі, санасы қалыптасқан қаһармандардың рухани болмысы арқылы көрінеді. М.Мағауин қандай кейіпкерді нысанаға алса да, қандай тағдырды талдауды ойласа да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.
КІРІСПЕ...................................................................... 4
І ТАРАУ. Жазушылық шеберлік
қырлары.................................................. 7
ІІ ТАРАУ. М.Мағауиннің повестерінің
көркемдік ерекшеліктері..................... 30
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58
Аталмыш повесте ұлттық идея тазы ит Лашынға қатысты көрінеді. Автордың иттің ішінен Тазыны таңдап алуында да үлкен мән бар секілді. Өйткені тазы қазақ ұғымында киелі деп есептеледі және оны баптауға қазақ үлкен мән берген. Жүйрік ат, алғыр тазы, қыран құстың қазақтың тұрмыс-тіршілігінде, рухани өмірінде еркше орны болды. Итті жеті қазынаның бірі деп есептеген халқымыз оған қатысты барлық ырым-сенімдерді қатал сақтап отырған. Сондықтан да оларға ұлттық құндылық деңгейінде қараған. Ендеше өзінің ұлттық құндылықтарын аяққа таптаған халық ешқашан да алысқа бармайды.
Автор Қазы образының бойына ұлттық қасиеттерді дарыта алған. Оның лашын итке қарым-қатынасы арқылы ұлттық болмысына үңіледі. Сол ауылдағы ұлттық салт-дәстүрдің соңғы сарқыты Лашын іспеттес. Автор солай деп жазады да. Қаламгер сол қоғамдық кезеңде өшіп бара жатқан, орыстанып бара жатқан ұлттық сананы, тонала бастаған ұлттық рухты, бүліне бастаған ұлттық мінезді осы бір символдық бейне – тазы Лашынның образы арқылы айта алған.
Повестің соңындағы автордың көркемдік шешімі де әсерлі шыққан. Өмірден де, бәрінен де күдерін үзген тазы тағы да иесі Қазының басына келеді. Сол келгенде абайсызда қақпанға түсіп, қасқырлардың талауына түседі: «Тазы өлімге мойын ұсынып, беріле алмай, тіршілік үшін күреске түсіп, арпалысып кетті. Жалғыз итті оңай олжа көріп келген бөрілердің алғашқы шабуылы нәтижесіз аяқталды... Күтпеген қарсылыққа ұшырасқан қасқырлар қас қағымдай уақыт аңтарылып қалды да, шешімтал, дүлей қимылмен қайта ұмтылды. Тазы біреу, қасқыр төртеу. Тазы байлаулы, қасқырлар бос. Қасқырлар күші бойына сыймай, жалақтап жүрсе, Тазы күн ұзаққа күрестен әбден қалжыраған. Таразының басы тең емес еді. Шабуыл жасаушы жақтың күші төрт есе, бес есе, мүмкін, тіпті, он, жиырма есе артықтын. Оны да тазы да сезді, қасқырлар да білді. Осы қазір жылы қан ішіп, жас ет жейтініне көпті көрген кәрі қаншықтың күмәні жоқ-ты...» (6,43). Осы үзіндідегі тазының күйі мен қазақ халқының арасында мағыналық параллелизм, ассоциация бар. Барлық жағынан тәуелді мемлекеттің ұлттық дамуындағы қайшылықтар мен бұрмалаушылықтардың негізінде пайда болған кесек проблемаларды автор астарлы ой арқылы жеткізген. Осы ойды М.Мағауин «Мен» атты ғұмырнамалық хамсасында да атап өтеді. Шын мәнінде қазақтың ұлттық болмысына төнген қауіпті аңдата алған. Автор осылайша астарлы түрде жеткізуге сол қоғамда мәжбүр болғаны қазір ешкімге де жасырын емес.
Бүгінгі прозада авторлық идея және көркемдік шешім деген мәселеге қатты назар аударылады. Олар шама-шарқынша ізденіп, әйтеуір беймәлім шешімді дүние жасауға ұмтылады. Бұл - әбден құптарлық мінез. Әдеттегі айтылатын істің басталуынан нәтижесін білуге болады дейтін қағида өнерде бола бермейді. Кейде тәп-тәуір басталып, аяғы сұйылып кететін жағдай да кездеседі. Қазақ прозаиктерінің шығарманың тартымды басталуынан ойдағыдай аяқталуына шейін баса көңіл бөлуі қуантады. Әбіштің «Бәйгеторысы», Мұхтардың «Тазысы», Оралханның «Бурасы», міне, сондай туындылар.
М.Мағауиннің Тазысы, Ә.Кекілбаевтың Бәйгеторысы, О.Бөкеевтің Бурасы, С.Санбаевтың Аруанасы зоологиялық тақырыптағы әдеттегі образдар ғой деп қарау сол шығармалардың мөлдір рухын түсінбегендік болар еді. Олар көркемдік шарттылыққа негізделген терең ойлы, реалистік-символикалық образдар арқылы өмір, қоғам, ұлт туралы толғаныс-ойларын батыл айта білген. Бұл образдардың жасалу дәрежесі жас жазушылардың интеллектуалдық ізденіс ой-өрісін, философиялық дүниетанымын да танытады.
Мұхтар Мағауиннің «Көк кептер» деп аталған кітабын оқығанда, осындағы әңгімелер мен повестерде шертілетін сырлар сізге адам жанының мөлдір күйлерін ағыта бастайды.
Сырттай қарағанда, бәрі де жұпыны секілді. Өзіміз күнде көріп жүрген, көзіміз қанып, бойымыз үйреніп кеткен жайлар. Өзімізге таныс өмір кәдуілгі. М.Мағауин сол өмірдің сырлы пернесін баса біледі.
Қарт күйші Тоқсаба («Көкбалақ» повесі) – табиғатында момын адам. Қақ-соқта жұмысы жоқ. Ғұмырында ешкімге қырсығы тимеген, қиянат жасамаған адам. Біреуді сыртынан қаралаған, күстәналаған, не табалаған кісі емес. Өзінен дәулеті немесе өнері асып, озғанды еш уақытта күндеген емес. Бұл – оның бала жасынан бергі мінезі. Жақсы адамдардан көрген, үйренген өнегесі. Әйтпесе, балалық ерке кезінде, желіккен жігіт шағында оның шалқақтауына да, асқақтауына да жол ашық еді. Ол малды, ауқатты адамның баласы болатұғын. Бірақ Тоқсаба жақсы адамдардың жөн-жосығын көріп, нағыз байлық мал-дүниенің көптігі емес, жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы екендігін ертерек ұғынады да, осыны өз өмірінің бұлжымас заңы тұтады.
Ұзақ жасында Тоқсабаның тағдырдан тартқан тақсыреті аз емес. Қайғының ең ауыры оған өмірінің үлкен қуанышымен қабаттаса келген. Бұл жас келіншегін ауылына әкеле жатқанда, келін түсіреміз деп той қамына кіріскен мұның ата-анасын, ағайын-жұртын бүлікшіл ақтың әскерлері қырып кетеді. Мекен-жайларын түгел өртеп, мал-мүліктерін талап әкетеді. Тоқсаба қайыршылыққа ұшырайды. Бірақ азып кетпейді. Өмір сүру үшін күреседі. Жер бөліс, коллективизация жылдарында көп кедейдің қатарында, көппен бірге аянбай еңбек етеді. Ұлы Отан соғысы кезінде, жұртпен бірге бұл да, талай ауыртпалықты бастан кешеді. Сол қиындыққа қоса, басынан кешкен тағы да бір зор азабы – сүйген жары Зәуреш дүние салып, онан кейін қосылған екінші адамы сәтсіз болып, соның күйігін тартады. Жалғыз баласы Айдабол, көңілінен шықпай, ол да көп налытады.
Алайда Тоқсаба ешкімге мұң шақпайды. Өмірдің кермек уын жұтып жүрсе де, рухы жүдемейді. Кейде, оңашада, өзінің ежелгі серігі домбырамен сырласып, қос ішектің қоңыр үніне жүрегі езіліп отыратыны бар. Бақсаңыз, бұл – шалдыққан, еңсесі түскен адамның күңіренуі емес, өткен өмір жолына көз жіберіп, көңілмен қорытып, көпті көрген көненің толғануы. Қарт күйші өзіне-өзі ішінен риза болғандай. Көрген бейнеттері сағын сындыра алмады мұның. Өмірі зая өтпеген екен. Халқының тамаша күй қазынасын жүрегіне жия беріпті және сол өнерімен қалың жұртты қуанта біліпті. Бұдан артық қандай мұрат болмақ! Тоқсабаның жан-дүниесінің шұғыласы жабырқаған көңілдерге нұр түсіріп, жадыратады. Ол сондықтан да жұрттың бәріне қадірлі, сүйікті.
Қарт күйшінің жүрегінде адамға деген үлкен махаббат бар. Адамның қасетін жаңылмай таниды. Бойында қайрат, жүрегінде жылу мол өнерлі азаматты Тоқсаба өмір бойы пір тұтады. Сонау бала кезінде, ақ сақалы омырауын жапқан қарт Қызайдың құйқылжытып тартқан күйлерін тыңдағанда, қандай тебіренген еді. Жұртты өнерімен мәре-сәре ғып, бірнеше күн бойы қызыққа кенелткен Қызай күйші сонда өзіне берген сыйлықтан бас тартты. Өнер сатылмайды деген еді. Аттанарында жұртпен күліп қоштасып, арық атына мініп, ақырын жортақтап кетіп бара жатқан жүдеу киімді зағип шалға сыртынан ұзақ қарап тұрып, Тоқсаба көзіне жас алған. Шалды мүсәпір деп аяғаны ма? Жоқ, нағыз өнер адамның тағдырына жаны ашыған. Асыл күйшінің қолындағы домбыра үні мәңгі үзілмеуін тілеген-ді.
Сан қырлы өнер иесі Айтан шалды Тоқсаба қандай қадірлеуші еді. Жылдар өтті. Уақыт тоздырып, әбден қартайып, Айтан дүние салады. Тоқсаба оның моласына оңаша барып, қабірін құшақтап, ұзақ егіледі. Замандасын өлімге қимағаны шығар. Бірақ кәрілік жеткен, тозған нәрсенің тіршілігі сөнетінін біледі. Ол кешегі Айтан шалдың өзімен бірге ала кеткен көп қырлы өнерін жоқтайды.
Бекжандай шебер домбырашының қайғылы тағдыры Тоқсабаның жанына қандай батады. Ең алғаш бұл өнерпазды ол өзінің балғын жігіт шағында, қалыңдық ойнай барғанда көрген. Сонда екеуі домбыра тартысып, өнер жарыстырып, бірін-бірі осылай сынаған. Тоқсаба өзінен Бекжанның өнерін артық көріп сүйсінген еді, ал, Бекжан бұған табынып, сен оздың деген. Арада талай жылдар өткен соң, Тоқсаба Бекжанмен тағы да бір рет кездескен. Қиын-қыстау жағдайда оқыстан ұшырасқан. Бақташы Тоқсаба жоғалған өгіздерін іздеп келе жатып, таудың қиын бір шатқалында қарақшыларға тап болып, басына ажал төнгенде, оны Бекжан арашалап қалады.
Сонда Тоқсаба Бекжанға күтпеген жерден кезіккеніне емес, оның мына баскесерлер тобына қосылып кеткеніне қайран болған. Ел-жұртына жақсылық тілейтін Бекжан жаулардың жағына неге шықты? Кімнің кегін қуған? Бұрын жабыққан көңілдерді домбырасының сырлы үнімен жұбатқан өнерпаздың бүгін қанішерлер арасында жүргені қалай? Азғаны ма? Мүмкін емес. Тоқсаба Бекжанның жаны тазалығына күмән келтіре алмайды. Бекжанды, мүмкін, тағдыр адастырған шығар, бірақ ол ешуақытта зұлымдыққа, адамға қиянат жасауға бармайды. Ол дұшпан емес. Ол жол таба алмай жүр. Оған қол ұшын беру керек.
Ал, тағдыр заңы қатал. Қызыл отряд қарақшыларды қамап ұстағанда, атыс кезінде, Бекжан оққа ұшты. Оның өлімі Тоқсабаға өте ауыр тиеді. Бекжанды ажалдан арашалап қала алмағанына өзі кінәлі сияқтанады. Қызыл отрядтың командирі, өз ағайыны Шоқайды да Бекжанның қазасы үшін қатты жазғырып, көрместей еді. Алайда уақыттың қатал шындығын мойындамауға бола ма? Сол себептен де Тоқсабаның жаны күйзеле түседі. Қарт күйшінің ішкі дүниесінің осы толқындары оның мөлдір жан сырларын ашады.
Автор повесінде қазақтың қара домбырасына үлкен көркемдік жүк артқан. Домбыра – ұлттық рухымыздың тірегі. Өнер, өнер адамын сөз ете отырып, ұлттық өнерге деген қарым-қатынастан оның ұлттық болмысы танылатынын айта алған. Ұлттық рух бастау алатын негіз ретінде ата-баба салтына, үлкен мен кішінің қарым-қатынасындағы этикаға, тіпті ырым-жоралғысына дейін мән берген жазушы түрлі көркемдік тәсілдер арқылы қазақ қарты Тоқсабаның ұлттық мінезін даралай алған. Бір қарағанда онша әсері жоқ секілді көрінетін қарапайым диалогтардың астарында ұлттық таным бой көрсетеді. Тоқсаба мен Айтан салдың арасындағы әңгіме осының айқын айғағы.
« - Қазір заман да өзгерді, адам да өзгерді. Бәрі де жақсы-ау, бірақ қазақтың зары мен мұңын, қуанышы мен шаттығын жазбай жеткізген қара домбыраның үні қазіргілерге жат естіле ме, қалай? – деді Айтан шал.
- Домбыраның үнін айтасыз ба? - деді аз ойланып кеткен Тоқсаба.- Көкірегін қараулық тұмшалаған оспадарлар үшін адамның да үні жат па дедім» (6,45).
Осы шағын ғана үзіндіден көретініміз тек адам жанының проблемасы ғана емес, сонымен бірге уақыттың, дәуірдің ұлттық санаға салған қолтаңбасы да. Жастардың бойындағы өше бастаған ұлттық болмысты автор қара домбыра арқылы ашып отыр. Қара домбыраның қадірін білетін көнекөз қариялардың рухы сонысымен де биік. Олардың жастар үшін, олардың болашағы үшін алаңдаулары да заңды. Жастар мен қартардың арасын алшақтатып тұрған құбылыс олардың сол ата салттарына деген қарым-қатынасынан туындап жатыр. Тоқсабаның жанын ауыртатын – жас буынның өзінің ұлттық құндылықтарына деген немқұрайлылығы. Тоқсаба қара домбыраға өнері тасып жатқандықтан ғана бас иіп отырған жоқ. Ол домбыраны өмірінің мәні, ата-бабасынан қалған асыл мұра, рухани құндылық деп қарайды. Ол домбыраны өткен тарихтың куәгері, шежірешісі деп есептейді. Сондықтан да жастардың немқұрайлылығы оның жанын ауыртады.
Жазушының «Өмір жыры» повесінде үш жолаушы кезектесіп сыр шертеді. Біріне-бірі сабақтаса тартылған үш жүйе әңгіменің желісі біреу. Үшеуінен ұғылатын күй де біреу: адамның жан-дүние тазалығы.
Әуелі суретшінің сырын тыңдадық. Өмірден өз орнын бірден тура тауып кете алмай, бастапқы бетте жаңылып жүретіні бар. Бірақ арманы күңгірт тартқан емес. Өзінің құмартқан, ынтыққан ісіне үнемі қол созумен болады. Ақыры сол аңсағанына жетеді де. Өнерге іңкәр жігітті бір нұрлы сезім алға қарай жетелей берген. Бұл махаббат күші еді. Жас жігіт сүйкімді қыз Әлияны бір көргеннен-ақ ұнатып қалады. Қыздың сәулелі қара көзінен оның мөлдір ішкі күйін таниды да, ғашық болады. Екі жүрек жарастық таба бастайды. Бірақ өмірдің бұралаң соқпақтары екеуін екі жаққа бұрып әкетеді де, жігіт ғашығынан көз жазып қалады. Тағдыр оны сүйгеніне қоспайды. Ал, жүрекке түскен махаббат оты өшпейді, жан-дүниесін жылытып, сағындырып, ыстық нұрын төгіп тұрады. «Дүниеде сенен артық маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да», - деген ұлы ақынның шыншыл сөзі еске түседі. Жүректен еш уақытта өшпеген сағыныш күйі – жан-дүниенің тазалығын, ойдың, сезімнің адалдығын білдірмек. Және ол адамды демер, қуаттандырар қасиет болмақ.
Повестің келесі кейіпкері – музыкант жігіттің шерткен сырынан оның да жаны тазалығын ұғасың. Бірақ бұл жігіттің басында қасірет бар. Әйелі оның жан-күйін түсінбейді. Бір кезде елти ғашық боп қосылған жары. Түріне қызыққан екен. Жылтырағанның бәрі алтын болмайтынын жігіт кейін ұғады. Кінәлі өзі. Қатесін енді түзеуі қиын: бала-шағасы бар, солардың көңіліне қаяу түспеуін тілейді. Сондықтан тағдырдың кермек уын жұта беруге көнген кісі. Бұл оның әлсіздігі ме? Олай деп жазғыра алмайсың.
Үшінші жолаушының әңгімесінде де адам жанының мөлдір күйі шертіледі. Бұл қаһарман да Әсия есімді әйелді бір көргеннен ұнатады. Ақ жарқын әйелдің сөзінен, мінезінен, қылығынан оның жүрегінің қызуын танып, сол алаулаған жалынға ғашық болады. Жігіттің осы кіршіксіз ыстық сезімі, кейін әйелінің жолдан тайғанын көріп, адал жанын ызғар қарыған шақтарда да, ешбір суымайды. Бұл сүйген Әсияның өмірінде ақау бар. Бұрынғы ері оны теріс жолға жетелеген, ол қылмыс жасап, сотталып кеткен. Сонан кейін өмірдің бұралаң жолы жас әйелді біраз адастырған. Солардың зардабынан жұққан дерттен бір күнде арыла қою оңай емес. Жас әйел кейде босаңдыққа салынып, жарамсыз ескі әдетіне елігіп кететіні бар. Бұл оның трагедиясы. Жігіт оның осы күйін жанымен түсініп, өз жүрегінің жылуымен Әсияның жаралы өмірін емдейді.