Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 14:21, реферат
«М.Мағауин повестерінің көркемдік ерекшеліктері» деп аталатын тарауында жазушының повестеріне көркем талдау жасай келе, ондағы ұлттық идеяның көрінісіне назар аударамыз. Повестері кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, ондағы автордың ұлттық мәселелерге дендеп бара алу мүмкіншіліктеріне, символдық, астарлы ойлардың айтар шындығына, ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананың көркемдік көрінісіне тоқталамыз. Өйткені ұлттық идея алдымен ұлттық мінезі, санасы қалыптасқан қаһармандардың рухани болмысы арқылы көрінеді. М.Мағауин қандай кейіпкерді нысанаға алса да, қандай тағдырды талдауды ойласа да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.
КІРІСПЕ...................................................................... 4
І ТАРАУ. Жазушылық шеберлік
қырлары.................................................. 7
ІІ ТАРАУ. М.Мағауиннің повестерінің
көркемдік ерекшеліктері..................... 30
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58
Автордың повестері кеңестік жүйеде жазылғандықтан да, сол дәуірдің шектеулеріне қарамастан ұлттық идеясын символдық образдардың астарына сыйғызып отырған. Мысалы, «Тазының өліміндегі» тазы ит Лашын, «Көкбалақтағы» домбыра, «Жүйріктегі» Нарқызыл– ұлттық идеяның жүгін арқалап тұрған символ бейнелер.
Суреткер қоғам мен адамның арасындағы қайшылықты, кеңестік жүйедегі ұлттық саясаттың бұрмалануын, қазақ халқының рухани құндылықтарына жасалған шабуылды – бәрін де көркем оймен жеткізе алған.
Ол көркемдік шарттылыққа негізделген терең ойлы, реалистік-символикалық образдар арқылы өмір, қоғам, ұлт туралы толғаныс-ойларын батыл айта білген. Бұл образдардың жасалу дәрежесі жазушының интеллектуалдық ізденіс ой-өрісін, философиялық дүниетанымын да танытады.
Повестегі Қазы қарт та - өзгеше мінезді жан. Оны алғаш танысқан шақта-ақ еріксіз ұнатасың. Өлімі де өкінішті. Қазы жанының түкпірінде қордаланған қыжылды ойларын айта алмай кеткен сияқты. Оның ішінде түйінделген көп сыр бар еді. Мүмкін тегеуріні мықты тоталитарлық жүйе де айтқызбаған шығар.
Иесі Қазының өлімі – шындығында Лашын тазының өлімі еді. Қазы қадірлеп өткен Тазы бабалардың ата кәсібі болған серіліктің, тірісінде басынан сөз асырмаған Қазы рухының өшуі деп білеміз.
Аталмыш повесте ұлттық идея тазы ит Лашынға қатысты көрінеді. Автордың иттің ішінен Тазыны таңдап алуында да үлкен мән бар секілді. Өйткені тазы қазақ ұғымында киелі деп есептеледі және оны баптауға қазақ үлкен мән берген. Жүйрік ат, алғыр тазы, қыран құстың қазақтың тұрмыс-тіршілігінде, рухани өмірінде еркше орны болды. Итті жеті қазынаның бірі деп есептеген халқымыз оған қатысты барлық ырым-сенімдерді қатал сақтап отырған. Сондықтан да оларға ұлттық құндылық деңгейінде қараған. Ендеше өзінің ұлттық құндылықтарын аяққа таптаған халық ешқашан да алысқа бармайды.
Автор Қазы образының бойына ұлттық қасиеттерді дарыта алған. Оның лашын итке қарым-қатынасы арқылы ұлттық болмысына үңіледі. Сол ауылдағы ұлттық салт-дәстүрдің соңғы сарқыты Лашын іспеттес. Автор солай деп жазады да. Қаламгер сол қоғамдық кезеңде өшіп бара жатқан, орыстанып бара жатқан ұлттық сананы, тонала бастаған ұлттық рухты, бүліне бастаған ұлттық мінезді осы бір символдық бейне – тазы Лашынның образы арқылы айта алған.
Автор «Көкбалақ» повесінде қазақтың қара домбырасына үлкен көркемдік жүк артқан. Домбыра – ұлттық рухымыздың тірегі. Өнер, өнер адамын сөз ете отырып, ұлттық өнерге деген қарым-қатынастан оның ұлттық болмысы танылатынын айта алған. Ұлттық рух бастау алатын негіз ретінде ата-баба салтына, үлкен мен кішінің қарым-қатынасындағы этикаға, тіпті ырым-жоралғысына дейін мән берген жазушы түрлі көркемдік тәсілдер арқылы қазақ қарты Тоқсабаның ұлттық мінезін даралай алған. Бір қарағанда онша әсері жоқ секілді көрінетін қарапайым диалогтардың астарында ұлттық таным бой көрсетеді. Тоқсаба мен Айтан салдың арасындағы әңгіме осының айқын айғағы.
Осы шағын ғана үзіндіден көретініміз тек адам жанының проблемасы ғана емес, сонымен бірге уақыттың, дәуірдің ұлттық санаға салған қолтаңбасы да. Жастардың бойындағы өше бастаған ұлттық болмысты автор қара домбыра арқылы ашып отыр. Қара домбыраның қадірін білетін көнекөз қариялардың рухы сонысымен де биік. Олардың жастар үшін, олардың болашағы үшін алаңдаулары да заңды. Жастар мен қартардың арасын алшақтатып тұрған құбылыс олардың сол ата салттарына деген қарым-қатынасынан туындап жатыр. Тоқсабаның жанын ауыртатын – жас буынның өзінің ұлттық құндылықтарына деген немқұрайдылығы. Тоқсаба қара домбыраға өнері тасып жатқандықтан ғана бас иіп отырған жоқ. Ол домбыраны өмірінің мәні, ата-бабасынан қалған асыл мұра, рухани құндылық деп қарайды. Ол домбыраны өткен тарихтың куәгері, шежірешісі деп есептейді. Сондықтан да жастардың немқұрайдылығы оның жанын ауыртады.
Қорыта келе айтарымыз, кемел жазушы М.Мағауиннің повестері тарихи, ұлттық санамызды түлететін, хас шебердің қолынан шыққан шынайы дүниелер екені сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультеті сырттай оқу бөлімінің Ү курс студенті Г.Рахимбекованың «М.Мағауиннің повестерінің көркемдік ерекшеліктері» атты дипломдық жұмысына
Қазіргі қазақ повестерінің көкейкесті мәселелеріне, соның ішінде ұлттық идеяға арналған зерттеулер жүргізу - әдебиеттану ғылымындағы басты міндеттердің бірі. Бұл тұрғыдан М.Мағауиннің повестері – көркемдік сапасы жағынан лайықты нысана.
Студент зерттеу жұмысын суреткердің характер даралау, жасау принциптерін талдауға, зерделеуге бағыттаған. Бұл – дипломдық жұмыстың ұтымды жағы. Өйткені бүгінгі таңда адам факторы қоғам дамуының негізгі көрсеткіші болып отыр. Сондықтан да көркем әдебиеттегі адам характері, образы, рухани болмысы, әсіресе, ұлттық характер деген мәселелерге ерекше мән берілуде.
Қазақ халқының ұлттық мінезін даралайтын негізгі сапалық қасиеттер, ұлттық сананың повестердегі көрінісі деген сауалдарға жауап іздейді. Суреткер сомдаған мінездерге талдау жасай келе, ұлттық характер жасау принциптеріне үңіледі, сол арқылы повестердегі ұлттық идеяның көрінісін бағамдайды.
Образдық талдау шығарма поэтикасының тартыс, проблематика, образдар жүйесі тәрізді эстетикалық категорияларымен тығыз байланыста жүзеге асырылған. Бұл ғылыми талдаудан студенттің теориялық еңбектермен жете таныстығы, көркем повестің табиғатын түйсіне алғандығы көрінеді.
Қорыта келе айтарымыз, тақырып жан-жақты ашылған, жұмыс жоғары оқу орындарында қойылатын талаптарға сай жазылған және мемлекеттік сараптау комиссиясының алдында қорғауға лайық.
Пікір жазған:
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің филология
факультеті сырттай оқу бөлімінің Ү курс
студенті Г.Рахимбекованың «М.Мағауиннің
повестерінің көркемдік ерекшеліктері»
атты дипломдық жұмысына
Ұлттық идеяның көзі халқымыздың ғасырлар бойы ізін жоғалтпаған ата салтында, халық дәстүрінде, мәдениетінде жатыр. Көркем әдебиеттегі ұлттық идеяның берік негізі де осымен сабақтас. Адамгершілік, моральдық құндылықтардың аяқ тірер тұғыры да – ұлттық салт-дәстүр. Тіпті адамгершілік қасиеттердің өзі адамның ұлттық құндылықтарға қарым-қатынасымен өлшеніп жатады. Студент М.Мағауиннің повестеріне сүйене отырып, өз пролемасына тура осы позициядан келеді. Әсіресе, автордың «Тазының өлімі», «Көкбалақ» повестерінде осы құбылыс ерекше көрінеді. Сондықтан да болу керек, зерттеуші автордың осы шығармаларына көбірек тоқталады.
Сонымен бірге уақыт, қоғам және әдебиет деген мәселеге де назар аудара келе, аталмыш шығармалар жазылған тұста ұлттық идеяны көтерудегі суреткерлік мүмкіншіліктердің шектеулі, саясатқа тәуелді болғанын да атап өтуі – зерттеушінің көркем шығарманың табиғатын түсінуімен бірге тұтас әдеби процестің даму тенденцияларын да сезіне алғандығын да аңғартады.
Жұмыстың екі тарауы да мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып тұр, алдына қойған мақсатына жүйелі зерттеу негізінде жеткен деп бағалауға болады.
Дипломдық жұмыс жоғары оқу орындарында қойылатын талаптарға сай жазылған және мемлекеттік сараптау комиссиясының алдында қорғауға лайық.
Пікір жазған: