М.Мағауин повестерінің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2013 в 14:21, реферат

Описание

«М.Мағауин повестерінің көркемдік ерекшеліктері» деп аталатын тарауында жазушының повестеріне көркем талдау жасай келе, ондағы ұлттық идеяның көрінісіне назар аударамыз. Повестері кеңестік жүйе кезінде жарық көргендіктен, ондағы автордың ұлттық мәселелерге дендеп бара алу мүмкіншіліктеріне, символдық, астарлы ойлардың айтар шындығына, ұлттық характер, ұлттық психология, ұлттық сананың көркемдік көрінісіне тоқталамыз. Өйткені ұлттық идея алдымен ұлттық мінезі, санасы қалыптасқан қаһармандардың рухани болмысы арқылы көрінеді. М.Мағауин қандай кейіпкерді нысанаға алса да, қандай тағдырды талдауды ойласа да, ұлттық мінез, ұлттық орта, ұлт жағдайынан ғана туындар әлеуметтік ой айтады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................... 4


І ТАРАУ. Жазушылық шеберлік
қырлары.................................................. 7

ІІ ТАРАУ. М.Мағауиннің повестерінің
көркемдік ерекшеліктері..................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................... 53


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................... 58

Работа состоит из  1 файл

М.МАҒАУИННІҢ ПОВЕСТЕРІНІҢ.doc

— 234.00 Кб (Скачать документ)

Қалың  қолдың  алдындағы  «қара  дауыл»,  мерген,  батыр,  ұзын  оқты  Ондан  сұлтанның  перзенті  Ораз-Мұхамед  жасына  жетпей  жатып,  биіктерді  төңіректегендіктен,  сыншыл  көздің  назарын  өзіне  ерте  бұрады.  Көреген  Тәуекел  хан алтын тақтың  мұрагерін таңдағанда  да  ата жұртының  келешек күндерде  тізгінін  ұстары  боп Ораз-Мұхамедтің  аты аталуы  тегін емес.

Иә,  небәрі  17-ге  енді  ойысқанда  бозбала  сұлтан  «түстік  пен  терістік,  батыс  пен  шығыстың,  бар  әлемнің  тағдыры  өз  қолына  тапсырылғандай,  асқақ  ой,  тәкаппар  көңіл  жетегінде»,  үміті  бұлдыр,  қауіпі  мол  арман  соқпағымен  кете  барады.  Жан  Жак  Руссо:  «Асылы,  баланы  естияр  ересек  қалыбында  өсіре  көрсеткеннен,  табиғат  баланың  балаңдық  тәттіліге  құштар.  Егер  бипаз  табиғаттың  табиғи  заңына  өктемдік  жасасақ,  онда  біз  уылжып  піспеген,  не  дәмі,  не  татуы  жоқ,  ішіп-жемей,  іріп-шіріп  құритын  алдамшы  жеміске  малданып  қаламыз», - депті.  Есебі,  ұлы  философ  уәжі  тіршілік  диалектикасына,  уақыт  мүддесіне  бейқам  қарамауға уағыздағаны  мәлім.  Әрине,  кәдімгі  қарапайым,  бейбіт  өмір  құшағында  баланы  еркін  тәрбиелеу  педагогикасы  бар  да,  аттың  жалы,   түйенің  қомында  өскен,  найза  мен  қылыштың  әуеніне  уанып,  ел  басына  түскен  ауыртпалық  ерте  есейіп,  бұғанасын  бекіткен  көшпенді  балалары  тәрбиеленген  педагогиканың  мазмұны  басқа.   Даланың  өз  педагогикасы,  өз  драмасы,  өз  трагеиясы,  симфониясы,  лирикасы  бар.

 Ораз-Мұхамед  15  жасында  аламаннан  өнер  асырып,  Абалақ  сұлтанның  қызы  Ділшат  сұлтанымның  іргесінен  қол  жүгіртсе,  16   жасында  Ай-Шешек-бегімге  некесі  қиылып,  17  жасында  күш-қыжыры,  ақыл-ойы  толысып,  парасат  биігінен  көріне  алса,  ешбір  таңғалмаймыз.  Мағауин  бізге  соны  әр  қырынан  дәлелдегендіктен,  Ораз-Мұхамедке  балаңдықтан далаңдық  қасиет  әбден үйлесімді.  Ол – ар  алдында,  адамдық,  азаматтық намыс алдында берік,  бас имейтін өр,  отты.  Әлеуметтік  тегіне  тартқан қызба,  өктем үстемшіл  мінездері  де  характерлік  политрасынан  өз  үлесін  мол  қамтыған  образ.  Қарама-қайшылыққа  толы  интеллектуальдық  бейнесі,  қайсар,  ақылдылығы  оның  мінез-құлқынан,  әр  басқан  ізінен  мен  мұндалап  отырады.  Бірде  бір  атқан  таңы,  батар  күні  оны  адамдар  жөніндегі  уақыт,  мансап  сұсы,  келер  күн  салмағы  жөніндегі  ойларға  іштей  талатпай,  шиеленген  жүз  жұмбақтың  шешуін  таптырмай  тыныштық  берген  емес.  Есін  білгелі  көкбет  өмір  оған  долы  тартыстан  сыбағасын  үстемелеп  тартыпты.  Хан  тағының  болашақ  мұрагері  болғанда  да  жастайынан  өмір  жолында  арпалысып  өскендіктен,  «күндес»  бауырларынан  сөгерлігі  жоғары  тұрды,  жеке  басының  ожданына  қатысты-ақ  некені  де  хан  ағасы  есеппен  қолына  алып,  Қадырғали  бектің  қызымен  жанастырды;  жастайынан  ел  билеудің  алпыс  айланы  қажетсінетін  қырқылжың  үрдісі  тақымды  мықтап  қысып,  қып-қызыл  шоқты  жалаңаяқ  басуға  көндіктіреді.  Соның  бәрі  оның  көкірегіне  шам  жағып,  болашақ  күндердің  сын  сағаттарына  шынықтыра  берді.  Көшім  ханның  «басын  мұжыған»  Сейтек  сұмның  ордасынан  басталған  аласапыран  воевода  Данило  Чуковтың  татырған  ащы  сыбағасынан  сонау  орыс  патшасының  бас  уәзірі  бояр  Борис  Годуновтың  қолынан  орыс  елінде  мемлекетке  сіңірген  қызметі,  әскери  ерлігі  үшін  жеңімпаз  Георгий  әулиенің  бейнесі  бедерленген  алтын  теңгені  маңдайына  қадатқанша  өкшелеп  қалған  емес.

 Бірақ   сол  өткелеңдердің  бәрінде   Ораз-Мұхамед  өмір  сынынан   сүрінбей  өтіп,  тағдыр  сыбағасына  көндіге  білді.  Бәрі  түптің  түбінде  туған  елін  Россия  тәрізді  айбынды  елдің  жатсынбай  бауырына  тартып,  інісіндей  құшағына  алуына  өз  тарапынан  мысқалдай  болса  да  шарапаты  тисе,  Ораз-Мұхамед  армансыз.  Құл-Мұхамед  бастаған  Тәуекел  хан  жіберген  елшілікті  Россия  мемлекеті  үлкен  ілтипатпен  Москваға  жеткізіп,  олар  патша  сарайында  салтанатпен  қабылданып,  елші  сөзі  ықыласпен  тыңдалуы  аз  жеңіс  емес.  Оқытушыны  осы  процесс  дебірендіріп,  жарқын  сезімдерді  бастан  кешіртсе,  тәкаппар  патша  сарайына  қазақ  тұлғасының  бар  мағынасындағы  сымбатын  танытып,  беделін  Ораз-Мұхамед  көтерте  алғанын  мойындасақ,  онда  ол  қоғамдық,  мемлекеттік,  әлеуметтік  биік  тұлға  ретінде  даралық  сипаттарымен  толысқан  характер  дәрежесіне  жеткені.  Ең  бастысы,  онда  «тірі  адам  басып  көрмеген  уақыт  табалдырығынан  аттап,  жаңа  заманда,  жаңа  дәуірде  күн  кешетінін  білмеген»  баба  рухы  М.Мағауинге  риза.  Ол  негізгі  түп  қазық  идеядан  ауытқымай,  сюжеттік  желісіне  шым-шытырық оқиғалар  өрісімен  тартып,  динамикалық қуатын  кемітпей,  сюжеттің  ішкі  табан тірер негізін күшейтеді.  Фабулалардың  шымырлығы,  дәлелділігі,  композициялық бүтіндігі күрес қайшылықтарының соншама қуаттылығы,  өмірлік  позициясы  мығым  кесек  характерлі  кейіпкерлерді  сомдауға  себепші  болған.              

М.Мағауиннің  «Сары қазақ»  романы  да - қазақ әдебиетіне  өзіндік өрнегімен келген  шығарма.      

  Романдағы  бас  қаһарман – Станислав – Стамбек  Сыпатайұлы  Дәулеткелдиев.  Ұлты  орыс  болса  да,  тегі  түрік.  Стамбектің  әжесі  Юсуповтар  әулетінен,  ал  Юсуповтар  Алтын  Орданы  билеген  Едіге  биден  тарайды.  Түптеп  келгенде,    Стамбек - таза  орыс  емес.  Негізінен  Стамбек  Россиядағы  ең  көне,  ең  атақты  әулеттердің тұяғынан.  Өзін  қаһарман  ретінде былай таныстырады.  Оны мына  үзінділерден  келтірейік:

«Арғы  атамыз  ХҮІ  ғасырда  Даланың  қуаты  қайтпаған  кезде  өз  еркімен  Ордадан  келіп,  орыс  тауының  астына  тұрған  екен.  Шоқынып,  үйленіп,  біржолата  орнығыпты.  Ұрпақтары  өсіп-өніп,  басқа  әулеттермен  туысып,  кеңінен  тамыр  жайған.  Біз  бабамыздың  Ордадан  шыққанын  мақтан  ететінбіз,  сонымен  қатар,  ұлы  державаға  ертелі  кеш  батыстан,  шығыстан  құйылған  ондаған,  жүздеген  басқа  әулеттер  шықты,  өзімізді  таза  орыс  санаушы  едік.  Біздің  тұқымнан  Ресейдің  құдірет-күшін  сән-сәулетін  арттырған  қолбасшылар,  дипломаттар,  оқымыстылар,  басқадай  игі  жақсылар  көп  шықты.  Сүйегіміз  асыл,  тегіміз  терең  екені  шежірелердің  бәрінде  сайрап  тұр.  Әйткенмен,  Ұлы  Екатерина  заманынан  бастап,  біздің  әулетіміздің  бұрынғы  дәреже  мансабы  кеми  бастапты.

Ал  император  Павел  тұсында  патша  сарайында  мүлде  көлеңкеде  қалғанымен,  Сібірдің  терең  кеніштерінде  тәп-тәуір  танылады.

Тікелей  өз  аталарыма  келсем,  олардың  ең  таңдаулы  өкілдері  Напалеон  соғыстары  кезінде  Бородино  мен  Березинада,  қысқы  жорық  Ләйпцсы  түбіндей  ұрыста  қаза  тапты.  Тірі  қалғандардың  ешқайсысы  Сенат  алаңындағы  бүлікке  қатыспаған.  Менің  үлкен  әкем  князь  В.  30  жыл  тұрақты  әскер  қатарында  қызмет  атқарса  да,  генерал  шеніне  жете  алмай,  Қырым  соғысы  қарсаңында  полковник  дәрежесінде  отставкаға  шығыпты.  Бірақ  қарт  жауынгер  Тавриададағы  масқара  жеңілісті  көтере  алмай,  миына  қан  құйылып  қайтыс  болған.  Мұның  бәрін  тәптіштеп  айтып  отырғаным,  біздің  әулет  ғасырлар  бойы  Мемлекет  пен  Таққа  қалтықсыз  қызмет  етті,  өзінің  бар  тірлігінің  мәні – Отан  алдындағы  борышты  өтеуде  деп  білді...

Кәрі  полковник  өзінің  Орел  губерниясындағы  мекеніне  келгенде  шағын  шаруашылығы  өте  мүшкіл  халде  еді.  Полковниктің  алғашқы  некеден  туған  жалғыз  ұлымен  әкем  өзінің  өмірін  реформаторлық  жұмысқа  арнамақ  болады.  Ол  тіпті  реформаны  күтпей,  біздің  иеліктегі  шаруаларға  толық  еркіндік  беру  туралы  өз  әкесінің  алдында  мәселе  қойса  керек.  Кәрі  полковник,  әрине,  бұл  ұсынысы  гетингендік  желөкпелік  деп  қана  қабылдаған,  оқымысты  ұлдың аузын ашырмапты.

Арада  екі-үш  жыл  өтпей,  Азаткер  патша  арнайы  манифестің  жариялағанда  құрғақ  идеямен  нақты  істің  ара  қатынасы  қандай  екені  айқындалады.  Әуеліде  басқа  дворян  ұялары  сияқты,  біздің  иелікте  туталақай  болады.  Өзі  нық  сенген,  осы  жолда  бар  өмірімді  түгесем,  айдауға  да,  абаққа  да  дайынмын  деп  жүрген  әкей  мәңгіріп  қалса  керек.  Таң  қаларлық  ештеңе  де  жоқ.  Бары  алдында  тұрған,  тым  дәулетті  болмаса  да,  ішіп-жемдігі  мол  салқай  сері  бір-ақ күнде «жалғыз үйлі  Овсяников»  болады  да  шығады.  Әкейдің Петербург университетінен кафедра алмақ болған,  басқадай  жолмен  болашағын берекелеуге тырысқан  қам-қаракеттерін  айтпай-ақ  қояйын.  Ақыр  түбі  әбден қажыған,  жасы  елуге тақаған  кезінде  қара  шаруалардың  бірінің  жалғыз  қызына  үйленеді.  Кәрілігін  қамтамасыз  еткеннен  соңғы  арманы  бала  көру  екен.  Перзент  тұрмай  қояды.  Ақыры,  некенің  тоғызыншы  жазында -  1895  жылы  мен  туыппын.  Әкейдің  - бір  кездегі  делебелі  Геттинген  ұланы,  енді  ата-тегін,  бағзы  замандардағы  атақ-даңқын  бәрінен  жоғары  қоятын  қарт  княздің  бар  тірлігі  бала  бағуға  арналады.

Мен  Елен  қаласындағы  гимназияны  алтын  медальға  бітіріп,  1911  жылы  он  алты  жасымда  Петербург  университетінің заң факультетіне  келіп түстім» (3,46).  Осы үзінділерге қарағанда қаһарман  оңай  жерден  шықпаған.  Бас кейіпкерге  тоқталатын  болсақ,  ол  нағыз революционер  болған,  сондығымен  Сібірге айдалған  қаһарман  осал  адам  емес.  Оны төмендегі мысалдардан көруге  болады. 

«Суворов  пен  Кутузовты  шығарған,  әлемдік  құрлықтың  алтыдан  бір  бөлігін  бауырына  басқан  Орыс  мемлекеті  әлемдегі  ең  қуатты  державаға  айналуға  тиіс.  Оған  да  жетер  күш  бар.  Тек  шарты  келіспей  тұр.  Сол  жағдайды  жасау  керек,  сол  шартты  туғызу  керек.  Мұны  бәрі  де  ұқты.  Мен  социал-революцоннерлер  партиясын  мақұл  көрдім.  Көп  ұзамай  қарулы  жауынгер  топқа  кірдім.  Біз  қоғамды  жаңғырту  жолындағы  іс-әрекет  дәйекті  түрде  жүргізілетін  революциялық  террорсыз  жүзеге  аспайды  деген  сенімге  бекіп  едік.  Мен  әуелде  онша  маңызды  болмағанымен  өзіндік  мәні  бар   бірнеше  акцияға  қатыстым;  тікелей  емес,  сырттай  бақылаушы,  хабаршы  ретінде  ғана.  Серіктерім мені  баласынған.  Бірақ мен    мұндай  әрекеттерге қанағаттанбадым. 

Мен  өз  жасағымды  құрдым,  жекелеп  жүргізілетін  әрекет  аймағын  ежелгі  екі  астанаға,  барлық  провинциялық  орталықтарға  көшіру  туралы  жоспар  ойластыра  бастадық.  Міне,  дәл  осы  кезде  тұзаққа  іліндім.  Соңғы  ерлік, - қазір  ойлап  отырсам,  сұмдық  тіпті  қылмысты  істерім  үшін  емес.  Мүлдем  кеткен  Покмишевскийдің  тозақтан  жолдаған  сәлемімен.  Баяғыда  өткен,  өзім  де  ұмыта  бастаған  ескі  істер  шылауы.  Орындаушы  болмасам  да,  тікелей  қатынаспасам  да  хабардар,  сыбайлас  ретінде  мен  қазір  мүлде  араласпай  кеткен,  тіпті,  араздықта  жүрген  ескі  серіктермен  бір  бұғауға  шалындым» (3,86).

 Өстіп  бас  қаһарман  тұтқынға  түседі.  Осындай   ұсталған  адамдарды  Сібірге  айдауға  жібереді.  Сөйтіп  поезд  Сібірге  енеді.  Сол  кезде  сары  қазақ  атанған  Стамбек  бір  айла  ойластыра  бастайды.  Ол  ойлаған  айласы  іске  асады.  Өзінің  жаны  үшін,  күні  үшін  вагоннан  қашпақшы  болып,  ақыры  осы  дегеніне  жетеді.  Әрине,  тұтқынның  халі  еді,  қолында  да,  аяғында  да  кісен.  Сөйтіп  айдауға  кетіп  бара  жатқан  жерінен  қашып  шығады. 

Сол  кезде  қаһарманның  бұғаудан  босағанына,  еркіндік  алғанына  қатты  қуанады.  Стамбектің  басар  жері,  барар тауы  болмайды.  Әйтеуір қашып келеді.  Енді  қайтып  қолға түскісі келмейді.  Осындай ауыр  азапты  басынан өткізген  Стамбек,  сол кездің  тілімен айтқанда,  киргиз-кайсақтың қолына  түседі.  Әрине,  басында Стамбектің  ойына неше  түрлі  ойлар  келеді.  Бірақ  өзі  кездестірген  киргиз-кайсақ  бұған  ешқандай  жаманшылық  көрсеткен  жоқ.  Қайта  бұны  аяп,  оған  көп  қамқорлық  жасады.  Осы  жерлерде  Стамбек  көп  нәрсеге  жат  көзбен  қарады.  Бәрі  оған  таңсық  еді.  Осындай  таң  қалу  кездерін  романның  мына  бір  үзінділерінен  көруге  болады.

«Басында  құлағы  қайрылған  тақыр  тұмақ,  таңымында  ұшы  көкке  шошайған,  ұзынша  тұзақты  ақ  таяғы  бар;  кейін  келді,  бұл  әдетте  жылқы  қайыруға  арналған,  қару  ретінде  қолдануға  да  болатын  құрал-құрық  аталады  екен...  Содан  соң  есіне  әлдене  түскендей  атып  тұрып,  қанжығыдан  ағытып,  кішкентай  тері  торсық  алды.  Торсық  шикі  тері  емес,  әлденендей  бір  тәсілмен  кептірілген,  өңделген  қара  күрең  былғарыдан  тігіліпті.  Ернімен  тақап,  дәм  татып  едім,  ашқылтым  ақтың  иісі  келді.  Далалықтар  жылқының  сүтін  ішеді  деуші  еді,  сол  сияқты.  Мен  қымызды, - кейін  білдім,  жаңағы  сусын – граф  Толстой  сонау  башқұрт  даласына  талай  рет  барып,  жаз  бойы  жатып  ішетін,  көшпенді  халықтардың  Атилла  мен  Шыңғыс  хан  заманынан  бері  келе  жатқан  дәру  асы – қымыз  екен, - сол  қымызды  ашырқанбай-түшіркенбей  ішкеніме  және  көпе-көрнеу  әл  жиып,  қуаттанғанына  риза  болған  қырғыз-қайсақ  орыс  көңілденді...  Таза  су  ішкізіп,  қолыма,  сірә,  мал  сүтінен  дайындалса  керек,  сырға  ұқсас,  тәтті  жұмсақ   тағам  (кейін  білдім,  жас  ірімшік  екен)  ұстатты...  Мені  шет  жақтағы  қоңырқай  күмбезді  киіз  шатырға  әкеп  түсірді.  Шатыр  іші  ағаш  тор  екен  (керегені  айтады).  Алдымызға  дастархан  жайылып,  экзотикалық  тағамдары  қойыла  бастады,  аттарын  кейін  білдім - құрт,  ірімшік,  жент,  қуырған  бидай,  балқаймақ,  торта,  қазы,  шұжық,  тағы  басқа  нәрлі,  қуатты  астар.  Сөйтіп  кайсақтар  тұтқынды  аяғындағы,  қолындағы  бұғаулардан  босатып,  жуындырып,  үстіне  киім-кешек  кигізіп,  нағыз  сары  қазаққа  айналдырады.  Сол  ауылдардың  ру  көсемі  Сыпатай  мырзамен,  оның  үй-ішімен,  сол  ауылдың  атқа  қонар  жігіттерімен  танысып,  біліседі.  Бұл  енді  осы  ауылдың  адамдарына  сеніммен,  ризашылықпен  қарайды.  Сыпатайдың  баласы  Сіләмбек  Стамбекке  ат  үстінде  қалай  отыруды  қалай  шабуды  үйретеді» (3,125). 

Қаһарманымыз  сөйтіп  бірте-бірте  сары  қазаққа  айнала  бастайды. Станислав  деген  атының  өзіне  тілдері  келмей,  Стамбек  атандырады.  Стамбекті  іздеп  шығушылар  да  табылып  жатады.   

«Мен  осы  ауылға  қонақпын.  Мұсылман  баласы  үйіндегі  қонағын  жазаға,  жалаға  бермейді.  Бұдан  өткен  масқара,  бұдан артық қорлық  жоқ.  Өлсе  бермейді.  Ал  мына  көшпенділердің  дін рәсімін орындауы  шамалы  болғанымен,  ділі  қатты сияқты» (3,75).

Осы  жолдардан  қаһарманның  қазақтың  ұлттық  дәстүрін  жақсы  білетіне  көз  жеткізуге  болады.  Сөйте  келе  Стамбек  қазақтарды  өте  биікке  қояды.  Олардың  дәстүрін,  әдет-ғұрып,  қонақжайлылығын  қатты  дәріптейді.  Олардың  салт-дәстүрін  өзінің  бойына  да  сіңіреді.  Стамбек  осы  ауылдың  ру  көсемі -  Сіләмбектің  әкесін   қатты  сыйлайды.  Әкесінен  көрмеген  тәрбиені,  мейірімді  осы  ақсақалдан  көреді.  1916  жылы  дүрбелеңде  Сыпатайдың  баласы  қазаға  ұшырайды.  Сөйтіп  Стамбек  Сыпатай  ақсақалдың  туған  баласы  болып  шығады.  Қуғынға  ұшыраған  Сыпатай  мырза  көшуге  бет  алады.  Сол  көште  Стамбек  көп  нәрселер,  көп  жерлер  көреді.  Қазақ  халқының  даласына  қайран  қалады. 

Ұлытау  жеріндегі  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  Жошының  мавзолейін,  Едіге  тауының  ұшар  биігіндегі  батырдың  моласын  көріп  көп  қызықтарға  кенеледі.

«Мен  ел  ішінде  аумалы-төкпелі  дүрбелең  мен  көші-қон  үстінде  өткен  он  бес  жыл  орайында  бар  қазақты  танымасам  да,  Қызылжардан  Шуға  дейінгі  аралықтағы  неше  мың  шақырым  аймақты  біршама  білдім.  Алаштың  жаманы  жоқ.  Бірақ  мен  қыздары  сұлу,  ұлдары  бұла,  ақсақалы  кең,  азаматы  мәрт,  бұдан  жүз  жыл  бұрынғы  еркіндігінен  айырылмаған,  әдет-салтын  таза  ұстаған,  әрі  өнерлі,  әрі  жомарт  тама  сияқты  ел  көрмедім» (3,128).

Осы  үзінділерден  Стамбектің  қазақ  халқына  деген  сүйіспеншілігі  көрінеді. Осы  ауылдан  Стамбек  жар  сүйеді,  перзент  сүйеді. Сыпатай  ақсақалдың  бел  баласы  болады.   

 «...Бұрынғының  бәрі  көңіл   алдарқату  екен,  өзімді  енді  ғана  осы  халықтың  туған   перзенті  сезіндім» (3,158).  Осы  сөздерден қаһарманымыздың   сөзінде қандай  ой,  астар жатқанын  байқауға  болады.  Өзін  қазақпын  деп санау,  ақсақалды әкем  деп санауында үлкен құрмет  бар.  Өзінің  жарты өмірін  елсіз,  иесіз жатқан  Бетпақдалаға  арнайды.  Басқа амал  болмайды.  Өзінің  басына  түскен  қиыншылықтарға  мойымайды.  «Басқа  түссе  баспақшыл»  дегенді  халқымыз  тегін  айтпаған.  Әрине  өзінің  осындай  күй  кешуін  бақытты  санайды.  Өзінің  осындай  қазақ  қолына   түскенін  бақытты  санайды.

Информация о работе М.Мағауин повестерінің