Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция

Описание

1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.

Работа состоит из  1 файл

Лекции по ПК.doc

— 717.50 Кб (Скачать документ)

Кеңес беру барысында бәрінен бұрын шешуді қажет ететін мәселе - өте білгіш, жол көрсеткіш, ата-ана ұстанымының дәлелдігімен нақтылығына, сол ұстанымды ұстанудың қажеттілігіне күдік тудыру. Сонымен қатар 20-30 және 40 жасар балаға да күнделікті барлық нәрсені түсіндіре отырып қандай да бір позитивті нәтижеге жетуге болады. Ол баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланыстылығын клиент толық түсінуі керек. Сонымен қатар дербестік, өз өмірін өзі құруға ұмтылушылық оң қасиеттер екенін түсінуінің мәні терең. Кейде клиентке «сіз балаңызға дәл осының қажет екеніне сенесіз бе?» немесе «қалай ойлайсыз, егер сіз барлығын дұрыс айтқан болсаңыз неліктен ол сізді тыңдамайды?» мұндай проблемалар көбінесе ата-ана мен баланың өмірі, оның нормалары мен құндылықтары туралы түсініктерінің айырмашылығымен байланысты орын алады. Гиперқамқоршы ата-аналарға кеңес беру кезінде олардың балаға деген көзқарастарының ерекшеліктерін талқылау керек емес, тіпті мүмкін емес. Бұл клиенттердің жеке өмір принциптерін түсінуге бағытталған мәселе болғандықтан оны талдау барысында ата-ана мен бала қатынасынан тым алыстатып кету мүмкін. Сондықтан ата-аналардың бала тәрбиелеудегі ұмтылыстарының ерекшеліктерімен шектеле отырып, оның күшіне күдік тудыру, олардың ара қатынасындағы бір-біріне мінез көрсетуін сараптауға көшу тиімдірек болады.

Ата-ананың баласын  тәрбиелеуге бағытталған күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай  түрлі бағытпен жүруі мүмкін: 1) бала үшін түсініксіз және мәнсіз мысалдар мен әңгімелер арқылы тікелей  жасалған ықпалдың тиімсіздігін дәлелдеу; 2) қысым ретінде жүргізілген ата-ана әрекеті көбіне бағынуды емес, қарсыласуды тудыратындығын көрсету; 3) қысым мен қатал бақылау бір ғана нәрсеге әкелетіндігін – баламен қатынастың бұзылу   сипатына ие болатындығын ұғындыру.

Ата–ананың  баламен күнделікті әрекетінің тәсілдерін талдау ары қарай осы аталған үш бағыттардың біреуімен жүреді. Отбасындағы қиын жағдайлар қатарындағы нақты түрлері ретінде бір нәрсені түсіндіруге, істеуге мәжбүрлеу де орын алады. Ата–аналық бақылаудың мұндай формаларының тиімсіздігі жайлы сөз қозғай отырып олардың өз баласына жауапты екенін де ұмытуға болмайды. Мұнсыз клиенттің басты сұранысы қанағатандырылмайды, қарым–қатынасы орнына қелмейді. Балармен қатынас нашар жағдайлар қатарына қойылғанына не себеп болғанын нақтылау арқылы бір нәрсені істеуге мәжбүрлеу тәрбиелеуде пайдалануға болатын және кеңінен пайдаланылатын тәсілдер екенін ешкім жоққа шығара алмайтынын айта отырып, ата-аналар бақылаудың мұндай формаларының қай кезде тиімді, ал қай кезде тиімсіздігі жайлы сөз қозғап, оны дұрыс бағалауы керек. Оны барлық уақытта негізгі тәсілдер ретінде қолдануға болмайтындығын түсіну арқылы шағым жасаған ата-ананың басты сұранысы қанағаттандырылады.

Әдетте әңгілелесу кезінде «менсіз ешнәрсе істей  алмайды» немесе «ол мұны түсінбейді» деген сияқты өте көп шағымдар орын алатындықтан бұл сұрақты талдау киын емес. Осы және осыған ұқсас ілікпе сөздер ата–ананың балаға сенімсіздігінің, оның ересек болу, тәуелсіздігін көрсету ниеті мен мүмкіндігін төмен бағалауының көрнекі куәлігі. Әрине, ата-ана үшін кез келген жастағы бала - бәрібір сәби екенін растауға дайын клиенттер кездеседі. Бірақ бұл жерде ең бастысы сәби болу не екенін түсіну – сүйікті болу, қамқорға бөлену немесе қамқорсыз болу. Бір жағынан – гиперқамқорлық туған адамның тағдыры туралы ойлану, оны күту, баптау және мүлдем басқа жағынан – оған өз бетімен өмір сүруге мүмкіндік бермей, әрбір қадамын қатаң қадағалау. Бұл кеңес беруге қиын, шешімі шиеленіс және күрделі тақырыпты талқылау нұсқаларының бірі – гуманистік психологияны пайдалануды, атап айтқанда, Н. Роджерс қалыптастырған ұғымдар тұрғысынан  әңгімелесуді талап етеді. Адам  өзіне  сенім артқанда  ғана ересек және  дербес бола алады және осы жағдайда ғана ол өз күшіне сенеді. Адамның мүмкіндіктеріне басқалардың күдіктенуі оның өз күшіне сенімін селдіретіп, оны бейғам және дәрменсіз жас баладай етеді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр бойынша, біздің халықтық мәдениетіміз бойынша ата-аналар балаларға сенім білдіргенімен  оларды есейгендеде қатаң қадағалау  секілді дәстүр сақталған. Сондықтан баланың пікірімен санасу тұрғысында ата-ана онша ойлана бермейді және бұл туралы әңгіме оларға жаңалық секілді естіледі. Оның үстіне баласына қатынаста белгілі скептицизмнің үлесі болады – «ол өз басын алып жүре алмайды», «оның жаны нәзік, басқалардан қысым көреді» деген уәж айтады. Әрине, гиперқамқоршылық тенденциясы барлық адамдарға бірдей емес, біреулер оны қажет етеді, өзгелердің басшылығымен өмір сүргені оларға қолайлы, ал екіншілері дербестікпен өз өмірін өзі басқарғанын қалайды. Сондықтан мұндай клиенттерге балаларының бостандық алғысы келетінін, ерекше қамқорлықты жақтырмайтынын, осы себепке байланысты ата-анасының көзқарасын нашар бағалайтынын мойындау қиын. Мұның барлығы ата-анаға өзін қайта тәрбиелеу қажет екенін білдіреді.

Байбаламшы ата-ананың баласымен қарым-қатынасында жіберілген кателіктің бастысы – гиперқамқоршылық екенін түсініп, оның ерекше «мейірімділікпен» жасаған қамқорлығы тіл табысуының көмектесуші емес, төмендетуші күш болатындығы жайында ойлануы керек. Кеңес берудің бұл кезеңінде психолог клиентпен жүргізген әңгімесін бастапқы сұрақтармен ғана шектеп қоймай, мінез-құлықтың көне тәсілдерінен басқа, өте жұмсақ және дәл сөйлемдер құрастырып, балаларына сенім арту керектігін, олармен байланысты жаңа, пікірімен санасу сатысында жүргізу жаңа қатынас арқылы проблемаларды шешу жолдарын іздеуге тарту керек. Бақылаушы, қамқоршы ата–ананың пікірінше өзінің ескертулері, күнделікті қатаң қадағалауы болмаса, онда бала «оқи алмайды», «әрқашан барлық баратын жерлеріне кешігіп жүреді», «уақытында тамағында ішпейді», «үй тапсырмаларын орындамайды» деген ойларына өзі сенетіндіктен баласына бостандық беру оған оңай емес. Сондықтан ата-ананың мақсаты мен талабының бір-біріне сәйкестігі де талқылануы керек. 

Осы мәселені талдау барысында бала өмірінде ата-ананың сөзі өте күшті әсер ететінін тәрбие көзі екенін, кішкентайлар үшін бақылау бала өмірінің қажетті элементі болатынын түсінуі керек. Баланың өсуімен бірге оның әрекеттері де өзгеріп, біртіндеп оның санасынының жетілуімен бірге дербестігі қалыптасады. Осыған ата-ана даяр болып, дер кезінде балаларына өз бетімен өмір сүруге үйретпесе, олар болашақта өзінің өмірлік парызын атқарауға даяр болуы екіталай екендігіне түсінуі қажет. Бала көп жылдар бойы тәуелді болса, ата-анасынан бөлек шыққанда бақылау мен ескертудің балмауына байланысты жеңілдеу емес, құлдырау сезінуі мүмкін. Егер ата–ана баласының шынында да ересек адам болғанын қаласа, онда осы ересектік белгілері қалыптасып келе жатқан кезеңге осы жолда олардың көптеген қателіктеріне шыдауы керек. Балаға дербестік  берудегі ата-аналардың көмегі тиым салудан емес, осы қиын жолда ізденіс үстіндегілерге қолдау көрсетуден тұруы мүмкін. Сонда ата-ананың қамқорлығын бала қуана қабылдайды.

Кеңес беру табысты  өткен жағдайдың өзінде ата–аналардың  баласымен қарым-қатынасының, олардың өмірін басқаруға бағытталған көптеген әрекеттерінің мазмұны толық өзгеруі екіталай. Бірақ егер де өзгеріс болып, ол өзгеріс тез арада бала тарапынан байқалып, жаңалық оң көзбен бағаланбаса, онда жақын адамдардың қарым-қатынасында бұрын қалыптасқан әдеттермен стереотиптер қайта орын алады. Психологқа қаралу барысында талқыланған ата-ананың негізгі сұранысы – баласымен қарым-қатынасын жақсарту. Сондықтан клиенттің ұлы (қызы) өзгерістерді тез сезіп, осы өзгерісті бағаласа, осы үлгіні болашақта жүзеге асыру жолдарын игеру оларға онша қиын болмайды. Кеңес беру әсерлі болу үшін қарым-қатынас барысындағы жаңалықтарды меңгерту де, осы тәжірибені нығайту да өте жылдам жүруі тиіс.

 

 

2. Ата-ананың балаға қатынасын  түзету тәсілдері

Сенім акциясы. Келесі кездесулерде сенім акциясы аумағында әңгіме ұйымдастырылып, оның барысында бала мен ата–ана қатынастарының оң бағыт алғанына, стратегиялық өзгерісінің басталуына не себеп болып, үлкен қызмет ете алады? - деген сұраққа жауап ізделінеді. Алдымен сенім деген не екенін анықтап алып, ата-ана мен олардың балалары арасындағы сенімді қалыптастыру жолдарын психолог клиентпен бірге іздеуге кіріседі. Сенім әңгімесін ұйымдастыру барысында пайдалауға болатын бірнеше тәсілдерді  келтіреміз.

Бұл тәсіл бала мен ата-ана қатынастарында орын алған түсінбеушіліктер негізінде болған ұрыс-қағыстар, шытырман шиеленіс жағдайлар, кейбір келіспеушіліктер және түсінбеушілік бір жақты болғанда пайдаланылады. Мысалы, анасы баласынан институтты тастамауын талап етеді немесе қызынан оған ұнайтын, бірақ ата-анасына сенімсіз және күдікті болып көрінетін адамдармен достасуына тыйым салады. Осындай жағдайда ата-аналар тарапынан сенім акциясы жүргізілудің мәні өте терең.

Бұл шара ата-аналардың  өздері ұзақ уақыттан бері қойып отырған талаптарын немесе тыйымын алып тастаудан тұрады. Мысалы, ата-ана баласына көптен бері салып отырған тыйымынан бас тартып, оның қабылдаған шешімімен келіскенін былай түсіндіреді: - «Мен көп ойланып, мынадай шешімге келдім. Сен ересек адамсың, өз өмірің туралы өзің шешім қабылдай алатын болғандықтан оқуды тастау не тастамау – бұл сенің  жеке  шаруаң. Енді  бұл туралы саған бір  ауыз сөз айтпаймын» - деп баласына сенім білдіреді. Екінші жағдайда: - «Бұл сенің  достарың, сен оларды жақсы білесің, сондықтан олармен қалаған уақтыңда кездесе бер». Егер проблемалардың түбірі бірімен бірі қосылып біржаққа баруына, үйге тым кеш келуіне және т.б. тыйым салумен байланысты болса, онда оларды да осындай сенім акциясымен шешуге болады. Бұл ата–аналардың жеңілуі немесе «Қалағаныңды істе» деп балаларын өз бетімен жіберу қағидасы бойынша өзінен жауапкершілікті алып тастау емес, ата-ана мен балаларының арасында бір-біріне сенім артудың пайда болуы, балаға сыйлаушылық білдірудің куәлігі ретінде көрініс беруі тиіс. Әрине, сенім акциясын ата-ана бір нәрсеге жариялағаннан соң олар өз шешімін ертеңіне өзгертпестен, одан ешқашан бас тартпаған жағдайда ғана тиімді болады. Мұны  клиенттің өзі де түсінуі керек.

 

Жеке сезімдер мен күйзелістер  жайлы кеңес беру. Бұл тапсырманы ата-аталар өзінің баласына деген сезімін білдірмей тұрып олардың алдында тұрған проблеманы өздеріне шештіруге тырысуы керек болғандықтан біршама қиындықтар туғызады. Бұл тәсілді пайдалану үшін кеңес беруші ата-аналық гиперқамқорлықтың астарында не жатқанын анықтайтын арнайы жұмыс жүргізеді. Мұнда ата-ана сезімін терең талдау жасап, оның «психоанализіне» жан-жақты берілудің қажеті жоқ. Сондықтан да оларға «сіз неліктен балаңызға осыншама қамқорлық жасайсыз, оларды осылай басқарасыз?» деген сұрақты бере отырып, көптеген клиенттер үшін мәні ортақ алғашқы: «мен олар үшін қорқамын», «мен оның болашағы үшін күресімін» деген жауапқа қанағаттануы қажет. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл жауап толық емес. Бұл жерде ата-ананың барлық адамдар секілді басқаларды басқару және бақылау мұқтаждықтары, өздеріне мәнді проблемалардан балаларын сақтап қалу, жалғыздық үрейі т.б. орын алатын мұқтаждықтар туралы айтуға болатын еді. Бірақ, кеңес беру шеңберіндегі түрлі шектеулерге байланысты, ата-аналық байбаламның орын алу жағдайымен байланысты олардың мінез-құлқын өзгерту жолдарын көрсеткен жөн.

Мінез-құлықтың мұндай маңызды өзгеруі ата-ананың баласының өмірін тұрақты бақылаудан біртіндеп балаға деген жеке сезімдері мен күйзелістерін көрсетуіне алмастыруына бағытталады. Мұндай өзгерістер  алғашқыда, өте қарапайым түрде көрініс береді. Мысалы: «Сен институтты тастау туралы ойланушы болма» деген тыйымның орнына: - «Менің ойымша егер сен оқуды тастасаң бүкіл өміріңді құртасың ба деп қорқамын. Маған да уақытында диссертациямды аяқтап, оны қорғап алу керек екені туралы ата-анам кеңес берген еді. Мен сол кезде тұрмысқа шықтым да, диссертациялық жұмысты аяқтап шығуға уақытым мүлдем болмады, ал нәтижесінде мен дымсыз қалдым. Сенде де осылай болады ма деп қатты қорқамын»,- деп баласының болашағын ойлап жүргенін білдіреді.

Айтылған сөздердің  мазмұндық жағынан айырмашылықтары  онша үлкен болмаса да «мен қорқамын»  деген тіркесті айтудың өзі ананың балаға деген жеке сезімдерін білдіріп, сол арқылы түсінбеушілік тудырған мәселені шешу кішкене тиімдірек болатыны дәлелдеуді талап етпейді. Адамның басқаларға деген оң белгідегі сезімдерін білдіру – шиеленіс жағдайларды шешуге өте қажет. Себебі, адамдар өзінің ішкі сезімін біреудің алдында сирек ашып айтатын болғандықтан, оларға басқалардың сезімдері де түсініксіз болып қала береді немесе өте үстіртін ұғынылады. Сондықтан балалар ата-аналарын «ешнәрсе түсінбейді, олар маған әдейі тиіседі» деп түсінуі мүмкін. Осы жағдайда ата-аналар өздерінің ересек балаларына ішкі сезімін ашып айта білсе балалары оларды түсінуі мүмкін. Ата-анада бала өмірінде орын алған кез-келген нәрселер үрей туғызбай, қатаң бақылау қажеттілігін тоқтату керектігін сезінетін болады.

Клиентпен әңгімелесу барысында сезімді білдіру проблемасын  талқылау ғана емес, оны айналасындағылармен бөлісу неліктен қажет екендігі туралы пікір алмасу, сезімді білдірудің қаншалықты қымбатты нәрсе екеніне сендіру процестері де жүреді. Кеңес беру барысында «бос орындық» техникасын қолдана отырып, болған оқиғаны басынан аяғына дейін ойын арқылы қайта жаңғырту ұсынылуы мүмкін. Мұнда клиент қарсы алдындағы бос орындықта ұлы не қызы отырғандай, күнделікті орын алып отырған түсінбеушілікке алып келген мәселелер қандай жағдайда болғанын басынан бастап айтқызу қажет. Осы мақсатта нешетүрлі тәсілдер элементтерін пайдалану арқылы клиентке не туралы айту қиын болды және неліктен, бұл қиындықтарды қалай жеңуге болады, және т.б. мәселелерін талқылау арқылы оның барлық проблемаларын толық айтқызу керек.

Қарым-қатынасты  өзгерту өте күрделі процесс. Сондықтан ата-ананың баламен сенім әңгімесін ұйымдастыру арқылы мұндай бағдардағы іс-шараларды біршама жылдамдату жөн болады. Мұндай әңгіменің мақсаты – клиенттің ұлы немесе қызы туралы уайымы, оның өмірі қандай болады деген уайымы мен балаға деген махаббаты жатқан ішкі сезімін ретке келтіру, клиент өзі туралы әңгіме айтқанда баласымен қатынасы мен өзара ықпалдарының бұрыңғыға қарағанда жоғары деңгейге шығуына тырысу, оған деген қатынастың өзгергенін көрсету. Ата-ананың да баланың да жан дүниесіндегі сырын ашу барысында жиналған өкпе мен шағымынан арылту мүмкіндігі болса мұндай кеңес олардың арақатынастарындағы нағыз меже бола алады. Осы байланыста кеңес берудің негізгі ережелерінің біріне назар аудару керек. Егер клиент өмірінде қандай да бір оқиғадан өтуі қажет болса, оны әңгіме барыснда тек қана талқылаумен шектеліп қоймыстан, мүмкіндік болса тіпті оны іске асыру жолдарын анықтап, уақытысын белгілеп, даярлық жаттығуын жүргізу керек. Нақты талқылау барысында қолайлы уақытты таңдау, неден бастау мүмкін екенін, пайдаланылатын нұсқауларды іріктеу орынды болады. Мұндай нақтылау үстіртін әңгіме кезінде байқалмайтын, бірақ жобаны іске асыру басталғанда тез ашылатын жасанды кедергілерді ашу және олардан ұтып шығу үшін қажет. Мысалы, клиент қызымен сөйлесуге бел байлайды, бірақ қызы үйге өте кеш, ата-анасы ұйықтап қалғанда оралады, ал демалыс күндері ата-анасы саяжайға кетеді. Осы жағдайда саспастан, күйгелектенбестен сырласу әңгімесін жүргізу үшін екі жаққа да қолайлы уақытты арнайы тауып алып, оны өткізу уақытын жоспарлау керек.

Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері