Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:31, лекция
1.Жалпы психологиялық негіздері.
2.Түрлі теоретикалық бағдарламалардың қосқан үлесі.
3.Психологиялық ықпал етудің механизмдері.
4.«Әлем бейнесі» мен консультативті-психотерапиялық практикадағы оның мәні.
Бұл жағдайда пікіртастаушы, «идеяның бастамасы» болған кеңес беруші мәселенің тұтас шешілуіне айтарлықтай ықпал етуі керек. Ол ықпал мәселені шешудің жалпы нұсқасы туралы ғана емес, оны толығымен нақты шешу ретін, айтылатын ойларды және сол ойды жеткізу үшін пайдаланылатын тірек ұғымдар мен сөздерді, оны өткізу уақыты, қажетті формасы таңдалып, даярлық логикалық жағынан аяқталған болуы керек. Сонда, біріншіден оны орындамау мүмкін емес және ол ата-ананың өте күрделі қатесі болып табылады, екіншіден, орындамау себертерін саралау барысында клиент жағынан алауыздық білдірілгені немен байланысты болғанын түсінуге негіз бола алады. Мысалы, бұл жағдайда қызын күтіп, онымен сөйлесу үшін клиентке бір күні өте кеш жатуға тура келеді. Тіпті, ол алдын ала анықталған уақытта клиент өз қызымен сөйлесе алмаса да бұл талпыныстың болашаққа тигізетін әсері аз емес, осы әңгімеге даярлық және осы кездесуді күтудің өзі оның өз баласымен арақатынасын өзінше терең талдауына тамаша материал бола алады. Себебі, күту кезінде пайда болған қызына деген жалпы сезімі және наразылық сезімінің күші, оны ақтайтын сылтаулар іздеуі ата-аналық сезімнің күштілігінің көрсеткіші бола алады.
3. Бала
өміріндегі мәселелер мен
Ата-ананың гиперқамқоршылық ұстанымы өзінің баласының көптеген қылықтарын дұрыс бағаламауына алып келетінімен де қауіпті: ата-ана оның мінез-құлықын әлі қалыптаспаған деп санап, сондықтан оның көптеген әрекеттерін күмән тудыратын ретінде қабылдай бастайды. Көмек сұрай келген клиенттер нақты емес аргументтерге сүйене отырып өте мағынасыз шағымдар айтады: «Маған қызым нашақор секілді көрінеді. Ол кейде үйге кеш қайтады және оның көздері жанып тұрады». «Мені қызымның моральдық бейнесі өте үрейлендіреді. Мен оны жігіттердің шығарып салғанын бірнеше рет көрдім және олардың екеуімен сүйісіп қоштасты». Бірақ клиентттің кез келген әңгімесін кеңес беруші мұқият және шыдамдылықпен тыңдауы керек, себебі, бір жағынан бұл шағымдардың астарында өте маңызды нәрсе жатуы мүмкін, ал екінші жағынан, клиентпен сенімді байланыс орнатылғанда ғана оның пікіріне ықпал етіп, ата-ана үрейін өз арнасына түсіруге болады.
Клиентпен ары қарай жүргізілетін жұмыс оның өз баласы туралы айтқан әңгімесінің қаншалықты шындыққа жанасатындығына байланысты болады. Мысалы, клиент: «Менің қызым нашақор, мұны өзі мойындайды. Ол наша шегуді тастағысы келгенімен, бұл талабынан ешнәрсе шықпады. Енді бізге не істеу керек екенін білмейміз?» деген шағым айтады. Түрлі әлеуметтік және психологиялық ауытқулармен байланысты проблемалар қандай да бір ресми (медициналық, құқықтық және т.б.) бастамаларға алып бару қорқынышымен ұштасады. Мұндай қорқыныш көп жағдайларда ақталған болып шығады. Әрине, психологтан көмек күтіп отырған адамның жағдайы қандай қиын болғанымен ол туралы медициналық немесе қандай да бір басқа мекемелерге бұл мәліметті жеткізіп, оны басқа жерлерде көтермеуі керек, бірақ мұндай қатынастың дұрыс шешілуі клиенттің өмірлік оқиғасының жақсаруына айтарлықтай әсер еруі мүмкін. Осындай жағдайларда психологтің клиентке кәсіби түрде көрсететін көмегінің тиімді болуын қамтамасыз етуге негіз болатын реті бар:
Бұл міндеттердің алғашқысы өте қараапйым шешіледі: клиентті тіпті еңбек жолын жаңа бастаған кеңес беруші де бар ықыласымен тыңдай аласа, оның проблемасы жеңілдегендей болып қалады. Ата-ананың басына осындай жағдай туғанда олар өз қайғысын тек оның басына туған күн, бұрын еш жерде, ешқашан, ешкімде кездеспеген қорқынышты нәрсе өтіп жатқандай көрінеді және бұл проблеманың шешімі жоқ деп есептейді. Клиенттің мұндай үрейленген сезімін төмендетіп, оның жағдайында өзгерістің болуы мүмкін екендігіне үміттендіруге өте көп көңіл бөлінеді.
Көбінесе клиент өзінің басына туған қайғысымен қайда баратынын, нашақорларды кім және қай жерде емдейтінін, психиатриялық көмекті қайда және қалай көрсететінін білмейді. Егер психолог клиентке қажетті ақпаратты меңгертсе, ол бұл жағдайда өзінің кеңес беруші функциясын психолог әлеуметтік-диспетчерлік қызметі ретінде атқарады – клиентке қайда, және қалай бару керектігін, кімге және не айтуды, не туралы сұрауы керектігін және т.б. қажетті әрекеттері туралы кеңес береді. Кеңес беруші осындай клиенттің психологқа қаралуы барысында оның жағдайларын анықтауға көмектесу мен қатар тағы да бір өте маңызды міндетті орындауы керек. Себебі, клиент ондағы әлеуметтік ортаның реакциясы қандай болатынын, олардың болашағына әсер ету мүмкіндігі қандай екеніне үлкен көңіл аударады. Өйткені ол он баланың ата-анасы бола отырып балаларының ішінен біреуі осындай қалге ұшырап, алғаш рет кеңес сұрап келген болар. Бұл жерде не болды? Қалай қабылдайды? Не айтты? Бұл мағынада кеңес беруші қоршаған адамдардың клиентке көмектесуге дайындығын, ал басқа мамандарға қаралу нәтижесінде оның басына түскен жағдай туралы әңгімеден туған қайғы мен ұят күйзелісі ғана емес, қажетті көмекті де әкелетінінің кепілі болуы керек. Қандай да бір себептермен кеңес алудан қорқатын адамның маманға баруы өте күрделі міндет. Мұндай жағдайда өз баласын маманға жіберген ата-ана мотивацияның дұрыс тоны мен тәсілдерін таба алмайды. Көптеген жағдайда ол, «онда саған сенің күшті екендігіңді түсіндіреді» деп сендіреді, қорқытады, яғни баланың ата-анаға сенімсіздігін тудыратын сәттерді баса көрсетеді. Қалыптасқан жағдайда ұлына не қызына ол ата-ана нені және қалай айтатынын талқылау барысында мүмкіндігінше негативті сәттерді алып тастап, позитивті сәттерді енгізу керек. Мұнда осындай оң әсері бар әрекеттер ретінде мыналарды атап өтуге болады:
а) баланы артық психологиялық және физикалық күйзелістерден сақтауға қажетті көмек көрсетілуі;
б) ата-ана баласына қамтамасыз ете алатын көмегін анонимдік ұстанымға сәйкес ұйымдастырылуы;
в) егер қажет болса білікті, атақты маманға көрсету;
в) ата-ана баласының басына түскен қатерлі жағдайға байланысты сезімдері мен күйзелістері жайында әңгіме айту арқылы (Сен жақсы баласың. Сенің басыңа түскен оқиға кездейсоқтық, оны тезірек түзетеміз де, жайлы өмірімізге ораламыз) басқа да мамандарға қаралу қажеттілігінің тағы бір дәлелі болатындай мысалдар келтіруі.
Әңгіме барысында неше түрлі эндогендік аурулар кездесетіні туралы, осы отбасының басына келген жағдайлардан басқа көптеген кездейсоқтықтар болатынын, ата-ана баласы ұшыраған оқиғадан алып шығуға жауаптылығы туралы және осындай мәселені ана мен бала біріге отырып шешкен кездерін үлгі ретінде келтіруге болады. Бірақ клиенттерге алдында тұрған күрделі және бірден шешуді талап ететін оқиға неліктен орын алғанын, оны қалай сараптап, талдап, шешу жолдарын табуға ұмтылу мүмкін емес болып көрінеді. Кеңес беруші әңгіме барысында өткен нәрсенің себебін талдау арқылы одан шығу мүмкін екендігін көрсетумен бірге оларды келешекті кінәлау және көңілі толмаушылық ұстанымынан біртіндеп болашақ өмірді сеніммен қабылдау және қолдау ұстанымына бағдарлау процесі жүреді.
Өкінішке орай, көптеген ата-аналар балаларының психологиялық және әлеуметтік қиындықтары жайында айтқанда балаларын сынауға және өздерінің сөздерінің дұрыстығын дәлелдеуге құмар болады. Ал, онсызда қиналып жүрген балалар ата-аналарының «мен сенің олармен байланыспауыңды неше рет ескерттім», немесе «барлығына өзің кінәлісің, сондықтан енді сен маған қарсы сөйлеуші болма» секілді ескертулерінің өзін ауыр қабылдап, бұл сөздерді үлкендердің көмектескісі келмеуінің белгісі деп есептеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тек ақыл-кеңес айтып, қалай өмір сүру керек екендігін үйрету кем және мәнсіз шара болып келеді. Балаларға осы жағдайдан шығуға үлкен қолдау көрсету өте керек және олдарды ары қарай құлдыраудан кеңес беру немесе жазалау арқылы емес, ата-ананың тарапынан білдірген үлкен сезім ғана құтқара алады.
Кеңес беруші адам ата-анаға оның баласының не айтып, не істегенін түсіндіріп беретін дәнекершісі ретінде баланың психологқа немесе басқа мамандарға көрінуі қандай ауыр тиетіндігін түсіндіруге тура келеді «Өзіңізді оның орнына қойып көріңіз, осындай жағдайда сізге біреудің көмектескенін қалайсыз ба?». Баламен ата-ананың қарым-қатынасы бір-біріне сенім артуға негізделген, жақсы қатынас болғанда ғана баласына шамалы болса да отбасы ықпал етіп, оны кеңес берумен, қолдау көрсетумен есірткі қабылдаудан, әлеуметтік қауіпті адамдармен байланысудан және т.б. оқшаулық сипаттағы қатынастардан сақтай алады. Ата-анамен сенімді қарым-қатынас болғанда бала, бір жағынан, оларды көп тыңдауға бейім болады, ал, екінші жағынан, жақын адамдарының жанын ауыртудан қорқып өзін өзі ұстаудың өте мықты ішкі құралын қалыптастырады. Олай болса, сенім білдіру жағдайы тікелей ғана емес, қосалқы бақылау үшін де көп мүмкіндік береді. Егер ата-ананың баласымен қатынасы кеңес алуға келген сәтте айтарлықтай бұзылған болса, оларды қалыпқа келтіруге бағытталған арнайы іс-шаралар сенім акциясы, ашық әңгімелесу және т.с.с. жоғарыда айтылған әдістемелерді пайдалану арқылы оларды талқылауға болады.
Кеңес берудің бұл формалары қиын жұмыс түрлеріне жатады, сондықтан клиент проблемаларын талдау кезінде тәжірибесіз кеңес берушілерде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, проблемасы бар баланың әкесімен не шешесімен сәтті әңгімелесуден соң клиентің үгіттеулеріне жауап ретінде психолог әрине баламен кездесуге бел байлайды. Ал ол бала мүлдем басқа жағдайды, басқа түрде қатынас құруды және араласуды қажет ететіндіктен бұл жұмыс пайдалы болуы да мүмкін, сонымен қатар, психолог баланың ерекшеліктеріне икемделе алмаса бұл кездесу сәтсіздікке алып келуі де мүмкін. Сондықтан психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру алдында және оның барысында психологиялық ықпал етудің барлық формулаларын меңгеруге тырысып, алдын ала жасалаған бағдарлама бойынша оны ешқандай жағдайда ауыстырмастан жүргізу керек.
4. Ата-аналарға
өздерінің жеке мәселелері
Кеңес алуға келген клиенттердің ішінде балаларына немесе басқа туысқандарына шағым жасағандардың проблемалары жанама түрде айтылғаны анық байқалатындары да кездеседі. Зерттеу барысында бұлардың әңгімесінің ешқандай негізі болмағаны анықталса онда психологқа келу себебі ата-ананың басқа да бір жеке проблемасымен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиенттің балаларына шағым жасауы оның өз проблемасы бойынша психологқа келуге басқа себеп таба алмағанымен байланысты орын алғаны. Кеңес беруге басқа біреудің мәселесімен келудің мұндай нұсқасы тәжірибеде жиі кездесетін жағдай, ол туралы психологиялық әдебиеттерде көп мәліметтер бар. Бірақ ата-ананың алдында тұрған жеке проблемасына көшуден бұрын оның бала тақырыбында жасаған шағымдарын тыңдап, оны аяқтау қажет. Психолог клиентпен әңгімелесу барысында оның өз балалары мұқтаждығымен келгенін растайтын нақты дәлелдер болмаса, оның осы мәселе проблемасының бар екендігі күдік тудыра бастайды және ол адамның өз өмірінде шеше алмай жүрген мәселелері бойынша шағымы болуы туралы болжам жасайды. Бұл клиенттер кеңес алуға неліктен және қандай нақты проблемалармен келгенін анықтап алу керек. Олардың көбісі балаларынан жасырын келгенін бірден жариялайды, өзінің ұлымен (қызымен) қатынасы жайында сөз ете отырып, олардың көбісі отбасынан еншісін алып жеке тұратын, дербес өмір сүретін және ата-анасының пікірін аз тыңдайтын адамдар екенін айтады. Мұндай клиенттерге психологиялық көмек көрсетуді қиындататын кем дегенде 3 нәрсе бар екенін көрсетуге болады. Олар:
Клиенттің басқа біреудің, тіпті өз баласы болса да, ісіне араласуының өзі күдік тудырады. Сондықтан клиент хабарлап келіп отырған шағымның шынайы негізі бар екендігін анықтауы керек. Психологқа қаралуға негіз болған себептерді анықтау барысында кеңес берушінің міндеті - әңгімені кәсіби өте жоғары деңгейде жүргізіп, клиенттің келуінің басқа, көбіне мойындалмайтын не айтылмайтын себептерін табуы. Бұл мәселені анықтауға келесі тәсілдерді пайдалануға болады: а) клиент әңгімесінде орын алған фактілерді жүйелі түрде талдау; б) әңгіме жүргізу барысында қосымша сұрақтар арқылы негізгі тақырыптың астарларын анықтау; в) клиенттің балалары мен жұбайы туралы пікіріне сүйене отырып отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін бағалау.
Клиент сипаттаған
проблемалық оқиғаларды нақтыландыру
арқылы оның өзінің сол оқиғаға қатысты-
Кеңес алуға келген клиентке көмектесудің нақты тәсілдерін анықтау үшін оның бастапқы шағымарының сипатын ескеру қажет. Бұл үшін психолог, мысалы, «сізді неліктен балаңыздың қиындықтары сонша мазасыздандырады?» немесе «сіз оның ісіне осындай қол сұғушылық артық екенін ешқашан байқамадыңыз ба?» деген секілді парадоксальды сұрақтар бере отырып, әңгіме жүргізудің өте үлкен белсенділік білдіру ұстанымда өткізуіне болады. Балаларының ісіне ата-анасының шамадан тыс мазасыздануы әшейін ата-аналық парыздың бір бөлігі ретінде қабылданатын рефлексияға бейім емес көрініс берген клиентпен жұмыс кезінде басқаша әсерленуді білдіру тәсілдерін психолог кеңінен пайдалануы мүмкін. Мысалы, диалог келесі үлгі бойынша жүруі мүмкін.
Кеңес беруші: «Сіздің балаларыңыз немесе сізді өте жақсы білетін басқа адамдар сіздің олар туралы шамадан тыс қам жейтініңізді еш уақытта айтқан жоқ па?»
Клиент: «Мен енді балама алаңдамағанда, кімге алаңдауым керек? Немесе, мүмкін, сіз маған ол үшін не нәрсе қажет екені туралы кеңес берерсіз. Сол айтқаныңызды орындасам ол мені сыйлап, тыңдайтын болатын шығар».
Кеңес беруші: «Сіздің өміріңізде шынында одан басқа алаңдайтын ешнәрсе жоқ па? Балаларыңызға сіздің күнделікті айтатын ақылыңыз, беделіңіз, көрсететін қызметіңіз өте қажет пе?»
Осындай диалогтың шеңберінде психологиялық кеңес алуға негіз болған нақты себепті, нақты проблеманы анықтауға болады. Ата-аналар өздерінің ересек балалары жөнінде шағым жасауына негіз болатын жеке проблемалары мен күйзелістері келесі сипатта жиі кездеседі:
Информация о работе Психологиялық кеңес беру процесінің теоретикалық негіздері