Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка
Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.
1. Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.
2. Психологияның даму тарихы. Психология басқа ғылымдар сияқты даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы екі кезеңге бөлінеді:Бірінші кезең, басқа ғылымдардың аясында пс.білімінің қалыптасу кезеңі( Б.Д.Д ІV ғ.ғ – ХІX ғасырдың 60 Ж ). бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы.Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда Герофил, Гипократ, Демокрит, Галлен, Декарт, Геббос, Лейбниц, Дидро т.б ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Сонамен қатар ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы Гераклит түсідіруі бойыншат барлық алем оттан пайда болады, жан ылғалдан буланып шығады деді.Екінші kezen пс.ның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIX 60ж.ж- қазіргі уаұытқа дейін) көрінуі.Өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вилгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатыедығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты.ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғ.дың басында атақты психолог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол пс.ғылымының зерттеу пәні бойынша пс.лық құбылыстардың тарихы даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңде пс. Жан туралы ғылым деп, ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі рух пен матперияның барысындада қалыптасты. Рух материядан тыс бола ма, жан денеден бөлек өмір сүре ала ма. Қорыта келгенде бірінші кезең адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіріледі. Бұл екі мың жыл бұрынғы көзқарас.Екінші кезеңде, пс. Сана туралы ғылым ретінде қарастырған. Ол XVII ғ.басталады. сезіну қабілеті мен ойлау сана деп аталады. Негізгі әдіс адамның өзін өзі бақылауы. Осы әдістің негізін қалаған Дж. Локк. Пс.ғылымының дамуы үшін интроспективті пс.айтарлықтай мәнді әскр қалдыра отырып, мынадай теориялар қатарын ұсынды:В.Вундт және Титченер нег.қалаған сана элементтерінің теориясы.Ф. Брентано қалаған сана актілерінің пс.сы.У. Джемсом құрғансана қарқыны теориясы.В. Дильтеяның түсіндірмелік теориясы.Үшінші кезеңде пс. Мінез құлық туралы ғылым ретінде қарастырып, Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризм бағыты еді. Бұл бағыт бойынша, ескі пс.тіліндегі сана, ерік, эмация, қабылдау т.б терминдерден бас тарту дегенді білдіреді.Төртінші кезеңде психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтары зерттеледі. ХХ ғ.дың екінші жартысынан басталады. Оның негізін қалағандар С.Л.Рубенштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия т.б.
3 Психология пәні және оны зерттеу әдістері. Психология баска ғылымдар сиякты өз әдістері бар.Әрбір ғылымның дамуы,көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың каншалыкты сенімді екендігіне байланысты.Психология жеке ғылым ретінде тек XIX ғ.ортасында бөлінді.сондыктан ол филосифия.медицина.биология және т.б. ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталады. Негізгі әдіс – байқау, эксперимент. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зертеуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі д.а. эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Эксперимент екіге бөлінеді: лабораториялық және табиғи. Лабораториялық эксперименттің негізін қалаған 1879 жылы, германияда, Лейпциг қаласында неміс ғалымы Вильгельм Вундт. Табиғи эксперименттің негізін қалаған Ресей ғалымы Лазурский ашқан. Қосымша әдістер – анкета, тест, ақыл ой, ғылыми тесттер,тұлғалық тест, егәздер әдісі. Мысалы: әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды. Психологияда зерттеу әдістері негізгі екі әдістерге бөлінеді:субьективті және обьективті.Субьективті зерттеу әдістеріне:бакылау(өзін бакылау),сауал(ауызша,жазбаша,
4. Психологиядағы іс-әрекет психологиясының талдамы және методологиялық проблемалары. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы н/е қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс - әрекеттің қоздырушы себептері бар ж/е ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Іс-әрекет құрылымы: іс-әрекеттің ерекше түрлері(мақсатқа байланысты); әрекет, операция; психофизиологиялық функциялар. Қажеттілік - зат – мотиа- іс-әрекет. Әрекет – қойған мақсатты жүзеге асыруға болатын процесс. Операция - әрекетті орындау тәсілі. Операциялар әрекет ететін жағдайлармен тығыз байланысты. Психофизиологиялық функциялар – адамның түйсінуге деген қабілеті, қимылдауға деген мүмкіндігі. Психофизиологиялық фуекциялар іс-әрекет процесінде алғышарт болып табылады. Іс-әрекет тарихи қоғамдық дәреже. Кез келген іс-әрекет қоғам әрекетімен үздіксіз байланыста, кез келген жеке адам басқа адамдармен байланыста болады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша іс-әрекет объекті мен субъекті арасындағы шыеайы байланыс. Іс-әрекет мақсаты – бұл адам әрекетінің сипаты мен амалын анықтайтын заң сияқты, іс-әрекеттің болашақ нәтижесін анық елестету. Іс-әрекет теориясы авторлардың ойы бойынша психикалық процестерді іс-әрекет позициясынан талдауға болады, өйткені кез келген психиалық процесс мақсатпен жүзеге асып, өзінің операциялық техникалық жүйесі болады.
Іс-әрекеттің түрлеріне:ойын,оқу және еңбек жатады. Ойын-адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе. Ойын-сауық бәсендік, демалу мақсатын коздейді. Ойынның бірнеше түрі түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжетті,рөлдік және ережесі бар ойындар. Іс-әрекеттің тағы бір түрі-оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі- оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады. Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатынын-бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды,өмір жағдайын жақсартты.
5. Психологиядағы тұлға мәселесі. Тұлға–тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды ж/е оның өзіне,ортасы үшін маңызды мәнге ие.Тұлға ұғымына тағы басқада анықтамалар беруге болады.Тұлға деп,жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек,тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік ж/е физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің н/е әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. Ғылыми әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастығанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г Ананьев бойынша адам ұйымдасуының 4 деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс – әрекет субъектісі, тұлға ж/е жеке даралық жатқызылған. Биологияляқ түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік спа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субъект, іс – әрекет процесінде қалыптасатын ж/е дамитын сананы иеленуші.Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді,темпераментті,
6. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары. Ерік адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиет.Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді женуден көрінеді.Ерік адам психикасының манызды құрауышы болып табылады ж/е мотивтер мен таным ж/е эмоциялық процесстермен тығыз байланысты.Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар еріктің өзге екі қызметін бөліп көрсетуге болады: белсендіруші және тежеуші. Ерік арқасында адам өз қалауы б/ша саналы ұғынылған қажеттіліктен шыға отырып,алдын ала ойлаған,жоспарлаған әрекеттерін жүзеге асыра алады. Адамның еркі белгілі бір қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілеріне ерік күші, мақсатқа ұмтылушылық, батылдық, табандылық, ұстамдылық, дербестік жатады. Ерік күші. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулі қиындықтарды жеңу қабілетінен көрінетін ерік сапасын ерік күші дейміз. Мақсатқа жету жолында сіздің жеңген кедергілеріңіз, бөгеттеріңіз неғұрлым күшті болса, соғұрлым сіздің ерік күшіңіз мықты. Мақсатқа ұмтылушылық. Іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесіне жете білуден көрінетін тұлғаның мақсатқа саналы және белсенді бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті батылдық деп аталады. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Ұстамдылық не сабырлылық деп мақсатқа жетуге кедергі жасайтын психикалық көңіл-күйді және шаршап шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік сапасын айтады. Өзі талаптанып, алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиеті дербестік деп аталады. Адамның еркі батылдық, ер жүректілік, ерлік, төзімділік, тәртіптілік сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады.
7.Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...".
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі. XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.Қазіргі кездегі адамдардың психикасымен жұмыс істейтін, ең ауыр салалардың бірі болып табылатын бұл саланың маңызы соңғы онжылдықта арта түсуде.
8. Темперамент туралы теориялар.
Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.Темперамент туралы алғашқы ой пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады.Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған.Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ.Олар:денені жылытып тұратын-қан, сақындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт.Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған.Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген.Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флегматик темперамент деп, ал қара өт басым болса меланхолик,сары өт басым болса, холерик темпераменті деп аталған.Неміс философы И.Кант темпераментті 2- ге бөерерледі: 1)Сезім темпераменттері—сангвиник пен меланхолик; 2)Іс-әрекет темпераменттері- барлық темпераменттер жатады.Сангвиник сезім темпераменті- олардың сезімдері сырттай күшті көрінгенімен, терең және тұрақты емес.Меланхолик сезім тенмпераменті – сырттай күйзелістері, онша күшті емес, бірақ іштей терең әрі ұзақ болып келеді.Сангвиник іс-әрекет темпераменті—оптимист, сенімі мол, қалжыңбас.Ол тез ашуланып, тез қайтады.Меланхолик іс-әрекет темпераменті – себебі ол сангвиникке қарама-қарсы, көңіл-күйі төмен адам.Холерик іс-әрекет темпераменті – ашуланшақ адам.Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз.Флегматик – суық адам.Ол күрделі, белсенді жұмыстан гөрі, қол бастылыққа қалайды. Неміс психологы В.Вундт темпераментті 2 топқа бөлген: 1) эмоциясы күшті темпераменттер. 2) эмоциясы әлсіз адамдар. Неміс анатомы Гейне темпераменттің түрліше болып келуі жүйке жүйесінің тонусына байланысты деген.Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп атайды. В.Д. Небылицин темпераменттің 3 негізгі компоненттерін бөліп қарастырды.Олар: 1) индивидтің белсенділігі; 2) оның моторикасы; 3) эмоционалдылығы.Римдік атақты дәрігері К.Гален темпераменттің физиологиялық ерекшеліктерімен қоса, психологиялық, тіптен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапалармен байланысты деп түсіндірді.