Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка
Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.
9.Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
Қазіргі кезде психология ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән.Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр.Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады.Дәл қазіргі таңда психологияның 100-аса салалары бар.Солардың бірнешесіне тоқталып өтсек: 1.Тәлім тәрбие психологиясы- адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қа лыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қарым қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарстырады. 2.Жас ерекшелік психологиясы- әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін , психологиялық сапаларын зерттейді.3.Арнаулы психология- бұл адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.4.Еңбек психологиясы- адамның іс әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.5.Авиациялық психология- ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеністігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттейді.6.Медициналық психология- дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез құлқын зерттейді.7.Әскери психология/ң басты міндеті азамтты ел жұрты мен Отанын қорғайтынқалқан болуға психика/қ тұрғыда даярлау.8.Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтар арасындағы өзара қарым қатынастағы психология/қ құбылыстардың сырын зерттейді.9.Сауда психолгиясы—қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала.Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси- экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.10.Ғылыми-
10.Психологияның негізгі зерттеу әдістері, салаларына толық тоқталу. Психология баска ғылымдар сиякты өз әдістері бар.Әрбір ғылымның дамуы,көбінесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың каншалыкты сенімді екендігіне байланысты.Психология жеке ғылым ретінде тек XIX ғ.ортасында бөлінді.сондыктан ол филосифия.медицина.биология және т.б. ғылымдардың әдістеріне сүйенеді.Психологияда зерттеу әдістері негізгі екі әдістерге бөлінеді:Негізгі және қосалқы. Негізгі зерттеу әдістеріне: бакылау(өзін бакылау, сыртқы, ішкі қосарланған) және эксперимент (лабораториялық және табиғи) жатады.Қосалқы әдістеріне: анкета мен тест жатады.Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды.Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.Эксперименттің 2 түрі бар: Лабораториялық эксперимент XIX ғ орт бастау алады.Неміс ғалымы В.Вундт психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш зертхана ашты.Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский болды.Қосалқы әдістерге тоқталып өтер болсақ: анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі.
Қазіргі кезде психология ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән.Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр.Оларды топтастырып, жік-жікке ажырату жіктеу деп аталады.Дәл қазіргі таңда психологияның 100-аса салалары бар.Солардың бірнешесіне тоқталып өтсек: 1.Тәлім тәрбие психологиясы- адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара қарым қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарстырады. 2.Жас ерекшелік психологиясы- әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін , психологиялық сапаларын зерттейді.3.Арнаулы психология- бұл адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.4.Еңбек психологиясы- адамның іс әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.5.Авиациялық психология- ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеністігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттейді.6.Медициналық психология- дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез құлқын зерттейді.7.Әскери психология/ң басты міндеті азамтты ел жұрты мен Отанын қорғайтынқалқан болуға психика/қ тұрғыда даярлау.8.Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтар арасындағы өзара қарым қатынастағы психология/қ құбылыстардың сырын зерттейді.9.Сауда психолгиясы—қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала.Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси- экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.10.Ғылыми-
11.Қабілеттің психологиядағы орны.
Тәжірибеде «қабілет» сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек.Әдетте, қабілетпен қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі.Алайда «қабілет» сөзі психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар мәнде түсіндіреді.Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды 3 негізгі типке бөлуге болады.Бірінші жағдайда, қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіреді.Бұл « қабілет» терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі.Екіншіден, қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі.Аталмыш анықтама XVII-XIX ғ психолгиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі.Үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сійкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.Психология ғылымында қабілеттің алатын орны ерекше.Ерекшеліктеріне жеке тоқталып өтер болсақ, қабілеттілікті анықтау жолдарының өзі осы психология саласы бойынша анықталады және одан әрі дамытылады.Әр бір адам өз қабілетін біліп оны одан әрі дамытқысы келеді. Күнделікті ауызекі сөзде «қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырушылық, екіншісінің-музыкалық, үшіншісінің-суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Сонымен, «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары сан алуан болып келетінін айттық.Тағы бір мысал, біреу іске күшті жігермен, қатты мейіріммен кіріседі.Мұндай адам жұмысты сапалы орындай алады.Енді біреу, керісінше, сол істі әрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды.Қабілетті адамдардың бірі-зеректілігімен, екіншілері-байқағыштығымен, үшіншілері-материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі.Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды.Бір әрекеттің өзін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады.Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыштық қабілетиен қатар, бақылағыштық, ақыл ой ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар,сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қажет болады.Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы.Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.Психологиядағы қабілеттің орнын міне осыдан да байқауға болады.
12.Еріктің физиологиялық негізі.
Ерік адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиет.Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді женуден көрінеді.Ерік адам психикасының манызды құрауышы болып табылады ж/е мотивтер мен таным ж/е эмоциялық процесстермен тығыз байланысты.Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады.Естің жүйке жүйелік жағынан физиологиялық негіздері, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделі әрекетпен байланысты болады.Сыртқы тітіркендіргіштер мида өзіндік «іздер» қалдырып отырады.Мұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естің негіздерін шартты рефлекстермен түсіндірген.Мысалы, итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретінде жарықпен әсер етуді қолдансақ, осындай бірнеше қайталанудан иттің аузынан сілекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады.Осы жағдайда иттің миында екі жүйке орталығы, бірі—көру, екіншісі – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуінің арасында уақытша жүйке бекіп, бір қалыпқа түсуі мүмкін.Бұл механизм адамда да мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады.Егер адамның желкесіне зақым келетін болса, ол бұрын көрген нәрсесін танм алмайды.Егер самайына зақым келсе, адам естігенін екінші рет естігенде түсіне алмайды.Осылай, естің мидың үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетімен байланысты екендігімен білуге болады.Ес барлық тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейіне жеткен.Адамда кездесетін мнемикалық мүмкіндіктер жер бетіндегі ешқандай жануарда кездеспейді.Адамға дейінгі жануарларда екі түрлі ес болады: генетикалық және механикалық ес.Алғашқысында, өмір сүруге қажетті биологиялық, психологиялық және мінез-құлықтық қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен беріледі.Екіншісі, үйренуге, өмір тәжірибесін игеруге қабілеттілік формасында көрінеді.Жануарлардың есте сақтау қабілеттері шектеулі.Олар шартты-рефлекторлық, оперативті үйрену әдістері арқылы меңгерілген нәрселерді ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.
13. Темпераменттің физиологиялық негізі.
Темперамент- жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан,қимыл қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Белгілі бір адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, бір қалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшелігі, адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттерінің бірі.
Павлов жоғары жүйке жүйесі қызметінің мынадай негізгі қасиеттерін ашып көрсеткен: 1. Жүйке жүйесінің күші; 2. Жүйке жүйесінің тепе-теңдігі; 3. Жүйке жүйесінің қозғалғыштығы. Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – жүйке жүйесі мен жүйке клеткаларының жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіші. Күшті жүйке жүйесі тітіркендіргіштеге төзімді болса, әлсіз керісінше. Жүйке жүйесінің тепе-теңдігі қозу мен тежелудің өзара тең екендігін көрсетеді. Жүйке жүйе процесінің өозғалғышығы дегеніміз – бір процестің екінші процеске ауысу шапшаңдығы. Жоғары жүйке қасиеттерінің келесідей типтері бар: күшті және әлсіз. Күштінің өзі екіге бөлінеді: тепе-тең және тепе-тең емес. Тепе-теңнің өзі өз алдына ширақ(лабильді) және тыныш(инертті) болып бөлінеді. Сонымен:
Күшті, тең емес, ұстамсыз – холерик
Күшті, тепе-тең, қозғалғыш – сангвиник
Күшті, тепе-тең, инертті – флегматик
Әлсіз тип – меланхолик
Сонымен, Павлов жүйке жүйесінің типі деп туа берілген және қоршаған орта, тәрбиенің әсерінен өзгеретін жүйке жүйесінің қасиеті деп түсінді. Бұл жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің физиологиялық негізін құрайды.
14. Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің түрлері. Іс-әрекет-адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынысының динамикалық жүйесі..Іс-әрекетті адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады: ол мәдениеттің материалды және рухани дүниесін құрайды,өзінің қабілеттерін дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны іс-әрекетте қолдануы – жануар белсендігінен айырмашылығы болып табылады.Адам іс-әрекетінің формалары жануарға тән емес, күрделі қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кішкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануға (қасық,пышақ,орындық, сабын) үйретеді. Соның нәтижесінде жануар белсенділігінен өзгеше заттық іс – әрекет іс-әрекет пайда болады. Адамның басты ерекшелілтерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі , ал кез-келген еңбек түрііс-әрекетболып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептер бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Қазіргі заманғы адам әр-түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады.Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады.Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келенді.Ол адамның ин дивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрекеттің түрлеріне:ойын,оқу және еңбек жатады. Ойын-адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе. Ойын-сауық бәсендік, демалу мақсатын коздейді. Ойынның бірнеше түрі түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжетті,рөлдік және ережесі бар ойындар. Іс-әрекеттің тағы бір түрі-оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі- оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады. Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатынын-бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды,өмір жағдайын жақсартты.