Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка

Описание

Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.

Работа состоит из  1 файл

шпаргалка ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 288.50 Кб (Скачать документ)

Тұлға дамуының кезеңдері сегіз кезеңнен тұрады: бірінші кезең ерте нәрестелік шақ; екінші к. Кейінгі нәрестелік шақ; үшінші к. Ерте балалық шақ; төртінші к орта балалық шақ; бесінші к жыныстық жетілу, жеткіншек жасы ж.е бозбалалық; алтыншы к ерте ересек шақ; жетінші к орта ересек шақ; сегізінші к кеш ересек шақ.

Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі тұлғаның өзін өзі өзектендіруі. Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісіті деп саналады. Өзін өзі дамыту ж.е өзін өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Тұлға дамуының мәселеллерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орынды алатыны өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеяларға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету н.е белгілі бір әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

 

             

 

36. Ерік туралы түсінік.

Ерік деп адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиетті айтады. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді жеңуден көрінеді. Ерік адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады ж.е мотивтермен, таным ж.е эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады.

Еріктің арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттіліктен шыға отырып, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерін жүзеге асыра алады. Ерік белгіленген мақсатқа жету жолында адм бойын кернеген эмоция мен сезімдерді тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажетті іс үшін жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтін мінез құлықтың реттуші қасиеті болып табылады. Сонымен, ерік бір жағынан, адамның әрекетін бағыттайды ж.е тежейді, екінші жағынан, белгілі бір талаптар мен міндеттерден шыға отырып, психикалық іс әрекетті ұйымдастырады.

Ерікті реттеу пайда болу үшін белгілі бір шарттар болуы тиіс. Ең әуелі кедергі қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерік көрінеді. Бұл кедергілер сыртқы не ішкі болуы мүмкін. Сыртқы кедергілерге уақыт, кеңестік, заттардың физикалық қасиеттері, өзге адамдардың қарсы істелетін әрекеттері жататын болса, ішкі кедергілер мазмұнына адамның қатынасы мен бағдары, білімінің аздығы, еріншектігі, енжарлығы, ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйі ж.е т.б кіреді. Сыртқы ж.е ішкі кедергі.р санада бейнелене отырып, еріктік күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңуге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.

Өмір тәжірибесінде жеке қылық.р мен әрекеттерден тұлғаның еріктік ұйымдасуы қалыптасады. Еріктік қасиет.р тұлғаның ажырамас белгісіне айналады.

 

 

 

37. Қарым-қатынастың функциялары. Қарым-қатынас- бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әроекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.

I  Әлеуметтік функция- адамдардың және қоғамның белгілі бір қажетін өтеуге арналған функция. Әлеуметтік функция бөлімдері.1.Ортақ жұмысын жоспарлау мен кординациялау. 2.меңгеру функция немесе әлеуметтік бақылау  функция.3. Топ арасындағы қарым-қатынасты немесе әрекеттестікті қажет ету функциясы.

II Әлеуметтік-психологиялық функциялар Тұлғаның қарым-қатынас қажеттілігімен байланысты:контакт қызметі,идентификация,социализация(әлеуметтену).Қарым-қатынас тұлға арасында немесе топ арасында жүріп жатқан процесс. Қарым-қатынас түрлері.материалдық қарым-қатынас – қарым қатынасты бір әрекет арқылы жасау;белгі арқылы қарым-қатынас;рольдік қарым-қатынас - әлеуметтік рольдермен ұштасып отыратын қарым-қатынас түрі;мәндік қарым-қатынас- адамдардың субъективті туылғаны мәндік байланыс қабылдауы.

 

38. Қиял ж.е оның басқа психикалық процестермен байланысы.

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жана образ жасау процесі қиял д.а. Қиял нақты шынайлықты білдіретін ж.е осының негізінде жаңа көріністі түсініктерді қайта жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептелді.

Қиял процесі ес сияқты ерікті н.е әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образ.р әдейіленіп жасалмайды ж.е де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін объектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялыдың мұндай түрімен, географиялық орын н.е тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз.

Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Жаңадан жасалған қиял кезінде көруші, оқушы н.е тыңдаушы берілген образды өзінің шығапмашылық қиялының іс әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиялдың ерекше түрі арман. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзінің жасауы. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, арманда адам өз тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі бір тілек жатады. Екіншіден, арман шығармашылық іс әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлай, табу, т.б түріндегі тез арада ж.е тікелей объективті өнім бермейді.

Арманның негізгі ерекшілігі оның болашақтағы іс әрекетке бағытталғандығында, яғни арман өзі қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да, арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Мұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.

 

 

 

39. сана және психика.

Сана-психикалық дамудың ең жоғарғы сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды.  Сана жеке адамға ғана тән дара қасиет. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қол жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасайды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын, психологиясын да қалыптастырады. 

Психика-ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі. Психиканың негізгі жасалу белгілері-оның жүйелігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі. Айрықша ұйымдастырылған жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз- ми, жүйке саласы. Жүйке саласы  психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы түсіне алмаймыз. Жүйке саласы психиканың әрекеттерінің негізі. Жүйке саласы адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығаратын бездермен бірге, адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады.

Психиканың болмысы өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзо психикеа, эндо психика және интро психика.У.Джеймс пікірінше психиканың негізгі қызметі. Сыртай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекетті басқару, ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажеттілігіне сәйкестендіру.

 

 

40.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.

   Бұрын қабылданған түрлі әсерледі, бейнелерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атайды.Ес-бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді.Ес барлық тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейіне жеткен.Естің түрлерін жіктеуінің белсенділікке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негізгі психикалық процестің бар болуына мынадай түрлерге бқлінеді: 1.Ерікті және еріксіз ес түрлері.Белгілі мақсат қоймай-ақ арнай есте қалдырмай-ақ есте сақтай мен жаңғыртуды еріксіз ес деп атайды.Мақсат қойып, арнайы әрекеттерді қолданыаесте сақтағанды ерікті ес деп атайды. 2.Механикалықес. Мұндай есте қалдыру ешбір өзгеріссіз, дәлме-дәл қайталауды көздейді.Мысалы ережелерді жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. 3.Логикалық ес – бұл амалда логикалық тсіну, жүйелеу, негізгі логикалық компоненттерді бөліп шығару, солардың араларында мәндік байланыстарды табу жасалтады.3. Сөздік-мағынылық ес –біздегі ой ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдыруды айтады.4.Бейнелік көрнелік ес- мәліметтерді бейнелерге схемаларға графиктерге суреттерге айналдыру. Бейнелеуде естің бірнеші түрлерін ажыратуға болад: кқру, есту, дәм т.б..Бейнелік көрнекілік естің сонымен бірге қимыл қозғалыс есі ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыруы. Эмоциялық сезімдік ес –бастан кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. 5.Қысқа мерзімді ес -  6.Оперативті ес – бір әрекетте ғана керекті болатын мағлұматты қысқа мерзімде сақталауы.

 

 

 

 

 

41. Тұлға туралы теориялар

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихи бар. Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының әр түрлі жіктелулері беріледі. Тұлға теориясы – бұл болжамдар жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы. Р.С. Немовтың  есебі б/ша 48 тұлға теориясы бар және олардың әр қайсысы 5 параметр б/ша бағалануы мүмкін. Мінез құлықты түсіндіру жолдары б/ша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және ракционистік деп бөлуге болады.  Психодинамикалық теорилар психологиялық немесе ішкі сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның  жүріс тұрысын түсіндіреді. Ал, социодинамикалық теориялар б/ша тәрбие детерминациясындағы басты рөл сыртқы адамның өзекті әрекеттерін басқарады. Теорияларды, сондай-ақ, зерттеу жолдарына қарай эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлінеді. Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С. немов қана емес. Б.В. Зейгарник теорияларды пайда болуы мен дамуы жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Қазіргі кездері тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Оларға қысқаша анықтама беріп кетсек:

             Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты. Психоанализдің негізін салушы, теорияны құрастырушы австрия психиатры – З.Фрейд. Бұл теория тұлға дамуының клиникалық кезеңінде пайда болған. Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгімелесе отырып, оның ақыл есіне аурудың шынайы себебі туралы жеткізіледі. Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид («ОЛ»), эго («МЕН»), және супер-эго («Жоғарғы-мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинктер алаңы болып табылады. Эго, бір жағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз-қоғамның ғибраттары бастауларының жиынтығы.

             Психоаналитикалық бағыт. Психоанализдің аналитикалық  психология бағытының негізін  Швеция психологы, психиатры Юнг қалаған болатын.Бұл теория б/ барлық адамдардың  психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық, одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасф қалыптасады. Юнг б/шаадам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Сонымен қатар, Юнг «Мен» ұғымын еңгізген ол адамның біртұтастылыққа және ауызбірлікке ұмтылуын білдіреді.  Тұлға типтерін жіктеу негізінде Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді.

             Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық», американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Гцманистік бағыт б/ша, адамның өзінің табиғатында жақсыға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға, шығармашылыққа, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмылады.

             Іс-әрекет  теориясы. Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар: Рубинштейн, Леонтьев, Брушлинский. Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы – оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы, осының әсерінен адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Іс-әрекет теориясында басты рөлді рефлекс  емес интерериозация атқарады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі  - бұл төрт компанентті тұлға моделі. Бұл модельде басты орында қабілеттілік, мінез, бағыттылық, өзін-өзі бақылау негізге алынады.

             Тұлғаныі когнитивті теориясы. Когнитивті теория гуманистік теорияға жақын, дегенмен де кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Бұл теорияның негізін салушы –американдық психолог Дж. Келли. Оның ойынша, адамның өмірде  қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді. Когнитивті жеке теория адамның интелектуалды процесіне мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.

             Мінез-құлық теориясы. Бұл теория екі бағыт – рефлекторлы және әлеуметтік америкалық бағыттан құралады. Рефлектолы бағыттың өкілдері атақты бихеовиористі Дж. Уотсон және Б. Скинер. Әлеуеттік бағыт өкілдері американдық А. Бандура және Дж. Уоттер. Скинер б/ша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты – мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып, оны қадағалай алу.

             Тұлға теориясындағы диспозиционалды бағыт. Диспозиционалдық теориясының үш негізгі бағыты бар: «жұмсақ», «өткір» және «аралық». Бұл теория адамның ұстамдылығының, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі, негізінен, темпераментімен және жеке индивидуалды ерекшелігімен түсіндіріледі.

 

 

42. Тұлға туралы теориялар

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихи бар. Ғылыми жұмыстар мен оқу құралдарында тұлға концепциялары мен теорияларының әр түрлі жіктелулері беріледі. Тұлға теориясы – бұл болжамдар жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы. Р.С. Немовтың  есебі б/ша 48 тұлға теориясы бар және олардың әр қайсысы 5 параметр б/ша бағалануы мүмкін. Мінез құлықты түсіндіру жолдары б/ша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және ракционистік деп бөлуге болады.  Психодинамикалық теорилар психологиялық немесе ішкі сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның  жүріс тұрысын түсіндіреді. Ал, социодинамикалық теориялар б/ша тәрбие детерминациясындағы басты рөл сыртқы адамның өзекті әрекеттерін басқарады. Теорияларды, сондай-ақ, зерттеу жолдарына қарай эксперименталды және эксперименталды емес деп бөлінеді. Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С. немов қана емес. Б.В. Зейгарник теорияларды пайда болуы мен дамуы жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Қазіргі кездері тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теориялары дамыды. Оларға қысқаша анықтама беріп кетсек:

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"