Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка

Описание

Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.

Работа состоит из  1 файл

шпаргалка ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 288.50 Кб (Скачать документ)

 

 

15. Түйсік және оның  физиологиялық негізі.

Түйсік дегеніміз сырткы ортадағы заттар мен белгілерін және организмнің ішкі калыптарының өзгеру белгілерін тікелей түрде әсер еткенде мидағы бейнеленуі.Айналамыздағы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, өздерінің сурет, бейнелерін калдырады. Түйсіктер біздің дүниежүзіндегі білімдеріміздің ғана емес, сондай ак біздің сезімдеріміз  бен  эмоцияларымыздың да кайнар көзі болып табылады.Түйсіктердің негізгі түрлеріне жататындар: тері түйсіктері-жанасу, кысым, сипап сезу, температуралык түйсіктер, ауырсыну түйсігі, дәм сезу, көру, есту түйсіктері. козғалыс және калып күй түйсігі сондай ак органикалык түйсіктер. Түйсіктердің физиологиялық неіздері болып табылатын – ол тітіркендіргіштердің оған сәйкес анализаторға (сезім мүшесіне) әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. Анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы; тітіркендіргіштердің әсерімен рефлекторлық түрде өзгеріп отыратын белсенді мүше, сондықтан түйсік пассивті емес, ол әрқашан қозғалыстық компонеттерден тұратын белсенді психикалық процесс болып табылады. Анализатор үш бөлімнен тұрады: 1. Перифириялық бөлім (рецептор) – сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы трансформатор. 2. Афференттік (орталыққа бағытталған) және эфференттік (орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткізгіш жолдар. 3. Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлімдері; бұларда перифириялық (шеткі) бөлімдерден келетін жүйке импульстерінің өңдеуі іске асады. Анализатордың шеткі бөлімдерінің белгілі бір клеткаларына ми қыртысы клеткаларының бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осылайша, мысалы, көз торының әртүрлі нүктелеріне ми қыртысында кеңістік бойынша әртүрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді.

 

16. Танымдық процестерге шолу.

Психикалық процестер дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық процестер адам мінзе-құлқының алғашқы регуляторы болып табылады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта туралы ақпарат алады. Танымдық процестер: 1. Түйсік – бұл материалдық дүние заттары  мен құбылыстарын, сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. 2. Қабылдау – ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. 3. Ес – бұрын қабылданған түрлі әсерлерді, бейнелерді, көңіл-күйлерді әрекеттерді және білімдерді есте қалдыру, есте сақтау, қажет кезіндеқайта жаңғырту немесе ұмыту. 4. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. 5. Қиял – адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі. 6. Сөйлеу – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу; пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. 7. Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуы.

 

 

17. Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық. Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді.      Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі.  Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Ә. Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді. Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырадьь Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптация-сын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация. Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана керсетстін қүбылыс болып табылады. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттыру-мен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. В.Синестезия. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылыкты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Г. Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес). Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жүмса (көзді жүмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізігі айқын көре алады.

 

 

18. қабылдаудың қасиеттері

Қабылдау д/з- ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп , тұтастай заттық түрде бейнелнуі.Қабылдау түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс.Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де,   елестер   мен ұғымдарда  еніп отырады.Қабылдаудың түрлері:заттарды қабылдау, сөйлеуді немесе музыканы қабылдау, адамның адамды қабылдауы, әлеуметтік перцепция.1.Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, бағытын т.б қабылдау.Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адам бағдарлауының қажетті шарты б.т. 2.Уақытты қабылдау- құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру..Уақыттың қабылдануы тек адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді.3.Қозғалысты қабылдау- бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие.Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізі рөл атқарады.Қасиеттері:1.тұтастығы деп объектінің, қабылданатын элементтердің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. 2.Құрылымдылығы белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдау.3.Заттылығы-қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүниенің белгілі бір заттарына жатқызу.4.Мағыналылығы-бұл ерекшелікте объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.5.Тұрақтылығы мен константтылығы деп сыртқы жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттардың мөлшері, формасы, түсі және т.б қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.6.Иллюзация деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.7.Апперцепция деп қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибиесінің мазмұнына байланыстылығын айтады. 

 

 

19.Іс-әрекет туралы жалпы ұғым. Іс-әрекет-адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынысының динамикалық жүйесі..Іс-әрекетті адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады: ол мәдениеттің материалды және рухани дүниесін құрайды,өзінің қабілеттерін дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны іс-әрекетте қолдануы – жануар белсендігінен айырмашылығы болып табылады.Адам іс-әрекетінің формалары жануарға тән емес, күрделі қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кішкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануға (қасық,пышақ,орындық, сабын) үйретеді. Соның нәтижесінде жануар белсенділігінен өзгеше заттық іс – әрекет іс-әрекет пайда болады. Адамның басты ерекшелілтерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі , ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекетболып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептер бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Қазіргі заманғы адам әр-түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады.Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады.Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді.Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрекеттің түрлеріне:ойын,оқу және еңбек жатады. Ойын-адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын-сауық бәсендік, демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжетті,рөлдік және ережесі бар ойындар. Іс-әрекеттің тағы бір түрі-оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын  көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін. Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі- оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады. Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатынын-бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды,өмір жағдайын жақсартты.

 

20.Сана туралы ұғым Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі-сана.Сана-психикалық дамудың ең жоғарғы сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру,сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды.

Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерменистік принцип деп атайды.

 

 

 

21. Сана және оның деңгейлері. Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі-сана.Сана-психикалық дамудың ең жоғарғы сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру,сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды.

Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерменистік принцип деп атайды.

 

22.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері. Қабылдау д/з- ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп , тұтастай заттық түрде бейнеленуі.Қабылдау түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс.Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де,   елестер   мен ұғымдарда  еніп отырады.Қабылдаудың түрлері: кеңістікті, уақытты және қозғалысты қабылдау.1.Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, бағытын т.б қабылдау.Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адам бағдарлауының қажетті шарты б.т.  Кеңістікті қабылдау кеңістіктің объективті көрінісінің бейнеленуі болып табылады және объектердің формасын, көлемін және өзара орналасуын, олардың қашықтығын,бағытын қабылдаудан тұрады.2.Уақытты қабылдау- құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру..Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді. Қызықты, маңызды істерге толы уақыт зымырап тез өтеді. Егер оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды. Уақытты бейнелеудегі кейбір субъективтілік адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшін уақыт өтпейтіндей көрінсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды.3.Қозғалысты қабылдау- бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие.Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізі рөл атқарады. Адам объектердің кеңістіктегі орын ауыстыруы жөніндегі мағлұматты екі жолмен алады: орын ауыстыруы немесе қозғалысты тікелей көру, қабылдау арқылы және белгілі бір уақытта басқа орында болған объектінің қозғалысы жөнінде ой қорытындысы негізінде. Ерекшеліктері:1.тұтастығы деп объектінің, қабылданатын элементтердің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. 2.Құрылымдылығы белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдау.3.Заттылығы-қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүниенің белгілі бір заттарына жатқызу.4.Мағыналылығы-бұл ерекшелікте объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.5.Тұрақтылығы мен константтылығы деп сыртқы жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттардың мөлшері, формасы, түсі және т.б қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.6.Иллюзация деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.7.Апперцепция деп қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибиесінің мазмұнына байланыстылығын айтады. 

 

 

23. Психологияның философиялық шеңбері. Әлемдік психологияның даму тарихы 2 кезеіге бөлінеді. Бірінші, басқа ғылымдар аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден басталатын философиялық ілім тарихы. Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдар,Гален, Герофил, Эрасизтарт, Гипократ, Демокрит, Спиноза, Граклит, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында «жан тәннің өмір сүруінің формасы» екендігін , мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетінін айтса, келесі біргрек ғалымы Демокрит жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.  Ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен н/е бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклит түсіндіруі б/ша барлық әлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз -етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Шығыс әлемінде  жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Насыр әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сина(980-1037), Ж. Баласағұни,әл Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа қостаған.

 

 

24. Тұлғаның даму кезеңдері

Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.

Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.     

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"