Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка

Описание

Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.

Работа состоит из  1 файл

шпаргалка ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 288.50 Кб (Скачать документ)

 

51.Эмоция туралы жалпы ұғым.Эмоция адамның психикалық өмірінде ең алғаш пайда болды және ибала эмоциясының арқасында психикалық  өмірге бейімделеді. Демек, баланы әлеуметтік  айналамен эмоция ғана біріктіреді.Адамдардың рухани өміріндегі ұят, қуаныш, үрейлену, таңқалу, т.б. түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын ауыстыруы мен толықсуын эмоция деп атаймыз.Эмоция – бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерімен бірге, адамдардың уайым түрінде өзіне пайдалы  әр түрлі құбылыстар мен заттардың субъективті бағалануы мазмұнының көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға бағыт-бағдар береді: пайдалы-зияндылығы, негізді-негізсізділігі, т.б. Эмоционалдық бағыт-бағдар мен рационалды бағыттың ерекшелігін қарастыратын болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтін, ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктері нашар түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез-келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік сигналы болып табылады және келесі ойы мен әрекетін басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептері мен негізін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ олардың дәлдігіне сенімділігі әрқашан да жоғары  эмоционалды түрде қалады. Эмоционалдық құбылыс құрылымында 3 компонентті көрсетуге болады; пәні, эмоционалды уайым және қажеттілік . Эмоция пәні – адамның өмірінде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамда мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханғда алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-пікірлер, т.б.Мұндай  мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік д.а. Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған немесе біреудің көздеген ойынан тууы мүмкін. Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негізгі компонентіін құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін қақтығыстар, шошу, таң қалу т.б. субъективті реакциялар туғызады. Қажтіеттілік эмоционалды құбылыстың үшінші компонентін құрайды. Болып жатқан н.е өтіп кеткен жағдаяттардың мәні – қазіргі жағдайда өзекті қажеттілігімен белгілі бір мөлшерде байланысты қажеттіліктерге кедергі н.е.қанағаттандыруға жағдай жасау. Э ада м үшін әр түрлі өмірдегі оқиғаларда, адамдарға және өзіне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік беретін өзгеше бір іштегі комінің зияндылығынпас рөлін атқарады. М/л кез келген темекі шегетін адам никотинның зияндылығын біле тұра, темекіні тастамайды, темекіге деген қатынасты өзгерту үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек.

 

52. Қарым-қатынастың классификациясы  Қарым-қатынас психологиясы мынадай құбылыстарды зерттейді: адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі, еліктеу, сендіру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, біріккен іс-әрекет және тұлға аралық қатынастар.

Қарым-қатынас-адамдар арасындағы жай байланыс қана емес біріккен іс-әрәкет процесінде адамның бір-бірін қабылдауы және ақпарт алмасуы болып табылады.

Қарым-қатынастың классификациясы

1.маскалар байланысы-ресми қарым-қатынас, адам басқа адмның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды,ғ әр түрлі маскаларды қолданады. Басқаша айтқанда, бұл басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы.

2. қарапайым қарым-қ- басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау.

3. ресми рөлдік қарым-қатынаста қатыр-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады. Мұнда адамның рөлін білеу жеткілікті.

4. кәсіби қарым-қ-та тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып таб.

5. рухани қарым-қатынасы достар арасындағы тұлғааралық қарым-өқатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады.

6. манипулятивті қарым-қ.с- адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байл.әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады.

7. ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәірсе жайлы айтады. Күнделікті өмірде кездесетін қарым-қатынастарды 3 түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым-қатынас-ата-ана,  туған-туыс.2. міндетті қарым-қатынас-студент пен мұғалім. 3. Ынтымақты қарым-қатынас-достар, жолдас, т.б.

 

53. Ойлаудың операциялары.

              Ойлау әрқашан анализ бен синтез поцестерінен басталады. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.Анализ дегеніміз-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.Синтезде ой арқылы заттың,құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез – бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс.Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция ж/е жалпылау.Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен онша бөліп алуды абстракция деп атайды.

              Абстракцияның түрлері:

              1. Шеттетуші абс.-белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу.

              2.Жалпылаушы абс.-құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.

              3.Идеализация-шынайы құб-ды идеалды схемаға алмастыру.

              Жалпы ұғымдар-абстракциялау принципінің нәтижесі.

              Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау д.атайды.Нақтылау-абст.ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру.

              Жалпылау-бір текті заттардың,құб-дың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек.

              Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстардың белгілі бір принцип б/ша орналастыруды жүйелеу дейді.

54. Топ және оның түрлері. Әлеуметтік топтар- бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтиарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстардың болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді,сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол. Әлеуметтік топтар мөлшері б/ша үлкен,орташа, шағын, микротоптар, ал ұйымдасуы б/ша ұйымдасқан, ұйымдаспаған, қоғамдық мәртебесі б/ша ресми, бейресми, даму дәрежесі б/ша әлсіз дамыған, жоғары дәрежеде дамыған, сонымен қатар маңызы б/ша референтті,референтті емес, ал тікелей қарым- қатынасқа түсуі б/ша нақты, шартты, бастапқы, екінші қайтара секілді түрлерге жіктеледі. Үлкен т/р- адамдардың тұлғааралық ж/е әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемелекет ретінде өмір сүретін қауымдастық. Шағын топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын топта, әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Мұндай бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың үқсастығымен айкындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы; емтихан тапсырушы талапкерлер). Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік етуіне рұқсат бергендіктен, мұндай топтарга ресми жақтардың болуы мүмкін.Зерттеушінің алдына қойылған міндеттер бойынша, шағын топтарды былайша бөлуге болады: топ мүшелерінің арасындағы қатынастардың жақындық дәрежесіне байланысты -бірінші (жанұя, жақын достар) және екінші (оқулық, өндірістік байланыстар); топқа қатынасушылардың құқықтарына байланысты -бірдей (топтың барлық мүшелерінің құқықтары тең болады) және бірдей емес (құқықтар мен міндеттердің белгілі бір иерархиясы болады); жеке адам үшін топтың құндылығына байланысты -мүшелік топтарға (топтағы көзқарастарды, қатынастарды қаламаса да жеке адам белгілі бір жағдайларға ғана байланысты қатысады) және референттік топтар жеке адам үшін зталон мінез-құлық үлгісі болатын. Орта топтар- бұл мекемелер,ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар мен территориялық қауымдастықтар б.т. Ал микротоптар-шағын топтардың ішіндегі формалды емес топ. Әлсіз дамыған топ-белгілі бір топтардың өмір тірщілігінің бастапқы кезеңдегі формасы. Жоғары дамыған топтар-жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғ.даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғ.деңгейде ерекшеленетін топ.Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын ж/е бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады. Референттік емес т-ға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді. Реалды т/р-бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар. Шартты топтар-бір жалпы,мыс, жас, жыныс,т.б.белгілерімен біріккен топтар.Бастапқы т/р- адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым- қатынасымен өзара әрекеттес болатын т/р.Екінші қайтара т/р- олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ ж/е топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынасттары туындайтын т/р

55.Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты.

Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры-З.Фрейд. Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін,кең тараған теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде п.б. Т/я құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктірілген бірқатар т/ялар п.б. Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып, Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын екі қажеттілікті көрсетеді:либидо ж/е агрессия. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында үш негізгі компонентті ажыратады:ид( «Ол»), эго («Мен»)ж\е супер-эго («Жоғарғы мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинктердің алаңы б.т. Эго бір жағынан бейсаналы инстинктерге жалғасса,екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эгодегеніміз-қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол «цензор» рөлін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптарына үйлеспейтіндіктен эго үнемі қақтығыста,ол қорғаныс мезанизміне (ығыстыру,сублимация)жүгінуге тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына «көшетін» мотивтер, күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып әсер ете береді. Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация,проекция,көшіру, ығыстыру, регрессия,т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды етпесе, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.

 

 

56.Сезгіштік және түйсік табалдырықтары.

Сезгіштік-нешетүрлі заттардың сигналды әсерлерін бейнелеу.Адамның түйсіне алуға кабілеттілігін сезгіштік Сезім мүшелері сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім мүшелері адамның сыртқы ортада және өз ішкі күйінде бағдарлай алуына мүмкіндік береді. Адамның түйсіне алу қабілеттілігін сезгіштік деп атайды. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық деп сенсорлық табалдырықтардың бір түрі. Психофизфкада аб.таб.деп негізінен қабылданбайтын стимулдармен негізінен қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердің мәнін айтады. Абсолюттік табалдырық сенсорлық жүйенің сезімталдығының модалдылығы ретінде пайдаланылады.Алғашқы рет білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің аз күшін сезгіштіктің төменгі абсолюттік табалдырығы дейді.Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күшін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма табалдырығы айыпма сезгіштікті анықтау үшін пайдаланады. Мысалы, егер алақанға жүз гр.салмақ салып, оған тағы бір гр.қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін  шамамен үш, төрт гр.салмақ қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлеріне қарай әр түрлі болып келеді.  Мыс,жарықты айыру табалдырығы күші жүзден бірге тең. Сезгіштіктің 3 түрі бар:адаптация(бейімделу),сенсибилизация (косарлана жүру кулак+коз),синистиляция.анализаторлардың сезгіштігі табалдырығының колеміне тәуелді. Е=1\P.Е сезгіштік,Р табалдырык(әсер ететіндер).

 

 

57.Жеке адам психологиясы. Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б.жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика және идеялизмге жат, дәйекті ғылыми – материалистік дүниетаным. Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. Адамның дамуы, қалыптасуы жайлы әр түрлі пікірлер мен теориялар бар. Қажетті нышандарды табиғат беретіндігі,әлеуметтік ортаның ықпалы, тәрбие ісін ұйымдастыруды үлестіре білу баланың ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын дамытудағы мәні зор мәселе.
Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым – қатынас, еңбектің , қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.
2. Психикалық үрдіс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әділет.
4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта – ықылас т.б.
Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым – қатынас иесі.Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын айқындап,оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым – қатынасын белгілеуге жол ашады.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"