Шпаргалка по "Психологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 22:10, шпаргалка

Описание

Психология пәнінің мақсаты, міндеттері. Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология бұрыннан келе жатқан білім саларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі «псюхе» жан, екіншісі «логос» сөз, ілім. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерртеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болған. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Әрбір адам практикада қарым-қатынасқа түсе отырып психологиялық заңдылықтарды үйренеді. Осылайша, біз адамның пікірін оның сыртқы келбетінен, мимкасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдық көңіл-күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Алғашқыда психология ғылым ретінде «жанды» не психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Психикалық ерекшеліктер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Психикалық күй – адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері.

Работа состоит из  1 файл

шпаргалка ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 288.50 Кб (Скачать документ)

             Тұлға теориясының психодинамикалық бағыты. Психоанализдің негізін салушы, теорияны құрастырушы австрия психиатры – З.Фрейд. Бұл теория тұлға дамуының клиникалық кезеңінде пайда болған. Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгімелесе отырып, оның ақыл есіне аурудың шынайы себебі туралы жеткізіледі. Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид («ОЛ»), эго («МЕН»), және супер-эго («Жоғарғы-мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинктер алаңы болып табылады. Эго, бір жағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз-қоғамның ғибраттары бастауларының жиынтығы.

             Психоаналитикалық бағыт. Психоанализдің аналитикалық  психология бағытының негізін  Швеция психологы, психиатры Юнг қалаған болатын.Бұл теория б/ барлық адамдардың  психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық, одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасф қалыптасады. Юнг б/шаадам психикасына 3 деңгей кіреді: сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Сонымен қатар, Юнг «Мен» ұғымын еңгізген ол адамның біртұтастылыққа және ауызбірлікке ұмтылуын білдіреді.  Тұлға типтерін жіктеу негізінде Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді.

             Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық», американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі Маслоу. Гцманистік бағыт б/ша, адамның өзінің табиғатында жақсыға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға, шығармашылыққа, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмылады.

             Іс-әрекет  теориясы. Бұл теория отандық психологияда үлкен рөлге ие болды. Осы теорияға үлесін қосқан ғалымдар: Рубинштейн, Леонтьев, Брушлинский. Осы теорияға сәйкес адамның ең басты дамуы – оның іс-әрекетпен байланыстылығы. Іс-әрекет бұл адамның қоршаған ортамен, қоғаммен қарым-қатынасы, осының әсерінен адамның жеке тұлғасы қалыптасады. Іс-әрекет теориясында басты рөлді рефлекс  емес интерериозация атқарады. Іс-әрекет жағдайында ең кең тараған түрі  - бұл төрт компанентті тұлға моделі. Бұл модельде басты орында қабілеттілік, мінез, бағыттылық, өзін-өзі бақылау негізге алынады.

             Тұлғаныі когнитивті теориясы. Когнитивті теория гуманистік теорияға жақын, дегенмен де кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Бұл теорияның негізін салушы –американдық психолог Дж. Келли. Оның ойынша, адамның өмірде  қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді. Когнитивті жеке теория адамның интелектуалды процесіне мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.

             Мінез-құлық теориясы. Бұл теория екі бағыт – рефлекторлы және әлеуметтік америкалық бағыттан құралады. Рефлектолы бағыттың өкілдері атақты бихеовиористі Дж. Уотсон және Б. Скинер. Әлеуеттік бағыт өкілдері американдық А. Бандура және Дж. Уоттер. Скинер б/ша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты – мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып, оны қадағалай алу.

             Тұлға теориясындағы диспозиционалды бағыт. Диспозиционалдық теориясының үш негізгі бағыты бар: «жұмсақ», «өткір» және «аралық». Бұл теория адамның ұстамдылығының, құрылымының өзгеруіне қарамастан, өздерінің ішкі қасиетіне ие болады. Адамның ішкі дүниесі, негізінен, темпераментімен және жеке индивидуалды ерекшелігімен түсіндіріледі.

 

 

43. Ойлаудың ішкі және сыртқы детерминанттары

Ойлау –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Түйсіктер мен қабылдау арқылы алынған мәліметтер сезімдік шектен шығып, ойлау арқылы біздің таным шекарасын кеңейтеді. Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқынадалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі.  Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, олардың арасында теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткіудің құралы болып табылады. Олау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас  жасау процесінде туындап отырады. Адам ойының мазмұнын бейнелейтін – объективті шындық.

Ойлау – өзіндік ішкі қарама қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қорғаушы күштері болып табылады. Яғни ойлау осы қарама – қайшылықтарды, басқаша айтқанда проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.

Ойлау – ми қыртысының күрделі формадағы анализдік  - синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигналдық жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады. Жалпы, ойлау дегеніміздің өзі – мәселені шешу, оның мәнісін түсіне білу деген сөз.

 

 

 

 

44.Іс-әрекеттің функциясы және құрылысы.

Іс-әрекет-адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынысының динамикалық жүйесі..Іс-әрекетті адам белсенділігінің ерекше түрі ретінде анықтауға болады: ол мәдениеттің материалды және рухани дүниесін құрайды,өзінің қабілеттерін дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны іс-әрекетте қолдануы – жануар белсендігінен айырмашылығы болып табылады.Адам іс-әрекетінің формалары жануарға тән емес, күрделі қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кішкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануға (қасық,пышақ,орындық, сабын) үйретеді. Соның нәтижесінде жануар белсенділігінен өзгеше заттық іс – әрекет іс-әрекет пайда болады. Адамның басты ерекшелілтерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі , ал кез-келген еңбек түрііс-әрекетболып табылады. Кез келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъектің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез келген іс-әрекеттің қоздырушы себептер бар және ол белгілі жетістіктерге бағытталады. Қазіргі заманғы адам әр-түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады.Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады.Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келенді.Ол адамның ин дивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы деңгей – іс-әрекеттің ерекше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған әрекет осы иерархиялық құрылымда орталық орын алады. Әрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс.  Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты  әр қырлы, сонымен қатар көп масштабты болып келеді.

Операциялар деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттерінің автоматтандырылған компаненттерін жатқызамыз.

Іс-әрекеттер құрылымындағы ең төменгі деңгей – психофизиологиялық деңгей. Іс-әрекет теориясындағы психофизиологиялық функциялар деп психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Олар – психикалық функциялардың іске асуына қажетті алғышарт, ол іс-әрекет құралын қамтамасыз етеді.

 

 

45. Түйсіктің негізгі заңдылықтары

Түйсік – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелей әсері нәтижесінде жүзеге асады.  Түйсіктің негізгі заңдылықтарын былай түсіндіруге болады. Адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атаймыз. Абсолюттік сезгіштік – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді сезіне алуы. Абсолюттік табалдырық – сенсорлық табалдырықтардың бір түрі. Психофизикада абсолюттік табалдырық деп негізінен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар мен негізінен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердің мәнін атайды. Әрбір түйсік түрлері үшін өз абсолюттік табалдырықтары болады. Абсолюттік табалдырық сенсорлық жүйенің  сезімталдығының модалдығы ретінде пайдаланылады. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің төменгі абсолюттік табалдырығы дейді. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін, тағы да, туғызатын ең жоғарғы күшін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасында болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма табалдырығы  айырма сезгіштікті анықтау үшін пайдаланылады. Осы айтылғандар түйсік табалдырықтарының организм үшін маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.

 

 

46. Еріктің физиологиялық негізі.

Ерік адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиет.Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді женуден көрінеді. Еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдері келесідей болып келеді. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ орналасқан. Ол ми қыртысының  барлық аумақтарымен, соның ішінде  барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір аумағында пайда болған қозудың  қимыл-қозғалыс аумағына жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлігінің мидың басқа бөліктерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизмін толық қамти алмайды. Сондықтан  екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар  жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жібереді. Екінші сигналдық байланыстар негізінде адам мінез құлқының барлық саналы және мақсатты реттелуі жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгілін, сипатын, тәсілін, қарқынын және т.б  анықтау атқарылады. Екінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіштері адам мінезі құлқының қимыл-қозғалыстық бөлігінің ғана белсенділігін арттырып қана қоймай, ой, ақыл, ес тәрізді көптеген психикалық процесстердің  басталуының сигналы болады, зейінді реттейді, сезім туғызады. Екінші сигнал көмегімен адамның бүкіл саналы әрекеті жүзеге асып реттеледі. Екінші сигналдық байланыстар қимыл әрекеттерді бөгеу, ерікті тежеу қызметінде шешуші рөл атқарады.

Мінез-құлықтың еріктік реттелуінің рефлекстік табиғаты ми қыртысында қозудың оптималдық орнын  жасаудың алғы шарты.

 

47. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.

Псих.ғылымында мінез топтастырылып оның қасиеттері мынадай 4түрге бөлінеді.

              1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау. Жалқаулық. Немқұрайлылық.

              2.Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік.

              3.Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

              4.Заттарға қатынасы:ұқыптылық,салдыр-салақтылық,заттарды ұстап тұтыну, ұқыпсыздығы.

              Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі, өзекті сипаттары болып табылады.Ал адамның мінез құрылымының ерекшеліктері:

              1.Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке деген қатынасын білдіреді.

              2.Адамның жеке басының ерекшелігі.осыған орай адам , адам мықты , жақсы,тұрақты, нашар мінезді болып келеді.

              3.Мінездің тұрақтылығының, бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік, бейімделгіштік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.

 

 

 

48.Ойлау және қабылдау Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.  Ойлау негізінде адамның қоршаған дүние жөніндегі танымы тереңдей түседі. Ойлаудың физиологиялық негіздері Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қыртысындағы күрделі формадағы анализдік – синтездіке қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады. Шығу тегі мен пайда болуына қарай ойлау: 1.Көрнекті-әрекеттік ойлау – мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. 2.Көрнекі-бейнелік ойлау – жағдаят тек бейнее жоспарында ғана түрленетін о түрі. 3.Сөздік-логикалық о – тілдің және тілдіік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталады. ой қорытындылары- бірнеше пікірлерден жаңа пікірлер шығару тәсілі. Оның негізгі 3 түрі бар: 1)дедукциялық, 2)индукциялық 3)аналогиялық. Дедукция дегеніміз-жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Ал индукция-жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Аналогиялық – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Ойлау-түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық  элементтері біріктіріледі. Ойлау операциясының күрделі түрі-абстракция және жалпылау.  Шындықты заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейміз. Абстракциянің мынадай түрлері бар: 1) Шеттеуші абстракция – белгілі бір тұтастылықтан құбылысты бөліп алу. 2) Жалпылаушы абстракция – құбылыстардың жалпыланған сипатын беру. 3) Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абст-лық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,яғни жеке  заттар мен нәрселер туралы ой. Жалпылау дегеніміз – бір текті заттардың , құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Ойладың қасиеттері: о-ң сындылығы, асығыстығы, тездігі, дербестігі, икемділігі, тереңдігі, кеңдігі. 

Қабылдау д/з- ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп , тұтастай заттық түрде бейнелнуі. Қабылдау түйсікке қарағанда, едәуір күрделі әрі жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс.Қабылдауға түйсіктермен қатар ой элементтері де,   елестер   мен ұғымдарда  еніп отырады. Қабылдаудың физиологиялық негізі Анохин б/ша – функционалдық жүйе жұмысына бірігетін көптеген психофизиологиялық жүйелердің үйлесімді  жұмысы. Қабылдауда жетекші рөлді қандай анализатордың түрі басым болуына байланысты көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иіс сезу, дәм сезу қ-н  бөліп көрсетеді. Қолданатын объектілердің ерекшеліктеріне б/ы: заттарды қ, сөйлеуді н.е. музыканы қ, адамның адамды қ, әлеуметтік перцепция. 1.Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, бағытын т.б қабылдау.Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адам бағдарлауының қажетті шарты б.т. 2.Уақытты қабылдау- құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру..Уақыттың қабылдануы тек адам іс-әрекетінің мазмұнына тәуелді.3.Қозғалысты қабылдау- бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие.Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізі рөл атқарады.Қасиеттері:1.тұтастығы деп объектінің, қабылданатын элементтердің жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйіне толықтыруды айтады. 2.Құрылымдылығы белгілі бір объектіні жеке элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдау.3.Заттылығы-қабылдаудың көрнекі бейнесін сыртқы дүниенің белгілі бір заттарына жатқызу.4.Мағыналылығы-бұл ерекшелікте объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, оларды белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.5.Тұрақтылығы мен константтылығы деп сыртқы жағдайының өзгеруіне қарамастан, заттардың мөлшері, формасы, түсі және т.б қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты болып қабылдануын айтады.6.Иллюзация деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау.7.Апперцепция деп қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибиесінің мазмұнына байланыстылығын айтады. 

 

 

 

 

 

 

 

49. Есті зерттеу әдістері.Бұрын қабылданған түрлі әсерледі, бейнелерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атайды.Ес-бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді.

Ес зерттеулері психология ғылымындағы эксперименттік әдіс қолданылған алғашқы бөлімдердің бірі болды. XIX ғасырдың 80-жылдары неміс психологы Г.Эббингауз ойлау іс-әрекетімен тәуелсіз таза естің заңдарын зерттеуге болатын әдісті ұсынды. Ол мағынасыз буынды жаттау әдісі еді. Ол зерттеулерінің негізінде материалды есте сақтаудың негізгі қисықтарын тапты және ассоциациялардың пайда болу механизмдерінің кейбір ерекшеліктерін ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде, соңында тұрған материал тұрған материал тез еске түсетінін тапты. Г.Эббингауздың маңызды жетістіктерінің бірі ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әріптен тұратын буынды есте қалдыру тәжірибесі негізінде ашылды. Неміс психиатры Э.Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретін зерттеген. Г.Э.Мюллер адамдағы естің қайта жаңғыруы мен есте қалудың негізгі заңдылықтарына фундаменталды зерттеулеро жүргізді. Адамдағы ес процестері зерттеудің алғашқы кезеңінде арнайы саналы мнемикалық іс-әрекетті зерттеуге бағытталды,кейінірек іздердің өз бетінше есте қалу механизмдеріне талдау жасалынды. Алғаш балалардың есінің жоғары формаларын жүйелі түрде зерттеген кеңес пссихологы Выготский болды. Ол өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары формаларын шығу тегі жағынан әлеуметтік және психикалық әрекеттің күрделі формасы екендігін айтты. Смирнов пен Зинченко есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелділігін және күрделі материалды есте сақтаудың  негізгі тәсілдерін тапты.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"