Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:48, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.
Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу
1.1 Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5
1.2 Тұлғаның мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі - өзара қарым – қатынас мәдениетінде ................................................................................... 7
1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін қалыптастырып - дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10

ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық әсер ету мүмкіндіктері
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы .........................14
2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі .....................................................16
2.3.Мінез бітістері. Типтік мінез бтістері .......................................................18

Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Абильдинова Ботагоз не трогать.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

Көкше» академиясы

 

Гуманитарлық - педагогикалық  департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ   ЖҰМЫС

 

Пән: Жалпы психология

 

Тақырыбы: «Тұлғаның   мінезі мен темперамент әрекетіндегі  педагогикалық ықпалдың ролі »

 

050103 - мамандығы бойынша – «Педагогика және психология»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абильдинова Ботагоз                                                                   

 

    

                                                           Ғылыми жетекшісі:                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау, 2012

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ..................................................................................................................3

   І Тұлғаның  қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу

1.1 Тұлғаны  зерттеудің  маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5

1.2 Тұлғаның   мінез  көрсеткіші мен темперамент көрінісі -   өзара қарым – қатынас  мәдениетінде ................................................................................... 7

1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін  қалыптастырып -   дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10

 

ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық  әсер ету мүмкіндіктері

2.1.Темперамент  типтерінің  психологиялық сипаттамасы .........................14

2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу  мәселесі .....................................................16

2.3.Мінез бітістері.  Типтік мінез бтістері .......................................................18

 

Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.

Темперамент типтері  әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен  қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы  қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.

 Темперамент – бұл адамның динамикалық ерекшеліктерімен қимыл қозғалысын анықтаса, ал мінез адамның саналы түрде жасаған әрекеттері , өмірдегі қажеті және ойлаған іс әрекетін анықтайды. Мінез бен темперамент адам жасы үлкейген сайын тұрақтайды.

Адамдардың мінездерінің бір біріне сәйкес келмеуі ара қатынасын күрделендіріп, қиын проблемалық жағдай туғызады. Сондықтан адамдармен қарым қатынастың дұрыс болуы үшін өзіңнің мінезімен қатар айналадағы адамдардың мінез құлқын тани білу маңызды.

Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын  және өзін-өзі, өзінің табиғатқа басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адам өмірі қоршаған ортада өтетіндіктен, сол қоршаған ортаның ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Оның сан алуан сырларын балаларға ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте заманның өзіне-ақ ұлағатты тәлімгерлер назарында болған.

Айналадағы заттар мен  құбылыстар жөніндегі деректер жиынтығы әдетте білім деп аталады. Білімді  саналы және берік меңгеріп алуға  бағытталған балалар психикасының белсенді әрекетін туғызатын  мұғалімнің әдістері мен тәсілдері оны дамытып, жетілдіре түседі. Сондықтан мұғалімнің сабақ үстінде алға қоятын басты міндеттерінің бірі зейінін тудыру және оны ұйымдастыру болып табылады.

Оқыту үрдісінде балалардың сыртқы дүние нәрселері мен құбылыстарын саналы түрде қабылдауының нәтижесінде балалардың сезгіштігі күшейіп, түйсігі дамиды.

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге  де үйренеді.

«Таным» - философиялық ұғым:»  … айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі.

Танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты-тәжірибелік іс-әрекет. Сол себепті де оқушылардың оқу іс-әрекеті танымдық іс-әрекет ретінде жүзеге асады.

Жеке тұлға «барлық  қоғамдық қатынастардың» бірлігі ретінде  қарым-қатынастан тыс қалыптаса  алмайды. Сондықтан да адам өз-өзін тани отырып, өзінің қоршаған ортаға, басқа адамдарға қарым-қатынасында «Мен» қасиетін тани алады. Осыған орай, қарым-қатынас коммуникативті функцияны жүзеге асыру болып табылады.

Өскелең ұрпақ үшін жеке тұлғаны қалыптастыру шартты түрдегі  кіші    топтардың (отбасы, мектепке дейінгі мекеме) қарым-қатынастарынан басталады. Осыдан бастап баланың үлкендермен сөйлесу, өзара байланысты жүзеге асыру, өзіне назар аударта алу және т.б. қабілеттері қалыптаса бастайды.

Тұлғаны дамытып қалыптастыруда мына мінез қасиеттерді, шарттарды қазіргі тұлғаның бойынан байқпуға болады :

    • адамгершілік қасиеттер негізінде оқушылардың өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте, қоғамдық ортада қарым-қатынас жасауға үйреткім келді.
    • Оқушының жеке тұлға ретінде жетілу жолында өз міндеттрінің күшті де әлсіз жақтарын тануға бағыт бағдар беру.
    • Шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзара қарым-қатынастық сыйластың, достықтың, бірліктің жағдайын жасау.

Қарым-қатынас әдебі  принциптерінің сипатын табуға тырыстым. Олар төмендегідей:

    • үнемі мадақтап отыру
    • ынтымақтастық
    • оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі

Қазіргі әлеуметтік жағдайға байланысты балалардың психологиялық  тәрбиесіне көңіл толдмайтын жағдайларымыз  көп. Мысалы: өтірік айту, жағымсыз қылықтар т.б. Қазіргі балалардың психологиясы қатты өзгенрген. Мұғалімдер немесе ата-ана баланың мектептегі негізгі пәндеріне ғана көңіл бөледі де, оның ішкі жан дүниесін, сезіміне көңіл бөлмейді. Егер біз бүгінгі күннен балаларды адамгершілік қарым-қатынасқа тәрбиелесек, болашақта олар өз елін дамытуға, өркендетуге өз үлесін қоса алмайды.

 

 

 

 

 

 

І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу

 

 

    1. Тұлғаны  зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні

 

           Адамдарды оқытып – тәрбие негізін қалыптастыратын  ғылымдар ішінде педагогиканың  алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Педагогика – оқытып, тәрбиелеуде адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

     Табиғаттағы  ақыл – ой мен сана иесі  – адамның өзіндік сипат белгілері-  оның еңбектену әрекеті, нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға  белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып – білу иесіне  айналады.

          Адам бойындағы даралық қасиеттер  оның өзгелерге қарым – қатынастарынан  байқалады. Осы тұрғыдан алғанда,  жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады.  Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай іс - әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.

              Тұлғаның кісілік қасиеттері  мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегібелсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл - әрекеті оның мінез – құлқынан, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс - әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын  көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның  ішкі дүниесін, психикасын сыртқа білдіріп тұрады.

              Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әртүрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

           Жеке адамның тұлғалық сипаттарында  ерекше байқалатын екі түрлі  ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір  адамның құрылым мен жеке басындағы  даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе.  Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қапсиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс- әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс - әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс - әрекеттің белсенді болуы жайында педагогикада әр – алуан көзқарастар, пікірлер бар. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекетімен ұштады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және  іс - әрекетке итермелеуші күш. 

               Қажеттілік қоғамдық тәлім –  тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның  материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын  қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру  қоғамдық – даралық сипатта  болып, қажеттілік тектік белгісіне  орай табиғи және рухани - мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктері болып бөлінеді. 

          Материалдық – заттық қажеттіліктерге   тамақ, киім – кешек, тұрғын  үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани  қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп, пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет, журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер  тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісіне сәйкес түрлі болып бөлінеді.

          Адамның көптеген психологиялық  ерекшеліктері, оның өмір сүретін  ортасына қоғамдық қатынастардың  тікелей әрес етуінен қалыптасып  отырады.  Адамның айналасын қоршаған  дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан  осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Тұлғаның   мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі -  өзара қарым – қатынас мәдениетінде

 

          Адам белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды – көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны  «жеке адам» етеді. Мәселен жаңа туған нәрестені  адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс - әрекет т.б. жоқ.

           Тұлғаның   өзіндік ерекшелігі  дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет,  қызығуынан жақсы байқалады.

      Тұлға   – тарихи әлеуметтік жағдайдың  жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі  қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады.  К.Маркстің айтуынша, жеке адам  – «барлық қоғамдық қатынастың  жиынтығы». Жеке адам қоғамнан  тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Тұлға санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

        Тұлғаны  қандай болмасын әрекетке  итермелейтін негізгі қорғаушы  мотив – оның түрлі қажеттері,  яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.  Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте,  еңбек ету процесінде қалыптасады.  Сыртқы ортамен байланыс жасауда  адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келеді. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болады. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана – сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.

Информация о работе Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі