Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:48, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.
Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.
Кіріспе ..................................................................................................................3
І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу
1.1 Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5
1.2 Тұлғаның мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі - өзара қарым – қатынас мәдениетінде ................................................................................... 7
1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін қалыптастырып - дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10
ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық әсер ету мүмкіндіктері
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы .........................14
2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі .....................................................16
2.3.Мінез бітістері. Типтік мінез бтістері .......................................................18
Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Мақал
– мәтелдерде адам танымының
өзге жақтары туралы да
Адам баласы әртүрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, әр салада қызмет етеді. Осы факторлардың бәрі оның жан – дүниесінің қалыптасуында елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздеу, тәрбиелену арқылы өзін - өзі сомдайды. «Көре – көре көсем болар, сөйлей – сөйлей шешен болар», «Адам туа білмейді, жүре біледі» деу осы айтылғанның дерегі. Халық даналығында адамның мсоральдық – психологиялық ерекшеліктері жай көрініс таппай, оны қалыптастыру жолдары да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге болатындығы жайлы түйіндер де айтылады.
Мақал – мәтелдерден
патриоттық, ерлік, достық, жолдастық,
кішіпейілділік, қарапайымдылық, махаббат,
сүйіспеншілік, ұстамдылық, шыдамдылық,
қайраттылық, табандылық, т.б. осы іспеттес
кісілік қасиеттер жайлы
«Жақсыдан жаман туады,
бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы
туады, атасын айтса нанғысыз». Осы
іспеттес түрлі психологиялық
Тәлім
– тәрбие, оқу, білім, адамның
жас кезеңдері қоғамдық
Мәселен, мақалдардың бірінде қоғамның негізгі қозғаушы күші, адамға қажетті барлық материалдық игіліктердің жасаушысы халық екендігі айтылған. « Көптің ойы көл », « Халық қартаймайды », « Үйде тенетек болсаң да , көпке тенетк болма » , « Көптен бақыт құтылмас » деген мақал – мәтелдердің мәні осы пікірге жақсы дәлел. Бұларда адамға қажетті барлық игіліктерді жасаушы – халық , еңбекші бұхара, қандай керемет адам болса көптен, халықтан алмайды, адамдар тек бір – бірімен байланысып, тіршілік еткенде ғана өз қажеттерін алға қойған мақсаттарын ойдағыдай орындап отырады деген сындарлы пікірлер айтылған.
ІІ Тұлғаның
мінезімен темпераментінің
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы
Темперамент — жүйке жүйесінің тума қасиетгерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент — организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460—356ж) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын -бауырдағы сары өт жөне оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, арналасуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл — адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129—199ж) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зеріттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологаялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724—1804ж) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады.
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-қозғалыска шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері — іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері- қимыл — қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик темпераментіндегі а
2.2 Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің
қалыптасу жолын қарастыра
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып — қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы касиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіл тұрмайды. Флегматик темпераменттегі балалардың кепшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы керсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бүл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте оның кимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылған жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, кабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі өсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшелік-тері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай окушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмең, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабыддап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мүндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментшдегі оқушы, көбінесе, өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай бапаларды құрбы-құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т. б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Информация о работе Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі