Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:48, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.
Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.
Кіріспе ..................................................................................................................3
І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу
1.1 Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5
1.2 Тұлғаның мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі - өзара қарым – қатынас мәдениетінде ................................................................................... 7
1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін қалыптастырып - дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10
ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық әсер ету мүмкіндіктері
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы .........................14
2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі .....................................................16
2.3.Мінез бітістері. Типтік мінез бтістері .......................................................18
Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың әсемдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады, өйткені темперамент - адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де, темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамнын дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераметіне тәуелді емес. Бұл жөнінде Н. Г. Чернышевский өте тамаша айтқан: «Егер қабағынан қар жауған, сөзге сараң Валленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса, әзілқой, сөзшең Суворов та соғыста одан аспаса, кем түспейтін».
Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердін, кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.
Кез-келгенінің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе — бұл осы адамның сана-сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады.
2.3 Мінез бітістері. Типтік мінез бітістері
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бүл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-қүлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Дцамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін қүрайды.
Адамның үйреншікті әдеті
болып қалыптасқан мінез
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мүның кез-келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы үғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-күлық түрғысынан да, оның айналасымен байланысы түрғысынан да сипатгап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір түту, жүртшылық пікірімен санаса білушілік, өз міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компонентгері.
Рухани дүниесі бай қажетгері мен қызығулары, талғамы мен ой -өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бакыттың түрақты болуы жақсы мінез-қүлыққа байланысты» (әл-Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылыгы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрады, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі біркалыпты да келеді. Бүл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндікмінез-қүлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батыддық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда түрған көдергілерді жеңе білуде көрінетін адам үстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. «Бойда қайрат, ойда көз, бошаган соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана аддына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын, қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бүл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі түрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиетгерімен көзге түсуі мүмкіи. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп саклай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалык, қасиетгерімен, атап айтқанда, қабілет, темперамешімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілетгер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
И. П. Павлов адамның мінез
бітістерін жоғары жүйке кызметінің
тума типтері мен өмір сүру барысында
қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының
өзіндік «қүйындысы» деп
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс үжымы, қоғамдық үйымдар т. б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не үстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. «...Сөз жүзінде емес, мінез-қүлықты іс жузінде жүзеге асыруға болады» (әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адмның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.
Мінез бітістері
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер — белгілі тарихи — қоғамдык жағдайлардьщ нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистік) мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жүмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жүмысшылар өздерінің түрмыс жағдайы мен қүқтарын жақсартуды көздейді. Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
«Егер адамның мінез-қүлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру қерек»,— деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады.
Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға карама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т. б. бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық, инициативалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сыйлай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өркөкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері қүрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы үстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, ягаи нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге - мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т. б. жатса, әлсіз мінезге негативизм104 иланғыштық, қыңырлық, үстамсыздық, жүрексіздік т. б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.
Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке жөне қоғам мүлкіне дүрыс көзқарас, үжымшылдық, гуманизм, борышын жөне жауапкерпіілігін түсіну, кдыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің үқсастығынан адамда дара мінез болмайды деген қорытынды шықпайды. Адамда таптік ортақ мінездермен қатар дара мінез бііістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік — демократиялық қоғамда ғана жеке адамның жан-жақты дамуына, оның дара мінездерінің талант қабілетгфінің дамуына өте қолайлы жағдай туады.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір-жуып-кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы — оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғүламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дөмді, ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен М. Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ» десе, В. А. Сухомлинский: «Отан өз бесігің, өз үйің... өз бесігіңді ұмыта көрме», Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш» деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл-ой заңғарларын тыңдап көрейікші: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды» (К. Г. Паустовский), «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері» (И. С. Тургенев).
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң — отан қымбат... туып өскен елің қымбат».
Негативизм — латынның негатив
«Қазақстан — біреулердің кдзақтарға тартуы емес, олардың тарихи отаны» (Н. Назарбаев), олай болса, осы жерді жаы — тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтын да алдымен қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан қалай қорғап, тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгембайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір түтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз кызмет еткенін өусге - улгі етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Туған жерді, атамекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай білуіміз де қажет өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты, қазақстан езінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды. «...Біздің басты мақсатымыз -қазақстанның егемендігі мен территориялық түтастығын сақтау» (Н. Назарбаев). Өз қарулы күшіміздің болуы, оньщ алдыңғы санында ер азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының түруы, бір кісідей ынтымактықпен топтасуы — ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды.
1)Отаншылдық — ата-мекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.
Информация о работе Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі