Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:48, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.
Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.
Кіріспе ..................................................................................................................3
І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу
1.1 Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5
1.2 Тұлғаның мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі - өзара қарым – қатынас мәдениетінде ................................................................................... 7
1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін қалыптастырып - дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10
ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық әсер ету мүмкіндіктері
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы .........................14
2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі .....................................................16
2.3.Мінез бітістері. Типтік мінез бтістері .......................................................18
Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушшық)—бұл адамның өз мінез-қүлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мүны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну — ар-намыс пен ожданға сыйспайтын касиет. Мақсаткерлік — тек бір іспен өнебойы шүғыддану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бүл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мүндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Есте жоқ ерте замандарда-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі қатарына санамаған. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткеғі бейшара депті орыс жазушысы И. С. Тургенев. «Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек» деген ғой белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай, «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»,— дейді ол.
Мақсаткерлік - асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы шывдыкқа сәйкес келген адам ғана келешекгің құшағында өмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. «үміт әрге тартады, үмітсіздік кәрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан»,— дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт — арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: «әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін», өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз өмір сүру, осы жодда күресті тоқтату. Мақсаткер адам ылғи да жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күреседі, өйткені «өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үң,іле қараған адамға оның қызығы да қиындығында емес пе?... өмір жолы үлкен қозғалыс, ол қозғалыс әрқашан да алға, алысқа қүлаш сермейді, талай өркешті толқындарды да кездестіреді» (М. Ғабдуллин).
Мінездің осы түрі халқымыздың үлтгық қасиетінен орьш алуы тиіс.
3) Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үй іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қагысты перзентгік парызьшан туьшдайтьш қасиет. Мүньщ негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бүл парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру. Бүл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты сезіну, оны орындау, ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы-жаман деп бағалау ар мен үятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу адамға үлкен қуаныш, шабыт-жігер, қанағат әкеледі, кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек — өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мүнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой - санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды. Адамгершілігі нашар төмен кісі жаман қылығынан қайтиай, қатесін түзету былай түрсыы, мойнына да алмай жүре береді, мүндайларды арсыз, «ары таза емес» деп жүрт үнатпайды. Арсыз адамдарды үлы Абай, Шәкерімдер кезінде іремей сойғаны белгілі. Мүндайлар қазіргі қазақ қоғамында да аз кездеспейді. Әрине, олардың жауапкершілік, борыш сияқты қастерлі есімдері от басында, балалық шақта дұрыс бағытта қалыптаспауы да ықтимал, мүндай «қасиет» әке-шеше, туыстардың да кінәсінен болуы гажап емес. Ер жетіп, есейгеи адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе бермейтіні, оның психологиялық көңіл күйіне ауыр жүк. зіл түсіретіні сөзсіз.
4) Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы скі қасиет — басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т. б. көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасыңцағылармен өзара дүрыс кдрым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. «Мейірімділік,— деп жазды К. Бови, — мылқаулар сөйлей алатын, керендер ести алатың тіл». Өте тауып айтылған сөз. әрине, бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей жатады. Ал айналаңдағы адамдар, әсіресе, егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды ерекше бағшіайды. «Ең үлкен сән-салтанат,— деп жазды Экзюпери,— адамдардъщ карым-қатынасының салтанаты». Адам кішкентайынан басқаларды өзімен қарым-қатынасқа қызыктыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзі білетін адамщардын жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне, талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім өзгелердің табиғи үмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы мен мүдде-тілегін дүрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмекгессе, сол адамды демеп — жебесе, мүндай кісі инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі мен жетістіктерін орынды жерінде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етеді. Тіпті сол адамның ерекше абырой-беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға үмтылыс талпынысын ескеріп отыру - бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық. «Адамда қалай да болса қашан да болса пайда келтіретін ой мен іс — ізгілік деп аталады. Ізгілікке үмтылу, жауыздықтан безу — адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» (М. Жүмабаев). Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлык, жасай білу кісіліктің, үнамды мінездің көрінісі. Ізгілік — адам біткенді сүйе беру секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Нағыз гуманист үлкен мейірбағідьщпен қатар қоғамдық прогреске кесірін тигізетін кертартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға өшпенділігін жасыра алмайды. Ізгілікті адам жүрт мүддесіне қайшы келетін, адамзатгың бақытгы болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүткіл өмірін халық бақыты үшін сарп еткен біртуар перзенттер аз болмаған (әл-Фараби, Асан-қайғы, Сырым батыр, Махамбет, А. Байтүрсынов, М. Дулатов, Ш. Қүдайбердіүлы т. б.). — Осынау тамаша қасиет халқымыздың үлттық психологиясынан да, аты шулы перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын. деректер жетерлік.
5) Адалдық пен шыншылдық. Бүл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам — адал. Адалдық — сөздің таным мен сенімге уліггасуы, оньщ іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық-адамның азаматтық борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл, әділетгі болу — еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дүрыс көзбен қарау, инабатгы, тіргділікте таянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық етіп жүреді, бүлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. «Сырты бүтін, іші түтін», яғни босқа көлгірситін квзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер (екіжүзділік, жарамсақтық, жалтақтық, күншілдік, іштарлық, мақтаншақтық, тәкаппарлық т. б.) нағыз адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды. Біреу жасынан ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз көп сөйлейтін, қисынды-қисынсыз өтірікгі беті шімірікпестен айта салатьш боп өседі. Есейе келе мүндай адамның тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз отбасын да алдайтын, екіжүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес, өйткені «адалдық қайда болса тіршілік сонда» (Қ. Насыри), «...Шындық -ауа, онсыз дем алуға болмайды» (И. С. Тургенев), «Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді». (Ғ. Мүстафин.).
6) Достық. Бүл ортақ көзқараспен мүдце, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік қүндылығы мол тұрақш, тек адамға ғанатән жоғары сезім. Достык адамды асқактатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оньщ маңызды белгісі — өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамньщ бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзаратерең мүдделілік, бір-біріне толык сену, қайғы мен кдыншылықта өзара қол үшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін. Мәселен, олардың бірінде қызбалық не шабандық, түйықтық не жігерсіздік т. б. мінез кемшілікгері кездесетіні болады. Бірақ достыққа бүлар кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос бойындағы осындай кемшіліктерден арылуға көмекгеседі. Әрине, сатқыңдық, екіжүзділік, өтіршпілік, тәкагшарлық, өзімшілдікдостьікпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, саддырсалақ адам да бір-бірімен дос болып көгермейді. «Дос болма майда тілді күлгенменен, бимағна сырты жылтырап жүргенменен», дейді Шал ақын.
«Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гәуһар тас. Жұлдыз да, асыл тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдырет те кірлете алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше — қүдай үрды дей бер. Егер шын дос табылса, мал басынды соның жолына қүрбан ет. Досыңның кішкене сыйын көптей көр... досыңа қанша көп берсең де аздай көр...», дейді сөз зергері Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сөтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшілікгерін ақтау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу бүл жалған достық. «Дос жылатып, дүшпан күддіріп айтады» деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық карым-қатынас, адамға, әсіресе балғын балауса шақта аса қажет. Дос іздеу асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап, меңзей білудің, сенім-нанымдарды қагіыптастырудың ташырмас мектебі.
Тұлғаның өзіндік ерекшелігі мінезі мен темпераменті дүниетанымынан, сенімінен, талғам – мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады.
Сондай – ақ Клер Райнердің «өзін - өзі сендіру» бағдарламасы – адамның өзін - өзі тәрбиелеу, өзіндік сана – сезім, өзін - өзі қастерлеу сияқты жағымды қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда
кәмелетке келген адам өз
Өзін - өзі тәрбиелеу – адамның
жеке басын жетілдіре түсу
жолындағы жеке әрекеті. Өзін
- өзі тәрбиелеудің бағыт –
бағдары адамның өмірлік
Өзіндік сана сезімнің маңызды элементі – жеке адам өзін - өзі бағалай алуы болып табылады. Адамның өзін бағалай алуы оның жеке басының әртүрлі жақтармен дәл мағынасына сәйкес (яғни адекватты баға), ал тіпті көтеріңкі не өте төмен (яғни адекватты емес) болып келуі мүмкін. Өзін - өзі бағалау іс - әрекеттің нәтижесін талдай алудан немесе бұл жағдай сол адамның өзін бапсқалармен кітаптар мен фильмдердің кейіпкерлерімен салыстыра алуынан туындайды.
Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмүнды, рөлді ойыадарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауга болады. Олардамәдени мінез-қүлыклың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық жәие ол ережелердің кейбір нақтылы түрлеріы іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің көпшілігі сресек адамдардың ісіне, мінез-қүлқына, өнегесіне еліктеу арқылы калыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дүрыс із калдыратындай үлгілі больга келуітиіс.
Бала тілінің шығуы, осының нотижёсінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы, мінез бітістерінің іргетасының қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп «жаман», «болады», «болмайды» деген үғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы үғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-қүлықтық негізгі сапаларының (тәртіптілік, үстамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңце бала өзінің жәпе басқалардың мінез-қүлқына «өзінше» баға беруге тырысады. Эксперименггік зертгеулер алты-жеті жасар балалардыц өз мінез-қүлқып біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-торт жасар бөбекгерде көрінбеюіндігін байқатады.
Окушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде, олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мүғалім И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Павлов ілімі жүйке жүйесінің типтері өмір барысында өзгеріске түсетіндігін, бүлардың тума ерекшеліктерімен қоса, қоғамдык тәрбиенің өсерімен қалыптасатын таптері де болатындығын, жүйке жүйесінің типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті. Мәселен, қозуы аса күшті үстамсыз типтің жүйке процестерін тендестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып, тәрбиешілер холериктерді үстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, үзақ жүмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жүмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақатгыққа салынғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыкка тәрбиелеулері тиіс. Мүғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді, олардың моральдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлағаны жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін үйымдастырғанда, әсіресе, мінез-қүлықтық кейбір теріс көріністері әнгіме болған кезде, олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сүрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдьыықты қажет етеді. Ал, кейбір жағдайда, меланхолик бала тәртіп бүзған болса (мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді), оны жүрт алдында қызартып, үялту дүрыс емес. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін, оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жүмыстарына өздері тіленіп қатасатыны өте жақсы әдет. Бірақ бүларды қадағалап, жүмысына бағыт беріп отырмаса, жүмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. әсіресе, сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені, олар жүмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын балалар.
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін, сезім-эмоцияларын тәрбис.ісумен үштастырыла жүргізілгені дүрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Ерік темпераментгің кез-келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу кажет. Ерік-жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы Суворов, ерік-жігерінің аса күштілігінен темпераментінің жетегінде кетпей, ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан.
Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістер мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мүғалім баяу болса да, темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім-төрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі езгерулерге түсетіндігін ылғи да еске үстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жүмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгірім дәрежесін, тәртібін, басқа балалермен қарым-қатынасын, қоғам жүмыстарына қалай араласатындығын үдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасау, әсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет. «Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек» (М. Жұмабаев).
Қолданған әдебиеттер тізімі:
консультирование. – изд-е 2-е. – М., Класс, 2000.167-169 б.
психологические методы
исследования супружеских
(спецпрактикум по социальной психологии). – М., МГУ, 1987. 197- 214 б.
Информация о работе Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі