Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:48, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі: Темперамент және мінез адамның өміріндегі жағдайларға табиғи типтік әсері және сол әсердің айналадағы ортаға ықпалы. Осы қасиет адамдардың бір бірімен қарым қатынасына әсер етеді, әсіресе адамдар бірін бірі танымай алғаш көріп тұрған кезде.
Темперамент типтері әр адамның динамикалық меншікті дара өзгешелікті және жұмыс жасауда басқа дамдармен қарым қатынасы, эмоционалдық сезімдегі және қимыл қозғалысындағы өзгешеліктерді анықтайды. Темпераменттің әр типіне үйреніп, олардың әр біреуінің өзгешеліктерін ажыратып, адамдармен қарым қатынасындағы қозу шапшаңдығын білуге болады. Адамдардың мінез құлқындағы айырмашылығы темперамент арқылы айқын көрініп тұрады. Оның ықпалымен адамдар қарым қатынас жасауда басқалармен іскер қарым қатынас жасауға болады.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3
І Тұлғаның қалыптасу ерекшелігіне бағдарлы шолу
1.1 Тұлғаны зерттеудің маңыздылығы және оның қоғамдық мәні ............... 5
1.2 Тұлғаның мінез көрсеткіші мен темперамент көрінісі - өзара қарым – қатынас мәдениетінде ................................................................................... 7
1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін қалыптастырып - дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні ..........................................................................10

ІІ Тұлғаның мінезімен темпераментінің педагогикалық әсер ету мүмкіндіктері
2.1.Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы .........................14
2.2.Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі .....................................................16
2.3.Мінез бітістері. Типтік мінез бтістері .......................................................18

Қорытынды........................................................................................................27 Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Абильдинова Ботагоз не трогать.doc

— 231.00 Кб (Скачать документ)

         Тұлға  оның мұқтаждықтары  туралы теориялар өте ерте  кезде Грецияда п.б. Ең әдепті  кезде п.б. жайылған теориялардың  бірі – материалистік теория. Мұны жақтаушылар Греция философтары  Аристарах, Этекур бұл теория бойынша адамның әрекеттері қылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша  адам өзінің тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу жөнінде жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады.

         Адамның мұқтаждығын, қанағатын  адамның орнынан басқа мұқтаждық  қолда болды. Оның өмір сүруіне   әрекет етуіне өте керекті  шарт болып табылады. Мұқтаждық  я қажеттілік адамның болсын  қоғамдық болсын прогрессивтік түрде өсіп алған дамып кетуіне өте керекті болып табылады. Адам өмір сүруіне керекті жағдайларды және негізгі мұқтаждықтарды 2 – ге бөлуге болады.

      1.    Материалдық мұқтаждықтар. Оларға  айрықша баспана киім – кешек  т.б. Осы сияқты нәрселер еніп отырады.

      2.    Рухани мұқтаждық. Бұларға адамның  басқа адамдармен қатынасы қоғамда  болуы, бостандықта болуы, өзін  еркін сезінуі т.б. кіреді.

Адамның мұқтаждығы адамның  әрекетін меңгеріп, басқарып отырады.

Ынтығу, құмарту. Адамның  қызығуларын соқыр сезімге алып барып теңейді.

Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинкттер ретінде ата –  анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан болмайды.

Бірінші теория қызығуды биологиялық жақтан түсіндірсе, екіншісі – меналистік биксоризм (қылық психологиясы) принципімен араластырады.

Қызығу оқу, тәрбие жұмысында  өте керекті шарттар болып  табылады. Олар неге қызығатынын ерте бастан ескеріп, алдына мақсат қойып, сол  мақсаттарын жүзеге асыру үшін әрекет етеді. Олардың белсенділігін  арттырып, көңіл – күйін де көтереді. Сол себептен жоғарғы класс оқушыларының арасындағы мамандық таңдау мәселесі жөнінде түрлі мәселелерді әңгімелер жүргізіп, балаларға әрбір мамандықтың қандай екендігін, оның айрықша өзгешелігін  түсіндіріп отыруы қажет және оларды жоғарғы оқу орнына алып барып ондағы факультет, лабораториялармен  таныстырып отырған жөн. Балаларды тәрбиелегенде мынадай жағдайларды ескерген дұрыс.

1. Балаларда танымдық  қызығулар дами және оқу сапасын  жақсарту керек. Оқу мазмұнды, идеялар тартымды келген жөн.

2. Баланың көркем әдебиетті  көбірек оқу жағын қарастыру  керек, себебі осы арқылы оқушылар  көп нәрсемен  танысады, көп білім  алады, сөйтіп, оқуға деген қызығуы  артады.

3. Баланың өз бетімен  дербес жұмыс істейтін жағын  үйретіп, олардың оқуының, еңбегінің мәдени түрде жүзеге асыру жағын қарастырып отыруы қажет. Түрлі шараларды көлденең  қолданып мұғалімдермен баланың сабағының артта қалмауын қарастырған жөн.

4. Баланың білімі әруақытта  жүйелі түрде де бағаланып  отыруы тиіс. Бағаның нәтижесін өздеріне айтып, талапты, зерек балаларды мадақтап отырған дұрыс.

5. Мұғалім балалардың  оқуын, тәртібін бағалау мәселесіне  жауапты қарағаны жөн. Мұғалімнің  оқушыға қандай қате бағасы, оларға  қатты әсер етеді, олардың көңілін  қалдырады. Мұндай жағдайда бала сабағын дайындамайтын және мұғалімге сенбейтін болады.  Мектеп жасына дейінгі баланың қызығулары оның әрекетіне байланысты болғандықтан, онша тұрақты болмайды. Олар бүгін бір нәрсеге, екінші күні екінші нәрсеге қызығуы мүмкін.

       Адам  өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа біреулеріне  ол самарқау күйде қалады. Бір кісілерді жақсы көрсе екіншілерін жек көреді. Ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы – ерекше эмоциялық күй. Қарым – қатынас пен араласу - өзара байланысты, ажырағысыз құбылыстар. Жөні түзу адамның басқалармен араласуы қарым – қатынассыз болмақ емес.

       Жеке  адамдар арасындағы қарым –  қатынас – ойлай және сезіне  білетін адамдар арасында шынайы  өмірде қалыптасатын қарым –  қатынастардың нақ өзі. Жеке  адамдар арсындағы қарым –  қатынас араласудың мәні, оның  өзіндік нәтижесі болып табылады. Араласу процесінде қалыптаса келіп, жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас, өз тарапынан оның өзіне әсер етіп, араласудың мазмұны мен басқа да ерекшеліктерін айқындайды.

        Алғашқы топтың қарым – қатынастары   праволық және моральдық (мұның үлесі аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық  нормалардың арасынан  алдымен қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың рольі үлкен. Ал жеке бастың қарым – қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте, мүдделер орталығымен екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы  ерекшеліктеріне байланысты.

        Нақты өмірде қарым – қатынастардың  бұл екі түрі  бір – бірінен  онша алшақтамайды. Мысалы, кез –  келген класта  оқушылар арасындағы қарым – қатынастың  екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділеу жүйесі немесе іс бабындағы қарым – қатынастар (топ басшысы, т.б.) екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым – қатынастар жүйесі.  Бұл екі жүйе  бір – бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық үйлесіп кетпейді.

       Қарым  – қатынастың әр түріне бейім  адамдардың  бір – біріне қояр  талаптары да әр басқа, мысалы, сынып старостасы немесе таныс  таңдаудағы көзқарастары  да әрқилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қасысты қарым – қатынастар жүйесінде оқушының класта қаншалықты танымал болуы оның  өз тобында жоғары бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.

       Өзара  қарым – қатынастар  адамдардың бір – біріне ықыласының тереңдігі мен сырластығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Таныстардың, достардың, жолдастардың  қарым – қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель  достықтың үш түрін: достық игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және  өзара пайдакүнемдікке негізделген достық достық деп бөлген еді.

Адамдар тек қана таза достық аясында ғана емес, сондай –  ақ қарым – қатынастардың  басқа  түрінде де бір – бірімен қарым  – қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі жағдайда араласуы мүмкін. Қарым – қатынастардың ең терең түрі – бір – бірін сүйген адамдар арасында болады.

     Қарым-қатынас мәдениеті. Мәселен, сенің көңіл күйің бүгін нашарлап түр делік, оның да белгілі себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де, басқалар сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сүрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай үстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезінетінің анық. Сені әңгімеге тартып, үсті-үстіне сауал қойып отырғандар көбінде көңіл күйінді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатиялық қасиет  жөнді қалыптас-паған. Сондықтан да эмпатиялық қасиетгі өздеріңде үнемі дамы-тып отыруларың қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Тұлғаны мінез бітісітерін  қалыптастырып -   дамытудағы халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні

 

            Халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын және оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігін қолданбалы мәні зор пеагогика ғылымының бір саласы халықтық педагогика деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып, ұрпақтан – ұрапққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі т.б. Нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез – құлқы, іс - әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.

      Ұлттық  дәстүр мен салт – сананың  адам тәрбиесінен елеулі орын  алатын біркелкі тұрақты құбылыс  екендігін әр кездері ғұмыр  кешкен ғұламалар ерекше атап  көрсеткен еді. Халықтық педагогика  – адамдардың қоғамдық және  жеке тәжірибесін, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым педагогикалық білімдердің жүйесі.

       Педагогикалық  мәні жағынан қазақ фольклорының  түрлі жанрларының ішінде мақал  – мәтелдер аса қызғылықты  зерттеу объектісі болып табылады. Мақал – мәтелдер адам іс - әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше түйіндейді.

       Сондықтан  да мақал – мәтелдер қай  халықтың болмасын ішкі педагогикалық  түсінігі болады, оларда қазіргі  жалпы педагогикалық, жас ерекшелік,  медицина, музыка, спорт, қоғамдық  педагогика деректерімен астарлас нақты іс – тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны анық. Қазақ мақалдар адамның ішкі жан – дүниесіне терең бойлап, кісінің қарым – қатынасын аша түсуге өнеге мектебі дерлік. Мысалы, халық ұғымында  ақылдылық – баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: «Түйедей бойың болғанша,оймақта ойың болсын»,« Ақыл озбайды, білім тозбайды» - дейді. Ақыл – білім, тәжірибе, тәлім – тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де  істі ақылға салып отырмаса болмайды, онсыз мақсатқа жету қиын. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана айтуға үйретеді: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле: «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі». Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай, ондайларды өткір сынға алған «Құрғақ сөз бас ауыртар», «Көп сөз күміс, аз сөз алтын», «Қысыр сөзде қырсық көп» т.б. Осы айтылғандардың бәрі ақыл – ой мен зерделіктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын аңғартады.

       Адамның  жан дүниесіндегі тілдегі көрінісі, ой шындығының сөз арқылы көрінуі  де мақал – мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз – күшті, қуатты, құдіретті қару. «Сөз өнері – дертпен тең». Халқымыз ойға олақ, логикаға жүгініп отыру  қажеттігін ерекше ескерткен. Мысалы «тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді,» «Жылы – жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Шешеннің тілі – шебердің бізі», «Жүйелі сөз жүйесін табар» т.б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялық астары қандай болатынын жақсы аңғартады. Сөйтіп, шешен де шебер сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің біріболып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылған.

        Мақал – мәтелдер қоғамдық  ой – сананың қалыптасу кезеңдерінен  көптеген соны мәлімет береді. Адам ақыл – ойы дамуында  оң білім мен тәжірибенің атқаратын  рольі зор. Төмендегі мақалдар: «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі», «Оқу – оқу түбі тоқу», «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі», «Білімнен асар байлық жоқ», «Көре – көре көсем болады, сөйлей – сөйлей шешен болады», т.б осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес. Халқымыз оқудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатынын жақсы түсінген: « Оқу инемен құдық қазғандай». Өйткені оқу табысты болу үшін ынта мен ерік жігер, ынтызарлық пен құмарлық қажет. «Шыдамды еңбек алғыр ой,анық досың біліп қой», «Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап».

          Мақал мәтелдерге адамның жан  қуаттарының  бұларпдан басқа  да толып жатқан жақтары бейнеленген.  Бұларды психологиялық тақырып  тұрғысынан төмендегіше топтастыруға  болады:

1. Педагогиканың жалпы  мәселелері:

а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері жайлы түсінік;

ә) өскен орта және тұқым  қуалаушылықтың жан құбылыстарына  әсері;

б) тәрбиенің  қалыптасуындағы  еңбек, тәжірибе және практиканың рөлі;

в) ойын, оқу, өнер, еңбек  бұлардың сана – сезімді дамытудағы рөлі т.б.

2. Сезім мүшелерінің танымда алатын орны.

3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың  тіршілік пен қарым – қатынастағы  рөлі.

4. Ақыл және ес.

5. Армен мен қиял.

6. Адам эмоциясы мен  сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен  жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық т.б.

7. Қажыр- қайрат пен  бос белбеу, жүрексіздік.

8. Кісінің жеке дара  ерекшеліктері (мінез, қызығушылық,  бейімділік, қабілет, талғам, мұрат  т.б.

9. Түрлі топ өкілдерінің  ( еркек, әйел, ата – ана, бала  – шаға, жекжат, жұрат, әкім т.б.) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері.

10. Әр түрлі жас мөлшерінің (бала, жас өспірім, ересек, кәмелет,  қария т.б.) педагогикалық сипаттары.  Ал, кәрілік шақтың  рухани (мол  тәжірибе, тоқталған ақыл, ескі әдеттердің  үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық  т.б.)  және тән ( көз бен құлақтың әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп, қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы, әжімнің көбеюі, т.б. белгілерін саралаған халықтық пайымдар өз алдына бір төбе. Осы айтылғанға «Көңіл қартаймас, көз қартаяр», «Кәрі білгенді, пері білмейді», «Сақалға ақ түсті, көңілге дақ түсті»,  «Көп жасаған көмбенің үстінен шығады» - деген мақал – мәтелдер жақсы айғақ.  Мақал – мәтелдерде адамның ес, жан қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен ұштасып жатуы таңқаларлық. Мысалы, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам  қозғалыс мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте сақтайтындығын, біреу тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу бұған ұзақ уақыт машықтанатынын халық даналығы жақсы көрсеткен.

    Әрине, жалаң  еске сақтаумен адам алысқа  бара алмайды, ол өз есін, оның  басқа қасиеттерімен (беріктік, нақтылық, реакция шапшаңдығы, т.б.) ұштастырғаны  бағалы болмақ. Бұл айтқанды «Ақпас  құлаққа айтсаң ағып кетеді, құйма  құлаққа айтсаң қағып алады», «Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныңа мәз бол», т.б. мақалдар жақсы қуаттайды. Немесе қарт адам жуырда ғана оқыған, естіген, көрген, нәрселерін тез ұмытады, бұл естің әлсіреуіне әкеледі. Осыны: «Ер қартайса жаңылшақ» - деген деген дана сөз де нақтылы түссе, оқығанды миға тоқу да  қайталаудың маңызы зор екенін, «бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді» дейтін  мақалдар қуаттайды. Ал сын көзімен қабылдау  естің дамуына елеулі ықпал ететіндігін  «Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін сезбейді» деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске түсіру де материалдық эмоциялық әсерімен байланысты  болатындығын, жақсы, шапағаты мол, мол мәселелерді есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал – мәтелдер де баршылық. Мақалдарда адамдардың есте сақтау қабілетіне айрықша баға беріледі, ақылдылық жоғары дәріптеледі.

Информация о работе Тұлғаның мінезі мен темперамент әрекетіндегі педагогикалық ықпалдың ролі