Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа
Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.
Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.
Қазiргi заманда көптеген
мемлекеттерде дарынды
1975 жылдан берi бүкiл әлемдiк Кеңес құрылды. Осы Кеңесте өсiп келе жатқан дарынды жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, бақылау, оқыту барысына халықаралық жобаларды қарастырды. Бiздiң Республикада 1996 жылы Президент Н. Назарбаевтың нұсқауы бойынша «Дарын» Мемлекеттiк стратегиялық бағдарлама iске ендi. Сол бағдарламалардың барысында көптеген жерлерде дарынды балаларға арналған мектептер ашылып жатыр.
Даналық ой мұхитында Алла Адамды Жердiң қожасы етiп, iзденiске, мехнатқа толы қысқа да қызулы өмiр сыйлағанда, күнәдан сақтандырып, жасампаз еңбекке қан бейiмдеп жаратқан.
Платонның Сократ пен оның ұстазы Протогор арасындағы әңгiмелерi даналық, ойшылдық, қаhармандық, iзгiлiк, әдiлеттiлiк, жан жомарттығын насихаттауға арналыпты. Ойшылға опасыздық еткенді тарих кешпейдi. Платонның шәкiртi Аристотель «Әлемнiң басы - ақыл» деген аксиоманы ұсынған. Жаратушы жаратса, ақыл - өмiр сүруге, қоғамды гүлдендiрiп адамзаттың кереметтiгiн дәлелдемек.
Шығыстың екiншi ұстазы атанған
Әбунәсiр Әл-Фараби - ұлы ойшыл,
астроном, табиғат зерттеушiсi, кемеңгер
психолог-педагог. Қазақ
Бүкiл дүние жүзiлiк ғылым мен мәдениеттiң алтын қорына зор үлес қосқан, ұлы бабамыз Әл-Фарабидiң бiлiм беруде пайдаланған бұл әдiс-тәсiлдерi бүгiнгi таңда да оқу-тәрбие iсiнде кеңiнен қолданылуда.
Қазақстандағы тәлiми ой-
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын көтерген, ерiнбес этнограф, нәзiк психолог, әйгiлi ұстаз Шоқан Уәлихановтың мұралары өз алдына үлкен бiр дүние. Шоқан педагогикалық тұрғыда арнайы еңбектер жазып қалдырмағанымен, өзiнiң зерттеу жұмыстары арқылы халық педагогикасының тәрбие саласында оқылым заманнан берi пайдаланып, өмiр сынағынан өткен амал-жолдарын, әдiс-тәсiлдерiн көрсете бiлдi. Ағартушы - ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп iсiн ғылыми негiзде құрып, оқу-бiлiмнiң, табиғаттың сырларын ашуға бағытталғанын қалады. Ол табиғаттық ғажайып көрiнiстерiн балалар мен жастардың эмоциялық сезiмiне, эстетикалық көзқарасына жалпы адамгершiлiк тәрбиесiне және адам психологиясының қалыптасуына географиялық орта мен табиғат ерекшелiктерi әсер етедi деп бiлген. Атап айтқанда, ұлы ғалым, сонау заманнан берi туған халқының дапышпандық ойлар жиынтығы тұнып тұрған - шежiре сырларына үңiлiп қоршаған ортаның әр ағашы мен талын қастерлеп, тарих қойнауындағы ғасырлардың белгiсiн көздiң қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда қабылдау азаматтық борыш деп түсiндi, әрi осы сезiмдi жас жеткiншектердiң зердесiне де құюға тырысты.
Еліміздің қарқынды әлеуметтік дамуы оның азаматтарының құлықтылық және шығармашылық дамынсыз, сол сияқты олардың белсенділіктерінің, қабілеттерінің дамуынсыз мүмкін емес. Жеке адамның осындай және басқа да қасиеттерінің қалыптсауы ең алдымен мектеп табалдырығынан басталады. Сондықтан қазіргі кезде мектеп жұмысының бірінші жоспары әр оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау. ХХ ғасырдан бастап көп көңіл бөлініп келе жатқан шығармашылық қабілеттері басым болатын дарынды балаларды оқыту мәселесі.
Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын біз алдымызға төмендегідей болжам қойдық; егер жалпы білім беретін мектеп оқушыларына логикалық тұрғыдағы әдістемелерден тұратын қосымша сабақтар жүргізсе, олардың танымдық процестерін жоғары деңгейде дамытуға болады.
Зерттеу мақсаты: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс жасау жолдарын анықтау.
Зерттеу объктiсi: бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәнi: бапстауыш мектеп оқушыларының дарындылық қабілеттері.
Зерттеу мәселелері:
- дарынды балалар психологиясы мен ерекшеліктерін теориялық жағынан қарастыру;
- дарындылық қасиетін
анықтайтын әдістемелерге
- таңдап алынған әдiстеменiң
нәтижесін талдау және
Зерттеу әдiстерi:
Зерттеу базасы: Павлодар облысы Аққу ауданы Еділбай орта мектебінің 3 сынып оқушылары.
І. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ Дарындылық жӘне дарындылықты дамыту мӘселелері
Белгiлi психолог Н.С.Лейтес көптеген жылдар бойы дарынды балаларды зерттей отырып, баланың басқалардан ерекшелiгi – ой еңбегiне деген бейiмдiлiгi, оның бойында жаңа хабар, жаңа бiлiмдi алуға үнемi қажеттiлiк болатындығы екендiгiн көрсеттi. Ол өз еңбектерiнде ақыл-ой қабiлетiнiң дамуына әсер етушi танымдық қажеттiлiк екендiгiн анықтады.
Дарынды балалардың жас және дербес ерекшелiктерiн есепке алып, уақытында дарындылығын айқындау, олардың қарым-қатынастарын, ойлау және логикалық қабiлеттерiн зерттеуге, практикалық әдiстемелiктер жетiспейдi. Осы кезде қазiргi заманың талабына сай, дарынды балалардың жете зерттелмегенi айқындалады. Практикалық қажеттiлiке сай ғылымның әлi де болса жетiспегенi байқалады. Соңдықтан, бiздiң қоғамда дарынды балаларды айқындау мәселесiнде қарама-қайшылық пайда болды. Осыған орай дарынды балаларды ерте жастан айқындап, дамытуға, тәрбиелеуге қажеттiлiк туып отыр.
Дарындылық – адамның ой-өрiсiнiң деңгейi мен өзiндiк iс- әрекетiнiң ерекше өрiстеуiне себепкер болатын, адамның жан-жақты дамуының қайнар көзi, арнаулы қабiлеттердiң шарықтап дамуының нәтижесi.
Өткен 50-шi 60-шы жылдарда Б.Т. Ананьев, А.Г. Ковалев, В.Л. Дранкова, В.И. Киренко, В.А. Крутецкий және басқа зерттеушiлердiң, еңбектерiнде қабiлет проблемасының ғылыми тұрғыдан түсiндiру мәселесiнде аса маңызды iстер жасалды. Бұл ғалымдар қабiлет мәселесiн ең алдымен тұлғаның iс-әрекетi мен тығыз байланысты қарастыру қажеттiлiгi. Себебi, адам өзiн субъект есебiнде iс-әрекетiнде көрсетедi, қабiлет деп аталатын оның психикасының ерекшелiктерi iс-әрекетi барысында дамиды. «Адамдардың қабiлетiнiң дамуы, - деп жазды С.Л. Рубенштейн, олардың азаматтық тарихи дамуының нәтижелерiн құру және меңгеру барысында iске асады. Бiрақ қабiлеттiң дамуы дайын өнiмдердi пайдалану емес, қабiлет адамға пайдаланған заттардан жұқпайды керiсiнше, тарихи дамуының нәтижелерi болып санала тын заттар мен құндылықтармен араласу өзара байланысу үрдiсiн де дамиды».
«Нышандар, - деп жазды Б.Т. Ананьев, - тек қана iс әрекет белгi лi бағыттағы қызмет нәтижесiнде ғана қабiлетке айналады. Сонымен бiрге ол қабiлет адамға сырттан қондыра салатын оған заттардан жұғатын нәрсе емес, ол адам бойында оның адамзаттық тарихи дамуының нәтижелерi болып табылатын заттар мен құндылықтармен араласу, соларды пайдалану барысында дамиды».
Ал Б.М. Тепловтың пiкiрiнше: «қабiлет тек даму барысында ғана көрiнедi, ол тек белгiлi бiр теориялық не тәжiрибелiк iс-әрекеттен тыс жерде пайда бола алмайды».
Бұл пiкiрдi В.А. Крутецкий
«Қабiлет дегенiмiз ол белгiлi
бiр нақты iс-әрекетке
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша: «қабiлет дегенiмiз - белгiлi бiр немесе бiрнеше iс-әрекеттердi орындаудың табыстылығын анықтайтын адамдардың жеке басының қасиеттерiнiң жиынтығы».
Л.А. Венгер бiрнеше эксперименттiк
зерттеулердiң нәтижесiнде
Қабiлетке Б.М. Теплов мынадай анықтама бередi: ол оның үш белгiсiн атап көрсетедi. Қабiлет дегенiмiз:
1. бiр адамды екiншi адамнан ажырататын оның жеке психикалық ерекшелiктерi;
2. белгiлi бiр
iс-әрекеттi не бiрнеше iс-
3. тұлғаның бiлiмi, дағдылары мен iскерлiгi емес, оларды тез әрi жеңiл меңгеруге жәрдемдесетiн ерекшелiктерi.
Б.М. Теплов
анықтамасында «ерекшелiк»
Қабiлет деп, әдетте тұлғаның белгiлi бiр iстi табысты орындауға қажет жеке ерекшелiктерiн атаймыз. Батыстың дәстүрлi даму концепциясының авторлары Г.Олпорт, А.Фрейд, Э. Эриксон,
Ж. Пиаже iс жүзiнде дамуды жеке адамның өмiр жағдайларына бейiмдеу үрдiстерiне әкеп тiрейдi.
Психология ғылымында қабiлет (интеллект) қалыптасуы үрдiсiн түсiнуде екi бағыт қалыптасқан. А.Н.Леонтьев концепциясы бойынша «екiншi қатардағы қабiлеттер, яғни адамдардың ерекшелiк қасиеттерi». Әрине табиғи нышандар, жоғары жүйке жүйесiнiң қызметi терiске шығарылмайды, олар басты қызмет атқарады. Себебi олар қоғамдық-тарихи тәжiрибенi меңгеру нәтижесiнде туындайды.
С.Л. Рубинштейн қабiлеттiң дамуын осылай түсiндiруге қарсы пiкiр айтады: «Адамдардың қабiлетi, олардың адамзаттың тарихи даму барысында жасалған игiлiктердi пайдалану, не өздерi жасау барысында дамиды. Бiрақ, қабiлеттiң дамуы олардың тек дайын игiлiктердi пайдалануы емес, қабiлет заттарды пайдаланудан жұқпайды, тарихи даму барысында жасалған игiлiктермен, заттармен өзара қарым-қатынасқа түскенде ғана дамиды». Әрине, қабiлеттiң дамуы адамзаттың даму тәжiрибесiн меңгеруге байланысты. Бiрақ бұл әр адамда қабiлеттерiнiң әр түрлi дамуларының негiзi жоқ деген сөз емес». Бұл жайында Н.С. Лейтес өз ойын былай қорытындылайды: «Қабiлет адамға сырттан тағыла салмайды. Олардың қалыптасуына оқытып-үйретудiң маңызы қаншалықты зор екендiгiне қарамастан, олар дамудың iшкi мүмкiншiлiктерiнiң болуын олардың жас және жеке ерекшелiктерiнiң, табиғи алғы шарттарының болуын қажет етедi».
Соңғы 30-40 жыл iшiнде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында қабiлеттiң дамуына биологиялық фактор мен тiршiлiк ортасының, әсiресе әлеуметтiк ортаның қатынасы иен ықпалы жайында пiкiр таластар болып келгенi мәлiм. Бiреулер баланың дамуында тiршiлiк ортасы, әсiресе, оқу-тәрбие жұмысы негiзгi роль атқарады десе, ал өзгелерi бұл пiкiрге қарсы шығып, шешушi роль атқаратын – нышан, яғни биологиялық фактор деген тұжырымды қолдап келдi. Дегенмен мұндай пiкiр таластары белгiлi бiр тұрақты шешiмге келе алған жоқ.
Қабiлет – iс–әрекеттiң белгiлi бiр түрiн ойдағыдай, нәтижелi орындауда көрiнетiн адамның жеке қасиетi. Қабiлеттiлiк күнбе-күнгi тәжiрибеде жиi кездеседi.
Қабiлеттердiң дамып қалыптасуы әр түрлi деңгейде жүрiп отырады.Мәселен оның алғашқы деңгейiн (жұрттың бәрiне ортақ) репродуктивтiк десе, екiншi, негiзгi деңгейiн шығармашылық қабiлет дейдi. Бiрiншi деңгейде адам бiлiм игеруге, iс- әрекеттi қажеттi дәрежеде жүзеге асыруға икемдiлiк көрсетсе, екiншi, деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкiндiгiн байқатады.
Қабiлет бiрнеше түрге бөлiнедi. Мысалы: жалпы, арнаулы, ұйымдастырғыштық, мұғалiмдiк т.б.
«Адам тiршiлiк иесi, оған
қоса ол жаны бар нәрсе ретiнде
табиғи күшке, өмiр қуатына ие, әрекетшiл
тiршiлiк иесi. Онда бұл күштер нышан
мен қабiлет түрiнде өмiр
¤ылымда осы тұрғыдан қабiлеттердiң дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.
Нышан-жүйке жүйесiнiң
адамға туғаннан берiлетiн анатомиялық-
Нышан-қабiлеттiң бастапқы табиғи негiзi, оның ойдағыдай дамуына жағдай туғызатын шарттардың бiрi. Қабiлеттi дамытудағы ең негiзгi факторы – еңбек. Адам неғұрлым еңбексүйгiш болса,оның қабiлетi соғұрлым жақсы дамитын болады. Қабiлет те, нышан да iс-әрекет үстiнде байқалады.
Нышанның ықпалымен
қалыптасқан қабiлеттiң түрiн
Бейiмдiлiк – адамның белгiлi бiр әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңiлiнiң аууы және оны жүзеге асырудағы икемдiлiгi.
Қабiлеттi дамытуды болжауда қоғамдағы әлеуметтiк мекемелер, мектептер және сыртқы ортадағы тұрақты белгiлер өлшем ретiнде пайдаланыла отырып, нышандардан туындайтын комбинациялар пайдаланылады.
Нышанның дамуын дақыл
дәннiң өсiп-өнуiмен
Жерге себiлген дәннiң өсiп не өспеуi жердiң құнарлылығына, ылғал мен күн шұғыласына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына (тәлiм-тәрбиесiне) байланысты.
Адам қабiлетiнiң нышандардан өркендеп дамуын дұрыс түсiну үшiн, оны былай топтастырып қарап көрейiк:
1.Жануарлар дүниесiнде тұқымнан – тұқымға берiлiп отыратын нышандар. Мұндай нышандардың өзi түрлi дәрежеде болады:
Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері