Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа

Описание

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Работа состоит из  1 файл

дипломная ..doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

Бұл түрлi рольдiк ойындарға қатысуында айқындала бастайды. Еркiн ойлап, өзiн еркiн сезiну оның жекелiк қасиеттерiн әрi қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларын орындау, мектептiң iшкi тәртiбiн сақтау, үлкендердiң айтқандарын екi етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберiне түседi. Ендi оның субъектiлiк белгiлерiнiң даму  мүмкiндiгi азая бередi.

Өйткенi дәстүрлi мектептiң мақсаттарын шешу үшiн мұғалiмнiң айтқанын дұрыс тыңдап, тура сол күйде қайта айтып беру, тапсырманы қатесiз орындау жеткiлiктi. Белгiлi үлгiден ауытқу, басқа шешiм iздеу талап етiлмейдi.

Дамыта оқытудың Д.В.Эльконин-В.В.Давыдов жасаған жүйесiнiң көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзiнiң белсендiлiгiне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенiң әдiс-тәсiлдерi де оқушының оқу белсендiлiгiн ұйымдастыру, қолдап, көмектесiп отыруды көздейдi. Бұл жүйемен дәстүрлi оқытуды салыстыру, мынадай қорытынды жасауға негiз болды. Дәстүрлi сабақтар әдiстерiнiң мәнi төмендегiдей 3 құрамдас бөлiктермен анықталады:

1.Үлгi көрсету;

2.Түсiндiру;

3.Бақылау, бағалау.

Яғни мұғалiм сабақ мазмұнын жақсылап айтып, түсiндiрiп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейiн қалай меңгерiлгендiгiн анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине жұмыс әртүрлi болып өткiзiлуi мүмкiн. Мысалы өзi айтып бермей, үнтаспадан тыңдау, балаға оқыту т.б.

Қалай болғанда да өзiмен таныс    иллюстрациялы-түсiндiрме әдiстiң қатаң тәртiбi сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап, мүлтiксiз орындау ғана талап етiледi.

Дамыта оқытуда баланың iзденушiлiк-зерттеушiлiк әрекетiн ұйымдастыру басты назарға ұсынылады. Ол үшiн бала өзiнiң бұған дейiнгi бiлетiн амалдарының,тәсiлдерiнiң жаңа жағдайды шешуге жеткiлiксiз екендiгiн сезетiндей ахуалға түсуi керек. Содан барып оның бiлiм алуға деген ынта-ықыласы артады, бiлiм алуға әрекеттенедi. Сабақ мұндай жағдайда мынадай 3 құрамдас бөлiктерден тұратын болады:

1.Оқу мақсаттарының қойылуы;

2.Оны шешу жолдарын бiрлесе қарастыру;

3.Шешiмнiң дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуi - дамыта оқытудың Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесiнiң негiзгi компоненттерi. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгi берiлмейдi. Мақсатты шешу, iштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалiм сабақ процесiн ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролiнде. Шешiм табылған кезде әркiм оның дұрыстығын өзiнше дәлелдей бiлуге үйретiледi. Әр оқушыға өз ойын, пiкiрiн айтуға мүмкiндiк берiледi, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегiнiң нәтижесiмен бөлiсiп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжрибесiн қортындылауға үйренедi.

Дәстүрлi оқытуда жаңа материалды бала игеру үшiн сабақтың кез келген кезеңiнде алдымен  мұғалiмнiң шебер басшылығы қажет  етiледi. Басқаша айтқанда, мұғалiм  оқуға қалай түсiндiруi, қай жерде  бақылауы, түзетуi керек екенiн айқын  бiлуi шарт. Мұғалiм өзiнiң осы мiндеттерiн неғұрлым дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруi жеңiлдей түседi. Екiншiден, жұмыс нәтижесi болу үшiн оқушының мұғалiм қойған талаптарды мүлтiксiз орындауы қажет етiледi. Демек, оқушы алдын-ала программалап қойған iс-әрекеттiң қатысушысы ғана болып қалады. Нәтижесiнде оларда тек жақсы орындаушылық қабiлеттер қалыптасады. Сондықтан да тiл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлi педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.

Дәстүрлi оқытуда  оқу процесiне қатысушылардың «басқарушылар мен орындаушылар» түрiндегi  рольдерi белгiленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрiнен қатал әкiмшiлiкке дейiнгi шеңбер iшiнде жүзеге асып жатады. Олардың iсiнiң негiзгi мәнi - оқушыларды белгiленген нысанға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалiм соңынан ерiп отырулары керек. Мәселенiң бұлай шешiлуi дамыта оқыту жүйесiнiң мақсаттарына мүлдем қайшы келедi.

Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесiнiң ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Бұл жүйе дәстүрлi  оқытудан төмендегi ерекшелiктермен, өзгешелiктермен айқындалады:

-оқыту мазмұндағы  өзгешелiктер;

-мақсаттардағы  айырмашылық;

-дидактикалық  принциптердегi;

-әдiс-тәсiлдердегi  ерекшелiктер;

-оқытуды өзгеше  ұйымдастыру;

-мұғалiм еңбегiнiң  нәтижелiлiгiн анықтаудың жаңа  көрсеткiштерi;

-мұғалiм мен  оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар.

Л.В.Занков жүйесiне сәйкес бастауыш мектептiң негiзгi мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқамапаздығын, ойлауын дамыту және практикалық iс-әрекеттi меңгеруi қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерiк-жiгерi, сезiмдерiнiң дамуы алынады.

Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендiгiне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның iшкi сезiмдiк қуаттарын бiртұтас етiп алады. Оның «Он жетiншi сөзiндегi» қайрат, ақыл жүректiң сөз таластыруында, тек бiрлесiп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлi құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсетпек болады. Бұдан бұл мәселенiң ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтерiлiп келе жатқандығын көруге болады. Әр жерден оқта-текте көрiнiп қалатын дарынды балаларды ұстаздың қырағылықпен көре бiлiп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып- тәрбиелеуi – ерекше жауапкершiлiктi қажет ететiн iс.

¦йде де түзде де дарынды балалармен жұмыс жүргiзетiн тәлiмгерлер жан-жақты бiлiмдi, әсiресе бала жанын жазбай танитын сезiмтал психолог болуы керек.

Ерекше зейiндiлiк, жинақылық, күрделi ақыл-ой жұмысына әрқашанда  әзiр тұру, еңбекке жұмылушылықтың еңбексүйгiштiкке ұласуы, демалыспен санасып жатпай, қажымай–талмай еңбектену - дарынды балалардың басты ерекшелiктерi.

Дарындылық бойкүйездiк пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс iстей бiлу. Әр iстi соңына жеткiзбей тынбайтын қолайлы ұмтылушылық, ауыр еңбектен ләззат алу, жан қуатының тас түйiн болып, түймедейден түйедей көрiнетiн болмашы нәрсенiң өзiн талдай, жинақтай алуға деген ерекше икемдiлiк, таным аясының кеңдiгi, ойлау белсендiлiгiнiң аса тұрақтылығы да – осындай балаларға тән ерекшелiк.

Көркемдiк қабiлеттiң барлық адамға тән екенi белгiлi. «Әрбiр бала- болашақ данышпан» деген қағиданы ойға түсiрсек, ұстаз атаулының шәкiрттердi дарынды, дарынсыз деп жiктеуi қателiк екенiн сеземiз.

Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екi түрiн бөлiп көрсеттi.

Оның бiрiн «туа бiткен» данышпан деп, ал екiншiсiн «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негiзге алынған.

«Туа бiткен» данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин тағы басқалары өз туындыларында керемет қабiлеттiлiк танытқан. Бұл топқа қазақ халқынан Ш.Уәлихановты, М.Әуезовты, Әбiлхан Қастеевты  жатқызуға болады. Ал  «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиетi бойында – қажымас жiгер, бiлуге деген құштарлық, өз-өзiне қоятын қатаң талаптың болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бiр ғана шарты – табиғи қабiлетпен ғана шектелiп қоймай, табандылықпен еңбек ету. Демек, табиғи талантты ашу, жас талапкердiң жарқырап көрiнуiн қамтамасыз ету үшiн ұстазға жүктелер мiндет қандай?

Ол мiндет – оқушыларды шығармашылыққа баулуға өзек болатындай оның өзiндiк қабiлетi мен бейiмiн айқындай бiлу деп айтуға болады. Сондықтан баланы сәби кезiнен бастап мектеп бiтiргенге дейiн үзбей жүйелi түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын икемдiлiгiн дамыту қажет.

Шығармашылық қабiлет әр баланың табиғатында әуел бастан-ақ салынған. Мұғалiмнiң мiндетi- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкiндiктi ашып көрсету.

Шығармашылық- бүкiл тiршiлiктiң көзi. Адам баласының сөйлей бастаған кезiнен бастап, бүгiнгi күнге дейiн жеткен жетiстiктерi- шығармашылықтың нәтижесi. Бұған бүкiл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдiк.

Әр жаңа ұрпақ өзiне дейiнгi ұрпақтың қол жеткен жетiстiктерiн жаңа жағдайға бейiмдей, жетiлдiре отырып, барлық салада таңғажайып жетiстiктерге қол жеткiзедi.

Ал бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық жаңарулар тұрғысынан шығармашылық қабiлеттер басты нысана болып, керiсiнше оқушыда шығармашылық қабiлеттiң болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы тиiс. Себебi өмiрдегi сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келедi. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмiрдiң мәнiн түсiнуге, бағытын сезiнуге мүмкiндiк бередi. Дарынды баланың болашағын айқындау көбіне мектеп психологына байланысты, сондықтен мектеп психологының дарынды балалармен жұмысына тоқталайық.

Әрбiр ұстазға, тәлiм-тәрбие үрдiсiнде дарынды балалардың мiнез-құлқын ойдағыдай басқару үшiн, олардың психологиялық ерекшелiктерiн бiлу қажет. Дарынды баланың ақыл-ой жұмысымен шұғылдануын, бiлiмге құмарлығын, қоршаған орта мен қоғамдық өмiрдегi жаңаны байқай бiлуге, түсiнуге деген құштарлығын қалыптастыруы қажет. Дарынды балалардың шығармашылық iзденiстерiн жоғары бағалау, қолдап отыру, мақтап-мадақтау- ұстаз парызы.

Мұғалiм баланы алдын-ала психологиялық дайындықтан өткiзуi тиiс. Психологиялық дайындық деген - педагогтың психологиялық әсерi, шығармашылық кезеңде баланың талабын оятып, құлшындырып, елiктiрiп отыруы Егер ұстаз оқушыға сенiм бiлдiрсе, онда оқушының қабiлетi одан әрi дами түседi.

Ерекше қабiлеттi балаларға қамқорлық жасау-ежелден келе жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген гимназиялар мен лицейлер - негiзiнен дарынды балалар үшiн ашылған оқу орындары. Дарынды оқушылар - ел болашағының оның интеллекттiк (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резервi. Сондықтан да жер-жерден бұларды iздеп табу - аса мәндi мейiрбанды, гуманистiк iс. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу – баршамызға ортақ, бүкiл халықтық шара, өйткенi таланттар қай кезде де, қандай қоғамда да iздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлық.

Бiрнеше рет өткiзiлген бағалаудың көрсеткiштерi бойынша үздiк балалардың ерекшелiктерi, ақылының белсендiлiгi және ақылмен iс-әрекет жасауға көңiл-күйiнiң соғу деңгейi анықталады. Дарынды балалар ақылын жаттықтыратын жаттығулармен берiле жұмыс iстейдi.

Дарынды балаларға ақылымен жұмыс iстеу қызықты жаттығу болып көрiнедi. Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу, мектеп, жанұя, мұғалiмнiң ролiн анықтау үшiн бағдарлама қажет. Сол бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшелiктерiн дамытуға жол ашу, қабiлетiне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.

Бағдарлама мiндеттерi:

- Оқушылардың жан-жақты табиғи, интеллектуалдық қабiлетiн дамыту;

- Оқушылардың арнаулы шығармашылық қабiлетiн - терең және жан-жақты ғылыми негiздерiн игеру бiлiмi бойынша тұрақты дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

- өз бетiмен  бiлiмiн көтеру және ғылыми зерттеу  қызметiнiң дағдыларына оқыту,  сонымен қатар жеке бастың өзiн жетiлдiруге iшкi қажеттiлiгiн қалыптастыру;

- жеке бастың  өнегелiк негiздерiн, қоршаған  ортаға адамгершiлiк қарым-қатынасын  қалыптастыру;

- жеке бастың  үздiксiз жетiлуiне iшкi қажеттiлiгiн  қалыптастыру.

Жалпы барлық таным процестерi бiрiгiп, интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесiн дамытуда зерттеушiлiк белсендiлiгi арқылы оқушы өзiн-өзi дамытып, танып бiлуге, жол ашады, интеллектуалды даму үшiн оқушының бiлуге деген  құштарлығы қажет.  Оқушының жеке басының дамуын зерттеу процесi негiзгi екi бағытта жүргiзiледi:

    - оқушымен  кезеңдiк жұмыс жүргiзетiн мұғалiмдер, сынып жетекшiсiнiң қатысумен мектеп  психологының көмегiмен, жылына  кем дегенде бiр-екi рет өткiзiледi;

- оқушының iс-әрекетiн,  мiнез-құлқын барлық мұғалiмдер  және оқушының өзi үнемi белгiлi бiр мақсатқа бағыттап бақылап отырады.

Психолог мектепте өтiлетiн педагогикалық консилиумдардың  өтуiне көмек көрсетiп отырады. Мектепке жаңа оқушы қабылдау кезiнде оның интеллектуалды даму деңгейi зерттелiп, сыныптарға жеке бас психологиялық ерекшелiктерiне қарай топтастырылады. Жаңа ортаға бейiмдеу тренингтерi жүргiзiледi. Мұғалiмдердiң, ата-аналардың психологиялық бiлiмiн жетiлдiру мақсатында жыл бойы алдын-ала жоспарланған теориялық-практикалық әдiстемелiк оқулар, тренингтер жүргiзiлiп тұрады.

Жастардың тұлғалық қалыптасуына тарихи саналықтың педагогикалық  шарттары:

- педагогикалық  ұйымдастыру шарты;

- психолого-педагогикалық  шарттары.

Оқу-тәрбие процесiнде  оқушылар екi жақтылы сипатқа ие болуы қажет, яғни тәрбиенiң әрi объектiсi, әрi субъектiсi болуы тиiс. Сабақ үстiнде тек қана тыңдау, көру жақсы нәтиже бермейдi, оны жүрегiмен сезiп, миымен саналы түрде қабылдап, тәжiрибеде қолдана бiлу керек. Егер алған бiлiм, берген тәрбие жүрегiне жетпесе, сана-сезiмiне әсер етпесе, онда уақыттың босқа өткенi деп есептеуiмiз керек.

Тарихи саналылықты  тұлғаны қалыптастыру шарттары:

  • тәрбиенi жан – жақты кешендi, жүйелi түрде беру;
  • психологиялық таным процесiндегi компонентердi үнемi бiрдей iске асыру. Олар: сана-сезiм, сенiм, мiнез-құлық, дағды, бұлардың негiзiн қалыптастыратын сана. Саналы адам ғана өз iс-әрекетiн үлкен қуатты сенiммен, қайратты сезiммен, жiгерлi мiнез-құлық дағдымен iске асыра алады.

Тұлғаның құрылымдылық компоненттерi үш бөлiктен тұрады:

Бiрiншiден –  оның (тұлғаның) ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетiлдiру;

 екiншiден  адамзаттық өркениеттi тұлғаның  бойына бiртiндеп сiңiру;

 үшiншiден  – жеке тұлғаны iс-әрекетке  ендiру арқылы өзiн-өзi тәрбиелеуге  белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп  жетiлдiруде осы үш компонент  органикалық бiрлiкте қызмет етедi.

Әлеуметтiк көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғам бақылайтын және түзету енгiзетiн, жастарды мемлекеттiк  және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазiргi және болашақ  өмiрiне мақсаттылықпен даярлау iсi деп  қарау дұрыс. Тәрбие iсi - адамның қабiлетiн қоршаған қалыптастыруды мақсат ететiн болғандықтан, ол - психологиялық процесс. Тәрбие адамдарға тән әлеуметтiк категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешушi рөл атқарады.

Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері