Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа

Описание

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Работа состоит из  1 файл

дипломная ..doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

Даму дегенiмiз, ең алдымен  адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерiстер. Бұл өзгерiстер белгiлi бiр әлеуметтiк орта жағдайында болады. Адам биологиялық жанды индивидум ретiнде дүниеге келедi де, ол өзектi даму үрдiсiнде әлеуметтiк қызметтердi (шынайы өмiрде адамдармен араласып еңбекке, iс-әрекеттiк қатынасқа ену) атқару арқылы ғана жеке тұлға болып қалыптасады.

Тұлғаны қалыптастырудың  тиiмдi дамуы баланың (жеке тұлғаның) белсендiлiгiн демеп отырған жағдайда ғана сәттi болады. Баланың жеке басының  құрылымындағы әлеуметтiк-психологиялық жаңа өзгерiстер, оның өзiнiң белсендiлiгiн арттыру жолымен iске асырылады. Белсендi қызмет үрдiсiнде дене және рухани жағынан өзгерiске түсуге, баланың күш-жiгерiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Тәрбиелiк үрдiс осы тұрғыдан алғанда жоғарыға қарай болатын қозғалыстың тоқталмайтын, әлде де жаңа және үлкен күш-жiгердi талап ететiн процесс түрi болып көрiнедi. Кез келген тәрбиелiк мiндет белсендiлiктi арттыру арқылы шешiледi. Мәселен дененiң дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершiлiк тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы жүредi.

Оқушылармен бiрлестiкте  адамгершiлiк және рухани мәдениеттi, оның тамаша үлгiлерiн, қарым-қатынас  мәдениетiне араласу, соның негiзiнде  жеке басқа тән құндылықтарды  жинақтап жасап шығару, сөйтiп тәрбиелiк үрдiсте оқушының жеке басының белсендiгiн қамтамасыз ете отырып, әдептiлiк мiнез-құлық нормаларын оның бойына сiңiру, қалыпты дағдыға айналдыру  көзделедi. Ал ол iс-әрекет, қарым-қатынас арқылы орнығып, тәрбиелiк жұмыстың мазмұнын құрайды. Тәрбиешi баланың  бiлiмге қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезiмiне, өз бетiнше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушiнiң еркiндiгi көрiнiс табады.

Бұл заңдылыққа сәйкес педагог  баланың басқа адамдармен  алуан түрлi қарым-қатынаста өзiндiк «менiн» саналы түрде көрсетуiне мүмкiндiк алады, өзiне-өзiнiң баға беруiне, iс-әрекетiне сын көзiмен қарауға, үлкендермен қарым-қатынастағы мiнез-құлықты бағалай бiлуге үйренетiн болады.

Дарынды  балаларды  дамыта оқыту үшiн мұғалiмдер мынадай шарттармен жұмыс iстеу керек, яғни мұғалiм болып келген адам осы жиырма тоқтамға жан-жүрегiмен келiсуi қажет.Олар:

1. Оқушының кемшiлiгiн  көргiш болсаң ықыласын өлтiресiң. 

2. Кiсi екенiне  күмәнмен қараған баладан кiсi  шықпайды.

3. Баланы таңқалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таңқалудан басталады»

4. Мұғалiмдiк  қызметтiң мақсаты өз пәнiн  жақсы үйретуден гөрi тереңiректе:  Мұғалiм – адамды жасаушы адам. Мұғалiм үшiн баға - құнды емес, бала - құнды.

5. Сабақ дегенiмiз  – мұғалiм мен оқушының кiсiлiк қарым-қатынасы.

6. Адамгершiлiктi мұғалiмнiң келбетi - оның кiсiлiгi  мен маман ретiндегi бiлiгiнiң үйлесiмiнен  тұрады. Адамгершiлiгi мол мұғалiм  баланы жақсы көредi, балаларды  емес нақты баланы тәрбиелейдi.

7. Мұғалiмге  өз сабағын бiлу жеткiлiксiз, адамның жан-дүниесiн жетiк тануы керек.

8. Әр бала  – қабiлетiнiң жоғары-төмендiгiне  қарамастан, өзiнше тұлға, табиғаттың  таңғажайып құбылысы.

9. Баланың мүмкiндiгiне  сенген мұғалiмнiң iсi әр түрлi болады.

10. Ұстаздың  керемет құралы - өз кiсiлiгi.

11. Мұғалiм мен баланың  қарым-қатынасы қуанышты және  мазмұнды болуы керек. 

12. Әр баланың  күнделiктi өмiр-тiршiлiгi - өзiнше бiр  тағдыр. Тағдырға жауапкершiлiкпен  қараған дұрыс. Сабаққа келмесе  себебiне үңiл,  әуелi кемшiлiктi өзiңнен iзде, мұғалiм! Сабақ үстiндегi тыныштыққа еңбекпен, iзденiспен, тапқырлықпен қол жеткiзуге болады.

13. Көптiң көзiнше  баланың кемшiлiгiн бетiне баспа,  оны құрметте, сыйла. Бiреуге сыйлы  болам десең өзiң сыйлай бiл. 

14. Сабақтың мақсаты  – баланың басқаға ұқсамайтын  жеке қасиетiн аша түсу.

15. Қиын тақырыпты  бiр рет түсiндiре салып, тапсырма  беруге асықпа, келесi тақырыпты  сол қиын тақырыпты тағы түсiндiруден  баста. 

16. Мұғалiмнiң  жасанды емес, шынайы болуы –  аса қажеттi шарт.

17. Баланың ықпалын  оята бiл. Кiсi екендiгiне сендiре бiл, төмендетпе, жасытпа.

18. Қазақ елiнiң  әр баласы - халқының Тұлғасы.

19. Балаға көзқарас  өзгерсе, бүкiл мектептiң мазмұны  өзгермек.

20. Мектептегi  құндылықтар: бала, баланың көңiл-күйi.

.

     

 

 

ІІ. Бастауыш мектеп жасындағы балАлардың дарындылық қабілетін эксперименталдық жағынан зерттеу

 

2.1. Дарындылық  қабілетін анықтайтын психологиялық  әдістемелер жүйесі

 

     3.А. Мальков оқушының жеке қабiлетiн анықтау үшiн интеллектуалдық «IQ» деген тестi мектепке алғашқы қабылдаған күнi жүргiзген. Бұл тест көптеген тапсырмалардан тұрады, оны белгiлi бiр уақыт iшiнде орындау керек, тапсырманы дұрыс орындау үшiн әр баланың сөздiк қоры ,дамыған сөйлеу тiлi, айналадағы табиғи және қоршаған ортадағы құбылыстарды айыра бiлуi, т.б. қасиеттерi болуы тиiс.

    Материалдық жағдайы толық бала (ойыншықтары,әр түрлi кiтаптары болса, саяхаттарға шықса, айналысса) бұндай тестiнi дұрыс орындайды, ал материалдың жағдайы жоқ бала ондай тестiне дұрыс орындай алмайды «IQ» тестiсiнiң қортындысымен балалар 3 топқа бөлiнедi:

  • қабілеттi балалар;
  • орта денгейдегi балалар;
  • қабілетсiз балалар;

Қабiлеттi балалармен сабақ  өте жауапкершiлiкпен, жоғары талаппен жүргiзiледi.

   Қабiлет  – iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiн  ойдағыдай, нәтижелi етiп орындауда  көрiнетiн адамның жеке қасиетi. Қаблеттiң өзi жалпы және арнаулы болып екiге бөлiнедi. Қаблеттiң ойдағыдай дамуы үшiн адамда тиiстi бiлiм жүйесi, икемдiлiк пен дағды болуы тиiс. Қаблеттiң дамуында адамның туыстан берiлетiн анатомиялық-физиологиялық белгiсi орын алады.

   Iс-әрекеттi  шығармашылықпен орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қаблеттiң жоғарғы түрiн дарындылық  деп айтады.

   Қаблеттiң қандай  түрi болсын ерен еңбектен туындайды.  Мұндай тер төгiлмегенше, ешқандай  қаблет өз мәнiне ие болмайды. Қаблеттiлiк – адамның өз бiлiмдiлiгi арқылы шығармашылықпен жұмыс iстеу арқылы қалыптасатын қсиет.

   Қабілеттердiң  дамуының табиғи негiзiн құрайтын  нышандардың жинағы – дарындылық. Адамның дарындылығы оның жоғарғы  жүйке саласының туа бiткен  қасиетiмен тығыз байланысты. Адамға  белгiгi бiр қызметтi ойдағыдай атқару мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қаблеттердiң саласын талант деп атайды.

   Қысқасы,  дарынды балаларды iздеу, оларды  оқыту мен тәрбиелеу қоғам  үшiн бөгiнгi күнi өте қажет,  себебi дарынды адам басқаға  қарағанда көп пайда әкеледi. Әрбiр талантты адам, еңбекке бейiм ол шығармашылық тапқырлықпен жiгерлi еңбек етедi. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың, мектептiң үздiксiз еңбегiнiң жемiсiн айтады.

 Белгiлi психолог  Н.С. Лейтес қаблеттi баланың  негiзгi қасиеттерi мыналар деп көрсеттi:

  • ұқыптылық, жинақтылық, зейiннiң тұрақтылығы, еңбек ету қаблетiнiң жоғарылығы.
  • ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездiгi, кез келген жағдайды талдап, салыстыра бiлуi.
  • Барлық күш-қуатын сарқа жұмсап, тынымсыз еңбек етуi.

      Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, кез келген баланың бойындағы қабiлеттi дамытуға үздiксiз еңбек, мұғалiмнiң жалықпай iзденуi нәтижесiнде қол жеткiзуге болады.

   Балалардың  ақыл-ой дамуының негiзгi көрсеткiшi  жалпылама ойлау. Теориялық ойлаудың  денгейдiн көтеру  диагностикалау  сөз- логикалық және  кеңес-комбинаторлық  тапсырмаларды орындаулар арқылы  өткiзiледi.

   Оқушының  интеллектуалды  даму деңгейiн  зерттеуге «Айзенк вербаьды қасиеттер зерттеу» тестi,  Л.Ф. Тихомирова  ұсынған «интеллектуалды қабiлеттердi анықтау», Савенковтың, Торренстiң әдiстемелерi, Э.Ф. Залебицявичке ұсынған «Ақыл-ой даму деңгейiн зерттеу» субтесттары, В.Н. Бузин ұсынған «қысқаша iрiктеу» тесттарын пайдалана отырып жүргiзуге болады.

Интеллектуалды  даму деңгейiнiң криерилерi:

-  заттар  мен құбылыстардың қасиеттерi  мен қосымшаларын айыра бiлу  ерекшiлiгi;

-  заттар  мен құбылыстардың  негiзгi қасиеттерiн  айырабiлу және қортынды жасай  бiлу;

  • ұғымдар арасында логикалық байланысты айра бiлу;
  • қортынды жасай бiлу;
  • тапсырманың ұтымды жақтарын айыра бiлу;
  • тапсырманы  орындаудың тиiмдi жолдарын таба бiлу;
  • таным  процестерiнiң даму ерекшелiгi.

    Диагностика,  психолоиялық зерттеу нәтижелерiмен  қатар,ата-ана, мұғалiм және оқушы құбыларының, өзiнiң ойын бiле отырып, кешендi түрде жүргiзiлгенде ғана дарындылықты дамыту құрлысы мен факторы туралы ғылыми тұжырымдар мойындалады. Оқушы дарындылығын зерттеу,дамытудағы күрделi мәселелердi шешу тек мұғалiмнiң педагогикалық шеберлiгiнiң жоғары деңгейiнде ғана мүмкiн болады. Жекелеген пәндер бойынша оқушы дарындылығын дамытып, қабiлет дамуын зерттеу арқылы iске асырылады.

 О.М. Фридманның  «Жеке тұлға даму процесiн зерттеу»  әдiстемелерi арқылы анықтауға болады. Барлық зерттеу қорытындылары  бойынша жекеленген және топпен психолоиялық кеңес берiлiп, коррекциялық жұмыстар жүргiзiледi.

Сыныптың әрбiр оқушсының  жеке психолгиялық ерекшелiгi, психологиялық  күйi, интелектуалдық даму туралы зерттеу  қорыиындылары жасалып, оларға, ата-аналарға, пән мұғалiмдерiне ұсыныс-кеңестер берiлiп отырады.

 

 

 

 

2.2  Зерттеу  мақсатында таңдалған әдістемелерге  сипаттама және алынған мәліметтерді  талдау, нәтижелер бойынша түзету  бағдарламасын жүргізу

 

Мақсаты: логикалық  ойлау қабілетiн анықтау және дамыту.

Нұсқау: жоғарыдағы және төмендегi тор көзде берiлген ұғымдардың өзара логикалық байланысын тауып, бос тор көздердi толтыру.

¦лгi:

Қазақ

Шешен

Орыс

5

5

?


 

Жауабы: бос тор көзде  төрт саны болуы керек, себебi қазақ, шешен деген сөздер бес әрiп, орыс төрт әрiп.

Зерттеушіге 20 тапсырмадан  тұратын бланкі ұсынылады. Зерттелуші жоғарыдағы тор көздегі логикалық  байланысты тауып, төменгі тор көзді  толтыру қажет.

Нәтижесі 9 баллдық шкалада  бағаланады;

Баллдар

9

8

7

6

5

4

3

2

1

Дұрыс жауап саны

20

19-18

17-16

15-14

13-12

11-10

9-8

7-6

5-4


Нұсқау; Жоғарыдағы және төмендегі тор көзде берілген ұғымдардың өзара логикалық байланысын тауып, бос тор көздерді толтыру. Мысалы,

қазақ

шешен

орыс

5

5

?


Жауабы; бос  тор көзде 4 саны болу керек, себебі қазақ, шешен деген сөздерде – 5 әріп, орыс сөзінде 4 әріп.

 

1        2

жер

су

инелік

 

әйнек

сағат

сурет

3

2

?

ә

а

?


3        4

балық

құмырсқа

піл

 

қала

кеш

кесе

с

ж

?

а

е

?




5        6

76

23

11

 

А

Г

Д

А

Ү

?

1

5

?


7        8

қоңыз

адам

жылқы

 

шортан

бүркіт

түлкі

6

2

?

б

қ

?


9        10

ара

Көбелек

Көкек

 

жаз

қыс

күз

қ

қ

?

ж

а

?

Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері