Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа

Описание

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Работа состоит из  1 файл

дипломная ..doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

«Даму» ұғымының психологиялық  анықтамысы-жаңару процесi, яғни жаңаның өмiрге келiп, ескiнiң жоғалуы деген мағынаны бередi. Барлық табиғат құбылыстыры сияқты бала психикасы да үнемi диалектикалық жолмен дамып, өзгерiп, бiр деңгейден екiншi деңгейге өтiп отырады. ¤алымдардың зерттеулерi баланың даму процесiне 3 түрлi күш пен 3 түрлi фактордың қатысатындығын дәлелдейдi. Олар:

1. Биологиялық  фактор

Бұл - ата-анадан ауысқан, туа бiткен және өмiр сүру  барысында  қабылданған дененiң барлық мүшелерiнiң, оның барлық жүйесi құрылысының ерекшелiгiн  бiлдiретiн, бала организмiнiң орта мен қарым-қатынасының нәтижесi.

2. Әлеуметтiк  фактор

Бұл – бала өмiр сүретiн  орта, алдымен адамдардың ортасы. Бұл, сондай-ақ, баламен қарым–қатынас  жасайтын адамдардың сипаттары, мiнез-құлық  және ақыл-ой бейнелерi, олардың мүдделерi мен пiкiрлерi, iстерi мен сөздерi, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни, бала өсiп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз  белсендiлiгi

Бұл даму процесiне әсер ететiн үшiншi күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалiмнiң шеберлiгi қанша жоғары болмасын, егер мұғалiм баланың сөз белсендiлiгiн туғыза алмаса, оған ұсынылған iс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы күткен нәтиже бермейдi.

Баланың ағза ретiнде  дамуы мен жеке адам ретiнде қалыптасуы белсендiлiк арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесi, оның қоғамның белсендi де пайдалы мүшесi, азамат ретiнде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етiледi. Ең бастысы осы факторлардың бiрде-бiрi, қандай да бiр кемелiне келген болса  да, басқа екеуiнен ерекшеленiп  жеке әсер ете алмайды. Барлық iс осы үш басты күштiң өзара әрекет етуiнде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенiн психология ғылымы жеткiлiктi дәрежеде дәлелдеп бердi деп айтуға болады. Бұл мәселенi түбегейлi зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролiн, алар орнын анықтаған көрнектi психолог Л.С. Выготский.  Ол оқытуды дамумен тең деп санамайды, керiсiнше, оқу мен даму екi бөлек процесс деген көзқарасты қатты сынға алады. Ол ең алғаш рет бала дамуының екi аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды:

1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердiң көмегi арқылы атқара алатын iстерi.

2. Бала дамуының қол  жеткен аймағы – баланың үлкендердiң  көмегiнсiз iстей алатын iстерi.

Баланың дамуы бiрiншi аймақты игеру арқылы жүзеге асады. Жақын аймақты игергеннен кейiн ғана дамудың қол жеткен аймағын дамытуға өрiс ашылады. Бұдан әрi психиканың бүкiл саласының қалыптасуы, адамның белсендi қызметi өрiстетуi мүмкiн болады. Бұл процесте ол бiр жағынан өзiнiң iскерлiгi мен қабiлетiн нығайтып жетiлдiредi, жаңа дағдыларды игередi, екiншi жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап,осы арқылы адамзат мәдениетiне өз үлесiн қосады.

Баланың потенциалдық мүмкiндiктерi неғұрлым жан-жақты үйлесiмдi, толығырақ дамыса, есейген кезде ол қызметтi соғұрлым серпiндi меңгерiп, жаңғырта алады. Демек шын мәнiндегi педагогиканың мiндетi – ертеңгi күндi меңзеу болып табылады.

Белгілі психологтар Л.В.Занков, А.А.Люблинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды.

С.Л.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова-Миллер және басқалар өз зерттеулерiнде оқыту - дамудың негiзгi алғышарты екенiн дәлелдедi.

И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық дағдыларға негiздей отырып, адамның қиындығы әртүрлi деңгейдегi мәселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мұндай анықтама интеллектуалдық iс-әрекеттi жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделi болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметi де соншалықты кең, ауқымды, демек даму деңгейi де соншалықты жоғары болады.

Осы мәселе төңiрегiнде еңбектер жазған әртүрлi авторлар, оқушының даму белгiлерiн былай атап көрсетедi:

П.П.Блонский «ақыл – ой дамуының белгiсi - ол индивидтiң абстрактiден нақтыға және, керiсiнше нақтыдан абстрактiге қарай қозғалыс жасай алу қабiлетi»-деп көрсетсе, Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская- бұған оқи алуды, яғни қысқа мерзiмде жоғары үлгерiмге жетудi, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетiнше жаңа мысалдар құрастыру арқылы көмекшiнi анықтай бiлу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере бiлу дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметiнiң төмендегiдей көрсеткiштерi дамуды iске асырады деп санайды, олар:

    • байқампаздық;
    • өз ойын жеткiзе бiлу;
    • практикалық iс-әрекеттер атқара бiлу.

Ал В.В.Давыдов жинақтай, қорытындылай алу дағдысын ақыл – ой дамуының көрсеткiшi деп есептейдi.

Тұтас алғанда барлық авторлардың «даму» туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерiлуi дегенге келiп саяды және оның басты шарты ретiнде әрекет алынады.

Соңғы жылдары  философияда, психологияда әрекеттi адамды зерттеудiң әдiснамасы деп қарастыруда. Әрекетте адам субъект ретiнде танылып оның жасампаздығы, iскерлiгi, қайраткерлiгi қалыптасады. Адамның  iс-әрекетi, оның бүкiл өмiрi өзiмен қатар жасап келе жатқан адамдармен тығыз байланыста өтедi. Олармен бiрге өмiрдi  ұғынып, күнделiктi тiршiлiк мәселелерiн шешедi, болашаққа жоспарлар құрады. Адам әрекетi сан алуан. Оның негiзгiлерi: ойын, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерлерiнiң әр кезеңiнде түрлiше көрiнедi.

Бастауыш сынып  оқушыларының қабiлеттерi екi түрлi әрекетте дамиды. Бiрiншiден, кез келген бала оқу әрекетiнде адамзат баласының осы кезге дейiнгi жинақталған тәжiрибесiн меңгерсе, екiншiден, кез келген оқушы шығармашылық әрекетiнiң айырмашылығы - ол баланың өзiн-өзi қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдiс-тәсiлдердi iздейдi. Проблеманы өзiнше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екi әрекетте оқушылар екi түрлi мәселелер көзделген әртүрлi мақсаттар шешедi. Мысалы: оқу әрекетiнде  белгiлi бiр ереженi меңгертетiн дағдыны  қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың iздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекетi баланың жалпы қабiлетiн дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткiзетiн қабiлеттерiн дамытады.

Баланың шығармашылық қабiлеттерiн дамыту мәселелерi шетелдiк психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады және осындай өте қысқа мерзiм iшiнде қабiлеттер туралы дiни көзқарастардан оны ғылыми психологиялық ұғым деп тануға дейiнгi дәрежеге жеттi. Шығармашылық туралы пiкiрлер А. Осброр (1953), А. Блонди (1967), Д. Треффингер 1976 еңбектерiнде айтыла бастады. Бұл жұмыстардың әдiстемелiк негiзi ретiнде 50-жылдары жазылған Дж. Гильфорд және оның iзбасарларының (креативтiлiк) интеллект туралы теориясы алынады. Бұл теорияның негiзгi мәнi - факторлық зерттеулер нәтижесiнде шығармашылық ойлаудың балаларға, сондай-ақ ересектерге тән ортақ компоненттерi анықталған. Олар кез келген өнiмдi әрекетте болатындығы дәлелденген. Олар:

- категориялаудың  кеңдiгi, заттарды пайдалануға оқысты лық, оларға мән бере бiлушiлiк;

- ойлаудың шапшаңдығы;                             

-ойлаудың саналығы, шешiмнiң  дәстүрлi шешiммен салыстырғандағы  тапқырлығы.

Шығармашылық  қабілеттердiң дамуын зерттеген  психологтар мәселенiң әр қырына, әр түрлi компоненттерiне тоқталады. Мысалы: жоғары шығармашылық елестете бiлу және еркiн ойын әрекетiне байланысты; ата-анасының қызығушылықтары мен бейiмдiлiктерiне байланысты; отбасындағы тәрбие ерекшелiктерiне балаға еркiндiк берiп, жағдай жасуға, оны көтермелеп, мақтап отыруға байланысты теорияларына сүйене отырып, баланың ақыл-ойында логикалық интелектуалдық құрылымдардың пайда болуы деп есептейдi. П. Вайцвайкт көзқарасы бойынша ойлау, еңбек, мамандық қана шығармашылық болып қоймайды, адамның өзiне деген көңiлi, өз өмiрiне деген көзқарастың да маңызы зор деп есептейдi.

Баланың шығармашылық қаблеттерiн зерттеу, диагностикалауға үлкен еңбек сiңiрген американдық  психолог Д. Гилолорд ойлаудың екi түрiн  бөлiп қарайды:    

  • конвергенттiк – бiр бағыттағы жүйелi логикалық    ойлау.
  • дивегергенттiк – логикадан ауытқы, балама ойлау.

Конвергенттiк ойлау  тек бiр ғана шешiм болатын, ал дивергенттiк ойлау бiрнеше варианттарда шешiмдер қабылдауға болатын жағдайларда iске қосылады. Шығармашылық қабілеттердiң  дамуы соңғы дивергненттiк ойлаумен тығыз байланыстырылған.

Француздың  белгiлi психологы Селестен Френе  баланың шығармашылық қабілеттерi дамуы  үшiн мектеп балаға лайықтануы керек  деп есептейдi. Баланың барлық табиғи мүмкiндiктерi ашылу үшiн тек ұстаз, оқулық, бағдарлама болуы жеткiлiксiз, бала әртүрлi әрекетпен айналыса алатын орта болуы қажеттiлiгiне аса назар аударды. Сол себептi С. Френе жоғарыдағы жағдайлар ескерiлген мектеп ашады. Ол мектеп балалар тек оқып, жазып, тыңдайтын сыныптар комплектiсi бизнесiнен шәкiрт өмiрi мен қызығушылығы байланыстырылған, баланы еркiн, ерiктi ете алатын, өзiнiң жеке өмiрлiк тәжiрибесiн байыта алатын мекемеге айналады.                     

 

1.2. Дарынды  балаларды дамыта оқыту және  даралықты қалыптастыру

 

Сексенiншi жылдардың  аяғында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрiнде болған өзгерiстер оқыту, тәрбиелеу iсiне де жаңалықтар енгiздi. Республика мектептерiндегi оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негiзiнде жүргiзiлiп, бiлiмнiң мемлекеттiк әлемдiк стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқудың жаңа технологиялары кеңiнен енгiзiлдi. Әсiресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдiсiнде тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы бiршама.

Оқушы қабiлеттерiн дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс iстеп жатқан жаңа үлгiдегi лицей, гимназия сияқты мектептердi заман талабы өмiрге келтiрдi.  Бұл мектептерде оқушылар қабiлеттерiне қызығушылықтарына қарай лайықталынып жасалған арнайы бағдарламамен оқытылады. Жалпы бiлiм беретiн мектептерге қарағанда жаңа үлгiдегi мектептерде пәндер көбiрек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкiндiгi де мол.

Дамыта оқыту ерекше ахуал, мұғалiммен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалiм - бұл  жағдайда дайын бiлiмдi түсiндiрiп  қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық  iс-әрекеттi ұйымдастыратын ұжымдық iстердiң ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектiсiнiң көзiн ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар бiлiм мен ақыл-ой тәрбиесiнiң ара-қатынасын, олардың бала дамуына әсерiн тигiзетiнiн зерттей бастаған. Белгiлi алғашқы дидакттердiң бiрi  Квинтилиан мектеп алдына, баланың қабiлеттерiне, ақылының қасиеттерiне, мiнез-құлық ерекшелiктерiне сүйене отырып, оның ойының және тiлiнiң дамуын қамтамасыз ету мiндетiн қойған. XVII ғасырдағы  Я.А. Коменскийдiң дидактикалық жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн, қабiлеттерiн дамыту  олардың бiлiмге деген құштарлығын оятып, лаулата түседi делiнген.

И.Т. Песталоцци баланың  ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жасауға әрекет етедi. Дамыта оқыту ұлы немiс педагог А.Дистервегтiң әйгiлi «Немiс мұғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылық» атты еңбегiнiң де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың бiлiм алуға әрекет етуiн ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi»- деген.

Бұдан кейiн орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерiнде бастауыш мектеп балаларын оқыта отырып, дамыту мәселелерiне ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасаған.

Бұрын оқытудың тиiмдiлiгi алған бiлiм көлемiмен есептелсе, қазiр бiлiмнiң тиiмдiлiгi қабiлеттiң деңгейiмен, әрекеттiң негiзгi түрлерiнiң қаншалықты дамығанымен анықталады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж.Пиаже, ойлаудың әр түрлi деңгейiн зерттеген Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубенштейн, және психиканың басқа да функциясын зерттеген Б.Т.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская және басқалар iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған.

«Дамыта оқыту» проблемасына екi iргелi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екiншiсiн Л.В.Занков басқарады.

Зерттеулердiң мақсаты-Л.С.Выготскийдiң 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. ‡ткiзiлген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық бiлiм беру iсiне үлкен өзгерiстер енгiздi. Мысалы 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бiрақ бұл курста да негiзгi назар баланың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтiк есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдiстерi, сабақ ұйымдастыру түрлерi бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейiн 20 жыл көлемiнде  дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелi мәселесiне айналды.

Жүйенiң авторлары «дамыта оқыту деп- мақсаты, мiндеттерi, әдiс-тәсiлдерi баланың даму заңдылықтарына сәйкестендiрiлген оқытуды айтады». Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни сапалық өзгерiстер болуы тиiс деп есептейдi.

Жүйенiң басты мақсаттарының бiрi - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркiндiгiн қалыптастыру, өз бетiнше iзденуге, шешiм қабылдауға дағдыландыру, жекелiк қасиеттерiн ескеру, басшылыққа алу, ары қарай ұшқырлау тұлғалыққа бағыттау.

Оқыта отырып дамыту мәселесiне арналған зерттеулер дәстүрлi оқытуға өзгерiстер енгiзуге ықпалын тигiздi. Ол оқыту барысында баланың ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық танымдық үрдiстерiн дамытып қана қоймай  баланың әр түрлi әрекеттердiң субъектiсi болып қалыптасуды қамтамасыз етудi алдыңғы қатарға шығарды.

Дамыта оқыту - дәстүрлi оқытуға балама жүйе. Оның нәтижесiнде әр оқушының өзiн-өзi өзгертушi субъект дәрежесiне көтеруi көзделiп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасалады.

Психологтардың зерттеулерi бойынша бала өзiнiң субъект екенiн 3-5 жасында бiлдiре бастайды. Ол оның «Мен» деген категориясының көрiнуiнен басталады (өзiм iшемiн, өзiм киемiн т.б.). Мектепке дейiнгi балалық шақтың әр деңгейiнде ол әр түрлi талпыныстарын жасайды.

Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері