Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 12:51, дипломная работа

Описание

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Работа состоит из  1 файл

дипломная ..doc

— 325.00 Кб (Скачать документ)

Логикалық ойлау  қабілетін анықтау бойынша 12,5 % төмен  көрсеткіш көрсеткен сыналушылар, яғни 5 бала дамыту-түзету бағдарламасынан кейін 3 де орташа деңгей байқалып екеуінде ортадан төмен көрсеткіш анықталды. Қорыта айтсақ сыналушы ретінде алынған 40 баланың орташа деңгейі 57,5 % ке, ортадан төмен деңгей 5% құрайды мұны диаграмма түрінде бейнелейтін болсақ;

Диаграмма №3.

Ал енді сыналушылардың сөздік қабілетін анықтауға арналған «Жалпы ұғымды анықтау» әдістемесінің  дамыту-түзету бағдарламасынан кейінгі  нәтижелерін талдайтын болсақ; 5% төмен көрсеткіш көрсеткен балалар 2,5% азайып ортадан төмен деңгей байқатты, ал орташа көрсеткіш деңгейі 57,5 % жоғарылады. Зерттеу нәтижелерін диаграмма түрінде белгілейтін болсақ;

Диаграмма №4.

 

Алынған мәліметтер бойынша жалпы қорытындылай айтсақ, сыналушылардың нәтижелері зерттеудің екінші бөлімінде едәуір жоғарылағанын және төмен көрсеткіш көрсеткен балалардың проценттік көрсеткіші төмендегенін көреміз. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен дамыту-түзету бағдарламаларын қосымша сабақ ретінде жүргізіп отыру, олардың логикалық ойлау қабілеттерін жақсартуға және сөздік қабілеттерін дамытуға жақсы әсерін тигізетіндігін көруге болады. Сол сияқты тек мектеп  барысында ғана емес, балалардың ата-аналарынада баланың танымдық процестерін дамытуға арналған тапсырмалар қолданып отырғаны дұрыс.

 Осындай  қорытындылар нәтижесiнде психологтың сыныппен немесе оқушымен жұмыс жүргiзуiнде ескерiлетiн ерекшклiктерi туралы педагогикалық ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға топпен және жекелеген психолгиялық кеңес берiледi. Әрбiр оқушы өз алдына белгiлi бiр кезеңге өзiне-өзi дамыту мiндетiн белгiлеп, өз бағдарламасын даярлайды. Ол бағдарламаның орындалуы туралы жарты жылда сынып алдына есеп берiлiп отырады. Диагностика қорытындысы бойынша таным процестерiнiң денгейi бойынша  төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен пән мұғалiмдерi коррекциялық жұмыстар жүргiзедi. Диагностика қорытындысына сәйкес, келесi оқу жылына сынып мiндеттерi бекiтiлiп, тәрбие жоспары даярланады. Осы интеллектуалдық жоғарғы деңгейдегi көрсеткiштерi бар оқушыларды әрi қарай дұрыс бағытта дамытып, жол көрсетуге ұстаздарға психологиялық ақыл-кеңестер берiлдi. Яғни, оқушылардың әлеуметтiк жағдайы күн тәртiбiне, отбасының жағдайына, сыныптағы психологиялық көрiнiстерге, танымдылық ерекшелiктерiне аса көңiл аударуы қадағаланады.

Шығармашылық - бұл адамның өмiр шындығында өзiн-өзi тануға ұмтылуы, iзденуi. Өмiрде дұрыс жол табу үшiн адам дұрыс ой түйiп, өздiгiнен сапалы, дәлелдi шешiмдердi қабылдай бiлуге үйренуi қажет. Адам бойындағы қабiлеттерiн дамытып, олардың өшуiне жол бермеу, оның рухани күшiн нығайтып, өмiрден өз орнын табуға көмектеседi. Өйткенi адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзiн-өзi жетiлдiруге де, сонымен қатар өзiнен-өзi жойылуға да қабiлеттi. Адамның өз болмасын тануға ұмтылысына көмектесiп, тереңде жатқан талап-тiлегiн, қабiлеттерiн дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмiр сүру үшiн рухани күш беру-бiлiмнiң басты мақсаты.

Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн  талап ете отырып, сонымен бiрге  өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк  беруге, мектептi жаңа әлуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс.

 Соңғы уақытта «жалпы  бiлiм берудегi базалық деңгей»  деп аталып жүрген мектептiң  әлуметтiк буыны ретiнде жас  ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр  интеллектуалдық, адамгершiлiк және  шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.

Бұл арада мұғалiмнiң  психология, физиология және гигиена  саласындағы бiлiктiлiгiн арттыруының  да маңызы бар. Белгiлi бiр топтағы  шәкiрттердiң түсiну, ұғу, ойлау қабiлетiнiң  психологиялық ерекшелiктерiн, мүмкiндiктерiн бiлу, оларды жалықтырмай, шаршап-шалдығудан сақтандыру, сабақ кезiнде балалар арасында шығармашылық ахуал туғызу-оқытушы жұмысының тиiмдi болуының қажеттi шарты.

Мұғалiмнiң басты  мiндетi - оқушыларға бiлiм беру тәрбиелеу және дамыту мiндеттерiн жүзеге асыру бағытында жеке тұлғаға шығармашылық орта туғызу.

Бұл - үлкен жауапкершiлiк  артатын күрделi мақсат. Оны шешу үшiн ең алдымен оқыту мазмұны  жаңартылып, әдiс-тәсiлдiң озығы өмiрге  келуi, олар әрбiр азаматтың жеке басының қасиеттерiн, қабiлеттерiн дамытып, шығармашылығын талантын ұштайтындай болып ұйымдасытырлуы қажет. Сонда ғана мектептер өз өмiрiне өзгерiс енгiзе алатын, өз бетiнше өмiр сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиелеп шығарады.

 Осы нәтижелерді  ескере отырып дарынды балалармен жұмыс iстейтiн ұстаздарға Г.Г.Лидерс еңбегінде көрсетілген “Astor” бағдарламасын ұсынамыз:    

  • Кеңпейілділік;
  • Дарынды балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін танып және олардың психикалық ерекшеліктерін білу;
  • Интеллектуалдық деңгейдің жоғары болуы;
  • Қызығушылығы мен шеберлігі кең көлемде болуы;
  • Педагогикалық білімнен басқа да жоғары білімі болуы керек;
  • Әр түрлі міндеттерді атқаруға дайын болу керек;
  • Мінезінде әр түрлі нәрсеге белсенділік басым болу керек;
  • Қалжыңдық қасиеті болу керек;
  • Өзінің көзқарасын қайта қарауға және өзін жетілдіруге дайын болу керек;
  • Шығармашылық мүмкіндігінде дәстүрлі емес жеке дүниеге көзқарасы болу керек;
  • Жоғары оқу орнынан кейін дарынды баллармен жұмыс істеуге бағытталған дайындық курсынан өту керек;
  • Мықты денсаулықты және өмірлік іс-әрекетті меңгеру керек.

 

 

 

 

                           Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болып, тарихи – әлеуметтiк дамудың субъектiсiне айнала бастағаннан берi «бiз кiм едiк, қайдан, кiмнен және қалай өрбiдiк?»- деген  сұрақтар көкейiмiзге жиi оралады. «Жетi атасын бiлмеген - жетiмдiктiң белгiсi» дегендей қазақ менталитетiнiң қайнар бұлағы болып табылатын мәдениетке ден қойып, оның iнжу-маржандарын  бойға сiңiре беру - болашағы мол бетбұрыс.

Шығармашылық қабiлет әр баланың табиғатында әуел бастан-ақ салынған. Мұғалiмнiң мiндетi- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкiндiктi ашып көрсету.

Шығармашылық - бүкiл тiршiлiктiң көзi. Адам баласының сөйлей бастаған кезiнен бастап, бүгiнгi күнге дейiн жеткен жетiстiктерi- шығармашылықтың нәтижесi. Бұған бүкiл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдiк.

Әр жаңа ұрпақ өзiне дейiнгi ұрпақтың қол жеткен жетiстiктерiн жаңа жағдайға бейiмдей, жетiлдiре отырып, барлық салада таңғажайып жетiстiктерге қол жеткiзедi.

Ал бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық жаңарулар тұрғысынан шығармашылық қабiлеттер басты нысана болып, керiсiнше оқушыда шығармашылық қабiлеттiң болмауы – үлкен проблема саналып, ойландыруы тиiс. Себебi өмiрдегi сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келедi. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмiрдiң мәнiн түсiнуге, бағытын сезiнуге мүмкiндiк бередi. Дарынды балалардың жас және дербес ерекшелiктерiн есепке алып, уақытында дарындылығын айқындау, олардың қарым-қатынастарын, ойлау және логикалық қабiлеттерiн зерттеуге, практикалық әдiстемелiктер жетiспейдi. Осы кезде қазiргi заманың талабына сай, дарынды балалардың жете зерттелмегенi айқындалады.  Практикалық қажеттiлiке сай ғылымның әлi де болса жетiспегенi байқалады. Соңдықтан, бiздiң қоғамда дарынды  балаларды айқындау мәселесiнде қарама-қайшылық пайда болды. Осыған орай дарынды балаларды ерте жастан  айқындап, дамытуға, тәрбиелеуге  қажеттiлiк туып отыр.

 Ерекше зейiндiлiк, жинақылық, күрделi ақыл-ой жұмысына әрқашанда  әзiр тұру, еңбекке жұмылушылықтың еңбексүйгiштiкке ұласуы, демалыспен санасып жатпай, қажымай–талмай еңбектену - дарынды балалардың басты ерекшелiктерi.

Дарындылық бойкүйездiк пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс iстей бiлу. Әр iстi соңына жеткiзбей тынбайтын қолайлы ұмтылушылық, ауыр еңбектен ләззат алу, жан қуатының тас түйiн болып, түймедейден түйедей көрiнетiн болмашы нәрсенiң өзiн талдай, жинақтай алуға деген ерекше икемдiлiк, таным аясының кеңдiгi, ойлау белсендiлiгiнiң аса тұрақтылығы да – осындай балаларға тән ерекшелiк.

Белгілі психолог Н.С. Лейтес баланың басқалардан ерекшелігі – ой еңбегіне деген бейімділігі, жаңа хабар, жаңа білімді алуға үнемі қажетсіну екендігін көрсетті. Ол өз еңбектерінде ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер етуші танымдық қажеттілік екендігін анықтады. Танымдық қажеттілік өскен сайын қабілетте дами түседі. Осыған байланысты біз алдымызға қойған болжамымыз орындалды деп айта аламыз. Яғни, бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға логикалық тұрғыдағы әдістемелерден тұратын қосымша сабақтар жүргізсе, олардың танымдық процестерін жоғары деңгейде дамытуға болады.

Дарындылық  – адамның ой-өрiсiнiң деңгейi мен  өзiндiк iс- әрекетiнiң ерекше өрiстеуiне себепкер болатын, адамның жан-жақты  дамуының қайнар көзi, арнаулы қабiлеттердiң шарықтап дамуының нәтижесi.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

1. Белова Е.С.  Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать: Пособие   для воспитателей и родителей.  – М.: Моск. психолого-социальный  инст.: Флинта, 1998.-144с.

2. Возрастная и педагогическая  психология: Хрестоматия: Учеб. пособие   для  студ. пед. учеб. заведений  /Сост. И.В. Дубровина, А.М. Прихожан, В.В. Зацепин. – М.: Издательский  центр «Академия», 1999.-320с. 

3. Доровской А.И. Сто советов  по развитию одаренности детей. Родителям, воспитателей, учителям. – М.: Российское педагогическое агенство, 1997.-309с. 

4. Дружинин В.Н. Психология общих  способностей – Спб: Издательство  «Питер», 2000. –368.

5. Концепция выявления , поддержки  и развития одаренности детей в Республике Казахстан. //Информ. – метод. сб. РНПЦ «Дарын» –А .,1999.-№ 3-с.3-24.

6. Лебедева В.П., Лейтес Н.С.,Матюшкин  А.М. и др. Учителью об одаренных  детях (пособие для детей) / Под  ред. В.П.Лебедевой., В.И., Панова. –  М.:- Молодая гвардия, 1997.-354с.

7. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность  школьников: Учеб. пособие для студ. Высш.пед.учеб. заведений. – М.: Издательский  центр «Академия», 2000.- 320с.

8. Лейтес Н.С. Возрастная одаренность  и индивидуальные различия (избр. труды). –Москва – Воронеж. 1997- 448с.

9. Матюшкин А.М. Концепция творческой  одаренности. //Вопросы психологии. –1989. -№6-с. 29-33.

10. Матюшкин А.М., Сиск Д.А. Одаренные  и талантливые дети. // Вопросы  психологии. –1988. №4-с. 88-97.

11. Одаренные дети: Пер. с англ. /Общ. ред. Г.В. Бурменский., В.М. Слуцкого. – М.: Прогресс, 1991.-376с.

12. Основные современные концепции  творчества и одаренности /Под.  Ред. проф. Д.Б. Богоявленской –  М.: Молодая гвардия, 1997.-416с.

13. Программа «Одаренный ребенок»: (Основые положения). – М.: Новая школа , 1995. – 64с.

14. Психология  одаренности: от  теории к практике / Под ред.  Д.В. Ушакова. – М.: ИП РАН, 2000. –96с. 

15. Психология одаренности детей  и подростков /Под. ред. Н.С.  Лейтеса. – М.: Издательский центр  «Академия», 1996. – 416с. 

16. Психология одаренности детей и подростков: Учеб. пособие для  студ. высш. и сред. учеб. заведений / Ю.Д.  Бабабаева, Н.Л. Лейтес, Т.М.  Марюткина и др.; Под.ред. Н.С. Лейтеса. – 2-е изд., перераб. и под. – М.: Издательский центр «Академия», 2000-336с.

17. Одаренный ребенок в массовой школе. /Под. ред. А.И. Савенкова М.:- сентябрь, 2001.                                             

18. Одаренные  дети. Перевод с   англ.яз, под ред. Бурменской Г.,  Слуцкого М., М-1991год.  Прогресс.

  1. Қ. Жарықбаев,  Психология.  Алматы,  «Білім» 1993ж.
  2. Овчарова Р.В. Справочник  школьного  психолога . – М.,1998
  3. Гетпер Г. Концепция  школьной  психологической  службы
  4. Керн А. Развитие  умственных  способностей  младших  школьников. – М.,1994

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері