Атырау экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Содержание

1-тақырып. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
2 2-тақырып. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
3 3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
4 4-тақырып. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР 2
5 5-тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)
Тақырып Сағат
1    1-тақырып.  ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА  ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР  2
2    2-тақырып.  АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН  БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР   2
3    3-тақырып.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ  ҚЫЛМЫСТАР  2
4    4-тақырып.  КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА  ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ  ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ  МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР  ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР  2
5    5-тақырып.  ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ  ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
    10
 
 

   1-тақырып.  ОТБАСЫНА ЖӘНЕ  КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА  ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР  

   Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы  қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

   Қарастырылып  отырған қылмыс құрамдарының тектік объекттері кәмелетке толмағандардың қалыпты дамып, өсуін, тәрбиеленуін, отбасының қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

   Тікелей объект ретінде кәмелетке толмаған адамның тұлғалығының қалыптасуына немесе отбасының қалыпты өмір сүруіне байланысты қоғамдық қатынастар болуы мүмкін.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің корғауында болады; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи қүқығы әрі парызы; Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауға міндетті — делінген. Бұл кағидалар халыкаралык кұқыктың осы мәселелердегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам кұкығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралык пактіде отбасы коғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құкығына ие деп белгіленген. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған "Бала құкыктары жөніндегі" конвенцияда да балалардың азаматгық және саяси-әлеуметтік арының қорғалуына ерекше мән берілген. Казакстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі халықаралық құқық нормаларын кастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән-береді.

   1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы  отбасына және кәмелетке толмағандарға  қарсы кылмыстар үшін жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардын мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға карсы іс-әрекетгер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған каражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді .орыңдамау (137-бап); балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару ( 140-бап). Осы топқа жататын кылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылык катынастар, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынанн дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.

   Кәмелетке толмаган адамды қылмыстык іске тарту (131-бап)

   Көмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның кылмыстық іске тартуы жеке кылмыс құрамы ретінде қарастырылады.

   Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке  толмағандардың бірқалыпты дамуы жөне оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.

   Қылмыстың жәбірленушісі — 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.

   Қылмыс объективтік жағынан алғанда әртүрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.

   Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту  деп 18-ге толмағандарды қылмыстың  тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі занда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген өрекеттер арқылы, олардың психикалык санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон аркылы, дене қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.

   Субъектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.

   Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды касақана айтпау немесе олар женінде үн қат-тіау аркылы оларды жаңылыстырып қоғамға кауіпті ісәрекетті істеуге тартуды алдау деплусінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жукті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін біракбіледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсідцермен қылмыс жасауға тартуға, оларды илан-дыру, сатып алу, оларды зұлымдық, караниетгі іс-әрекетгерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдык тәуелділік жағдайын пандаланып қалу т.с.с. әрекетгер жатады.

   Жоғарыда  көрсетілген тәсілдерді қодданғанымен  кәмелетке толмағандар қылмыстық  іс-әрекетке баруға қарсылык білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті кәмелетке  толмаған адамды қылмыстық іске тартуға  окталғандық ретінде сараланады.

   Кылмыс  формальдык құрамға жатады. Әрі ол көмелетке толмағандарды кылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамнын оған келіскен сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстык кодекстің 131-бабының 1-бөлімі бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-тің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей касақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анык адамды қылмыстык. іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әртүрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, кызғаныш, пайдакүнемдік, баска да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.

   Қылмыстың субъектісі занда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқвн жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды кылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.

   Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер  өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -— осы кылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-бөлімі). Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі құқытық жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың коғамға кауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазакстан Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес шешіледі.

   Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында  кезделген, күш қолданып немесе оны  қолданамын деп корқытып жасалған әрекетгер (131-баптың 3-тармағы) — осы қылмыстың  тағы бір ауырлататын түрі болып  табылады. Мүндағы күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеугё ықпал ететін тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру аркылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жаракаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлшін әрекеті кылмыс-тардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп қорқыту — өлтіремін, денеңе жаракат келтіремін, жанынды кинаймын, өртеймін деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.

   Осы баптын. бірінші, екінші немесе үшінші тармактарында көзделген кәмелетке  толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты өрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көрсетілген  қылмыстың ете ауырлататын түрі болып табылады.

   Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-өрекеттер жасауға тарту (132-бап)

   Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке  толмаған адамдардың дене және адамгершілік түрғысынан дұрыс дамып, төрбиеленуі  болып табылады.

   Объектавтік жағынан кылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін затгарды медициналык емес тұрғыда тұлынуға не спиртгік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, каңғыбастықпен немесе кайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатгалады.

   Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай латгарды екі немесе одан кеп медициналык емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекетгерге ұдайытарту деп танылады.

   Есірткілік  немесе есеңгірететін заттарды аныктау арнаулы сарапшылық корытынды бойынша аңықталады.

   Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке  толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін (арак-шарап) ішуге тартуды осы  қылмыс-тың объективтік жағының  бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арак-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде колдан жасалған осындай заттарда жатады. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт іиіімдіктерін ішу, оны мас күйге .жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқыктық жолмен жауаптылыққа тартылады.

   Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлык  қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен  айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі — қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру аркылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аз-дыратын басқа да әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген "қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

   Кәмелетке толмаған адамды бір меқен-жайдан .екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, кайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту каңғыбастыкка тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқадай материалдык құндылыктарды сұрап алып табыс табуға әртүрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.

   Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер  жасауға тарту формальдық қылмыс кұрамына жатады және ол занда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

   Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасаканалыкпен. істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік не-месе баска да есеңгірететін заттарды медициналык, емес тұрғы-да тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастыкпен немесе кдйыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекетгерді істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, ҚК-тін 132-бабынъщ 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндетгер езіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нак сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш колданып немесе оны қолданамын деп корқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылык кезделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы).

   Қылмыстық. кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарын-да көрсетілген ауырлататын және аса  ауырлататын белгілердін түсініктері  тиісінше ҚК-тің 131-бабының 2 және 3-тармактарында  көрсетілген белгілермен бірдей, сондықтанда бұл үғымдарға арнайы токталып жатпаймыз.

   Кәмелетке толмагандарды саудаға салу (133-бап)

Информация о работе Атырау экологиясы