Атырау экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Содержание

1-тақырып. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
2 2-тақырып. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
3 3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
4 4-тақырып. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР 2
5 5-тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

   Қылмыстың бүл қүрамы материалдық кұрамдағы  қылмыс болып табылады. Сондықтан  Қылмыстык кодекстің 152-бабы бойынша  жауаптылыққа тарту үшІн еңбекті І^>рғау ережелерін анықтаумен бірге орын алған ережені бүзудың себёпті және кінәлі байланысынан болған зардапты анықтау ете қажет.

   Еңбекті қорғау ережелерін бұзудың төсілдері  әртүрлі, ол занда (152-баптың 1-тармағында) нақты көрсетілген.

   Қылмыстың зардабы — денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтіру. Олардың  түсінігі ҚК-тің 103, 104-баптарында берілген. Субъеқтивтік жағынан қылмыс кінәнің  абайсыздык нысаны (менмендік немесе немқұрайдылық) аркы-лы істеледі. Қылмыстың  субъектісі арнаулы — еңбекті корғау ережелерін сактауды ұйымдастыру немесе қамтгамасыз ету жөніндегі міңдеттер өзіне жүктелген 16-ға толған адам. Осы баптың 2-тармағында (152-бап) осы кылмыстың ауырлататын түрі — еңбекті қорғау ережелерін бұзудан абайсызда адам еліміне өкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылык белгіленген. Абайсыздаадамөлімініңтүсінігі ҚК-тің 101-бабында көрсетілген.

   Жеке  құқықтар мен бостандықтарға қарсы  қылмыстар

   Жеке  өмірге кол суғылмаушылыкты бұзу (142-бап)

   Қазақстаң Республикасының Конституциясының 18-бабының 1-тармағында "Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отба-сының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намы-сынын корғалуына кұқығы бар",— делінген, Жеке өмірге кол сұғушылыкты бұзу қылмыс болып табылады. Қылмыстың тіке-лей объектісі жеке өмірге кол сұғылмаушылыкты реттейтін қоғамдық қатынастар,.кылмыстың жәбірленушісі — жеке өміріне қол сұғылған адамдар.

   Қылмыстың заты — жеке адамдар туралы немесе оның отбасы туралы әртүрлі мәліметтері (адамның денсаулығы, өмір сүру салты, дінге көзқарасы, жеке творчестволық жоспары, басқа адамдармен карым-қатынасы т.с.с.)

   Қылмыс  объективтік жағынан адамның жеке өмірі туралы, оның жеке немесе отбасы құпиясын күрайтын мәлшеттерді оның келісімінсіз заңсьіз жинау ңемесе тарату, егер осы әре-кеттер жәбірленушінің құқыктары,мен занды мүдделеріне зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады.-Адамның жеке өмірі, онын отбасы туралы қүпиясын құрайтын мағлұматгарды жинауды заңсыз мәліметтер жинау деп айтамыз. Осы жиналған мәлімет-терді үшінші жакқа хабарлауды оны тарату деп бағалаймыз. Мұндай хабарлау баска жолдармен де жүзеге асырылуы мүмкін. Осы әрекеттерден жәбірленушінің құкыктарьі мен занды мүдделеріне зиян келтірілуі қажет. Келтірілген зиян мөлшері мүліктік немесе моральдық немесе басқа тұрғыда (отбасындағы келеңсіз жағдайлардың пайда болуы, жұмыска орналаса ал-мау, т.с.с.) болуы мүмкін. Зиян мөлшерін нақты жағдайға бай-ланысты тергеу, сот органдары аныктайды. Кылмыс занда көрсетілген зардап — жәбірленушінің құқыктары мен занды мудделёріне зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

   Субъективтік  жағынан бұл қылмыс тікелей касақаналыкпен істеледі. Қылмыстық ниет— пайдакүнемдік  немесе өзге де жеке мүдделік.

   Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дүрыс адам.

   Адам  өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған  нақ сол әре-кеттер, сондай-ак сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші тармағында аталған мәліметгерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілген шығармаларда немесе бұкаралык ақпарат құралдарында тарату — осы кылмыстың ауырлататын түріне жатады (142-баптың 2-тармағы).

   Адам  өзінің қызмет бабын пайдаланып жеке өміріне байланысты кұпияларды таратуы  немесе пайдакүнемдікпен баскаға өткізуі  мүмкін. Аталған мәліметтерді көпшілііс  алдында (жиы-лыстарда, жиындарда сөйлеген сөздер, көпшілікке көрсетілетін шығармаларда (сурет, бейне фильм, жазба шығарма) немесе бұкаралық ақпарат кұралдарында (газет, журнал, радио, теледидар т.б.) арқылы таратылса кінәлі адам 142-баптың осы тар-мағы бойынша жауаіжд тартылады.

   Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларын немесе өзге хабарлар күпиясын зансыз бүзу (143-бап)

   Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтың жеке өміріне кол сұғуға болмайды. Азаматтардын хат-хабар жазуы, телефонмен сөйлесуі, телеграф аркылы хабарлауы олар-дың жеке өмірлік құқыктары болып табылады-және мұндай хабарлаудын құпиялылығы сакталады (18-баптын 2-тармағы). Бай-ланыс мекемелері азаматгардың осындай кұқықтарын мүлтіксіз корғауға міндетті. Азаматгардың хат-хабар жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф арқылы хабарласу құпиясын бұзған адамдар тәртіпке, әкімшілік немесе кылмыстық жауаптылыкка тарты-лады. Теқ кана бір жағдайда Қазакстан Республикасының Кылмыстык іс жүргізу кодексінің 235-237-баптарында көрсетілген негіздер бойынша ғана хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поч-та-телеграф женелтілімдерін немесе өзге хабарларды тұтқын-дау, оларды тексеру мен алу, жол жөнекей ұстау, тындау мен жазу өрекетгері жүзеге асырылады. Бұл әрекеттерді жүзеге асы-ру тергеуші мен прокурордың құзыретіңе жатады. Басқа не-гіздермен мұндай әрекеттерді жүзеге асыруға ешкім де кұкылы емес, мұндай ретте кінәлі адам ҚК-тің 143-бабы бойынша жауапқа тартылады.

   Тапсырмалар:

   1. ҚР Конституциясына талдау жасап,  ондағы қылмыстық құқықтық мағынаға  ие баптарды анықтаңыз.

   2. Қарастырылған тектегі қылмыстар  бойынша қылмыстық істерге талдау жасап, олардағы материалдық құқық нормаларының дұрыс қолдануын тексеріңіз.

   Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

   1. Адам және азаматтың конституциялық  және басқа да құқықтары мен  бостандықтарына қарсы қылмыстардың  түсінігі.

   2. Адам және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

   3. Адам және азаматтың конституциялық  және басқа да құқықтары мен  бостандықтарына қарсы қылмыстардың  түрлері.

   4. Адам мен азаматтың саяси құқықтары  мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

   5. Адам мен азаматтың жеке құқықтары  мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

   Негізгі әдебиеттер:

  1. Закон РК «О свободе вероисповедания и религиозных объединений» от 15 января 1992 г. //Ведомости Верховного Совета РК. -1996.- № 4.
  2. Закон РК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 г. Алматы: Жети жаргы, 1996.
  3. Закон РК «О политических партиях» от 15 июля 2002 г.  //Казахстанская правда. -2002.- 19 июля
  4. Указ Президента РК от 17 марта 1995 г., имеющий силу закона, «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в РК»// Вестник Министерства юстиции. -1995.- № 4.
  5. Булатов С.Я. Ответственность за преступления против политических, трудовых и иных прав граждан по УК КазССР. Алма-Ата, 1962.
  6. Лоновенко И.П., Чангули Г.И. Уголовно – правовая охрана трудовых прав граждан. Киев, 1989.
  7. Шахунянц Е.А. Уголовно – правовая охрана конституционных прав и свобод граждан РФ. М., 1993.

   Қосымша әдебиеттер:

  1. Кузнецова Н.Ф., Аргунова Ю.М. Об эффективности уголовно – правовой охраны трудовых прав граждан //Государство и право. - 1996.- № 10. 
  2. Мухамеджанов Э. Научно-практический комментарий  ст. 146 УК РК//Закон и время. –1998. -№3.
  3. Мухамеджанов Э. Научно-практический комментарий  ст. 147 УК РК//Закон и время. –1998. -№4.
  4. Петрова Г.  Защита неприкосновенности частной жизни //Законность. –2003. -№
 

   3-тақырып.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР  

   Экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстар деп  материалдық және басқа да игіліктер  мен қызметтерді өндіру, үлестіру, айырбастау және тұтыну бойынша қалыптасатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын  қылмыстық заңда қарастырылған қоғамға қауіпті кінәлі іс-әрекеттерді айтады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік көздейтін нормалар еліміздің экономикасының еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған. Осы арқылы ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің 7-тарауының маңыздылығын көруге болады.

   Бұл қылмыстардың тектік объектісі болып  экономикалық қызмет барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар табылады.

   Осы тарауға жататын кейбір қылмыстардың міндетті белгісі оның заты болуы  да мүмкін (мысалы, товар белгісі – ҚК-тің 198-бабында, бағалы қағаздар – ҚК-тің 202, 205, 206-баптарында).

   Экономикалық  қылмыстардың басым көпшілігінің объективтік  жағы әрекеттер арқылы сипатталады, алайда олардың бірсыпырасы сылбыр әрекеттермен де жасалуы мүмкін (ҚК-тің 195, 213, 214-баптары).

   Экономикалық  қызмет саласындағы қылмыстардың басым  көпшілігінің құрамдарының міндетті белгісі  ретінде оның қоғамға қауіпті  қардаптарының болуы аталған (ҚК-тің 192-194, 196-198-баптарында).

   Субъективтік  жағынан алғанда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бүкілі дерлік қасақаналылықпен жасалатындығы байқалады. Олардың кейбіреулерінде ниет пен мақсаттың болуы талап етіледі (ҚК-тің 192-193-баптары).

   Экономикалық  қылмыстардың субъектісі – жалпы. Кейбір қылмыстарда ғана субъект арнайы болады (мысалы, ҚК-тің 189, 225-баптарында лауазымды адамдар, 219, 220-баптарында – банк қызметкерлері).

   Тура  объектісіне қарай Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды  шартты түрде келесі түрлерге ажыратуға  болады:

  1. Экономикалық қызмет саласындағы лауазымды адамдардың қылмыстары (ҚК-тің 189, 225-баптары).
  2. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметтің заң бекіткен тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар (ҚК-тің 190-193-баптары).
  3. Несиелік қатынастар саласындағы қылмыстар (ҚК-тің 194-195-баптары).
  4. Ақша және бағалы қағаздар айналымы саласындағы қылмыстар (ҚК-тің 202-208-баптары).
  5. Кеден және салық саласындағы қылмыстар (ҚК-тің 209, 213-214, 221-222-баптары).
  6. Банкроттылыққа байланысты қылмыстар (ҚК-тің 215-217-баптары).
  7. Тұтынушылардың мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстар (ҚК-тің 198, 223-баптары).
  8. Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет субъекттерінің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстар (ҚК-тің 196, 200, 226-баптары).
  9. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың өзге де түрлері (ҚК-тің 197, 199, 201, 227-баптары).

   Экономикалық  қызмет саласында лауазымды адамдар  тараптарынан екі қылмыс жасалуы мүмкін: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы) және табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеу (ҚК-тің 225-бабы).

   ҚК-тің 189-бабы бойынша жәбірленуші ретінде  жеке кәсіпкерлер де, коммерциялық ұйымдар да болуы мүмкін. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау деп жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуді; жеке кәсіпкерлердің немесе коммерциялық ұйымдардың дербестілігін шектеуді; жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың қызметіне өзге де жолдармен араласуды айтады. Бұл әрекеттер заңды күшіне енген сот шешімін бұза отырып не болмаса ірі мөлшерде зиян келтіре отырып жасалғанда ғана қылмыс деп танылады. Ірі мөлшердегі зиян түсінігі осы бапқа берілген ескертуге аталған және ол ҚК-тің Ерекше бөлімінің 7-тарауының бүкіл баптары үшін ортақ.

   Лауазымды адамдардың екінші бір қылмысы пайдакүнемдік  немесе басқа да жеке-басының мүдделілігі  салдарынан жасалады және табиғатты  пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді  тіркеуден тұрады (ҚК-тің 225-бабы). Адам әрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін келесі әрекеттердің бірінің жасалғандығын анықтаған жеткілікті: 1) табиғатты пайдалану бойынша көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; 2) табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мәліметтерін әдейі бұрмалау; 3) табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны ластау, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны азайту.

   Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметтің  заң бекіткен тәртібін бұзуға байланысты қылмыстарға ҚК-тің 190-193-баптарында қарастырылған қылмыстарды жатқызады.

   Заңсыз  кәсіпкерлік (ҚК-тің 190-бабы) және заңсыз банктік қызмет (ҚК-тің 191-бабы) қылмыстарының  құрамдарын қарастырғанда ҚР Азаматтық  кодексіне, 1995-ж. 31-тамызда қабылданған ҚР Президентінің заң күші бар «Банктер және банктік қызмет туралы» Жарғысына, 1995-ж. 17-наурызда қабылданған «Лицензиялау туралы» Жарғысына (оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) назар аудару керек.

   Кәсіпкерлік (банктік) қызметті заңсыз іске асыру орын алған деп тану үшін осы қызметтер келесі түрде жүргізілуі керек: 1) ешбір тіркеусіз; 2) аранйы рұқсатсыз (лицензиясыз), егер мұндай рұқсат қажет болса, немесе лицензиялау шарттары бұзыла отырып іске асырылса; 3) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлеріне қатысты жүргізілген болса. Жауапкершіліктің туындауының міндетті шарты болып осы іс-әрекеттер салдарынан азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі мөлшердегі зиянның келуі немесе қылмыстың жасалуы барысында ірі мөлшерде табыс алумен ұштауы табылады.

Информация о работе Атырау экологиясы