Атырау экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Содержание

1-тақырып. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
2 2-тақырып. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
3 3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
4 4-тақырып. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР 2
5 5-тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

   Бұл қылмыс құрамының белгілері жоғарыда осының алдында аталған ҚК-тің 239-бабының  белгілеріне сырттайұқсас болып  келеді. Қылмыстың тікелей объектісі теңізде жүзудің халықаралық қауіпсіздігі және бөтеннің меншігі болып табылады. Қосымша тікелей объектісі адамдардың өмірі болады. Қылмыстың заты бөтеннің меншігі болады.

   Қылмыс  құрамы формальдық.

   Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы) (заңның 2002-ж. 19-ақпанындағы редакциясында) Қазақстан қылмыстық заңы үшін жаңа нормалардың бірі болып табылады. Қылмыстың мәні – кінәлі адам хабарлап отырған ақпаратының шындыққа сай келмейтіндігін біле тұра оны адресаттарға беруінде. Терроризм актісінің мазмұнын ҚК-тің 233-бабын талдағанда айтқан болатынбыз.

   Қоғамдық  тәртіпке қарсы қылмыстардың бірі болып  жаппай тәртіпсіздік (ҚК-тің 241-бабы) табылады. Арандатушылар мен ұйымдастырушылардың  от жағуына еліккен тәртіпсіз  элементтер ең сорақы әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін, жаппай тәртіпсіздік объекттерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұштасып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеп соғуы мүмкін. Кез келген мемлекеттің қылмыстың заңында мұндай қылмыстар үшін қатаң жазалар қарастырылған.

   Жаппай  тәртіпсіздіктің тікелей объектісі  қоғамдық тәртіп, ал қосымша тікелей  объектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы, кез келген нысандағы меншік болады. Жаппай тәртіпсіздік деп қоғамға  ақуіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, бұзумен, өртеумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуімен ұласқан әрекеттерін айтамыз. Күш қолдану деп құқық тәртібін қорғайтын өкімет өкіліне, лауазымды адамдарға, басқа да азаматтарға қарсылық көрсетіп, оларды күшпен заңсыз әрекеттер істеуге мәжбүрлеуді, өкімет билігінің заңды талаптарына күш қолданып, қарсылық білдіруді жатқызады.

   Қирату  деп – мүлікті, объекттерді жойып, тонап, күл-талқан ету әрекеттерін айтамыз.

   Жаппай  тәртіпсіздік қылмысының құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан  ол тікелей қасақаналылықпен сипатталады. Қылмыс субъектісі жасы он алтыға толған, жаппай тәртіпсіздкті ұйымдастырған немесе оған басшылық еткен адам. Баптың екінші бөлімінде осы іс-әрекеттерге қатыстылығы үшін жауаптылық қарастырылған, ал үшінші бөлімінде өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшін жауаптылық қарастырылған.

   Бұзақылықтың  қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына  зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелелйтін  қауіпті құқықбұзушылық екеніне  дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе, себепсіз немесе болар-болмас себепті пайдаланып, қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейі жасалған әрекеттермен көрініс табады.

   Қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық тәртіп, қосымша объектісі адам денсаулығы, ар-намысы, меншігі болады.

   Кінәлінің күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше араздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекеттер жасауымен ұштасқан әрекеттері қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзған бұзақылық деп саналады.

   Ерекше  араздықпен жасалған бұзақылық деп  адамгершіліктің жалпы қабылданған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару, мысалы, ұятсыздық, ауру адамды, өзін-өзі қорғай алмайтын жағдайдағыадамды қорлау арқылы көрінетін бұзақылық.

   Бұзақылық құрамына талдау жасағанда ҚР Жоғары сотының Пленумының «Бұзақылық істер  жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995-жылғы 21-шілдеде қабылданған Қаулысын игеру керек.

   Қоғамдық  көрінеу, анық құрметтемеу деп кінәлінің  көпе-көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тәртіпті құрметтемейтін, өзін қоғамға және оның мүдделеріне ашық қарсы қоятын оның мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды анық құрметтемеушілік көпшіліктің көзінше жүзеге асырылады. Демек, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғамды анық құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге бұзақылықтың объективтік жағының міндетті белгілері болып табылады.

   Бұзақылық формальдық-материалдық құрамдас қылмыстар  қатарына жатады. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және қоғмады анық, көрінеу құрметтемеушілік әрекеттерін  істеген уақыттан бастап аяқталған  деп танылады.

   Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналылықпен сипатталады. Мұндағы қылмыстың ниетіне қоғамды көрінеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистік көзқарастар, бостандықты теріс түсінушіліктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке қоғамды көрінеу құрметтемеушілікті білдіретін әртүрлі дөрекіліктер, өктемділіктер, қатыгездіктер, тентектік пен арсыздық, ұятсыздық көріністері жатады.

   Отбасында, пәтерде туған-туысқандарын, таныстарын балағаттау, ұру, денесіне жарақат салу және жеке басының араздығынан, жәбірленушінің теріс қылығынан болған осыған ұқсас әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген баптармен сараналануы керек.

   Қылмыс  субъектісі он алтыға толған ақыл-есі  дұрыс адам. Екінші және үшінші бөлімдері  бойынша жауапкершілік он төрт жастан басталады.

   ҚК-тің 257-бабында қылмыстың ауырлататынмән-жайлары келтірілген: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы не ұйымдасқан топ жасаған; б) өкімет өкіліне не қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша міндетті атқарушы не қоғамдық тәртіптің бұзылуына тыйым салушы өзге де адамдарға қарсылық көрсетумен байланысты болса; в) бұзақылық үшін бұрын сотталған адам болса.

   Баптың  үшінші бөлімінде ерекше ауырлататын  мән-жайлары көрсетілген – атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді  және өзге де суық қаруды не денсаулыққа  зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды пайдаланып немесе қолдану әрекеті үшін жасалған бұзақылық үшін жауаптылық белгіленген.  

   Тапсырмалар:

  1. Терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастық.
  2. Бандитизм жөніндегі істердің жалпылама жарияланған сот тәжірибесімен танысыңыз.

   Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
  2. Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түрлері.
  3. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері.
  4. Жұмыстардың өндірісінің қауіпсіздігінің ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстар.
  5. Жалпыға қауіпті заттарға қарау ережелерінің бұзылуына байланысты қылмыстар.
  6. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

   ӘДЕБИЕТТЕР: 

 
  1. Закон РК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 г. //КП. 1998. –3июля.
  2. Закон РК от 30  декабря 1998 г.  «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия». //КП.-1998.-8 января.
  3. Указ Президента РК «О мерах по укреплению национальной безопасности, дальнейшему усилению борьбы с организованной преступностью и коррупцией» //Юрид. газета. 1997. № 46, 12 ноября.
  4. Постановление Пленума ВС РК от 21 июля 1995 г. № 5 «О судебной практике по делам о хулиганстве» //Сб. Постановлений Пленума ВС РК (КазССР) (1961-1997 г.) Алматы: Санат, 1997. т. 1.
  5. Постановление Пленума Верховного Суда РК «О судебной практике по делам о хищении огнестрельного оружия, боевых припасов, вооружения, взрывчатых веществ, незаконном приобретении, ношении, хранении, изготовлении или их сбыте и небрежном хранении огнестрельного оружия» от 21 июля 1995 г.                                                                                                                                                                                                                                                                                          //Бюллетень ВС РК.-1995.-№9.
  6. Нормативное постановление Верховного суда РК «О некоторых вопросах применения судами законодательства об ответственности за бандитизм и другие преступления, совершенные в соучастии» №2 от 21 июня 2001 г.//ЮГ.-2001.-№33.-18 июля.
  7. Мельников Ю.Б., Устинова Т.Д. Уголовная ответственность за бандитизм. М.:НИИП, 1995.
  8. Калмыков В.Г. Ответственность за хулиганство по сов. законодательству. Минск, 1970.
  9. Гринберг М.С. Советское уголовное право. Часть Особенная. Преступления против общественной безопасности. Свердловск, 1974.
  10. Даньшин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка, М, 1973. 

Информация о работе Атырау экологиясы