Атырау экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 23:12, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 2-тарауында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік қарастыратын нормалар жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың ажыратылуы бұл бағыттағы қылмыстық құқықтық күрестің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жағдай ҚР Конституциясының ережелеріне, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес келеді деп атауға болады.

Содержание

1-тақырып. ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
2 2-тақырып. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
3 3-тақырып. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 2
4 4-тақырып. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТАР 2
5 5-тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДКІ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)
">   Кәмелетке толмағдн адамды саудаға салу үшін жауаптылык бұрын Қазақстан Республикасының  аумағында колданылған кылмыстық  зандарда мүлдем көрсетілмеген еді. Қазак жерінде мұндай құбылыс  Кеңес екіметі орңыққанға дейін мүлдем бол-маған. Қазіргі жағдайда кейбір жёрлерде кәмелетке толмаған-дар "зат", "товар" ретінде пайдаланылын, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-- әрекетке кылмыстық жауаптылық белгіленген.

   Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке  толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс  даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.

   Қылмыс  объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.

   Көмелетке толмаған адамды белгілі келісімді  ақы алып (ақшалай, заттай, козғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.

   Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұр.ақты өтіп кетуге байланысты керсеткен көмегі үшін немесе шын  достық-тың белгісі ретінде тегін беру); қарызвш немесе басқадай міндеттемелерін өтеу үшін беру; басқа біреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмілелер жасау деп танылады. Қылмыс жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге кол жеткізілген және кәмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген уақыттан бастап аяқталған деп танылады,

   Субъективтік  жағынан кулмыс — кәмелетке толмағандарды  саудаға салу тек қана тікелей  касақаналықпен істеледі. Бұл жерде  осы кылмысты істеуге кінәлі болып  адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге бағыттал-ған өзге де мәмілелер жасауға катысқандар (жәбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табыл.а-ды. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

   Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс, кәмелетке толмағандарды  саудаға салуға қатысқан адамдар.

   Қылмыстықкодекстің 133-бабының 1-тармағында керсетілген  әрекеттерді:

   а) бірнеше рет;

   б) екі және одан да көп кәмелетке толмағандарға қатысты;

   в) адамдар тобының алдын ала  сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

   г) адамның өзінің қызметгік жағдайын пайдаланып;

   д) кәмелетке толмаған адамды Қазакстан  Республикасынан тыс жерге заңсыз әкетумен немесе оны Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;

   е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға  немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер  жасауға тарту мақсатында;

   ж)  кәмелетке толмаған адамның мүшелерін  немесе тінін ауыстырып салу үшін алу мақсатында жасалса — онда олар осы кылмыс кұрамының ауырлататын түрлері болып табылады (КК-тің 133-бабының 2-тармағы).

   Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында  көзделген кәмелетке толмаған адамның  өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға  абайсыздыкпен әкеп соққан әрекеттер  — көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 133-бабының 3-тармағы).

   Бұл жерде кәмелетке толмаған бір  адамның өлуі туралы сөз болып  отыр. Өзге де ауыр зардаптарға —  жәбірленушіге орта, ауыр дене жарақатын  келтіру, кәмелетке толмағац адамның  кінәлінің заңсыз-әрекетіне байланысты өзін-өзі өлтіруі, олардың жұқпалы аурумен зақымдануы, мүгедек болып қалуы сияқтылар жатады. ҚК-тің 133-бабының 3-тармағында көрсетілген қылмыс қүрамының субъективтік жағынан әрекеті қасақаналық, ал одан болатын зардап абайсыздықпен жүзеге асырылады.

   Баланы  ауыстыру (134-бап)

   Заң (ҚК-тің 134-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны  үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген. Бұл қылмыстың коғаэдға қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туьгстық катынасы зорлыкпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекетгер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объектісі баланың біркалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, рлардың және отбасының мүдделері.

   Қылмыс  объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыстыруды айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде — босану үйлерінде не-месе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада калған баланы ауыстырып-алу аркылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның бала-сымен ауыстыруда осы қылмыстың құрамын құрайды. Жаңа туған нәрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру — қылмыс құрамын түзбейді.

   Қылмыс  формальдық кұрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде кінәлі адамның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін акырына дейін жеткізе алмаса, онда кінәлінін, әрекеті осы қылмысқа оқталғандық болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қйна тікелей қасаканалықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура керсетілген. Кінәлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе занды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді және осы әрекетгерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның әрекеті қыл-мыс болып табылмайды.

   Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс баланы нақ-ты ауыстырған адам (босану немесе балалар'үйінің медицина кызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.

   Қылмыстық кодекстің 134-бабының 2-тармағында осы  қыл-мыстың ауырлататын түрі — пайдакүнемдік  немесе өзге зұлымдық ниетпен жасалған бала ауыстыру әрекеттері үшін жауап-тылық көзделген. Пайдакүнемдік ниетке — баланы ауыстырып материалдық олжа, пайда табу әрекетгері, ал зұлымдық ниетке — кек алу, қызғаныш, ұлтгық, нәсілдік пиғылда жасалған әре-кеттер жатады.

   Бала асырап алу күпиясын жария ету (135-бап).

   Қылмыстың тікелей объектісі — бала асырап алу туралы занда белгіленген  қоғамдық катынастар, сол бала асырап алушы-лар мен асыранып алынғандардың  мүдделері.

   Қылмыс  объективтік жағынан бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық катынастар, сол бала асырап алушы-лар мен асыранып алынғандардың мүдцелері.

   Қылмыс  объектавтік жағынан бала асырап алу құпиясын жария ету арқылы жүзеге асырылады, Қазақстан Республика-сының  неке және отбасы туралы Заңына сәйкес бала асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бала асырап алу жөніндегі фактіні білетін өзге де адамдар бала асырап алу құпиясын сактауға міндетті. Аталған адамдар бала асырап алу-шының немесе асырап алынған баланың еркіне кдйшы кыз-метгік негмесе кәсіптік кұпияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырагі алу құпиясын жария етуі кылмыс болып табылады. Бала асырап алу құпиясын жария ету деп ол туралы кез-келген адамға, онын ішінде туыстарына, таныстарына, асырап .алынған адамнын өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат кұралдарын пай-даланып отырып жасаған әрекетгерін айтамыз.

   Қылмыстык жауаптылық бала асырап алу кұпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне қайшы түрде жүзеге асырылғанда  ғана пайда болады. Бала асырап алушынын еркі де-ген үғымға — оны асырап алған жүбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жұбайдың біреуінін екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу құпия-сын жария етуде қылмыс катарына жатады.

   Қылмыс  бала асырап алу кұпиясын жария еткен уакыттан бастап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе аямағанына • карамастан аякталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бала асы-рап алу кұпиясын жария етудің коғамға кауіптілігігі сезеді және де осы күпияны жариялауды тілейді. Бала асырап алушынын еркіне кайшы кызметтік немесе кәсіптік кұпияны бала асырап алу фактісін сактауға міндетгі адамнын жария етуі кез келген ниетті басшылыққа ала отырылып жүзеге асырылады. Ал бала асырап аду күпиясын езге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе езге жамандық ниетпен ғана жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы субъектілердің осындай ниеттермен істеген әрекеттері қылмыс құрамын құрайды. Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық (зұлымдық) ниеттердің түсінігі ҚК-тің 134-бабында зерделенген.

   Қылмыстың субъектісі екітопқа бөлінеді. Бірінші  топқа: бала асырап алу кұпиясы қызметтік  немесе кәсібіне байланысты белгілі  болған адамдар. Оларға — жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес бёрген адвокаттар, АХАТ кызметкерлері жатады. Екінші топқа бала асырап алу фактісінен хабардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлар-дың біреуі, жақьш туыстары, таныстары. Қылмыс субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазымды адамдардьщ бала асырап алу құлиясын жария етуі ауыр зардаптарға әкеліп соқса (жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқаска ұшырауы т.с.с.) олардьщ әрекеті ҚК-тің 307-бабымен саралшуға жатады.

   Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты толеуден әдейі жалтару (136-бап)

   Ата-ананың сот шешімі бойьшша кәмелетке  толмаған балаларын, соңцай-ақ он сегіз  жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларьш  асырауға арналған қаражатты телеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136-баптьщ 1-тармағы);

   кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасьш аөырауға арна-лған қаражатты телеуден үш айдан астам әдейі жалтаруы (136-баптьщ 2-тармағы) үшін жеке-жеке жауаптылық көздел-ген.

   Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке  толмаған, сондай-ақ кәмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың лайықты  өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық  мүдделері. Қылмыстық жәбірленушілері  — 18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар (ҚК-тің 136-бабының 1-тармағы); еңбекке қабілетсіз ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да).

   Объективтік жағьшан ҚК-тің 136-бабьшьщ 1-тармағында көрсетілген қылмыс ата-ананың сот  шешімі бойынша кәмелет-ке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірак еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты әдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады.

   Қазакстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңына сәйкес алимент: 1) ата-аналардың  ерікті келісімі болған және ол нотариус арқылы куәландырылған жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі (124-132-баптар). Бірақ Қылмыстык кодекстің 136-бабының талабына сәйкес қылмыстык жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент телеуден жалтарғаны үшін ғана туындайды.

   Балаларын асырауға арналған каражатты төлеуден әдейі жалтаруға соттың шешімі занды күшіне енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, ұзақ уакытқа жалтарулар жатады. Занда онын мерзімі үш айдан астам уакыт деп белгіленген. Жалтарудың тәсілі әртүрлі: жүмыс орнын себепсіз жиі өзгерту, түрғшіықты жерін жасыру, қосьшша жұмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануға сот орга-нының белгіленген каражатты телеу туралы ресми ескертуінің орындалмауы негіз болады.

   Кылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін: пайдакү-нбмдік, баланың анасына деген өшпенділік, кінәлінің баламен туыстығына күмөн келтіру т.с.с. керсетілген кылмыстык ниеттердін, кылмысты саралауға әсері болмайды.

   Кәмелетке толмаған баланы төрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап)

   Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі  міндеттерді ата-анасының немесе өзіне  осы міндетгер жүктелген езге адам-ның, сондай-ак, кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзе-ге асыруға  міндетгі педагогтің немесе оку, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменің басқа кызметкерінің орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға катал караумен ұштасса — жауаптылык ҚК-тің 137-бабы бойынша белгіленеді.

   Қылмыстың объектісі — кәмелетке толмағандардын дене және психикалык жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.

Информация о работе Атырау экологиясы