Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 13:01, дипломная работа

Описание

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық оқу орындарында қолданады. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі – электронды оқулықтар дайындау болып отыр. Ал оларды оқыту процесінде қолдану – сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Оқу бағдарламасына сай қазақ тілінде “MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша” электронды оқу құралын жасап шығару дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып отыр. Электрондық оқулықтың мақсаты компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету негізінде нақты “MS Access мәліметтер қорын басқа-ру жүйесінде” жұмыс істеуді үйрету.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................……….3
1. Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы.
1.1. “Мєліметтер ќоры” ±ѓымыныњ пайда болуы.....................................4
1.2. Мєліметтер ќорыныњ ќ±рудыњ жєне функциялаудыњ принциптері...5
1.3. Мәліметтер қорын жобалау: реляциялық мәліметтер қорын қалыптастыру................................................................................. 7
2. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ).
2.1. MS Access-те мєліметтер ќорын ќ±ру............................................. 11
2.2. Кестелерді ќ±ру............................................................................ 12
2.3. Кестені толтыру............................................................................. 15
2.4. Кестеге өзгерістер енгізу………………………………………………….. 18
2.5. Формаларды құру…………………………………………………………… 20
2.6. Басќару элементін формаѓа ќою…………………………………………. 24
2.7. Сұрыптау мен іздеуді ұйымдастыру…………………………………….. 26
2.8 Фильтрды ќ±ру жєне ќолдану……………………………………………… 27
3. Мәліметтермен жұмысты ұйымдастыру.
3.1. Сыртқы деректермен жұмыс………………………………………………. 31
3.2. Кестелер арасында байланыс орнату……………………………………. 32
3.3. Бағынышты және құрама форма құру…………………………………… 34
3.4. Есеп беруді құру……………………………………………………………. 36
3.5. С±рауды ±йымдастыру мен с±рыптау………………………………….. 42
Қорытынды…………………………………………………………………………… 44
Косымша………………………………………………………………………………. 45
Қолданған әдебиеттер……………………………………………………………… 63

Работа состоит из  1 файл

дип ж Access СУБД.doc

— 2.37 Мб (Скачать документ)

     Алдымен екі кестенің де құрылымын  жасап, олардың арасына байланыс  орнатамыз.

1. Кесте –  Анкета.

Кестені Анкета атымен сақтаймыз. Келесі мәліметтерден  тұратын кесте құра-мыз (жақшаның ішінде типі көрсетілген):

  • Фамилиясы, аты-жөні (мәтіндік);
  • Сыныбы (мәтіндік);
  • Туған жылы (сандық);
  • Мекен-жайы (мәтіндік);
  • Телефоны (мәтіндік).

     Фамилиясы, аты-жөні өрісін кілттік  деп анықтаймыз. Ол үшін Конструктор  режимінде Фамилиясы, аты-жөні  өрісінде жанама (динамикалық) менюді шақырып, Түзету – Кілтті анықтау командасын орындаймыз.

2. Кесте –  Информатика-сынақ.

     Кестені Информатика-сынақ атымен  сақтаймыз. Келесі мәліметтерден  тұратын кесте құрамыз (жақша  ішінде тип көрсетілген):

  • Фамилиясы, аты-жөні (мәтіндік);
  • СЫНАҚ №1 (сандық);
  • СЫНАҚ №2 (сандық);
  • СЫНАҚ №3 (сандық)

Фамилиясы, аты-жөні өрісін кілттік деп анықтаймыз. Мәліметтер қорын жап-пай, екі кестені жабамыз.

 

Кестелер  арасында байланыс орнату.

  1. <Мәліметтер қоры> терезесінде Сервис – Мәліметтер схемасы командасын орындау;
  2. Схемаға байланыс орнатпастан бұрын, байланыс орнатылатын кестені қосу керек;
  3. <Кесте қосу> сұқбат терезесінде кезекпен кезек кестелерді таңдап, олардың әрқайсысына Қосу батырмасын басу керек. Жабу батырмасын шерту.
  4. Байланыс орнату үшін Фамилиясы, аты-жөні өрісіне АНКЕТА кестесінің схемасынан ИНФОРМАТИКА-СЫНАҚ кестесінің Фамилиясы, аты-жөні өрісін орналастырамыз.
  5. Құру батырмасын шерту. <Мәліметтер схемасы> диалогтық терезесінде орнатылған байланыс графиктік түрде бейнеленеді. Байланысты түзету үшін байланысты көрсетіп тұрған сызық үстінде тышқанмен екі рет шерту жеткілікті.
  6. Мәліметтер схемасы макетін сақтау жайлы сұраққа ИӘ деп жауап беріп, <Мәліметтер схемасы> диалогтық терезесін жабу.

 


 

Сурет 3.1. Байланыс орнату.

 

 

 


 

 

Сурет 3.2. Мєліметтер схемасы.

 

 

 

3.3. Баѓынышты жєне ќ±рама форма  ќ±ру.

 

 

Бағынышты форма құру.

     МЕКЕН-ЖАЙЫ кестесін ашып, бірнеше оқушылар үшін толтырамыз.

  1. <Мәліметтер қоры> терезесінде Форма қосымшасын таңдап, Құру батырмасын басу.
  2. Ашылған <Форма құру> диалогтық терезесінде Кесте/Сұраныс таңдау тізімінен МЕКЕН-ЖАЙЫ кестесін таңдау және Шеберді шақыру батырмасын басу керек.
  3. <Форма жасау шебері> диалогтық терезесінде Құрамды форманы таңдау.
  4. <Құрамды форма> терезесінде Бағынышты форма ретінде ИНФОРМАТИКА-СЫНАҚ-ты таңдап, Келесі батырмасын шерту.
  5. Келесі терезеде МЕКЕН-ЖАЙЫ кестесінің өрістерін таңдау керек: Фамилиясы, аты-жөні және Сынып.
  6. ИНФОРМАТИКА-СЫНАҚ кестесінен: СЫНАҚ №1, СЫНАҚ №2, СЫНАҚ №3 өрістерін таңдап, Келесі батырмасын шерту.
  7. Форманың көркемділігін анықтап, Келесі батырмасын шерту.
  8. Формаға ИНФОРМАТИКАДАН СЫНАҚ ВЕДОМОСТЫ деген ат енгізіп, Дайын батырмасын шерту.

     Бағынышты форманы СЫНАҚ атымен  сақтауға болады.

     Құрамды форма форма ішіндегі  форма тәрізді бейнеленеді. Оның  көмегімен әртүрлі кестелерді  толтыруға болады.

     Бағынышты (СЫНАҚ) форма аймағында  тышқанмен шертіп, Түр – Бағынышты  форма командасын таңдайық. Форманың сыртқы түрі бізге ыңғай-лы түрге өзгерді. Бірқатар оқушыларға (бәріне емес) сынақ бағасын қойып шығайық. Форманы ИНФОРМАТИКАДАН СЫНАҚ ВЕДОМОСТЫ деген атпен сақтап жабайық.

     ИНФОРМАТИКА-СЫНАҚ кестесін ашсақ,  сынақ нәтижелері енгізілген жазбалар ғана кестеде бейнеленгенін көреміз.

 

Мәліметтерді  сұрыптау үшін сүзгішті қолдану.

     АДРЕСТЕР кестесін ашып, жазбаларды  алдымен 11 “А” сынып оқушыларының  ататегі алфавит бойынша, 11 “Б”  сынып оқушыларының фамилиясын  осы тәртіппен орналастырайық. Бұл үшін сүзгішті қолдануға болады. Жазбалар кеңейтілген сүзгіш командасын таңдап, Сүзгіш сұқбат терезесінде келесі мәліметтерді енгізу керек: сұрыптаудың бірінші алаңы – сынып, сұрыптау түрі – “өсу”, екінші алаң – тегі бойынша. Жазбалар сүзгішін қолданып, командасын орындаймыз.

     Бұл жағдайда бірінші таңдап  алған алаң бойынша сұрыпталады.  Егер бұл алаңда мәні бірдей  бірнеше жазба табылса, олардың  арасындағы сұрыптау екінші таңдап  алынған алаң бойынша жүргізіледі,  тағы сол сияқты.

 

Кестелерді көшіру.

     Ол үшін:

  1. Оқушылар туралы ақпарат жазылған мәліметтер қорын ашу.
  2. Кесте қосымшасын таңдау.
  3. Анкета кестесін ерекшелеп, түзеу мәзірінен КӨШІРУ командасын орындау
  4. Мәліметтер қорын жабу.
  5. Команданы немесе батырманы қолдана отырып, жаңа мәліметтер қорын құру.
  6. Кесте қосымшасын ашып. Түзеу мәзірінің ҚОЮ командасын орындау.

     Кестені қою сұқбат терезесі  ашылады, мұнда жаңа мәліметтер  қоррында орналасатын көшірілген  кестенің атын енгізу керек.  Мысалы ОҚЫРМАНДАР кестесін енгізейік.

     Қою параметрлері таңдау алаңдары тобында құрылым және мәліметтерді табу керек.

  1. ОҚЫРМАН кестесін ашамыз.
  2. АНКЕТА кестесі жаңа мәліметтер қорында жаңа атпен пайда болатына көз жеткіземіз.

Екінші кесте  құру.

     Екінші кестеде кітап фонды  туралы ақпарат сақталатын болсын. Келесі алаңдағы бар жаңа кесте құрайық:

  • № - кітапхана фондында тек бір кітапты ғана анықтайтын кітапхана нөмірі. Алаң типі – сан.
  • АВТОР. Алаң типі – мәтін.
  • КІТАП АТЫ. Алаң типі – МЕМО ұзын кітап атын енгізуге мүмкіндік береді.
  • ШЫҚҚАН ЖЫЛЫ. Алаң типі – сан.
  • ОҚЫРМАН ТЕГІ – аты, тегі, әкесінің аты. Алаң типі – мәтіндік.

     № алаңын негізгі деп анықтайық.  Кестені АБОНОМЕНТ атымен сақтаймыз.  АБОНОМЕНТ кестесін толтыру керек.

     Кітаптар беруді есепке алу  үшін ЕСЕПКЕ АЛУ кестесін құрамыз,  мұнда құрама форманы толтыру нәтижесі енгізіледі.

Кесиенің  келесі алаңдарын белгілейміз:

  • № негізгі.
  • ОҚЫРМАН АТАТЕГІ.
  • БЕРІЛГЕН КҮНІ – кітап берілген күні.

Кестені ЕСЕПКЕ АЛУ атымен сақтап, жабамыз.

Кестелер  арасында байланыс құру: АБОНОМЕНТ  және ЕСЕПКЕ АЛУ кестелері арасында екеуінде де бар № алаңы көмегімен байланыс құру керек. Сосын ЕСЕПКЕ АЛУ мен ОҚЫРМАН кестелері арасында ОҚЫРМАН ТЕГІ және ТЕГІ алаңдары көмегімен байланыс құрамыз.

 

Құрама форма құру.

     Форма құру барысында базалық  ретінде АБОНОМЕНТ КЕСТЕСІ мен  құрама форма шеберін таңдауға болады. Бағынышты форма негізіне ОҚЫРМАН КЕСТЕСІН аламыз. Негізгі форма келесі алаңдардан тұрсын:

  • Автор.
  • Кітап аты.

Бағынышты форма  алаңдары:

  • Оқырман тегі.
  • Берілген күні.

     Форманың тақырыбын КІТАП ФОНДЫН  ЕСЕП АЛУ деп атайық. Енді дайын фомаға оқырман тегі мен кітап берілген датаны еңгізу ғана қалды.

 

 

 

 

 

3.4. Есеп беруді (Отчет) құру.

 

     Есеп (Отчет) -мәліметтер қорының негізінде құрылатын негізгі құжат. Есептерді кестелер (таблицы) немесе сұраулар (запрос) негізінде құруға болады.

      Есеп құрудың бес тәсілі бар:

  • Есепті Құрастырушы режимінде құру (Desing view).
  • Жартылайавтоматты есеп шеберінің (Мастер отчета) көмегімен (Report Wizard).
  • Автоматты түрде екі автоотчет шеберлерінің біреуімен (AutoReports).
  • Диаграмма шеберінің (мастер диаграмм) көмегімен (Chart Wizard).
  • Почталық жабсырмаларды почталық жабсырмалар шеберінің (мастер почтовых наклеек) көмегімен (Label Wizard).

      Есеп (Отчет) құрудың ең оңай  тәсілі автоотчет шеберінің (мастер  автоотчетов) көмегімен құру Автоесеп  баған (в столбец) және жол (ленточные) түрінде болады.

      Автоесепті құру үшін:

  • Жаңа объект (Новый объект-New Object) / Есеп (Отчет-Report). Жаңа есеп (Новый отчет-New Report) сұхбат терезесі ашылады.
  • Автоотчет:в столбец AutoReport:Columnar немесе Автоотчет:ленточный AutoReport:Tabular   – таңдау.
  • Тізім ішінен кестені немесе сұрауды таңдау.
  • ОК батырмасын басу – алдын ала көру режимімен есеп беруді (отчет) көруге болады.
  • Есепті (Отчет) баспаға шығару.

  

      Кез-келген Есеп (Отчет) алты бөлімнен  тұрады:

  • Есеп тақырыбы (Заголовок отчета-Report Header)
  • Жоғарғы колонтитул (Верхний колонтитул-Page Header)
  • Топтың тақырыбы (Заголовок группы-Group Header) – әрбір берілген топтың жоғарғы жағында басылып шығады.
  • Мәліметтер аумағы (Область данных-Detail) – кестелер мен сұраулардан көшірілген мәліметтер орналасатын аумақ.
  • Төменгі колонтитул (Нижний колонтитул-Page Footer).
  • Ескертулер (Примечание отчета-Report Footer) – Есеп берудің (Отчет) соңғы беттің төменгі бөлігінде.

   

 

 

 

 Есеп беруді Шебер көмегімен құру.

 

     Егер де мәліметтер қорынан қандай да бір мәліметтерді басып шығару керек болса, оны есеп берусіз еш жүзеге асыру мүмкін емес.

  1. <Мәліметтер қоры> терезесінде Есеп беру жарлығына шертіп, одан кейін Құру батырмасына басу.
  2. Кестелерді таңдау тізіміндегі қор кестесінің атын таңдау.

 

 

 

 

 


 

Сурет 3.3. Жања есеп беру ќ±жатын ќ±ру.

 

 

 

  1. Есеп беру Шебері батырмасына басу.
  2. <Есеп беруді құру> диалогтың терезесінде есеп беруге қажетті қор кестелеріндегі өрісті таңдау. Келесі-курсив батырмасын басу.
  3. Сұрыптау үшін Тегі және Есімі µрістерін таңдау керек. Келесі-курсив батырмасын басу.

 

 

 

 

Сурет 3.4. Мєліметтерді с±рыптау.

 

 

 

  1. Есеп беру түрін анықтау. Келесі-курсив батырмасын басу.
  2. Ұсынылған түрлердің бірін таңдау. Келесі батырмасын басу.

 

 


 

Сурет 3.5. Есеп беру т‰рін тањдау.

 

 

  1. Сұхбат терезесінің ең соңғы бетінде  есеп беру құжатына басылып шығатын есеп беру құжаттың тақырыбын енгізу. Осы жерде есеп беруді Алдын-ала көру режимінде немесе Конструктор режимінде шығаруды ұсынады. Қарап шығу режимін таңдап, Дайын батырмасын басу.

 


Сурет 3.6. Есеп беру ќ±жаттыњ таќырыбын енгізу.

 

    Алдын-ала  көру режимінде ұсынылған есеп  беру құжатын айналдыру жолағын  пайдаланып, толық көріп шығуға  болады.


Сурет 3.7. Есеп беру ќ±жатын алдын-ала кµріп шыѓу.

 

Есеп  беру Құрастырушысы (Конструкторы).

     Есеп беру құжатына өзгертулер  енгізу. Мысалы, есеп беру құжаты  тек бір бет болған жағдайда  бет нөмірін алып тастау керек  немесе ағымдағы дата мен күнді  өшіру керек болса, онда есеп  беру Конструкторына (Кесте мен Формада-ғы әдіспен) қосылу керек.

     Файл мәзірінен Жабу командасын таңдап, есеп беру құжатын жабу қажет. Егер де <Мәліметтер қоры> терезесі ашылған болса, онда есеп беру құжатын сақтап, Конструктор батырмасын шертуге болады.

     Конструктор терезесі төрт аймаққа бөлінген: тақырып пен өріс (дата және бет нөмірі) орналасатын колонтитулдың жоғарғы және төменгі аймағы; мәлі-меттер аймағы және ескертпелер аймағы.

     Беттегі нөмірді алып тастау  үшін, төменгі колонтитулдан қажетті  өрісті таңдап, Delete пернесін басу қажет. Осы тәсілмен ағымдағы датаны өшіреміз.

     Файл мәзірінен Алдын-ала көру  командасын таңдап немесе құрал-сайман-дар тақтасындағы сәйкес батырманы шертіп есеп беру құжатын көреміз.

     Конструктор режимінде сәйкес  элементті ерекшелеп, таңдауға болады:

  • Қаріп;
  • Қаріп өлшемін;
  • Символдың сызылым стилін;
  • Туралау.

 

 

 

 

 

 


 

 

Сурет 3.8. Есеп беру құжатын құру.

 

 

 

     Бұл үшін Microsoft Word, Microsoft Excelдегідей  құрал-саймандар тақтасындағы батырмалар  қолданылады.

 

Есеп беру құжатын баспаға шығару.

     Есеп беру құжатын баспаға  шығару үшін Файл мәзірінен  Басу командасын орындауға немесе  Алдын-ала көру режимі батырмасын  шертуге болады. <Басу> сұхбат  терезесінде баспаға берілетін  беттерді және көшірмелер санын  анықтауға мүмкіндік береді.

 

     Ендігі жұмыс – оқырман тегі  мен кітап алған күнін кестеге  еңгізіп, оқырман кітапты тапсырған  кезде бұл мәліметтерді жойып  жіберу керек.

     ЕСЕПКЕ АЛУ кестесін ашып, формаға  еңгізілген мәліметтер қалай  бейнеленгенін тексереміз.

     КІТАП ФОНДЫН ЕСЕП АЛУ формасына қайта өтіп, өзгертулер еңгіземіз (біреулер кітап алды, ал кейбір оқырман кітап өткізді). Бір адам бір уақытта бірнеше кітап ала-алатынын да есте ұстаған жөн. Форманы жабамыз да, ЕСЕП АЛУ кестесі мәліметтерін тексереміз.

 

 

Есеп беру (Отчет).

     Әр оқушының сынақ тапсыруы  мен орта ұпайы туралы мағлұмат  беретін есеп беру құжатын  құрып көрейік. Ол үшін мәліметтер  қоры терезесінде Есеп беру  белгісіне, сосын Құру батырмасына  шерту керек.

     Есеп беру құжатын құру сұхбат  терезесінде ИНФОРМАТИКА СЫНАҚ кестесін таңдап, Бос есепші батырмасын шерту керек. Конструктор режимінде есеп беру құжатын барлық алаңдар тізімін тышқан көмегімен есеп беру облысына тасимыз. Егер қаріптерге (шрифтерге) байланысты қиындықтар туса (мысалы, алаң аттары орнына белгісіз таңбалар шығып кетсе), қажет элементтерді ерекшелеп алып, қаріпті керек түрге ауыстыруымызға болады.

Информация о работе Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты